Зат және энергия алмасуы



Дата18.04.2023
өлшемі3.14 Mb.
#472352
Зат және энергия алмасуы туралы

Зат және энергия алмасуы

Жоспар

1.Зат алмасу

2.Энергия алмасу

3.Биополимерлер

4.Белоктар

5.Нуклеин қышқылдары

6.Көмірсу,құрылысы,алмасуы

7.Липидтер, құрылысы, алмасуы

8.Химиялық элементтер

Зат алмасу

  • Тірі организмдегі химиялық және физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп атайды.

Энегия алмасу

  • Энергия алмасуы деп организмде энергия түрлерінің бір-біріне ауысуын, түрленуін және қуатты заттардың жинақталып, пайдаланылуын айтады.

Биополимерлер

  • Биологиялық полимерлер, молекулалары көп мәрте қайталанып отыратын буындардан- мономерлерден құралған жоғары молекулалы органикалық қосылыстар.

Ақуыздар – тірі жасушаның негізгі құрамдық бірлігі. Клетканың құрғақ массасының 50-80% ақуыз болып келеді. Ақуыздардың химиялық құрамы әр түрлі.Ақуыз – полимер, оның молекуласы көптеген аминқышқылдарының молекулаларынан, яғни мономерлерден тұрады. Ақуыздардың құрамына 20 аминқышқылы кіреді. Олардың әрқайсысында бір-бірінен ерекшелендіретін карбоксил тобы (COOH), амин тобы (NH2) және радикал болады. Ақуыз молекуласында аминқышқылдары өзара берік пептидті байланыспен (- CO – NH -) байланысқан.

Құрылысы

Белоктар қарапайым және күрделі болып

бөлінеді.

Қарапайым белоктар тек амин қышқылдарынан құралады.

Күрделі белоктар құрамында амин қышқылдарымен қатар нуклеин қышқылдары, липидтер,көмірсулар, реңді химиялық қосылыстар болады.

Қызметі

1. Торшалардағы әр түрлі химиялық реакцияларды жүргізетін биокатализаторлар-ферменттер.

2.Тоша ішіндегі процестерді реттеуге қатысатын белоктар- гормондар.

3.Қорғаушы белоктар- антиденелер

4. Уытты белоктар- токсиндер.

5.Қоректік белоктар.

6.Тасымалдаушы белоктар.

7.Бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз ететін белоктар.

8.ДНК-ның қызметін реттейтін белоктар.

Белок алмасу процесі

Көмірсулар

  • Көмірсулар молекуласы көміртегінен, сутегінен,оттегінен құралады
  • Бұлшық еттердегі биохимиялық процестер мен энергия алмасуында маңызды қызмет атқарады.

Липидтер

  • Химиялық тұрғыдан липидтер спирт пен май қышқылдарының күрделі эфирі болып табылады.
  • Жылуды нашар өткізетін қасиеттеріне байланысты липидтер жылу тұмшалағышы болып табылады.

Нуклеин қышқылдары

Табиғатта екі түрі-дезоксирибонуклеин (ДНК) және рибонуклеин( РНК ) қышқылдары кездеседі

ДНҚ-ның құрылысы ДНК - биополимер, оның мономері нуклеотидтер. Нуклеотидтердің 4 түpi болады: Аденин, Гуанин, Тимин, Цитозин. Әр нуклеотид үш компоненттен тұрады: 1. фосфор қышқылының қалдығы 2. моносахарид (дезоксирибоза C5H 10O4) 3. азоттық негіздер, пуриндік (А-Г), пиримидиндік (Ц-Т).


ДНҚ ДНҚ молекуласының құрылысы

РНҚ-ның түрлері, оның құрылысы мен функциясы Нуклеин қышқылының екінші түpi РНҚ. РНҚ 6ip тізбектен тұрады, оның мономерлері де нуклеотидтер. Олар А, У, Г, Ц. Егер ДНҚ мөлшері жасуша құрамында тұрақты болса, ал РНҚ-ның мөлшері ауытқып отырады (лабилді). РНҚ ақуыз синтезі қарқынды жүретін жасушаларда көп. РНҚ-ның 3 түpi бар: 1. рибосомалді - РНҚ (р-РНҚ) 2. ақпаратты - РНҚ (а-РНҚ) 3. тасымалдаушы - РНҚ (т-РНҚ)

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет