Ұзақ жаншылу деген не? Ұзақ қысылу,жаншылу синдромы синонимдері: жарақаттық токсикоз, «Краш- синдром»



Дата02.02.2024
өлшемі18.29 Kb.
#490638
Документ Microsoft Word (20)


  1. Ұзақ жаншылу деген не?

  2. Ұзақ жаншылу кезеңдерін атаңыз?

  3. Жаншылудағы алғашқы көмек?


Ұзақ жаншылу деген не?

Ұзақ қысылу,жаншылу синдромы (синонимдері: жарақаттық токсикоз, «Краш- синдром»)- жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт


(4-8сағаттан артық) қысылуымен сипатталатын ауыр жарақат болып табылады.

Ұзақ жаншылу кезеңдерін атаңыз?

Клиникалық ағымына байланысты :



  • I кезең- ісіну мен тамыр жетіспеушілігінің өршу кезеңі( қысылған аяқ-қолды босатқан соң 72 сағатқа созылады )

1-ші кезеңде жергілікті өзгерістер және эндогенді интоксикация пайда болады. Клиникалық тұрғыда, ол: шок, ауру сезімі, психо- эмоциональды стресс, гемодинамиканың тұрақсыздығы, гемоконцентрация, креатинемия. Емдеу нәтижесінде қысқа уақыттық сауығу болады, содан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлайды

  • II кезең – жедел бүйрек жетіспеушілігі кезеңі ( 3-ші күннен 9-12 күнге созылады ) 2-ші кезең.Бұл кезде көптеген ағзалардың, әсіресе бүйректің жетіспеушілгі дамиды. Қысылған аяқ қолдың ісінуі күшейеді, гемоконцентрация, гемодилюцияға ауысады, анемия үдей түседі, диурез төмендеп, тіпті анурия дамиды. Өлім деңгейі 35% -ға жетеді

  • III кезең- жазылу кезеңі ( 2-3 аптадан соң басталады) 3 –ші кезең. Жазылу кезеңі 3 аптадан соң басталады және бүйрек қызметінің, қандағы белоктар мен электролиттердің мөлшерінің қалпына келуімен ерекшеленеді. 1-ші кезекке инфекциялық асқынулар шығады. Сепсистің даму қаупі өте жоғары болады



Жаншылудағы алғашқы көмек?

Қысылған аяқ-қолды босатпас бұрын, улы заттардың қанға түсуінің алдын-алу үшін, бұрау салынады, содан кейін дәке орағышымен тығыз етіп орап қояды, иммобилизация жүргізіледі, анальгетиктер мен седативті дәрілер тағайындалады, жараны антисептикпен өңдеп, асептикалық таңғыш салады


Алғашқы дәрігерлік көмек. Инфузиялық ем жүргізеді: реполиглюкин, 5% глюкоза ертіндісі, 4% гидрокарбонат ертіндісі, жаңа мұздатылған плазма- 500-700мл, 5-10% альбумин ертіндісі- 200 мл тағайындалады. Инфузияның көлемі тәулігіне 2000 мл-ден кем болмауы керек. Интоксикация белгілері бар, аяқ-қолы 4 сағаттан астам уақыт қысылған және айқын жарақаттық белгілері бар науқасты плазмоферез немесе гемосорбция жасау қажет. Тіндердің гипоксиясын азайту мақсатымен тәулігіне 1-2 рет ГБО жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет