«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модульі Жүрегі ауратын науқастарды сұрастыру, жалпы қарау. Жүрек аймағын қарау. Жүрек пальпациясы. Жүрек ұшы соғысы, оның сипаттамалары Жүрегі ауратын науқастарды сұрастыру ерекшеліктері: - Жасы: жастарда - ревматикалық мио- эндо-перикардиттер, кардионевроздар,
- орташа жаста: ақаулар салдары, декомпенсация белгілері
- қартайғандарда: АГ, ЖИА
- Жынысы: ерлер - ЖИА, АГ; әйелдер - митральды стеноз
- Кәсіби мамандығы (ой жұмысы және қол
- жұмысымен айналысатындар)
Жүрек-қан тамыр жүйесі ауратын науқастардың негізгі шағымдары: - Жүрек тұсының ауруы
- Ентігу
- Жүректің жиі соғуы, жүректің шалыс соғуы
- Ісіктер
- Диспепсиялық бұзылыстар
- Жөтел, қан қақыру
Жүрек аймағының, төс астының ауруы - Себептері:
- ЖИА, АГ – тәж қан айналымының жетіспеушілігі
- Миокард не перикард аурулары
- Кардионевроздар
- Рефлекторлық ауру сезімдер
- (аталғандардан басқа кеуде тіндері,
- плевраның патологиялары)
Стенокардиядағы ауру сезімінің негізгі механизмі тәж қан айналымының жетіспеушілігі - миокардтың оттегіге деген қажеттілігін тәж артериялары-ның қамтамасыз ете алмауы: қажеттілік пен мүмкіндік арасындағы сәйкессіздік Жедел жүрек ауруы сезімі (angina pectoris) сипатын нақтылау: - Ауру сипаты: ұстама тәрізді, бүріп, сығып, шаншып 2-3 – 15 минуттей аурады
- Орналасуы: төстің асты
- Тарауы (иррадиациясы): солға қарай
- Пайда болуы – физикалық жүктемеден
- Қорқу, ауа жетпеу, жүрек соғу сезімдері қатар білінеді
- Нитроглицерин қабылдаған соң
- тарайды
Кардионевроздардағы ауру сипаты: - Көбіне жалпы невроз белгісі
- Психикалық жарақат, ұзаққа созылған теріс эмоция, жан күйзелісіне байланысты
- Ауру сезімі сипаты сан алуан
- Жүрек ұшы тұсында орналасады, жан-жаққа тарамайды
- Седативті дәрілерден қайтады,
- нитроглицерин көмектеспейді
Достарыңызбен бөлісу: |