Зайсан қала әкімі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған
жұмыстар
Бүгін біз өткенді саралап, алдағы атқарылар шараларды белгілесек, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани даму үрдісіне Зайсан қала жұртшылығы қомақты үлес қосып келеді.
Қалада 2013 ж 05 мамырында 15465 адам тұрады. Статистикалық есеп бойынша 4221 жанұя есепте тұр. Жалпы қаладағы жер көлемі 18832 га, оның ішінде егістік жер – 4068 га, шабындық – 2468 га, қалғаны жайылымдық жер, яғни 10192 га. Осы ауылшаруашылық жерлерін 88 шаруа қожалықтары бекітіп алып, мал, егін шаруашылықтарымен айналысуда. Биылғы жылғы көктемде сапалы тұқым әкелінді. Егілген дақылдардың көлемі – 1377 га жетіп, 500 га дәнді дақыл, 305 га картоп, 240 га көкөніс, 20 га бақша, 5 га күнбағыс дақылдары егілді. Егін шаруашылығында нәтижелі табыстарға жетіп жүрген шаруа қожалықтарын қала округінде бірнешеуін атауға болады. Олар: «Алмат» шаруа қожалығы (жетекшісі Н.Мухамадиев), «Нәке 96» шаруа қожалығы (жетекшісі О.Қамшыбаев), «Мадияр» шаруа қожалығы (жетекшісі С.Байгоныров), «Қазақстан» шаруа қожалығы (Ю.Горнышев), «Мұхтар МС» шаруа қожалығы (жетекшісі М.С.Базаров).
Егін шаруашылығында жетістіктермен бірге кемшіліктер әліде жойылмай келеді. Шаруа қожалықтары бекітіп алған жерлерін толық пайдаланбауда. Жалпы 2012 жылы 450 га егістік жер қайтарылып, аудан әкімінің қорына алынды, биыл да бұл жұмыс жүргізілуі тиіс, яғни егетіндер егіп, игерілмеген жер қайтарылып, егетін ауылшаруашылық құрылымдарына берілуі тиіс. Себебі, былтыр Үйдене су жүйесінде үлкен магистральды канал Р-1, Р-2 түгелдей айырбасталып, жаңадан канал тартылып, Республикалық бюджеттен 1 миллиард тенге көлемінде қаржы жұмсалды. Үкімет осындай қаржы жұмсап, жағдай жасап беріп отырғандықтан, бізден де үлкен сұраныс болады. Егіншілікпен айналысу үшін шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмыс жүргізуіміз керек. Бүгінгі күні ауылшаруашылық техникалардың жетіспеуі үлкен қол байлау болып отыр. Соңғы 3 жылда округке 4 – МТЗ-82 тракторлары мен 2 астық комбаиндары ғана лизингке алынды. Оның өзін қаламыздағы үлкен шаруа қожалықтары ғана алды. Техниканы жаңалаудың бірден-бір жолы ұсақ шаруа қожалықтары бірігіп «Казагроқаржы» мекемесі арқылы лизингке алу.
Қала округінде сыртқы қыстақтармен қосқанда бүгінгі күнге 7497 бас ірі қара, 15293 бас қой-ешкі, 1031 бас жылқы малдары бар. Бұл алдыңғы жылдың осы уақытына 3% -ға өсіп отыр. Малдың саны болғанмен, сапасын көтере алмаудамыз. Асыл тұқымды малдардың үлес салмағы өте төмен, малдың сапасына көңіл бөлінбеуде. Қой, ірі қара малдарынан сарып аурулары жойылмай келеді. Былтыр 55 бас ірі қара, 86 бас қой-ешкіден сарып ауруы анықталды. Өкінішке орай биылғы жылы да қала округінде сарп ауруы анықталып отыр.
Бүгінгі күні қалада түрғындарын сүт зауыты сүт пен басқа сүт өнімдерімен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда, осы зауыттың өнімдерін қала халқы жақсы сатып алмай отыр. Базардан, дүкен алдынан тексеруден өтпеген сүт сатып алауда. Бұл санитарлық тазалыққа сай келмейді. Жалпы біздің мақсатымыз – ауылшаруашылық өнімдерін, өзімізде аудан арқылы сапалы ет, сүт, нан өнімдерімен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта қаламызда ұн, сүт зауыттары, 11 наубайхана, 3 май сығатын цехтар жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетуде. Базар бағасын арзандатуға соңғы уақытта қалада тұрақты ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп келеміз. Ет базарда 1100-1200 тенге болса, жәрмеңкеде 800-900 тенгеге сатуда. Тағы басқа өнімдерде арзан бағаға саудаланып, қала халқына жағдай туғызуда.
Қаланың тіршілік ету инфрақұрылым жұмыстарына тоқталсам.
2013 жылы Зайсан қаласында тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қаланы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру бойынша біршама істер атқарылып келеді. Қала бойынша барлығы 80 көше бар, ұзындығы 87 км, осы көшелердің 25% асфальты бар. Аз да болса жыл сайын осы көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Тек биылғы жылдың 5 айында Абай көшесі толық асфальттау жұмыстары аяқталып, 3 млн теңгенің ямочный жұмыстарының қаржысы игерілді.
Бүгінгі күні қалада 23 көшелер, 3 саябақ және 3 алаң жарықтандырылған. Тек биылдың өзінде ғана 3 көше жарықтандырылды. Олар: Ибраев көшесі толық, Головченко, Спанбетов көшелерінің аяқ жағына жарық тартылды. Жалпы Үкіметтің (термомодернизация) бағдарламасына сәйкес көп қабатты үйлерді жөндеуге жұмыс жүргізілуде. Ол үшін пәтер иелерінің кооперативтері құрылып, заңдастырылып, барлық құжаттары дайындалып, биыл жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 7 көп қабатты үйлерге жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Аманшылық болса биыл қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуі тиіс.
Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында бұрынғы казарма ғимаратына облыстық бюджеттен 147,0 млн. тенге қаржы бөлініп, құрлысы толық аяқталып, шағын отбасылар пәтері болып, жас отбасыларына, мүгедектерге, жетім балаларға, жас мамандарға пәтер кілті тапсырылып, қоныс тойларын тойлады. Биыл С.Спамбетов көшесінде 60 пәтерлі арендалық үйдің құрлысының 80 пайызы аяқталып, биыл қолданысқа беріледі. Қаламызда жеке меншік үйлер салу қарқынды дамып келеді. 2012 жылы 68 жеке меншік үй салынып, оның 4204 кв метр, 52 үй пайдалануға берілді, биыл да үй салу үлкен қарқынмен жүруде.
Зайсан қаласында су құбырлары желілерін қайта жаңғыртудың бірінші кезеңіне 629,0 млн. тенгенің жұмысы аяқталып, бұрындары 12 км жаңарса, соңғы 2 жылда 31 км жаңаланды. Жалпы қалада 142 км су құбыры бар, сонда 43 км ғана жаңартылды. Биылғы екінші кезеңдегі 99 км су құбыры жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, ұйымдастырылмаған күл-қоқыс, свалка тазалауға арықтарды тереңдетуге, тоғайларды, бордюрлерді, саябақтарды ағарту жұмыстары атқарылуда. Қытай Халық Республикасынан 1000 түп шынар ағашы әкелініп саябақтарға, алаңдарға егілді. Қосымша 2000 түп көлемінде жергілікті қайың, шынар, көктерек ағаштары отырғызылды.
Жангелдин, Желтоқсан, Боқажанов көшелеріне қаладағы мекемелердің күшімен гүлдер егіліп, уақытында күтіп бапталуда.
Қаланы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіле береді. Бұл мәселеге қаржы да берілді. Бұған қала тұрғындары да ат салулары тиіс. Қаланың көркеюі барлығымызға керек. Алайда, қала тұрғындары бұған нақты атсалысып, көмектескенін көре алмай отырмыз. Көктем шығысымен әрбір көше тұрғындары жиылып, бақшаларына су баратын арықтарын бірлесіп тазалаушы еді, ешкім бұны істемей қойды.
Көшеде қараусыз, иесіз малдардың, әсіресе бұзау малдарын тоқтатуда біршама жұмыстар атқарсақта, әлі де малдарын күтуге қоспай, көшеге жіберу фактілері тиылмай келеді. Қалада тұрады екенбіз, малды қаланың тәртібіне сай ұстау керек.
Қалада қала халқының тазалық сақтау мәселесіне ат салыспауы бізді қынжылтып отыр. Қалада күл-қоқыс төгетін контейнерлер, урналар қоюды жылда көбейтіп келеміз. Алайда, қала тұрғындары күл-қоқыс төгетін орындарға төкпей, су ағатын арықтарға төгіп, бітеп, су көшеге асфальттарға жайылу фактілері жылда тиылмай келеді. Жалғыз «Зайсан-Тазалық» мекемесі, бұл мәселеге толық үлгермейді. Сондықтан, әр қала тұрғыны Зайсан қала тазалығына жаппай ат салысуы керек. Сонда ғана қаламыз таза болады. Сондай жағдай мөлтек аудандарында кезігуде. Қаладағы ең үлкен мәселе қаңғыбас иттерді жою. Бұл мәселеге байланысты иттер атылуда. Алайда, ит иелері иттерін байламайды, көшелерге қоя береді. Аудандық мәслихаттың мысық, ит ұстау ережелері сақталмай отыр.
Бүгінгі күні 2462 жеке меншік үйге орталық су жүйесі қосылды. Алайда, асфальт көшеден су тартса, тартқан адам есебінен жол асфальтталуы керек.
Қалада халықты моншамен қызмет көрсетуге тоқталсақ, жеке кәсіпкер Д.Намазбаевтың моншасы жұмыс істеп келеді. Алайда, бұл монша халықтың талап-тілегін нақты қанағаттандырмай отыр. Сонымен қатар, әскери бөлімнің моншасын жеке кәсіпкер А.Өтеуовке берілді, ол да жұмыс істеуде. ГЭС мөлтек ауданындағы моншаны да жақында іске қосылды. Жалпы, Зайсан қаласына мемлекеттік бір монша керек. Осы мәселені шешуге жұмыс жүргізуіміз керек.
Қалада жолаушыларды тасу қызметі тұрақты жүргізіліп, «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің автобустары қызмет көрсетуде. Биылға дейін жылына 7,0 млн тенге аудандық бюджетте қосымша қаржыландырып отырсақ биылдан бастап 12,0 млн тенге беріліп отыр. Көпшілік тұрғындар автобус болса да таксилерге отырып, автобус көбінесе бос жүреді. Осыны ойлануымыз керек.
«Зайсан-Тазалық» мекемесі үнемі қаланың тазалығымен айналысып келеді. Бүгінгі күні халықтың сұранысы бойынша жеке қызмет түрлерін де көрсетуде. Жылда қала көшелері қардан тазаланып, техникалардың, жаяу жүргіншілердің қалыпты жүруіне жағдай үнемі жасалуда. Әлде де, бұл мекемеде техникалар жетіспейді.
Қаламызда қаланың көркін келтіруде, әр түрлі ғимараттарды салуда жеке кәсіпкер азаматтардың еңбегі көп екенін барлықтарыңыз білесіздер. Былтыр СК «Зайсан» мекемесінің «Жолшы» қонақ үйі ашылды, «Алаш» магазині салынды, автобекетке қонақ үй салынуда. Жекек кәсіпкерлер А.Сиырбаев 3 қабатты жеміс-жидек дүкенін, Р.Базикеев тұрмыстық-электронды тауарларды саудалайтын дүкен салуда. Кейбір қонақ үйлер күрделі жөнделді, тағы басқа дүкен, тойхана, мейрамханалардың құрылыстары жүргізілуде. Көбейгені дұрыс. Көп болса, бағасы арзан болады. Жалпы, халыққа қызмет көрсететін осындай ғимараттарды салуға қаланың ішінен бос жер болса беріледі. Алайда, салынған ғимарат 2 қабаттан аз болмай, көрнекі салынуы тиіс.
Қала тұрғындарын жұмыспен қамту және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа тарту үнемі жүргізіліп келеді. Аз қамтылған жанұя мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын учаскелік комиссия арқылы тағайындалып келеді.
Білім саласы.
Қалада 6 орта мектеп, №11 техникалық колледж бар. 6 орта мектепте 2961 бала оқиды, ол 2011 жылдан 27 балаға кем. Балаларды мектепке дейін біліммен қамту орталығымен 100% қамтылуда. Қала мектептеріндегі оқушылардың 92,6% ыстық тамақпен қамтылуда. Жыл сайын мектептердің МТБ жаңартылып, күрделі жөндеулерден өткізілуде.
Зайсан қаласында Абай саябағының жанында құны 1 млрд 442 млн. тенге тұратын 600 орындық мектеп, 300 орындық жатаханасына 2012 жылы 120,0 млн. тенге Республикалық бюджеттен қаржы беріліп, құрлысы жүргізілуде, аманшылық болса биыл қазан айында құрлысы аяқталып, қолдануға берілуі тиіс. Сонда мектеп-интернат, Дауленов атындағы мектептің ғимараттары босайды. Қаладағы технологиялық колледж үлкейеді. Ауданға керекті мамандықтардың барлығы осы техникалық колледжде оқытылады. Сонымен қатар, қазір Зайсан қаласында 500 астам бүлдіршіндер бала бақшаға кезекте тұруда. Сонда бұрынғы 2 бала бақша іске қосылады. Қосымша биыл бұрынғы ПМК-ның ЖБИ-нда 140 орындық 315 млн. тенгеге бала бақша құрлысы басталады, биыл 55,0 млн. тенгесі беріліп отыр. Жалпы алдағы 2 жылда қала бойынша бүлдіршіндердің кезектері толық қанағаттандырылады деп жоспарлаудамыз. Кеңес заманында жұмыс істеген жас натуралистер оқитын мектептен тыс мекеме жабылып қалған болатын. Биыл Мустафина мектебінің ескі ғимаратын толық жөндетіп, 300 кв метр жылы жайымен салу үшін 26,0 млн. тенгенің құрлысы басталып, бұл мектеп ашылады.
Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы биылғы жылы 2012 жылға қарағанда 2,2 %- ға төмен болды. Сондықтан, келесі жылы мектеп басшылары білім сапасын көтеруге нақты шаралар жасап, ҰБТ-леуге тиянақты дайындалуды ұйымдастырулары қажет.
Мәдениет, денсаулық сақтау, спорт саласы бойынша
Қалада бірнеше спорт залдары бар. Жаңадан спорт комплексі жұмыс істеуде. Қала халқының дұрыс демалып, спортпен айналысуға жағдай толық бар. Алайда, қала халқын толық осы мәселелермен қамтымай отырмыз. Спорт залдары үнемі бос тұрады. Сондықтан, осы жөнінде жұмыс жүргізуіміз керек.
Қалада орталық аурухана, №1ЖҰЕ және туберкулезге қарсы емдеу бөлімшесі аудан тұрғындарын емдеп, сауықтыру жұмыстарын жүргізіп, келеді. №1 ЖҰЕ жыл сайынғы емдеу жоспары артығымен орындалып келеді. Туберкулезге қарсы емдеу емханасы учаскелік емхана болды. Өздеріңіз білесіздер, 2010 жылы 1 қаңтарынан денсаулық сақтаудың жаңа Заңы енгізіліп, кез келген адам өзі қалаған дәрігерге қаралу мүмкіндігі туған болатын. Бұл денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлердің халыққа қызмет көрсету сапасын сөзсіз арттыруда. Қала әкімшілігіне қала жұртшылығынан дәрігерлерге наразылық танытқан адамдар болған жоқ. Бір-екі ауыз сөз көркемөнерпаздар үйірмелеріне тоқталсам, Зайсан қаласында мекеме басшылары бұл салаға нақты көңіл бөлмей келеді. Мысалы, биыл қала бойынша өткен көркемөнерпаздар сайысына телекоммуникация, Алтайэнергия, аудандық аурухана, барлығы 3 мекеме ғана қатысты. Бұл бізді қынжылтады. Зайсан қаласында қандай мекеме қызмет жасаса, барлығы бірдей қойылған талапты орындаулары тиіс. Алдағы уақытта мекеме басшылары осыны ойланулары керек.
Қалада аудандық ішкі істер бөлімі қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыстар атқарып келеді. Зайсан қаласында 6 учаскелік полиция қызмет жасауда.
2013 жылғы іске қосылған және атқарылып жатқан жобалар туралы қысқаша ақпарат
Биыл 2 млрд 668 млн.тенгенің 14 жобаларын іске асыру жоспарланған болатын. Атап айтсақ, 3 млн. тенгеге көшелерге ямочный жұмыстары, 3 көшені жарықтандыруға 4,5 млн. тенге, орталық алаңға су бұрқағының құрылыстары, 5х3 көлемде телевизор қоюға – 8 млн, Желтоқсан көшесінің аяғына алаң салып, тоғай егіп, қоршап, трубадан су апаруға 1,2 млн жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік рәміздер салуға – 10 млн,. тенге, Рысқұлбеков скверін салуға 25,5 млн. тенге, құны 315,0 млн. тенге тұратын 140 орындық бала бақшаға – 55 млн.тенге, құны 336 млн.тенге тұратын 60 пәтерлі үйдің құрлысын аяқтауға, абаттандыруға инженерлік инфрақұрылымына – 200,0 млн. тенге, құны 1 млрд 384 млн.тенге тұратын қалаға кәріс суының жұмысын жүргізуге 555,0 млн. тенге, жас натуралистер станциясының ғимаратын жөндеуге – 26,0 млн.тенге, 10х30 кв метр жылыжайын салуға 24,2 млн.тенге тұратын 600 орындық жатаханасымен мектеп салуға – 1 млрд 442 млн.тенгенің жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеменей өзеніндегі Плотинаны 1 метр көтеріп, щиттерін айырбастап, электрлендіруге, қалаға судың көлемін көбейту 550,0 метр каналы айырбасталады, өзенге каскадтар салуға 305,0 млн.тенгенің жұмысы атқарылады, тағы да Желтоқсан-Манапов, Желтоқсан-Абай, Боқажанов-Пограничная көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған белгілерімен бағдаршамдар (светофор) қойылды, құны 7,0 млн. тенге, қалаға жылдамдық өлшегіштер (скоростомер) қойылады және 2,0 млн. тенгеге жол белгілері түгелдей ауыстырылады. Сонымен қатар орталық көшелердің 6 жеріне видеокамералар қойылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық қаржы игерілмекші. Сонымен қатар, босаған бала бақша ғимараттары күрделі жөндеуден өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |