«ЗАҢды тұЛҒаларға арналған интернет-банкинг» ЖҮйесінде банктік қызмет көрсету туралы шарт қ. №20 жылғы “ ” «Қазақстан Халық жинақ банкі»



Дата03.07.2016
өлшемі289.73 Kb.
#175117
«ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ» ЖҮЙЕСІНДЕ

БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ШАРТ
________________ қ. № ______ 20__ жылғы “___”_______________
«Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ, бұдан әрі Банк деп аталады, 20__ жылғы «___» ____________ берілген №___ Сенімхат негізінде әрекет ететін ______________________________ арқылы бір жағынан және ______________________________ бұдан әрі Клиент деп аталады, _____________ негізінде әрекет ететін ________________________________ арқылы, екінші жағынан, бірлесе Тараптар деп аталатындар осы Шартты мына төмендегілер жөнінде жасады:
1. Шарттың мәні

1.1. Банк осы Шартта белгіленген талаптар бойынша Клиентке «Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жүйесінде банктік қызмет көрсетуді міндетіне алады. 

1.2. Клиент көрсетілген қызметтер ақысын осы Шартта көзделген тәртіппен операцияларды жүргізу сәтінде қолданылып жүрген Банктің тарифтеріне (бұдан әрі - Тарифтер) сәйкес төлейді.  

1.3. Тараптар Жүйеде операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын, электронды цифрлық қолмен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған және осы Шарттың 3.1.-3.3. тармақтарындағы талаптарға сәйкес келетін электронды нысандағы құжаттардың (бұдан әрі – электрондық құжаттар) тиісті қағаз жүзіндегі құжаттарға балама екендігін және Тараптардың осы Шарт бойынша соған сәйкес құқықтары мен міндеттерін туындататынын растайды.

1.4. Тараптар осы Шарт бойынша өздері пайдаланатын телекоммуникация жүйесінің, ақпаратты өңдеу және сақтау шараларының электрондық құжаттарды қабылдау, табыстау, өңдеу және сақтау кезіндегі жұмыстың сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті екендігін мойындайды.

1.5. Тараптар осы Шарт бойынша өздері пайдаланатын ақпаратты және ЭЦҚ-ны қорғау жүйесінің санкцияланбаған қол жеткізуден қорғану үшін, сондай-ақ авторлықты және электрондық құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін жеткілікті екендігін мойындайды.

1.6. Клиент Кілттерді тасымалдаушыны пайдалану арқылы ЭЦҚ-ны жасау алгоритмінің сенімді екенін және электрондық құжаттың астына ЭЦҚ-ны жөнелтушінің Кілттерді тасымалдаушысы болған жағдайда ғана қоюға болатынын мойындайды.

1.7. Осы Шарт Банк пен Клиент арасында бекітілген – Заңды тұлғаның банктік шоты туралы шарты (Заңды тұлғаның банктік салымы туралы шарты) мен осы Шартқа сілтемесі бар және әрекетін бұрын тоқтатпаған жағдайда өз әрекетін негізгі шарттар әрекетін тоқтатқан жағдайда тоқтататын тараптардың өзге келісімдерінің, негізгі шарттардың қосымшасы болып табылады.



2. Шартта қолданылатын терминдер

2.1. «Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жүйесі (бұдан әріЖүйе) – Интернет желісі («Интернет-Клиент» модулі) және /немесе Банктің модемдік пулы («Интернет-Клиент» модулі) арқылы Клиент пен Банк арасында электрондық құжат алмасу жолымен Клиентке Банкте ашылған өз банктік шоттарын қашықтан басқару мүмкіндігін беретін Банк қызметтерінің жүйесі.

2.2. Клиенттің автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әріКлиенттің АЖО) – Жүйеде жұмыс істеу үшін Клиенттің бағдарламалық-техникалық құралдарына орнатылатын бағдарламалық кешен:


  • «HALYKBANK Клиенті» ақпаратты өңдеу және сақтау бағдарламасы («Банк’c Софт Системс», Мәскеу қ.);

  • Tumar CSP криптографиялық ақпарат қорғау құралы («Технологиялар Гаммасы» ҒЗЛ, Алматы қ.).

2.3. Клиенттің бағдарламалық-техникалық құралдары – Клиент АЖО орнатар алдында үшінші тұлғалардан өз есебінен сатып алатын компьютерлік құрал-жабдықтар мен бағдарламалық құралдар:

Келесі конфигурациядағы компьютер: – Celeron 800 Мгц-ден, ОЗУ – 512 Мб-ден басталады, орнату үшін бос көлемі 300 Мб-ден кем емес және тұрақты жұмыс үшін бос көлемі 500 Мб-ден кем емес қатты диск, USB-порттың болуы;



  • операциялық жүйе Microsoft Windows’98, Windows XP SP1, SP2, Windows 2000 SP4 (32 бит);

  • браузер Microsoft Internet Explorer’5.0, 6.0, 7.0, 8.0;

  • телефондық байланыс жүйесі, оған басқа телефондар параллельді қосылмайды;

  • желіде орнатылған және қосылған модем, қолдау хаттамасы V34 және одан жоғары;

  • прокси-серверді пайдаланған жағдайда 212.19.135.80-ге қол жеткізу үшін 1024 порты, 212.19.135.81-ге қол жеткізу үшін 25, 110 порттары («Банк-Клиент» модулі) және 212.19.135.83-ке қол жеткізу үшін 443 порты («Интернет-Клиент» модулі) ашылуы тиіс;

  • Microsoft Word’97 және одан жоғары;

  • қосылған желілік немесе жергілікті принтердің болуы міндетті;

  • Клиенттің өкілі өз компьютерінде әкімшілік құқыққа ие болуы тиіс;

  • актуалды жаңартылған базалары бар Антивирустық БЖ болуы.

2.4. Электронды цифрлық қол (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электронды цифрлық қол құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның қандай да бір тұлғаға тиістілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды цифрлық символдар жинағы. Электрондық құжаттарға Клиентке тиесілі және Банкте тіркелген бір және одан да көп электронды қолдарды қоюға мүмкіндік беріледі.

2.5. Жеке кілт (құпия кілт) – электрондық құжаттардың астына қойылған, Кілттерді тасымалдаушыдағы қолдың авторында ғана бар электронды цифрлық қолды шифрлеу және жасау кілті. Жеке кілт жоғалған немесе жария болған жағдайда Клиент Банктегі Кілттерді тасымалдаушыны жедел түрде ауыстыруға міндетті.

2.6. Ашық кілт (жария кілт) – құпия шифрлеу кілті болып табылмайтын, жеке кілтпен бір мәнді байланысы бар кілт.

2.7. Кілттерді тасымалдаушы – құпия және жария кілттерді сақтау үшін қолданылатын, стандартты USB кертігі арқылы компьютерге немесе басқа есептегіш құрылғыға қосылатын электронды құрылғы (USB Flash Drive).

2.8. Операциялық күн – Клиенттің төлем құжаттарын өңдеу мүмкіндігі болатын Банктің белгілеген уақыт кезеңі.

2.9. eToken Pass құрылғысы - Жүйеге кіру кезінде және /немесе электрондық төлемдерді авторизациялағанда бір мәрте пайдалануға арналған электрондық цифрлық таңбаларды (бұдан әрі - Код) Клиентке сұрату бойынша бірегей бірізділікпен дербес генерирлеуге мүмкіндік беретін құрылғы. Жүйеге кіру кезінде Клиенттен әр жолы бір мәртелік (біржолғы) жаңа код жасау және пайдалану талап етіледі.



3. Қызмет көрсету талаптары

3.1. Тараптардың әрқайсысы келесі аталған құжаттардың кез келгенін электронды нысанда екінші Тарапқа беруге немесе алуға құқылы:



  • төлем тапсырмасы (оның ішінде жалақы, зейнеткерлік, кедендік және әлеуметтік төлемдер);

  • шоттың жағдайы туралы ақырғы көшірме;

  • алдын ала көшірме (шот бойынша анықтама);

  • халықаралық аударымға өтінім;

  • валютаны айырбастау /сатып алу /сату өтінімі;

  • Тараптардың хаттары (сұратулар, өтінімдер, хабарламалар және т.б.);

сондай-ақ Тараптардың жазбаша келісімі бойынша осы тізбе бойынша қосымша енгізілуі мүмкін кез келген құжат. Төлемдік сипатта емес басқа да ақпаратты беруге рұқсат етіледі, бірақ мұндай ақпарат осы Шарт бойынша міндеттемелердің туындауына негіздеме болып табылмайды.

3.2. Электрондық құжаттарды ресімдеу талаптары қағаз жүзіндегі түпнұсқаларының деректемелеріне сәйкес келуі тиіс.

3.3. Егер электрондық құжатты жөнелтуші Тарап тиісті дәрежеде ресімдеген, ЭЦҚ-мен растаған, осы Шартта көрсетілген телекоммуникация жүйесі бойынша жеткізген, ал қабылдаушы Тарап тексерген және қабылдаған болса, электрондық құжат Клиент пен Банк осы Шарт бойынша міндеттемелерін туындатады.

3.4. Қабылдаушы Тарап электрондық құжатты алғаннан кейін электрондық құжаттың қабылданғанын немесе қабылдаудан бас тартылғанын хабарлайтын электрондық түбіртекті кешіктірмей қайта жіберуі тиіс.

3.5. Электрондық құжатты қабылдау туралы түбіртек құжаттың алынғанын білдіретін түпкілікті растама болып табылады. Электрондық құжатты қабылдаудан бас тартылғанын растайтын түбіртекте құжатты қабылдамаудың бір немесе бірнеше себебі көрсетілуі тиіс:

а) тиісті түде санкцияланған электрондық құжат:



  • құжат шифрленбеген немесе оған қол қойылмаған («ЭЦҚ дұрыс емес» мәртебесі)

  • мұндай нөмірлі құжат бұрын болған («Деректемелік қате» мәртебесі);

  • құжат қабылдаушы тарап үшін шифрленбеген («ЭЦҚ дұрыс емес» мәртебесі);

  • құжат қол қойылғаннан кейін бұрмаланған («ЭЦҚ дұрыс емес» мәртебесі);

б) осы Шартқа сәйкес электрондық құжаттың қандай да бір міндетті деректемесі жоқ немесе тиісті дәрежеде ресімделмеген;

в) Клиент оның валюталық заңнаманы орындағанын тексеруге қажетті құжаттарды Банкке бермеген.

Электрондық құжатты өңдеу кезінде өңдеу жүйесі жоғарыда аталған себептердің бірін көрсеткен жағдайда қабылдаушы Тарап алынған электрондық құжатты орындауға қабылдаудан бас тартуы тиіс.

3.6. Тараптар электронды құжатты жіберген күні түбіртекті алмағандығы туралы бір-біріне хабарлауға тиіс.

3.7. Егер қандай-да бір себептермен Тараптардың бір жағы Жүйе арқылы электронды құжаттарды екінші Тарапқа уақытылы жеткізе алмаса, онда осындай Тарап тиісті түрде ресімделген төлем құжаттарын қағаз нысанында курьер арқылы жіберу бойынша шаралар қолдану қажет.

3.8. Банктің операциялық күні Банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді және оны Банк бір жақты тәртіпте өзгерте алады. Операциялық күннің ұзақтығы және /немесе оның өзгерістері туралы ақпарат Банктің операциялық бөлімдерінде орналастырылады. Клиенттің:

- операциялық күннің аяғына дейін Банк қабылдаған электрондық құжаттары сол операциялық күні жүргізіледі

- операциялық күн аяқталғаннан кейін Банк қабылдаған электрондық құжаттары келесі операциялық күні жүргізіледі (Банкте техникалық мүмкіндік болған жағдайда сол операциялық күні).


4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Тараптардың міндеттері:

  • электрондық құжаттарды пайдалану кезінде осы Шарттың нормалары мен талаптарын басшылыққа алу;

  • телекоммуникациялар, ақпаратты өңдеу, сақтау және қорғау жүйесін тек жұмысқа жарамды және ақаусыз, Жүйе мен Тараптарға зиян келтіруі мүмкін компьютерлік вирустар мен бағдарламалар бойынша тексерілген құрал-жабдықта пайдалану;

  • Жүйеде қолданылатын ақпаратты қорғаудың нақты тәсілдерін үшінші тарапқа жария етпеу (қолданыстағы заңнамада немесе Тараптардың қосымша келісімімен көзделген жағдайларды қоспағанда);

  • кілттерді дүркін-дүркін ауыстырып отыру (жылына 1 мәртеден кем емес) – Жеке кілт пен тиісті Ашық кілтті генерациялау, Ашық кілтті Банкте тіркеу;

  • иеленуші тіркеу куәлігін ауыстырған (жұмыстан босатқан, бухгалтерді ауыстырған және т.б.) жағдайда кілтті қашықтан қайта генерациялау;

  • телекоммуникациялар жүйесі мен құпия кілттерге санкцияланбаған қол жеткізу бойынша күдік туындаған жағдайда, сондай-ақ телекоммуникация, ақпарат өңдеу, сақтау және қорғау жүйелерінің бағдарламалық-техникалық құралдарының жоғалуы, ұрлануы немесе бұзылуы жағдайында кілттерді ауыстыру үшін және басқа да екінші Тараппен келісілген жоғарыда аталған бағдарламалық-техникалық құралдарды жұмысқа жарамды күйде ұстау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру үшін екінші Тарапқа жедел түрде хабарлау;

  • өзінің Жеке кілті жария болған жағдайда бұл кілтті пайдалануды тез арада тоқтату, немесе Жүйеге санкцияланбаған қол жеткізу бойынша күдік туындағаны туралы екінші Тараптан жазбаша хабарлама алған жағдайда екінші Тараптың электрондық құжаттарымен жүргізілетін барлық операцияларды тез арада тежеу;

  • электрондық құжаттардағы ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз ету;

  • электронды цифрлық қолмен расталған электрондық құжаттар мен оларға түбіртектерді 3 (үш) жылдан кем емес уақыт бойы сақтау;

  • екінші Тараптың талабы бойынша келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Жүйе арқылы жіберілген/қабылданған, тиісті дәрежеде ресімделген электрондық құжаттардың қағаз жүзіндегі даналарын беру.

4.2. Тараптар өзара келісім бойынша телекоммуникациялар, ақпарат өңдеу, сақтау және қорғау жүйелерін ауыстыруға құқылы.

4.3. Банктің міндеттері:

  • Банкке телекоммуникация құралдарымен табысталған, Клиенттің кілтімен шифрленген және ЭЦҚ-мен расталған Клиенттің шотынан ақша аударуға қатысты өкімді орындау;

  • Клиентке Пайдаланушының жүйеде жұмыс істеу нұсқаулығы берілген нұсқамалық материалдарды беру және Оқыту актін жасау арқылы Клиенттік АЖО-ны пайдалануға үйрету;

  • Осы Шартты бекіткеннен кейін және Клиент Банктің Тарифтеріне сәйкес тиісті комиссияларды төлегеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиентке АЖО орнату;

  • Есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10 (онына) дейін ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлем сомасы бойынша соңғы жұмыс күні жазылған шот-фактураны беру.

4.4. Банктің құқықтары:

  • осы Шарттың 3.5 тармағында қарастырылған негіздемелер бойынша электрондық құжаттарды орындауға қабылдаудан бас тарту;

  • Банкте ашылған Клиенттің банктік шотынан Тарифтерге сәйкес Клиенттің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы комиссиялық сыйақы сомасын ай сайын алу;

  • Клиент тарапынан ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін ай сайын төлем жасалмайтын болса, Клиенттің Жүйеге қол жеткізуін тежеу және Шартты бұзу;

  • ашық кілтті мойындаудың қол қойылған актісі берілмеген жағдайда Клиенттің Жүйеге қол жеткізуін тежеу;

  • Банкте, өзге банктерде, сондай-ақ банктік операциялардың жеке түрлерін іске асыратын ұйымдарда ашылған Клиенттің банктік шотынан Клиенттің Банкке келтірген залалдардың, Клиенттің берешектерінің, Тарифтерге сәйкес қарастырылған барлық комиссиялық сомаларын алып алу;

  • Жүйені қорғау механизмдеріне өз қарауы бойынша өзгертулер енгізу;

  • бір жақты тәртіпте Жүйенің құралдары бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесіне өзгерістер енгізу;

  • Клиент кілтінің әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда Клиенттің Жүйеге қол жеткізуін тежеу;

  • Клиенттің шотында үш ай қатарынан ақша қозғалысы болмаған жағдайда және шотта ақша болмаған жағдайда Клиенттің Жүйеге қол жеткізуін тежеу. Шотта алты ай қатарынан ақша қозғалысы болмаған жағдайда және шотта ақша болмаған жағдайда Шарттан бас тарту арқылы Шартты бұзу;

  • Комиссиялық сыйақы Тарифтеріне бір жақты тәртіпте өзгертулер енгізу;

  • Клиенттен электрондық құжаттардың бөлшектерін растауды сұрату, сондай-ақ басқа тәсілдер арқылы Жүйе жұмысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кез-келген іс-шараларды жүргізу.

4.5. Клиенттің міндеттері:

  • төлем тапсырмаларына міндетті деректемелерді қою кезінде, оның ішінде «төлем мақсатының коды» (ТМК) графасында – төлем мақсатының мәтіндік белгісіне сәйкес келетін төлемнің кодтық белгісін, ал салық төлемін және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді жасау кезінде – осындай кодтың мәтіндік атауына және «төлем мақсаты» өрісінде көрсетілген төлем мақсатына сәйкес келетін бюджеттік жіктеме кодының (БЖК) цифрлық белгісін көрсету кезінде Шартқа қатаң сәйкестікпен ресімдеу;

  • осы Шартты бекіткен сәттен бастап 3 (үш) күн ішінде осы Шарттың 2.3. тармағына сәйкес үшінші тұлғалардан бағдарламалық-техникалық құралдарды сатып алу және іске қосу;

  • бағдарламалық-техникалық құралдар дайын болмаған жағдайда осы Шартты бекіткен сәттен бастап 7 күн ішінде Банкке осы Шартқа 1-қосымшаның нысаны бойынша тиісті түрде ресімделген Клиенттік АЖО-ны орналастыру жөнінде арыз беру;

  • Банк орнатқан бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді осы Шарт бойынша өзгертпеу, бөлшектемеу, көбейтпеу және үшінші тұлғаға табыстамау;

  • Клиенттік АЖО-ны орнатқаны үшін Банктің тарифтеріне сәйкес осы Шартқа қол қойғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен төлем жасау;

  • ашық кілтті мойындау актісіне қол қою үшін уәкілетті тұлғаның болуын қамтамасыз ету;

  • осы Шартқа сәйкес пайдаланылатын өз бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыстық күйін өз есебінен қолдау;

  • Кілттерді тасымалдаушыны Банктің нұсқамалығына сәйкес дұрыс сөндіру;

  • Клиент кінәсінен Клиенттік АЖО-да туындаған бұзылысты жөндеу үшін Банк маманын шақыртқан жағдайда Тарифтерге сәйкес төлем жасау;

  • Клиенттік АЖО-ны бір жұмыс стансасынан екінші жұмыс стансасына көшірген жағдайда Тарифтерге сәйкес төлем жасау;

  • Клиенттің осы Шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде клиенттің автоматты режимде 1 миллион теңгеге дейінгі (қоса алғанда) сомаға төлем тапсырмаларын қабылдауға және өңдеуге, сондай-ақ зейнетақылық жарналарды сомасын шектемей жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға қатысты келісімі бойынша төлем тапсырмаларын ресімдеу тәртібін бұзуы салдарынан Банк немесе Банк қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда Банк шеккен барлық залалдар мен шығыстарды Банкке өтеп беру;

  • Клиенттің ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжаттарды Банкке беру;

  • Банкке кілттерді жасау және тіркелу куәлігіне берілген арыздарында көрсетілген тұлғалар уәкілеттілігінің тоқтатылғаны /өзгертілгені туралы Банкті хабарлау;

  • Банк орнататын бағдарламалық жасақтаманы көбейтпеу.

Осы арқылы Клиент Банкке осы Шарт бойынша берлық берешек сомасын, Тарифтермен белгіленген комиссияларды, залалдарды өзінің Банкте ұлттық және /немесе шетелдік валютада ашылған шоттарынан оларды тікелей дебеттеу арқылы, сондай-ақ басқа банктерде ашылған, төлем құжаттардың негізінде Банк көрсеткен кез келген шоттарынан алып отыруына өзінің тікелей сөзсіз келісімін береді.

4.6. Тараптар қабылдау-өткізу актісіне қол қойған сәттен бастап Банк eToken Pass құрылғысын Клиентке берді деп саналатындығымен келіседі.

4.7. Клиент eToken Pass құрылғысын жоғалтқан жағдайда Банк Клиенттің арызы негізінде осы Шарттың 4.6. тармағымен белгіленген тәртіпте eToken Pass құрылғысын береді және eToken Pass құрылғысын ауыстырғаны үшін Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақы алады.

4.8. Клиент Банктен міндеттемелерді тиісті түрде орындауын талап етуге құқылы.



5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

5.2. Тараптардың әрқайсысы электрондық құжаттарды пайдалану нәтижесінде, оның ішінде электрондық құжаттарды қате орындау кезінде, егер бұл құжаттарды бір Тарап тиісті дәрежеде ресімдеп, жеткізген, ал екінші Тарап тексеріп, қабылдаған болса, бірінші Тараптың кінәсінен болмаған, екінші Тарап шеккен залалдар үшін жауапкершілікте болмайды.

5.3. Электрондық төлем құжаттарының негізінде операциялардың дер кезінде және дұрыс жүргізілуі үшін жауапкершілік Клиентпен бекітілген Банктік шот шартына сәйкес Банкке жүктеледі.

5.4. Үшінші тұлғалардың, кез келген негіздеме бойынша Клиенттік АЖО-ға немесе Кілттерге қол жеткізген Клиенттің контрагенттерін /қызметкерлерін қоса, бірақ шектелмей, кез келген әрекетінің нәтижесінде Клиент шеккен залалдар үшін, егер бұл жағдай Клиенттің ұқыпсыздығынан, салғырттығынан және /немесе қасақана әрекетінен туындаса, Банк жауап бермейді.

6. Еңсерілмейтін дүлей күш жағдайлары

6.1. Табиғи апаттар, зілзала, өрт, бұқаралық тәртіпсіздік, көтеріліс, әскери іс-қимылдар жататын еңсерілмейтін дүлей күш жағдайлары, осы Шартта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, Тараптардың осы Шарт бойынша өз функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін заң актілерінің, үкімет қаулыларының және мемлекеттік орган өкімдерінің күшіне енуі, сондай-ақ Тараптардың ықтиярына байланысты болмайтын басқа да жағдайлар туындағанда Тараптар өздеріне қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны үшін жаупкершіліктен босатылады. Зардап шеккен Тарап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа осы жөнінде хабарлайды, сондай-ақ форс-мажор жағдайларынан келтірілген залалдарды жою үшін бар күшін салады.

6.2. Еңсерілмейтін дүлей күш жағдайларына байланысты залал келтірілген Тарап еңсерілмейтін дүлей күш әрекетінің объектісі болған Тараптан болған оқиғалар дәлелдемесін, сондай-ақ келтірілген зиян мөлшерін есептеуге байланысты кез келген құжаттаманы талап етуге құқылы.

7. Ерекше талаптар

7.1. Клиент пен Банк олардың атынан ЭЦҚ қойылған, тексеру кезінде осы қолдар шынайы деп мойындалған және құжаттар қабылданған сәтке дейін құжатқа қол қойған тұлғаның жеке кілті немесе бағдарламалық жасақтаманың жария болғаны туралы өтініші тіркелмеген жағдайда, ашық кілттері тиісті ашық кілттер тізімінде тіркелген электрондық құжаттардан туындайтын барлық міндеттемелерді толық көлемде өздеріне қабылдауды міндеттеріне алады. Кез-келгені Тараптың осы талапты орындамауы екінші Тараптың осы Шарттан бас тартуға негіздеме болып табылады.

7.2. Клиент Банк бере алатын Жүйемен жұмыс бойынша қауіпсіздік нұсқаулығын орындауға келісімін береді. Клиент Жүйеге қол жеткізу мен пайдалану қауіпсіздігін ұйымдастыруға үнемі бақылау жасау мен қолдаудың, Парольдерге бақылау жасау мен Клиенттің Жүйеге қол жеткізудің толық жауапкершілігін өзіне алады.

7.3. Жария болған қолмен расталған құжаттарды орындау бойынша Банктің жауапкершілігі Клиенттің жазбаша хабарламасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күні басталады.

7.4. Жазбаша хабарламаларды екінші Тарапқа оның қолын қойғызып тапсырғанда (алған күні мен уақытын көрсету) немесе осы Шарттың 11-бөлімінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылғаны туралы хабарлама бойынша тапсырыс хатпен жібергенде екінші Тарап алды деп есептеледі.

7.5. Клиенттің электрондық құжаттарын Клиенттің уәкілетті тұлғалары ретінде өзінің ЭЦҚ қол қоюға құқығы бар болатын жеке тұлғалар Клиенттің Банкке кілттерді дайындау және тіркеу куәлігі туралы берілген арыздарын (2-қосымша) байланысты анықталады. Клиенттің Банкке кілттерді дайындау және тіркеу куәлігі туралы берілген әрбір арызы (2-қосымша) Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.

7.6. 2-қосымшада көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктері Банкке тиісті түрде ресімделген сенімхатпен /құрылтай құжаттарымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен және /немесе Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған басқа құжаттарымен расталады.

7.7. Осы Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары Тараптардың келісім бойынша жасалады және олар жазбаша түрде ресімделген, сондай-ақ Тараптардың әрқайсысы қол қойған жағдайда жарамды болып табылады.

7.8. Клиент осы 7-бөлімдегі өзінің міндеттемелерін орындамауы нәтижесінде Банкке келтірілетін залалдар, шығындар мен нұқсанның орнын толтыруға, Банкті барлық талап қоюлар мен сотта іс қарауларға жол бермеуге келісімін береді.
8. Дауларды шешу тәртібі

8.1. ЭЦҚ қолдануға байланысты Тараптардың арасында туындаған дауларды әрбір нақты даулы жағдайды шешу үшін құрылатын Техникалық-сараптау комиссиясы шешеді.

8.2. Клиенттің шоты бойынша Банк операцияларды орындаған ЭЦҚ қойылған электрондық құжатқа нұсқау жасай отырып Клиент Банкке талап-кінәраттың мәні жазылатын өтініш береді. Банк Клиент өтінішті берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтінішті қарау үшін Техникалық-сараптау комиссиясын құруға міндетті. Комиссияның құрамына Клиенттің өкілдері, Банктің өкілдері және, қажет болған жағдайда, - Жүйені әзірлеген фирманың өкілі, тәуелсіз сарапшылар кіреді. Техникалық-сараптау комиссиясының жұмысы үшін жоғарыда аталған тізімнен кем дегенде үш өкіл кіруі тиіс.

8.3. Техникалық-сараптау комиссиясы Клиенттің өтінішін Клиенттің ЭЦҚ бойынша ашық кілті мен даулы электрондық құжатын техникалық сараптау арқылы қарастырады, сараптау мына кезеңдерден тұрады:



  • операцияны жүргізу уақыты белгіленеді;

  • бақылау сомасын есептеу және оны эталонды сомамен салыстыру арқылы екі Тараптардың Жүйелік бағдарламалық жасақтаманың тұтастығы тексеріледі;

  • ашық кілттің Клиентке тиесілі екені және оның құжатты ресімдеу сәтіндегі жарамдылығы тексеріледі;

  • ашық кілтті Клиенттің нақты өз қолымен расталған кілтпен салыстыру арқылы түпнұсқалығы тексеріледі;

  • осы Кілттерді тасымалдаушының жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін ұсынылған Кілттерді тасымалдаушыны пайдалану арқылы 1 теңге сомасына тестік операция жүргізіледі. Деректер базасынан ЭЦҚ-ның дұрыстығы және түпнұсқалығы тексерілетін тестік операция бойынша деректер алынады;

  • даулы операцияның деректері мен ЭЦҚ-сы Жүйенің деректер базасының мұрағатынан алынып, электронды қолды орындаудың дұрыстығы тексеріледі.

Техникалық сараптама деректерінің негізінде Акт жасалады, оған Техникалық-сараптау комиссиясының әрбір мүшесі қол қояды.

8.4. Тараптар Техникалық-сараптау комиссиясының шешімін қабылдаған жағдайда бұл шешім келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалуы тиіс.

8.5. Тараптар Техникалық-сараптау комиссиясының шешімін орындаудан бас тартқан жағдайда олардың арасында туындаған дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот орындарына қарауға беріледі.

9. Шарттың әрекет ету мерзімі

9.1. Осы Шарт Банк пен Клиент арасында келісілген тілде/тілдерде жасалды және заңдық күші бірдей екі данада қол қойылды, Тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан беріледі.

9.2. Осы Шарт Тараптарды Жүйеге қосу жұмыстары бөлігінде осы Шартқа екі Тарап қол қойған және Клиент Жүйені орнатқаны үшін комиссияны төлеген сәттен бастап күшіне енеді.

9.3. Осы Шарт электрондық құжаттар негізінде жүзеге асырылатын есеп айырысулар бөлігінде Тараптар Актіге қол қойған және Клиентті Жүйеде жұмыс істеуге оқытқан сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз әрекет етеді.

9.4. Тараптардың бірі осы Шартты бұзуға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шарттан бас тарту туралы хабарлаған жағдайда осы Шарт бұзылды деп есептеледі. Шартты бұзған жағдайда Тараптар бұзу туралы жазбаша хабарламаны берген күннен кейін 10 (он) жұмыс күніне кешіктірмей осы Шарт бойынша бұрын туындаған барлық міндеттемелерін бір-бірінің алдында орындауға міндетті.

9.5. кез-келген негіздемелер бойынша Жүйені пайдалану арқылы операциялар жүргізілген Клиенттің банктік шоты (-тары) жабылған жағдайда және /немесе Жүйені пайдалану арқылы операциялар жүргізілген (мысалы, банктік шот туралы шарт, банктік салым туралы шарт және т.б.) шарттардың (келісімдердің) әрекеті тоқтатылған жағдайда осы Шарт бұзылды деп есептеледі. Осындай жағдайларда, Тараптар Шартты бұзған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Шарт бойынша өзара есеп айырысуды жүргізуге міндетті.



10. Басқа талаптар

10.1. Осы Шарттың ажыратылмас бөліктері:

1-қосымша. Клиенттік АЖО орнатуға өтініш.

2-қосымша. Кілттерді және тіркеу куәлігін әзірлеуге өтініш.






11. Тараптардың орналасқан жері, банктік деректемелері мен қолдары

«Банк»

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

мекен-жайы: ___________________________________

______________________________________________

тел. ________________, факс: ____________________

БСК __________________________________________

СТН __________________________________________

Банк үшін

_________________ / ___________________________/

(қолы) (тегі, аты-жөні)

м.о.


«Клиент»

Ұйымның атауы: __________________________________

мекен-жайы: ______________________________________

_________________________________________________

тел. /факс ________________________________________

СТН_____________________________________________


Клиент үшін

_________________ / ____________________________/

(қолы) (тегі, аты-жөні)

м.о.



Банктің бұрыштамалары:
_____________________ _____________________________________

(қолы) (менеджердің тегі)

_____________________ _____________________________________

(қолы) (құрылымдық бөлімше басшысының тегі)


«Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг»

жүйесінде банктік қызмет көрсету шартына

№ 1 Қосымша


КЛИЕНТТІК АЖО ОРНАТУҒА ӨТІНІШ

Осы арқылы осы Шарттың 2.3-тармағында көрсетілген бағдарламалық-техникалық құралдардың менде бар екенін растаймын және «Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жүйесінің клиенттік АЖО-сын, мына модульді келесі шоттарға қашықтан қол жеткізу үшін орнатуды сұраймын:


 Банк-Клиент

 Интернет-Клиент

________________________________________________________________:

(ұйымның атауы)



  • ағымдағы шоттар (шоттың нөмірі, валютасы, шоттың түрі (активті/пассивті)): _____________________________________________________________________________________________

  • жинақ шоттары (шоттың нөмірі, валютасы, шот түрі пассивті): _____________________________________________________________________________________________ (шоттың нөмірі, валютасы, шоттың түрі (активті/пассивті)):

  • _____________________________________________________________________________________________

Өтінімді толтыру кезінде кеңес беретін филиал

инженерінің телефоны __________________

Қосымша мәліметтер:


Айқындама

Белгі

Ескертулер

  1. Қандай мекен-жай бойынша орнатылуы тиіс (толық мекен-жайы)







  1. Байланыс телефондары







  1. Байланыс жасаушы тұлғаның Т.А.Ә.







  1. Клиенттік АЖО орнатылатын компьютерлер саны*




Желілік орнату немесе әрбір ДК-ге өз ЭЦҚ кілті – белгілеу

  1. Компьютерде USB-порттың болуы




USB-портқа кілттерді тасымалдаушы қосылады

  1. Модемнің болуы




Өндіруші, модель таңбасы және қолдау көрсетілетін жылдамдық

  1. Оқшауланған желінің болуы




Провайдер, арнаның ені

  1. Интернетке басқаша қол жеткізу мүмкіндігі




Провайдер, қосылу жылдамдығы

  1. Шлюздер мен прокси-серверлердің болуы




Болған жағдайда атауын көрсету

10. Басқа Банк-Клиенттердің болуы







11. Электрондық құжат астындағы қолдар саны

______________________

 Қосарлас

 Сабақтас


1-ден 2-ге дейін қол болуы мүмкін. Екі электронды цифрлі қол болған жағдайда шоттың түрін таңдап алу

12. Санкциялау опциясының болуы




Банк-Клиент үшін сома мөлшері немесе операция түрі бойынша санкциялау орнатылуы мүмкін. Интернет-Клиентте бұл мақсаттар үшін екінші қол пайдаланылады.

13. Бухгалтерлік бағдарламаның болуы




Бағдарламаның атауын көрсету

* - бірнеше компьютер болған жағдайда Клиент әрбір жұмыс стансасы үшін 2.3-тармағының орындалғанын растайды.

Маған қосылу тәртібі түсіндірілді. Орнату кезінде техникалық маманның қатысуы, сондай-ақ Актілерге бірінші басшының мөрі және қолы қойылуы керек екені туралы маған ескертілді. Банк инженерінің бухгалтерлік жүйені орнату бойынша тек нұсқаулар беретіндігі, осыған байланысты бухгалтерлік жүйе бойынша маманның қатысуы дұрыс болатындығы жөнінде де ескертілді.



Т.А.Ә. ________________________________________________________

Лауазымы ____________________________________________________
Қолы _______________________

М.О.

Күні: ____/____________/________ Уақыты: __________/_____________


күн ай жыл сағат минут

«Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг»

жүйесінде банктік қызмет көрсету шартына

№ 2 Қосымша


КІЛТТЕР МЕН ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ӘЗІРЛЕУГЕ ӨТІНІШ

 
Осы құжат арқылы _________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

Орналасқан жері : _____________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________
____________ жылғы «___»_________ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы № ____________ куәлік _________________________________________________________________, _____________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін_________________________________________________________________________ арқылы,

__________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________

(Кілттерді иеленушінің Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжат нөмірі)

атына

электронды цифрлық қол кілттерін және электронды цифрлық қолдың ашық кілтін тіркеу куәлігін әзірлеуіңізді сұрайды,
Электронды цифрлық қол кілттеріне арналған сәйкестендіру деректері (электронды түрде толтырылады):


 Банк-Клиент

 Интернет-Клиент

Жүйенің модулі, 1 модуль ғана көрсетіледі



























































































Тегі, Аты, Әкесінің аты





















































































































































































жұмыс орнының атауы



























































































лауазым атауы



























































































телефон нөмірі



























































































электрондық пошта


- жалғыз қойылған қол  - қол қою құқығы жоқ пайдаланушы

- бірінші қол қою құқығы  - екінші қол қою құқығы
 

Тіркеу куәлігін пайдалану саласы: Қазақстан Халық Банкінің «Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жүйесі шеңберінде электрондық құжаттармен алмасу.
Тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі 12 ай.
 

Т.А.Ә. ________________________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________
Қолы _______________________

М.О.
Күні: ____/____________/________ Уақыты: __________/_____________

күн ай жыл сағат минут


 


БҰРЫШТАМАЛАР: _________________ (Клиент өкілінің қолы) _____________ (Орындаушының қолы)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет