Науқасты жалпы қарау
Науқасты жалпы хәлі(қанағаттандырарлықтай, орташа, ауыр);
Есі (ашық , бұлыңғыр, сопор, ступор, кома);
Төсектегі қалпы (белсенді, енжарлық, ыңғайлы);
Терісі мен көзге көрінетін кілегей қабаттары: түсі, құрғақтылығы, түлеуі; қышу, шаш өзгерістері –түсуі, жұқалануы.
Ісіктерді анықтау;
Аузынан иіс болуы: ацетон иісі (улану белгілері –қалдық азоттың көбеюі –созылмалы бүйрек жетіспеушілігі).
Бел аймағын қарау – паранефритте қабыны белгілері:
Құрасақты қарау – көлемі, бір білігінін томпаюы, пальпациясы.
Бүйрек пальпациясы – көлемі , тығыздығы.
Несеп ағар – бойындағы ауырсыңғышты нүктелер.
Бүйрек пальпациясы
Пациентті арқасына немесе бүйіріне жатқызады.
Дәрігер пациенттің оң жағына отырады.
Сол жақ бүйректің пальпациясында оң қолын бел аймағына 12 қабырғаға жақын қояды.
Сол қолын ішіне қабырға доғасынан төмен және оған перпендикулярлы іштің тік бұлшық етінен шетке қарай орналастырады.
Пациентті бұлшық еттерін босатып терең демалуын сұрайды.
Ауа шығарған кезде дәрігер сол қолын ішке қарай төмен басып артқы қабырғаға тіреледі, ал оң қолымен сол қолға қарай басады.
Қолдарын жақындатып дәрігер пациентке ішпен терең демалуын сұрайды, егер бүйрек төмен орналасқан болса, онда бүйректің төмен жағы сол қолдың астымен өтеді.
Бүйректі сипап анықтау мүмкін болған жағдайда оның түрін, консстенциясын, үстінің сипатын, ауыратының және жылжымалығын анықтау керек.
Сау, өзгермеген бүйректің түрі- ірі бұршақ тәрізді, консистенциясы - шымыр серпінді, үсті тегіс, өзі жылжып, орнынан қозғалып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |