Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу үшін таңдалған тақырып, қазіргі әлем саясатында өзекті болып саналады



Дата14.09.2022
өлшемі69.35 Kb.
#460696
Дип работа Гулжан

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу үшін таңдалған тақырып, қазіргі әлем саясатында өзекті болып саналады. Себебі, біріншіден, Орталық Азия аймағының қыр-сырлары мен шикізат базасы және аймаққа берілген теориялық анықтамаларда, державалық мемлекеттердің қызығушылығын тудырады. Аймақтың орналасу да ықпалды жерде орналасқан. Аймақтың орналасуына байланысты, шикізаттық көздерінің мол болуы да, өзіндік беделді арттырады. Бұл дегеніміз аймаққа теориялық, толық жалпылама сипаттың болу керек. Ол өз кезегінде талдауды талап етеді.


Әсіресе, халықаралық қатынастар жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер, жаһандық және аймақтық бәсекелестік элементтерінің артуы, орын алған шектеу саясаты, сауда шектеулері алдынғы орынға шыға бастады. Бірқатар саяси сарапшылардың ойынша, әлемдік саясаттың бөліну нақты қаупі бар, ол халықаралық ұстанымды екі бөлікке – біреуі АҚШ, екіншісі Қытай бастаған әлемге бөлінуі мүмкін деген ойлар қалыптасқан. Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы көпір ретінде Орталық Азия аймағы тарихи өзектілігін сақтап келеді. Сонымен қатар, Қытай тарапынан ШЫҰ арқылы аймаққа жақындауы, ал АҚШ-тың жаһандық терроризмге бағытталған күресі, АҚШ жетекшілік еткен НАТО коалиция күштерінің Ауғанстанға енгізілуі және қазіргі кезеңдегі өз әскерін шығаруы сияқты мәселелер Орталық Азияға деген назардың күшеюіне себеп болды. Осы кезең, өзара бәсекелестік бастамалары болып, қазіргі кезең бәсекелестіктің арттуы болып отыр. АҚШ-та өзінің аймақтағы энергетикалық саласындағы компаниялардың жұмысын нығайтуға тырысқанымен, басты назарын энергоресурстарды тасымалдау жолдарына аударады. Осы екі тараптанда Орталық Азияға қатысты қарқынды саясат жүргізілуде. Қазіргі кезеңдегі Орталық Азия аймағының АҚШ пен Қытай саясатындағы орны мен мүдделілігін түсіну, жалпы бүкіл әлемдік аренадағы саяси оқиғалар мен олардың алдағы жылжитын бағытының желісін түсінуге толық мүмкіндік сыйлайды. Сол себепті, қазіргі таңда Орталық Азияға қатысты саяси жүйелердің қалыптасу мен стратегиялық мүдделердің әлем саясатының бағытына өзіндік әсерін қалай тигізетіні, толық зерттемелік жұмысты талап етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты қазіргі таңдағы саяси аренадағы Орталық Азия аймағының маңызды обьект болып табылуын зерттеу, осы аймаққа қатысты қазіргі кезеңдегі Ақш пен Қытайдың саясатына геосаяси, әскери, геоэкономикалық анализ жасап, стратегиялық мүдделердің болашағын анықтап, жан-жақты салыстырмалы талдау жасау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:
1.Орталық Азия аймағының саяси аренадағы орнын айқындау және АҚШ пен Қытай үшін маңыздылығына тоқталу.
2.АҚШ-пен Қытайдың Орталық Азиядағы геосаяси мүдделеріне толық сараптама жүргізу.
3.АҚШ-пен Қытайдың Орталық Азиядағы саясатына байланысты әскери-саяси аспектілерін зерттеу.
4.Қазіргі таңдағы АҚШ пен Қытайдың Орталық Азиядағы геоэкономикалық саясатын жүзеге асыруы мен дамуына талдау жасау.
5.АҚШ-пен Қытайдың аймаққа қатысты саясатын жүзеге асырудағы «жұмсақ күш» құралының тиімділігіне сараптама жасау.
6.Орталық Азиядағы АҚШ пен Қытай мемлекеттерінің мүдделерінің тоғысуының өзекті мәселелерін анықтау.
7.АҚШ-пен Қытайдың Орталық Азиядағы саяси стратегиялық мүдделерінің болашағын айқындау.
Диплом жұмысының нысаны-қазіргі таңдағы Орталық Азия аймағына Қытай мен Ақш-тың мүдделеріне қатысты стратегиялық құжаттар.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 90 жылдарынан Орталық Азия аймағында тәуелсіз мемлекеттердің пайда болған уақытынан бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі халықаралық аренадағы Ақш пен Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделілігін қарастыруға мүмкіндік беретін салыстырмалы және нақты талдаудан тұрады. Тарихилық пен обьективтілік қағидалары зерттеудің әдістемелік негізі болып саналады. Тарихилық қағидасы АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саясатын эволюциялық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Обьективтілік қағидасы АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияның орнына талдау жасауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 АҚШ ПЕН ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ


1.1 АҚШ пен Қытайдың сыртқы саясатындағы Орталық Азияның орны мен рөлі
Орталық Азия – қазіргі таңда маңызды орын алатын аймақ. Себебі, 90-жылдары саяси аренаға Ресей ықпалынан айырылып, аймақта жаңа тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуы, сонымен қатар, олардың геосаяси тұрғыдан да, шикізаттық қордың мөлшері бойынша да, ықпалды мемлекеттерді қызықтыруы заңды болып табылады.
Ең бірінші, Орталық Азия терминінің қолданылуы, кеңестік заманда Қазақ КСР-дан басқа 4 республика кіретін, Орта Азия экономикалық аймағының кіруі себеп болды. Орта Азия экономикалық аймағына, Қазақ КСР кірмей, бөлек тәуелсіз Қазақстандық экономикалық аймағын құрған. Соған байланысты «Орта Азия және Қазақстан» ұғымы біраз уақыт қолданыста болып, тек 1992 жылы Орталық Азия елдерінің саммитінде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Орта Азия және Қазақстан» анықтамасынан бас тартып, посткеңестік елдердің барлығын қамтитын «Орталық Азия» анықтамасын пайдалануға ұсыныс жасады[26]. Дегенмен, қазіргі кездің өзінде «Орта Азия» ұғымы қолданыста кездеседі.
Негізінен «Орталық Азия» ұғымы ғылыми әдебиетке XIX ғасырдың екінші жартысында, Александр Гумбольдттың Азия материгінің бөлігіне арналған еңбектері негізінде енген. Орталық Азияны А. Гумбольдт, бойлық бойынша, Алтай мен Гималай арасындағы, ендік бойынша, Үлкен Хинган мен Тұран жазықтары арасындағы биік платформа ретінде анықтап жазған[24]. Ал, Қытай саясаттану терминологиясында тұжырымдамалардың нақты бөлінуі болмады. Олар Орталық Азияға қатысты «Чжун-я» деген бірыңғай термин қолданды, ол мағынасына қарай «Орта Азия» немесе «Орталық Азия» деп аударыла беретін ұғым болып табылады. Дәл осы сияқты, батыс тілдерінде термин «Орта Азия» деп те, «Орталық Азия» деп те, мағынасына қарай қолданыла береді [27]. Ал, ЮНЕСКО-ның түсіндірмесі бұған сәйкес келмейді, олардың түсінігі бойынша, Орталық Азия аймағы – Моңғолия, Солтүстік-Батыс Қытай, Ауғанстан, Үндістанның солтүстік-батыс бөлігі, Пәкістан мен Иранның солтүстік бөлігін толық қамтиды. Дегенменде, Орталық Азия аймағының толық аумағы ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан мемлекеттері танылған.
Қазіргі таңда, Орталық Азия саяси бәсекелестік аймағы болып табылады. Соған сай, неліктен осы аймаққа әлемнің көптеген жетекші мемлекеттерінің назарлары ауа бастады деген сұрақ туындауы мүмкін, Орталық Азия аумағының қызықтырушы аймақ болып табылуына, 1990 жылдардағы КСРО-ның ыдырауы себеп болды. Ал, Ресей мемлекетінің сол кезеңдегі жаңа элиталары үшін «кеңестік империялық» мұрадан арылу өте маңызды болды. Олардың жаңа элиталарының түсінігінің негізінде «Азия», Еуропа, Батыс өркениет жолындағы кедергі ретінде қарастырылды. КСРО-ның ыдырауы алып Еуразиялық кеңістікті біріктіріп, Еуразияның «қара тесігі», «әсер ететін вакуум» тудырды [28]. Осылайша, Орталық Азия аймағында ықпалдылықты арттыру үшін күресті бастауға жағдайлар жасалды. Орталық Азия аймағының бәсекелестік тудырушы маңызды аймақ болуына әкеліп соғатын бірнеше себептері бар. Ең біріншіден, бұл аймақ Сауд Арабиясымен, БАӘ-мен энергия ресурстарының қорымен тең түсетін маңызды қоймаларының бірі болып табылады. Оған дәлел, Түрікменстанның газ қорлары бойынша әлемде төртінші орында[30], ал Қазақстан мұнай ресурстарының қорлары бойынша әлемде он екінші орынды иеленуі[13]. Осылайша, Азия аумағындағы жүргізілген газ резервтері, жүргізілген барлық резервтердің шамамен 7,5%-ын, ал, мұнай – 2,8%-ды құрайды. Негізгі Азияның аумағында асыл металл, құнды, түрлі-түсті, сирек кездесетін қорытпалар, көмірсутектер де, полиадельфиттер де алынады. Қазақстанда уранның барлық дүниежүзілік резервтерінің шамамен 25%-ы орналасқан, халықаралық өндірудің 8%-ы алынады, осыған сәйкес, уран өндіруден Қазақстан әлем бойынша 4-орынға ие. Өзбекстан уран бойынша, 5-орынды алып отыр. Сонымен қатар, Өзбекстан мақта экспорты бойынша 2-ші орын, ал өндіру бойынша 6-орынды иеленеді[7]. Осындай табиғи қорларға бай аймақ, ірі мемлекеттердің назарын аударады.
Сонымен қатар, аймақтағы қызығушылыққа, белгілі ғалым және геополитиканың негізін салушы Х.Маккиндер еңбегінде Еуразияның маңызы мен ерекшеліктеріне жасаған тұжырымдама әсер етті. Х.Маккиндердің тұжырымдамасы Орталық Азия аумағының маңыздылығын арттыра түсті. Оның зерттемелерінің негізі, Әлемдік арал және Хартленд ұғымы болды және оны Еуразияда орналасқан деп түсіндірді. Оның айтуынша, «Кім Хартлендті билесе – сол әлемдік аралды билейді, кім әлемдік аралды билесе – сол бүкіл әлемді билейді». Хартленд, яғни жердің жүрегі Еуразия континетінде, нақтырақ айтсақ, Орталық Азияда орналасқан деген тұжырымдаманы ұсынған және оның іс-жүзінде расталуына көп көңіл бөлген. Аймақ теллулократиялық болғанымен де, жердің жүрегі бола алатындығы мәлімдеген. Оның айтуынша, географиялық ашылулардан кейін, құрлықтық транспорттық жүйенің ықпалды болуы басталды. Бұл дегеніміз, теллулократиялық аймақтың маңызының артуы тікелей транспорттық жүйені дамыту болып табылады. Ал бұл процесстің Орталық Азияда орнауы жеңілірек, себебі, Орталық Азия, Еуропа мен Азия арқылы өтетін әлемдік саяси жүйедегі маңызды орын алатын осьтік аймақ[38].
Ақштың мемлекет қайраткері З.Бжезинский өзінің «Үлкен шахматтық тақта» кітабы көптеген саясаткерлер мен ғалымдар үшін жаңалық болды. Себебі, З.Бжезинский Орталық Азия елдерін – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан – КСРО құрамында болған күннің өзінде, мәдениеті, дәстүрі, тарихи барлығы ұқсас мемлекеттер болғанымен, геосаясат арқылы мемлекеттерді бөле білген. З.Бжезинскийдің негізгі доктринасы – КСРО ыдыраған соң, Еуразия кеңістігінде және Орталық Азияда «геосаяси вакуум» пайда болды деп мәлімдеді[39]. Дәл осы тұста, З.Бжезинскийдің тұжырымдамаларының орындалғандығын байқай аламыз. Себебі, Орталық Азия аумағы шынымен де геосаяси ваккумге айналды. Орналасуы үлкен рөл атқарып, ресурстық байлық көздерінің көп болуы, аймақтың деңгейін біраз мөлшерде арттырды. Осы тұста, Маккиндер тұжырымдамаларын да айта кетсек, оның айтқандары да толық расталды, себебі, оның жоғарыда келтірілген тұжырымдарына сәйкес аймақ расыменде, теңізге шығуға мүмкіндігі болмаса да, ресурстық көздерімен, құрлықтық сауда айналым құру арқылы өте қызығушылық тудыратын аймаққа айналды.
Орталық Азия аймағы – Еуропаны, Таяу Шығысты, Оңтүстік пен Шығыс Азияны біріктіретін өзіндік көпір болып саналады, солтүстікті – Ресей Федерациясымен, оңтүстікте – Қытаймен, батыста – Азиялық мемлекеттерімен көршілес, шығыста – мұсылман қоғамының мемлекеттерімен шектеседі. Сондай-ақ, ядролық қаруы бар, Ресей Федерациясын, Қытай, Үндістанды, Пакістан, Ауғанстан мемлекеттерін байланыстыратын плацдарм болып саналады, осы себепті аймақтық қорғау мәселесі бүкіл әлемдік маңызға ие болып отыр [37]. Осы геосаяси орналасуына байланысты, аймақтағы қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатарға шықты, осы мәселені шешу мақсатында, сонымен қатар өзге де саяси мүдделерді жүзеге асыруда Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен «Шанхай бестігін» құра білді. Онда «шекара аймағындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім» арқылы шекаралық мәселелерді[1], «Үш зұлымдық» сепаратизм, экстремизм, терроризмге қарсы тұру туралы конвенциялар арқылы негізгі мәселелерді шешті. Бұл Қытайдың Орталық Азия аймағындағы өзара сенім деңгейін арттырып, шекара қызметтерінің арасындағы ынтымақтастықты, шекара аумағындағы бақылау орнату, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы шекарадағы жағдай туралы бір-біріне хабардар ету, Қытайдың аймақтағы ықпалын арттыруға көмектесті.
Ал, бұл кезеңде АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты саясаты, 2001 жылы 11 қыркүйекте болған оқиға негізінде, Ауғанстан аумағына енуін қамтамасыз етті. Бұл Вашингтонға геосаяси бонустар иеленіп, Қытайдың аймақтағы беделін төмендетуге мүмкіндік сыйлады. АҚШ үшін негізгі тіректер – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан болды[31]. Осы мемлекеттер арасындағы негізгі көшбасшы Өзбекстан болды, оған 2002 жылдың наурыз айында Президент И. Каримовтың Вашингтонға сапары барысында қол қойылған «стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық декларациясы» әсер етті[2]. Сонымен қатар, Өзбекстанның Қырғызстан мен Тәжікстаннан айырмашылығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт ұйымы мен Шанхай ұйымы тарапынан Өзбекстанға қатысты міндеттемелері болмады.
2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиға және АҚШ-тың Ауғанстанға араласуы, Қытайдың 1980 жылдардың аяғынан бергі: «солтүстікке сүйену, батыс бағытта тұрақтану-және негізгі күш-жігерді Шығыс пен Оңтүстікте шоғырландыру»–геостратегиясын жойды. АҚШ-тың Ауғанстандағы антитеррористік операцияларына дейін, бұл стратегия сәтті жұмыс істеді, Орталық Азия аймағынды американдық әскери базалардың орналасуы оған қауіп төндірді[30]. Аймақтың маңыздылығы осы кезең барысында нақты көрініс тапты және арта түсті. 11 қыркүйек жағдайынан кейін, ШЫҰ толық қауіпсіздікті өз мойнына ала алмайтынын түсінді. Себебі, Қытай үшін өзінің қауіпсіздігін сақтап қалу маңызды аспект болып табылды.
Жаңа геосаяси жағдайларда ШЫҰ-ның беріктігін тексеру кезектен тыс болды-ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің 2002 жылы Бейжіңде 7 қаңтарда өткен кездесуі, Ауғанстан проблемаларына баса назар аударды. Ондағы мәселелерді – АҚШ пен ШЫҰ-ның шешу жолдары әртүрлі болып, ҚХР және Ресей Федерациясы өздерінің одақтастарын белгілі бір шектеулермен АҚШ - тың Орталық Азияда болуымен келісуге дайын екенін мәлімдеді[14]. Дәл осы кезеңде, Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалдығы төмендеді, ол өз мемлекетінің қауіпсіздігіне көбірек назар аударып, аймақта, Ақш-тың ықпалы бірінші орынға шықты. АҚШ Орталық Азия аймағындағы саяси стратегиялық мүдделерін шикізаттық ресурстарға баса назар аудара отырып, қауіпсіздік мәселесінде жоғары деңгейде қойып, толық қалыптастыра білді. Бұл стратегиялық мүдделер аймақтағы АҚШ-тың ықпалдығын арттыра түсті.
Қытай мемлекеті, өзінің стратегилық мүдделерінде маңызды орын алатын Орталық Азия аймағы үшін ШЫҰ негізінде әрекет етті. ШЫҰ қызметінің тетіктерін нығайту бағытындағы кезекті қадам 2002 жылдың маусымында Санкт-Петербург саммитінде ШЫҰ Хартиясының қабылдануымен жүзеге асты. Хартия негізіндегі міндеттер мен мүдделер орындалуы тиіс заңнамалық жүйелер орнатылды. 2002 жылды аяғынан бастап, ШЫҰ-ның ықпалының артуы Қытайдың Орталық Азия аймағындағы саяси ықпалын арттырды[32].
Жоғарыда келтірілген АҚШ пен Қытайдың Орталық Азиядағы өзара бәсекелестігі, екі тарап үшін аймақтың маңыздылығын көрсете білді. Өзара бәсекелестің Дж. Буш кішінің тұсында да жалғасын тапты. Оның кезеңіндегі саяси стратегиялық мүдде, Орталық Азия мемлекеттерінің саяси лидерларын өзгерту әдісі арқылы аймақта американдық ұстанымдардың орнығуын қамтамасыз етті. 2003 жылдың қаңтарында АҚШ Конгресі қабылдаған Маккейн – Либерман қарарына сәйкес, демократиялық қайта құруларды жүзеге асыру және аймақтағы мемлекеттердің әлеуметтік ұйымдардың көмегі арқыла қаржыландыруды кеңейтуді қарастырды[46]. Яғни, Дж. Буш кіші аймаққа қатысты мүдделерін тікелей экономикалық тұрғыдан жүзеге асыруды қолға алды.
2005 жылдың аяғында Ақш-тың аймаққа қатысты позициясы біршама өзгерді. Дж. Хопкинс атындағы Орталық Азия және Кавказ жоғары оқу орнының басшысы Ф. Старр Орталық және Оңтүстік Азияны ортақ жүйеге топтастыруға бағытталған «Үлкен Орталық Азия» жаңа жоспарын ойлап тапты[47]. Осы жоспарға сәйкес Орталық Азия елдерінен, сондай-ақ Ауғанстаннан тұратын ортақ әскери-стратегиялық кеңістік құрап, оны дамытып, болашақта «Үлкен Орталық Азия» жобасымен, «Үлкен Таяу Шығыс» жобасын біріктіру ойластырылған болатын. «Үлкен Орталық Азия» жоспарының мақсаты – Орталық Азия аймағын Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының ықпалынан қорғау, сонымен қатар Ауғанстанды осы аймаққа қосу, сонымен қатар Орталық Азия аймағын Иран мен Пәкістанның теріс әсерінен қорғау болды.
Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы геосаяси әрекеттері «Үлкен Орталық Азия» жоспары шеңберінде, аймақтық сауданың дамуы, аймақтық транспорттық инфрақұрылым, энергетиканы қалыптастыруға көмектесу; Үлкен Орталық Азия аймағын шикізат пен тауарлар транзиті үшін маңызды көлік торабына айналдыру, экономиканың аграрлық секторын қалыптастыруға көмек көрсету.
Орталық Азиядағы геосаяси стратегиялардың болуы, АҚШ-тың баға белгілеу саласындағы ОПЕК монополиясын жеңу қажеттілігі және еркін мұна нарығын құру мен американдық мұнай компанияларының маңызын арттыру болып саналады. Америка Құрама Штаттарына Каспий көмірсутектерін тасымалдау қымбат, әрі тиімсіз болғанымен, американдық мұнай компаниялары Каспий мұнайын Еуропаға қауіпсіз негізде тасымалдау жұмыстарын жүргізуде [73]. Аталған дәліздер бойынша Орталық Азия елдері өздерінің энергия ресурстарын, шикізаттары мен өнімдерін Үндістан, Пәкістан және басқа да мемлекеттерге экспорттауға мүмкіндік алды. Трансафган газ құбырының құрылысы ұсынылған жоспар аясында толығымен орындалды. АҚШ жоспарына сәйкес, Тәжікстан Ауғанстанды қайта құруға көмектесу үшін Орталық Азия мемлекеттерін тарту үшін жетекші дәлізді көрсете отырып, «Үлкен Орталық Азия» жоспарын жүзеге асыруда маңызды рөл ойнауға мүмкіндік алды. Осы жоспар аясында Вашингтон Тәжікстанның АҚШ одақтастарымен Ауғанстан мен Пәкістанмен, сондай-ақ Үндістанмен энергетикалық интеграция идеясын кеңінен таратты. Белгіленген мүдделермен келісе отырып, американдық саяси қайраткерлердің негізгі бағыты Ресей Федерациясының қаржылық және саяси беделін азайтуға және Вашингтонға Орталық Азия жерінен Қытай мен Иранға қаржылық және саяси әсер ету ықтималдығын қамтамасыз ететін критерийлер құруға мүмкіндік сыйлады.
2006 жылдан бастап америкалық өңірлік саяси қайраткерлер Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның тірек нүктелерін таңдап алды, сондай-ақ осы байламға Ауғанстанды міндетті үлес ретінде қосты, осы саяси жүйе іс жүзінде 2006 жылы АҚШ Конгресі қабылдаған «Жібек жолы стратегиясының актісінде» тіркелген болатын[4]. Осындай стратегиялық актілердің пайда болуы екі тарап арасындағы бәсекелестікті арттыды.
Президент Б. Обаманың әкімшілігі кезінде Орталық Азия ауданына қамқорлық артты. Бұл ретте қауіпсіздік міндеттерін тұжырымдаудың жалғыз стереотипіне елдердің «демократияландыру» саяси қайраткерлерінен алынды. Вашингтонның Орталық Азиядағы саяси қайраткері қарым-қатынасты ең прагматикалық принцип бойынша құруға негізделді, алайда 2009 жылдан бастап қарастырылып отырған елдердегі демократиялық бостандықтарға көмектесу үшін қаржыландыру қысқарды[32]. Осы кезеңде, америкалықтар өздеріне маңызды мүдделер бойынша әрекет етті. Олар: Ауғанстан жерінен әскерлердің негізгі контингентін шығару критерийлерінде Орталық Азиядағы қиындықтар; Иранның тежелуі; бес республикамен біріге отырып, Қытайдың энергетикалық одағын құруға қарсы тұру; Ресей Федерациясын айналып өтіп, батысқа көмірсутектерді тасымалдау бағыттарын құру болды. Б.Обаманың американдық әкімшілігі кезеңінде Қырғызстан мен Тәжікстандағы өз позициясын нығайтты, сондай-ақ басты өңірлік жоспарлар бойынша Қазақстанмен әріптестік істерді сақтай алды.
АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестіктің артуы 2004 – 2009 жылдар аралығын қамтыды. Осы кезде Қытай белсенді дамып келе жатқан индустрияландыру аясында өзінің экспорттық өніміне жаңа базаларды табуға ынталы болды және өзінің қаржылық қол жетімділігін тез арттыра бастады. Қытай инвестициялық жобаларды қарқынды түрде Орталық Азия аймағында жүзеге асыра бастады. Сондай - ақ, осы кезеңде Қытай елінің инвестициялық аймақтақтық таралуы АҚШ тарапынан қарама-қайшылықтар тудырмады. Бірақ қарама-қайшылықтар 2008 жылғы дүниежүзілік қаржылық дағдарыстан кейін көрініс бере бастады. Қаржылық дағдарыс, американ – қытай қатынастарына айтарлықтай әсер етті. Осы уақытқа дейін бірқатар аймақтарға дүниежүзілік экономикаға салынған инвестициялары, қаржылық дағдарыс барысында, Қытай елінің экономикалық артуына септігін тигізді. Бұл тұста Америка Құрама Штаттарының Қытайды өзінің абсолютті қаржылық басымдығына тікелей қарсылас ретінде қарастыру қалыптасты. Дүниежүзілік қаржылық дағдарыстың маңызды нәтижесі Қытайдың халықаралық саяси аренаға өз беделін нақтылады, бұл халықаралық қатынастарда Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасында Орталық Азиядағы бәсекелестіктің нағыз арту кезеңі болды. Осы кезеңде Қытайдың негізгі аймақ деңгейінде экономикалық ықпалдығы орнады. Негізінен 2001 – 2009 жылдар аралығында аймақтағы АҚШ-тың беделі арттылған еді, бірақ дүниежүзілік дағдарысты тиімді пайдалана білген Қытай 2009 – 2010 жылдары аймақта саяси ықпалдығын арттыра білді.
Орталық Азия аймағының АҚШ пен Қытай саясатындағы орны мен маңыздылығын, аймақтағы мемлекеттердің тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңнен бастап қарқынды жүргізген стратегиялық саясаттарының негізінде байқай аламыз. Жоғарыда айтылған оқиғалар Қытай мен АҚШ-тың саясатындағы Орталық Азия маңыздылығын анықтап көрсетті. Осы тұстағы, бәсекелестікті қорытындысы Қытайдың жүргізген саясаты негізінде, өзінің аймақтық беделін арттыруға септігін тигізді.
1.1 Орталық Азиядағы АҚШ-тың геосаяси мүддесі

Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы стратегиясы, Еуразиялық біртұтастық саясаятының элементтерінің бірі болып табылады, онда Орталық Азия аймағынан басқа, Каспий және Кавказ аймақтары, Ауғанстан, Қытай, Оңтүстік Азия елдері де кіреді. Жалпы алғанда, бұл Еуразиялық саясат – Америка Құрама Штаттарының халықаралық қатынастардағы державалық беделін сақтау мен геосаяси әсерін арттыру, әскери артықшылықты белгілеу және мұсылмандық қоғамын бақылау, сонымен қатар, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының аймақтағы ықпалының артуын қадағалау стратегиясының күрделі бөлігі болып табылады. Дегенмен, АҚШ үшін Орталық Азиядағы күштердің балансы болған тиімдірек болып табылады, сондықтан Америка Құрама Штаттарының аймақтағы сыртқы саяси стратегиялық қызығушылықтар мен құндылықтарды геосаяси призма арқылы жүзеге асырылады.


Жаңа «Жібек жолын» құру идеясы ерте кезден қалыптаса бастаған, тіпті 1999 жылы Ақш палатасында заң жүзінде бекітілген[34]. 2014 жылдан кейін Американың Құрама Штаттары «Жаңа Жібек жолы» аймағын құру мақсатында жаңа геосаяси бағытты көрсетті. Стратегияның экономикалық құралдары – американдық бастамалар әлемдік қаржы-экономикалық үдерістерге, экономикалық сауда-көлік коммуникацияларының, сонымен қатар, Орталық Азияның энергиялық ресурс көздерін Ауғанстан территориясы негізінде жүргізу саясатын құрады. Сонымен қатар, жобаның жүзеге асуына Ресей Федерациясы, Қытай мемлекеті мен Иранның араласуы барынша қысқартылды. Осындай АҚШ-тың саяси мақсаттары 2010-2015 жылдар аралығында жақсы жүзеге асты. Мысалы, Ауғанстан аумағынан өтетін, транзиттік транспорттық көпір осы аралық кезеңді құрайды. 2011 жылы Өзбекстан, Ауғанстан аумағынан өтетін ең алғашқы Хайратон — Мазари-Шариф темір жол желісінің құрылысы аяқталды. АҚШ Хайратон — Мазари-Шариф жолы арқылы Өзбекстан, Ауғанстан аумағында 11 көпір салды, Ауғанстан аумағындағы тұрақтылықты орнатудағы Өзбекстанның рөлі туралы АҚШ мемлекет хатшысы Дж. Керри: «Өзбекстан – Ауғанстан аумағындағы тас жолдар мен электр жүйесін орнатудағы біраз жобаларға жақсы қолдау көрсете білген мемлекет», – деп баға берді[35]. Ақш-тың осы «Жаңа Жібек жолы» жобасының негізі мақсаттарының бірі Атамырат-Ымамназар-Акина-Андхой бағыты, Түркменстаннан Ауғанстан аумағына жарық жеткізуге бағытталған тас жолы жүзеге асқан болатын.
АҚШ-тың Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері көп болған белгілі, алайда оның стратегиялық мүдделерінің толық орындалмауына бірден-бір себеп, Ауғанстандағы тұрақсыздық үлкен қауіп төндіреді. Сонымен қатар, бірнеше тас жолы, құбыр жолдары үлкен қаражатты талап етеді. Тек, АҚШ-тың тарапынан осындай жобаларға ақша бөлу, АҚШ экономикасына кері әсерін тигізеді. Ал, Орталық Азиядағы тұрақтанған мемлекеттер үшін тұрақсыз Ауғанстанмен көпір жолына қатысты қаражат бөлуге тәуекел ету қисынсыз болып есептелді. Дегенмен, АҚШ Ауғанстан арқылы өтетін бірнеше жобаларды алға тартты. Мысалы, Түркменстан-Ауғанстан — Пәкістан — Үндістан (ТАПИ) арқылы өтетін құбыр қолға алынғанымен қазіргі таңда тоқтап тұр[10]. Себептері қаражат пен тұрақсыздық мәселесі болып табылады.
Ал, АҚШ-тың Орталық Азиядағы мемлекеттер мен электр энергиясын тасымалдауға арналған Casa-1000 жобасы қазіргі таңда жүзеге асуда. Негізгі жоба 2016 жылы қолға алынып, 2021 жылғы ақпанда CASA-1000 жобасы шеңберінде Қырғызстан электр беру желілері құрылысы басталды. Бастапқыда жұмыс Баткен облысында жасалды, содан кейін олар Ош және Жалал-Абад облыстарында жалғасты. CASA-1000 Орталық Азияның энергетикалық жүйелерін Оңтүстік Азиямен – Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанмен байланыстыруға және халықаралық стандарттарға сәйкес электр энергиясын сатудың тетіктерін әзірлеуге арналған жоба[8]. Жоба шеңберінде қажетті электр желілік кешенді жаңғырту, жаңа қосалқы станциялар мен жоғары вольтты электр беру желілерін салу жоспарланған, бұл Қырғызстан мен Тәжікстанға артық электр энергиясын Пәкістан мен Ауғанстанға экспорттауға мүмкіндік береді. Бұл жобаның толық аяқталуын, 2024 жыл деп күтілуде. Дегенмен, жоба негізінде жұмыстың 70%-ы аяқталғаны мәлім. Осы жоба негізінде, АҚШ-тың толық жоспарлары жүзеге асатын болса, Ресей мен Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен жақын қарым-қатынас орнату процессі төмендейді деп күтілді. Бірақ, мамандар мұндай идеяны жүзеге асыру мүмкін емес деп санады, себебі география тұрғысынан Орталық Азия аймағы жақын көршілерімен – Ресей Федерациясымен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасты жақсартуы керек деген ұстанымда болған[4], қазіргі таңда Орталық Азия аймағы көршілес мемлекеттер мен тығыз қарым қатынас орнатуда.
Сонымен қатар, 2021 жылы болған Ауғанстандағы оқиғалар АҚШ-тың «Жаңа Жібек жолы» жобасының толық орындалуына мүмкіндік бермеді. АҚШ-тың Орталық Азия аумағынан кетуі зерттеуші Дэниэл В. Дрезнердің пікірінше, АҚШ үшін едәуір экономикалық ресурстарын үнемдеу мүмкіндігін сыйлағанын мәлімдеді. Сонымен қатар зеттеуші жоба негізінде жүзеге асқан Баку-Джейханның құбырының іске қосылуы АҚШ-тың аймақтағы беделін арттырмағанын, аймақ геосаяси орналасуы алыс болғандығын мәлімдеді.
Дегенмен АҚШ-тың негізгі геосаяси мүдделерінің бірқатар бөліктері жүзеге асқанын байқай аламыз. Ол ең бірінші кезекте, әрбір Орталық Азия мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орната білді. Жекелеген мемлекеттер мен мысалы, АҚШ пен Қазақстан экономикалық байланыстарын арттырып, Өзбекстан мемлекетті өзінің сыртқы экономикалық саяси жүйесін АҚШ үшін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АҚШ геосаяси ықпалдығының негізгі артуы, Орталық Азия мемлекеттерінің аумақтарында, Ресейдің оңтүстік шекараларына және Қытайдың батыс шекараларында тікелей жақын орналасқан американдық әскери базаларды орналастыру мүмкіндігі осы кезеңде, қағидатты түрде негізделді және ішінара іске асырылған болатын.
Д.Трамптың президенттік кезеңінде Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы геосаяси мүдделерін қорғауды жалғастырды, ҚХР мен Ресей Федерациясының бәсекелестігі жағдайында белсенді әрекет етті. Бұл уақытта Орталық Азия векторы Вашингтонның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бөлігі болған жоқ. Сондықтан, бастапқыда американдық қабылданған жаңартылған Ұлттық Стратегияда бекітілген болатын. Онда Вашингтонның негізгі бағыттары мен міндеттері белгіленді: Орталық және Оңтүстік Азияның экономикалық интеграциясына жәрдемдесу; Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы күштерден тәуелсіз бағытын және демократиялық реформалар бағытындағы қозғалысты қолдау; аймақтағы мемлекеттерді тарта отырып, терроризмге қарсы операцияларды жалғастыру. Біртіндеп осы сыртқы саяси бағытта АҚШ экономикалық қарсылас ретінде Қытайға қарсы тұру векторына айналды. Сол себепті де, АҚШ Орталық Азия аймағындағы ықпалын арттыра түсті. АҚШ Орталық Азияда ықпалын арттыруда, 2019-2025 жылдар аралығындағы Орталық Азияға бағытталған стратегиялық жоспарлары негізінде жүзеге асырылды. Америка Құрама Штаттары, бұл статегия үш бағытта жұмыс істейді деп пайымдады. Біріншіден, бағдарлама әлемнің барлық мемлекеттерін қамтиды, сондықтан да дипломатиялық форматта жұмыс жасайды.
Оның негізгі міндеті: Орталық Азиядағы инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңғырту;
Трансшекаралық Іскерлік байланыстар мен тұлғааралық алмасуларды қолдау үшін өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесу;
Жаңартылатын энергия көздерін кеңейту және тиімді интеграция үшін энергетика секторының өзара байланысын және өнімділігін жақсарту;
Климаттың өзгеруіне бейімделу, ауа сапасы және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мақсаттарына қол жеткізу және нығайту;
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Оңтүстік және Орталық Азия халықтарының жалпыадамзаттық құндылықтары мен тарихи, мәдени, өркениеттік және рухани өзіндік ерекшелігіне негізделген заң үстемдігі мен игілікті басқаруды нығайтуды жалғастыру, мәдени және гуманитарлық байланыстарды қалпына келтіру және өңірдің орнықты экономикалық дамуын қолдау жөніндегі барлық күш-жігерге барлық адамдарды тартуға жәрдемдесу;
Оңтүстік және Орталық Азия арасындағы, оның ішінде Ауғанстан арқылы саудаға, көлікке және байланысқа жәрдемдесу;
Ауғанстандағы бейбітшілік процесі үшін қолайлы, тұрақты және гүлденген жағдай жасау, оның ішінде барлық тараптарға: саяси реттеу бойынша тақырыптық келіссөздердің шұғыл қажеттілігін; әділ және берік бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы келіссөздер арқылы саяси реттеу, оның нәтижесі инклюзивті саяси жүйе және барлық ауғандықтардың негізгі құқықтарын құрметтеу болады;
Ешқандай қолдау жоқ Ауғанстанда жаңа үкіметті күшпен орнату; террористер мен сыртқы күштерге ешқашан Ауған аумағын C5+1 елдеріне немесе кез-келген басқа елге қауіп немесе шабуыл жасау үшін пайдалануға рұқсат етілмеуі керек;
Ауғанстанмен қауіпсіздік, энергетика, экономика, сауда, мәдениет және басқа да салаларда ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік, өркендеу мен тұрақтылық мәселелері мен қауіп-қатерлерін шешуде ынтымақтасуға, интеграциялық процестерден шығару сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік, Батыс инвестициялары және экологиялық проблемалар мәселелерін реттеу болды.
Сондай-ақ, ол Республиканың гидроэнергетикалық және транзиттік әлеуеті туралы айтып өтті. «Халықаралық автомобиль және темір жолдарды, логистикалық орталықтар мен көлік терминалдарын кеңейту, сондай-ақ үздіксіз халықаралық транзит үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды», – деп аяқтады[16]. Байқағанымыздай, АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара тығыз орнатуға деген талпынысы, АҚШ-тың жаңа геосаяси бағытын анықтайды. Дегенмен, Д.Трамп Орталық Азия аймағындағы саясатынан кейін, билікке Джо Байденнің келуімен аймақтағы саясат түбегейлі өзгермегенімен, қазіргі таңдағы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс, Орталық Азия аймағына қатысты бірқатар геосаяси мүдделердің орын алуына септігін тигізді.
Біріншіден, АҚШ-тың бұрынғы әкімшіліктері сияқты, Мен Байден әкімшілігі Орталық Азияны сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарының біріне айналдырады деп ойламаймын және АҚШ-тың аймақтағы қазіргі саясатындағы түбегейлі өзгерістерді болжай алмаймын. Мемлекеттік хатшы Блинкен Байден әкімшілігінің негізгі сыртқы саяси күш-жігері Американың одақтастармен серіктестігін қалпына келтіру, Американың басты бәсекелесі ретінде Қытай мәселесін шешу және жаһандық климаттың өзгеруі мәселесін шешу болып табылады. Соңғы екі бағыт Орталық Азияға қатысты болуы мүмкін, онда Байден әкімшілігі Обаманың әкімшілігінен айырмашылығы Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы сияқты әрекеттерін аз қабылдауы мүмкін және аймақтағы көмірсутек ресурстарын дамытуды қолдауды төмендетуі мүмкін. Мемлекеттік хатшы Блинкен сонымен бірге Байден әкімшілігі адам құқықтары мен құндылықтарын өзінің сыртқы саясатының орталығына қоятынын, сонымен қатар бұл саясатты американдық орта тап пен АҚШ экономикасын одан әрі өзекті етуге тырысатынын атап өтті, бірақ менің ойымша, бұл Американың Орталық Азиямен қарым-қатынасындағы үлкен өзгерістерді білдірмейді, яғни жалғасы болады.Орталық Азия елдерін заң үстемдігін, демократия мен өз азаматтарының адам құқықтарын құрметтеуді дамытуға ынталандыру жөніндегі күш-жігерді кеңейту емес. C5+1" форматы Орталық Азияның барлық бес елін, сондай-ақ АҚШ-ты қамтиды. Ол Барак Обаманың президенттік жылдарында пайда болды.

1.3 Орталық Азиядағы Қытайдың геосаяси мүддесі


Қытайдың Орталық Азияға геосаяси стратегиялық мүдделердің орнауы тікелей олардың жасаған заңды саяси жүйелері негізінде орын алады. Негізгі стратегиялық мүдделер «бір белдеу, бір жол » бағдарламасы негізінде жүзеге асты. Негізгі бағдарламаның жүзеге асуы, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қыркүйегіндегі Орталық Азия елдеріне сапары негіз болды. Бұл сапар Қытайдың Орталық Азиядағы саяси мүдделерінің біршама өзгеруіне, сонымен қатар, «Еуразияға бет бұру» деп атауға болатын стратегиялық қайта бағдарлаудың пайда болуына әсер етті. ҚХР басшысының ұсынысы бойынша, экономикалық белдеу құру арқылы, көлік инфрақұрылымын салу, Еуразиялық континентте өзара сауда көлемін арттыру және оның жолындағы кедергілерді жою арқылы өзара экономикалық операциялардағы ұлттық валюталар мәселесін Жібек жолы экономикалық ынтымақтастықты дамыту көзделген. Қытайдың Орталық Азия қазіргі кезеңдегі геосаяси мүдделері «бір белдеу, бір жол» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда, осы негізге сүйене отырып Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделеріне талдау жасап өтсек, геосаяси тұрғыдан Қытай стратегиялық саясаты негізінде, Орталық Азия аумағына АҚШ ықпалдығын кіргізбеу болып саналады. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы стратегиялық геосаяси мүдделеріне келесідей негізгі аспектілер жатады:
1.Геосаяси тұрғыдан, яғни аймақтың ыңғайлы континентте орналасуы, бұл Қытайдың стратегиялық мүддесіне әсерін тигізіп, аймақтағы өз ықпалын арттыруға мүмкіндік сыйлайды.
2.Аймақта жаһандық державалар мүдделердің Ресей және АҚШ болуы.
3.Қауіпсіздік мәселелері, оған мемлекеттік шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ҚХР - на қарсы әскери блоктарға кірмеу мәселелерінде көрші мемлекеттерді бақылау, сондай-ақ Синцзан-Ұйғыр автономиялық округінің сепаратизміне жол бермеу жатады.
Орталық Азия аймағының географиялық орналасуының маңыздылығы туралы айта отырып, ҚХР-ның батыс айматары, негізінен оның шығыс өңірлерімен шекаралас болғандықтан, өзара бірлесу сияқты ББЖБ бастамасының көптеген стратегиялық құжаттарында атап өту қажет ХХІ ғасыр жолдары атты ғылыми - білім беру орталықтарын, көлік тораптарын, сондай-ақ аймаққа көршілес орналасуы арқылы бизнес және логистика орталықтарын құру, түрлі салалардағы қарқынды ынтымақтастықты дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығы геосаяси стратегияның негізі болып есептеледі.
Бұл аспект Орталық Азия елдерін Қытайдың «перифериялық дипломатиясы» деп аталатын объектіге айналдырады, оның көмегімен мемлекет өзінің мақсаттарына қол жеткізе алады, бұл Бейжің жүргізіп отырған «батысқа қарай шеру» саясатында да көрсетілген, онда Орталық Азия алғашқы негізгі болып табылады.
Сондай-ақ ОА тиімді геосаяси орналасуы Қытайға шекаралардың қауіпсіздігі мәселелерін бақылауда ұстауға және реттеуге мүмкіндік береді, бұл негізінен шекара маңындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға және нығайтуға, сондай-ақ ББЖБ-ға қатысушы барлық елдер үшін экономикалық дамуға ықпал етеді.
Орталық Азия аймағындағы басқа да сыртқы саяси ойыншылардың мүдделеріне келетін болсақ, КСРО ыдырағаннан кейін, халықаралық ойыншылардың және олар ұсынған бастамалардың аймаққа деген қызығушылық танытуы қалыпты жағдай еді. Бірақ Қытайдың қаржылық дағдарыс уақытынан кейін аймақтағы позицисының артуы мен өзінің көптеген өндірістері мен жобалары үшін кеңістіктің өткір жетіспеушілігін сезінді және іс жүзінде өзінің көзқарасын Орталық Азия аймағына бағыттауы дұрыс деп шешті. Өзге де, Түркия және Еуропалық Одақ сияқты елдердің, Қытайдың Орталық Азия аймағында жүзеге асырылатын кейбір жобалар бәсекелестікке төтеп бере алмады және аймақта белсенді қатысуды бәсеңдетті.
Осылайша, іс жүзінде осы мақсаттар үшін құрылған ББЖБ АҚШ пен Ресей сияқты негізгі бәсекелестерді ығыстыра отырып, аймақтың негізгі саяси, экономикалық және әскери одақтастарының біріне айналды. Дегенмен, Қытай аймақтағы Ресейдің стратегиялық мүдделілігін толық Орталық Азиядағы мүдделігінен айырмай, керісінше Ресеймен ынтымақтастықта жұмыс істейді, өйткені ол Ресейдің аймақпен тарихи өзара байланысты Орталық Азияның басты серіктесі және досы болып қала беретінін түсінді. Сондай-ақ Ресеймен мұндай ынтымақтастық қарама-қайшы емес, керісінше Бейжіңнің Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, достық және өзара тиімді қатынастарды қолдау және АҚШ атынан ортақ бәсекелесті жою жөніндегі жоспарларына ғана ықпал етеді. Осылайша, Қытай мен Ресей қарым-қатынасы негізінде Қытай өзінің ұлттық мүдделерін алға тарта отырып, өзінің сыртқы саясатын ББЖБ шеңберінде барынша нәтижелі жүзеге асыра алды. Шынында да, Орталық Азияның негізгі мемлекеттерімен өзара қарым-қатынас орнатуы маңызды болып табылады. Аймақ маңыздылығының негізгі аспектілері "Бір белдеу-бір жол" сияқты ауқымды бастама болып табылады, осы жобаның негізінде Қытай өзінің геосаяси мүдделерін анықтаған:
Орталық Азия аймағында даму және көптеген халықаралық және аймақтық ұйымдарға белсенді қатысуы;
Еуразия орталығында орналасқан елдер халықаралық теңгерімді қолдау ретінде әрекет етеді, олар мемлекеттерді саяси және экономикалық ынтымақтастықпен байланыстырады және осы салаларды әртараптандыруға мүмкіндік береді;
Аймақтағы тұрақсыздықты алдын алу, қауіпсіздікке жауап беру және аймаққа тудыратын негізгі мәселелердің алдын алу.
Бұл аспектілер өзгермелі халықаралық және экономикалық әлемдік тәртіпті қалыптастыру процесінде Орталық Азия мемлекеттерінің рөлі мен ықпалының өсіп келе жатқаны туралы айтуға мүмкіндік береді, бұл белдеу мен жол бастамасымен іске асырылатын мақсаттар үшін шын мәнінде маңызды және қажет.
Жалпы, саяси бағыт саласында Қытай Орталық Азияны ББЖБ шеңберіндегі ынтымақтастық алаңы ретінде көреді, онда Қытайдың сыртқы, дамыған мемлекеттермен өзара байланыстарды нығайту үшін, сондай-ақ жаһандану процестерінен барынша пайда алу үшін көбірек мүмкіндіктері болар еді. Осы тұрғыда, қазіргі уақытта Орталық Азия аймағында қарқынды өзгеріп жатқан саяси жағдайда, атап айтқанда, Қытай аймақта болып жатқан ішкі және сыртқы саяси процестердің көпшілігін нақты түсіну қажет деп санайды. Осыған байланысты, Қытай үкіметі соңғы бірнеше жылда Орталық Азия мемлекеттерін зерттеуге шоғырланған тоғызға жуық талдау орталықтарын құрды, бұл кейіннен оларға Орталық Азия елдері қызметінің барлық салаларын толық түсіне отырып, білікті мамандар береді, бұл өз кезегінде одан да ойластырылған және тиімді саясатты пайдалануға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Қытайдың барлық саяси мүдделері және онымен бірге ОПОП бастамалары келесідей: өз егемендігін сақтау, жақында шиеленіскен Батыс қысымына қарсы тұру, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын құру, сондай-ақ аймақтың және әлемнің теңгерімді және әртараптандырылған дамуын насихаттау.
Жоғарыда айтылғандардың бәріне сүйене отырып, тұтастай алғанда, "Бір белдеу - бір жол" бастамасын құру және көрші елдермен, оның ішінде Орталық Азиямен белсенді өзара іс-қимыл ең ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік даму орталығын Қытайға қарай қайта бағыттау мүмкіндігі ретінде де көзделді деп қорытынды жасауға болады.
Орталық Азиядағы АҚШ-Қытай бәсекелестігін зерттей отырып, Қытайдың келесідей геосаяси мүдделерін анықтауға болады:
Біріншіден, Орталық Азия болашақта да, Пекиннің стратегиялық мүдделерінің басты орынынан табылады. Аймақтың Қытайды көрші елдермен байланыстыратын Шығыс-Батыс негізгі осінің бойында орналауы, "Бір белдеу және бір жол" жобасының ұзақ мерзімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
аясында Қытайды көрші елдермен байланыстыратын Шығыс-Батыс негізгі осінің бойында орналасқан. Ол сонымен қатар энергия ресурстарының маңызды көзі болып табылады. АҚШ-тың теңіз стратегиясы Қытаймен бәсекелестігіндегі, Пекиннің теңіз арқылы энергия жеткізуге қатысты алаңдаушылығын күшейтеді.
Екіншіден, Пекин Мәскеумен стратегиялық серіктестігін тереңдетеді, біоақ Қытай одақ құруды құптамайды. Ол одақ құруды қырғи қабақ соғыстың жәдігері деп санайды және басқа державалармен одақ құруы да екіталай болып саналады. Дегенмен, Ресей мен қарым-қатынасын тұрақтандыру арқылы аймақтық стратегиялық мүдделерін жүзеге асыруға жол ашады.
Негізінен, Қытай "Белдеу және жол"бағыттары бойында орналасқан елдермен экономикалық байланыстарды арттыра түседі.Қытайдың АҚШ-қа қарағанда, геосаяси стратегиялық мүдделерінің орындалу мүмкіндігі жоғары болып есептеледі. Ол негізінен, орналасу аймағына байланысты болып табылады.



  1. АҚШ-ҚЫТАЙ: ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ДЕГЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТРАНСФАРМАЦИЯСЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ


    1. АҚШ пен Қытайдың Орталық Азиядағы әскери-саяси аспектісі

Қазіргі таңда, Орталық Азия аймағы әлемнің көптеген стратегиялық маңызды мүдделерінің орнауы мен Америка Құрама Штаттарының басым мүдделерінің аймағы болып жарияланды. Америкалық дипломаттардың пікірінше, «Орталық Азиядағы қауіпсіздік сын-тегеуріндерінің алдында Америка Құрама Штаттары Орталық Азия аймағына бірінші кезекте көңіл бөлуде»[4]. АҚШ-тың бұл аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ете алуы, аймақтық деңгейде АҚШ-тың беделін арттырады. Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тікелей әскери-саяси негізде жүзеге асады. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт сәуірде жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер «Араб көктемі» оқиғаларынан сабақ алуы керек және олардың үкімет басшылары «жаөапкершілікті» және «өз халқының қажеттіліктеріне» көбірек көңіл бөлуі қажет-деп тұжырымдама жасады[1]. АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы аймаққа көп көңіл бөлуінің себебі, АҚШ үшін осы қауіпсіздік негізін сақтай отырып қана, аймақ деңгейінде мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. Сол себепті, Вашингтон жыл сайын АҚШ-тың Орталық Азия мемлекеттерімен әскери саладағы ынтымақтастығын қаржыландыруды арттырады.
Сонымен қатар, АҚШ Орталық Азия мемлекеттерімен әскери саладағы ынтымақтастық негіз қалаушы болып саналады. «Бірінші эшелон» мемлекеттерімен америкалық тарап Қазақстан мен Өзбекстанды анықтады. Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басқа аймақтық ойыншыларға бағдарланғандықтан екінші дәрежелі позицияларды алады. Осыған байланысты Вашингтон Нұр-сұлтан мен Ташкентке әскери-техникалық көмек көрсетті, НАТО стандарттарына кадрлық құрамды оқыту бойынша байланыстарды жүзеге асырды. Сондай-ақ, Ауғанстандағы американдық контингентті қамтамасыз ету үшін жүк транзитін реттейтін бірқатар келісімдерге қол қойылды. АҚШ-тың Қазақстанмен және Өзбекстанмен өзара іс-қимылын құру бес жылдық ынтымақтастық жоспарлары мен жеке бағдарламалар негізінде құрылды. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда американдықтар биологиялық бақылау бағдарламаларын жүзеге асырды. Бішкек пен Душанбе Солтүстік Атлантикалық альянстың «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы бойынша көптеген оқу-жаттығуларға жиі қатысады. Байқағанымыздай, АҚШ Орталық Азия аймағындағы мемлекеттермен әскери-саяси бағытта жақсы қарым-қатынас орнатқан. Аймақтағы қауіпсіздікті қаматамасыз етудің негізгі алғышарттары, АҚШ-тың Ауғанстан аумағына өз әскерін кіргізуі болды. Соның негізінде жоғарыда келтірілген оқу-жаттығулар жүзеге асты. Бірақ қазіргі кезеңдегі, Ауғанстан аумағынан АҚШ әскерінің шығуы, АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары Орталық Азиядағы мемлекеттерінде, НАТО-ның әскери негіздері Тәжікстанда, Қазақстан мелекеті және Өзбекстанда пайда болуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие екенін айтқан болатын. Осы негізде, АҚШ негізгі халықаралық саяси аренадағы болып жатқан оқиғаларды негізге ала отырып, «Талибан» қозғалысының Орталық Азияны жаулап алу қауіпі төнгендігін, бұрынғыдай террористік іс-қимылдардан «қауіпсіздік қолшатыры» жоқ екенін мәлімдеп, жеке Орталық азия мемлекеттерімен әскери база орнату мақсатында кездесу жұмыстарын жүргізді. Бірақ ол сәтсіз әрекеттер болды. Мысалы, Ауғанстанның көршілес орналасқан мемлекеті Тәжікстаннан бастады. АҚШ-тың мемлекет хатшысы Э.Блинкин Тәжікстан мемлекетіне әскери база ашуға белсенді түрде ұсынды. Бірақ Ресей Федерациясы 9 мамырдағы шеруге Тәжікстан мемлекетінің Э.Рахмонды шақыруы, сол кездесу барысында Ресей тарапынан түскен ұсыныстар, Тәжікстан мемлекетінің аумағына АҚШ базасының орнатылуына кері әсерін тигізді. Америка Құрама Штаттарының Өзбекстан мен тығыз қарым-қатынас орнатуы да, ондағы АҚШ-тың әскери-саяси мүддесін жүргізуге мүмкіндік бермеді. 2021 жылы 10 мамырда Өзбекстан министрлігі үндеу жасады, онда жауынгерлік заңнамалық акт бойынша, басқа елдердің әскери базасы Өзбекстан мемлекетінің аумағында орналасуына жол берілмейтіндігін мәлімдеді.
Ал, Қырғызстан мемлекетінде әскери база орнату қатты қызығушылық тудырмады, аймақтағы тұрақсыздықтар себеп болды. Дегенмен, АҚШ үшін Орталық Азияда әскери база орнату маңызды болғандықтан, Ресей Э.Рамоновпен кездескеннен соң, Қырғызстан мемлекетінің басшысымен де кездесу жасап, ондағы әскери-саяси тұрақтылықты өз қарамағына алатыны мәлімдеп, келісім жасады. Бұл АҚШ үшін тағы бір кедергі болды.
Біздің мемлекетімізде Тәжікстанмен де, Өзбекстанмен де келісуге мүмкіндік болмаған соң әскери база орнатуға деген көңіл бөлінді. Бірақ біздің мемлекет аумағында әскери база орнату, АҚШ үшін тиімді болып табылады. Бұған бірнеше факторлар әсер етеді.
1)Қазақстан– бүкіл Орталық Азия аймағында мемлекеттердің арасында, Ресей Федерациясына экономикалық тұрғыдан ең аз мөлшерде тәуелді, яғни өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет.
2)Бұқаралық ақпарат құралдарындағы Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігі Ресейге тиесілі деген ақпараттың таралуы, қазақстандық әлемде анти-ресейлік позицияны тудырды.
3)Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – бұл мәселе күн тәртібінде қажет емес екенін мәлімдеген болатын, халықаралық қатынастардың өзгеруі барысында, Қазақстан ҰҚШҰ-ға мүше бола тұра Нұр-Сұлтан мен Вашингтонның арасындағы әскери әріптестіктің күшеюі болып табылады.
4)Америка Құрама Штаттарының хатшысы Энтони Блинкен 22 сәуірде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мұхтар Тілеубердімен сөйлесіп, Америка Құрама Штатары Қазақстанның «егемендігін, аумақтық тұтастығын, сондай-ақ тәуелсіздігін» қорғауға уәде берді.
5)2021 жылдың шілдесінде Қазақстан елінде Америка Құрама Штаттары, Англия, Канада, сонымен қатар Өзбекстан, Үндістан, Түркия полктерінің мүдделілігі бар "Дала қыраны" жалпы теориясы өтті.
6)Қазақстандық әскери қызметшілер Солтүстік Атлантикалық альянстың уақытылы салыстыру жоспарына сәйкес 7 жыл жұмыс істейді, бұл оларға Пентагонмен байланысқа тез қайта бағдарлануына мүмкіндік сыйлайды.
7)Қазақстан елінде бұрын НАТО-ның Пентагон әскери әскери институттары, мысалы, Алматыдағы әскери-биозертхана, Өскемендегі ядролық заттарды қорғауға сәйкес компанияларды даярлауға сәйкес орган, Қарағандыдағы «Казцент» нұсқаулық құрамын даярлауға сәйкес сертификатталған орган бар. АҚШ-тың аймақтағы әскери-саяси аспектісі өзгеруі, Ауғанстан аумағынан АҚШ әскерінің шығарылуы негіз болды. Дегенмен, қазіргі таңдағы Ресей мен Украина қақтығы барысында, АҚШ-тың Украина аумағына әскери базасын енгізуі мүмкін деген болжамдар бар. Ол сәйкесінше АҚШ-тың Орталық Азиядағы беделін арттыра түседі.
Қытайдың аймақтағы қауіпсіздік бағыты тікелей Орталық Азиядағы жоба негізінде жүзеге асты. Орталық Азияда «бір белдеу,бір жол» негізінде көретін басты маңызды аспект оның айрықша әскери-стратегиялық жағдайы және "үш зұлымдыққа", терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қарсы бірлескен күрес болып табылады, ол бастама, мемлекеттерде таралуына жол бермеуге және Шыңжаң мен Тайвань сияқты бөлінуге бейім өңірлерде тұрақтылықты қолдауға бағытталған. Сондықтан Қытай соңғы онжылдықта саяси, әскери, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастардың маңызды қатысушыларының біріне айналған. Аймақтағы тұрақтылықты сақтауда Орталық Азияға жан-жақты көмек көрсетуге тырысуда, өйткені Қытайдың өзі де Ауғанстан, Ирак және Пәкістан сияқты қауіпті елдермен шекаралас орналасқан. Бұл идея тіпті Қытай қоршаған ортаны тұрақтандыру стратегиясында басым бағыттардың бірі ретінде жазылған.
Ауғанстан аумағынан АҚШ әскерінің шығарылуы, Оталық Азиядағы Қытайдың экономикалық стартегиясына қауіп төндіруі мүмкін болды. Бұл жағдай Қытайдың алаңдатушылығын тудырды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында 2021 жылдары Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігі Ван И Түркіменстанға, Тәжікстанға және Өзбекстанға сапар жасады, сонымен қатар, Ауғанстан бойынша ШЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты. Сол кездесулер барысында, Ван И Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттеріне қауіпсіздіктің дәстүрлі мен дәстүрлі емес түрлерін қамтамасыз ететін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Пекин аймақтағы әскери әлеуетін нығайтуды жоспарлайтынын анықтайды. Сонымен қатар, Орталық Азия аумағында әскери компаниялардың келуі мүмкін деп болжалды.
2009 жылы ҚХР-дің мемлекеттік кеңесі «қауіпсіздік қызметтерін басқару туралы ережені» шығарды, бұл Пекиннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жеке компаниялардың құрылуының жұмысын реттейтін алғашқы құжаты болды.
Сонымен қатар, Орталық Азия аймағындағы Қытайдың әскери-саяси бағындағы Тәжікстанда аумағына әсери базасын орнату негізгі талқыланатын мәселелер болып табылады. Себебі, қазіргі әлем саясатындағы болып жатқан оқиғалар Қытайдың Орталық Азиядағы әскери-саяси аспектісін арттыруға мәжбүрледі. Себебі, Ауғанстаннан АҚШ әскерінің шығарылуы, Қытайдың өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Тәжікстан мемлекеттін қауіптен сақтаушы ретінде көрді. Дегенмен, ол аймақтағы әскери базалардың орнауы тек бұқаралық ақпарат құралдары негізінде расталады. Тәжікстанның Вахан аумағында, Горно-Бадахшан автономиясының қасында орналасқан деп тұжырымдады. Және сол базаның толық құрылысын Қытай қаматамсыз етеді деп,- Тәжікстан бұқаралық ақпарат құралдары пайымдады.
Негізгі Орталық Азия аймағындағы әскери-саяси аспект негізгі мәселе болып табылады. Әсіресе, Ауғанстан аймағынан АҚШ әскерінің шығарылуы мен қазіргі кезеңдегі, Ресей мен Украина арасындағы орнаған қақтығыс тікелей Орталық Азия аймағына әсер етеді. Ал, Орталық Азияға мүдделі екі негізгі бәсекелес мемлекеттеің әскери-саяси стратегиялық мүдделіктерін қалыптастыруға итермелейді. Бұл, жасырын немесе анық түрде жүргізілетін саясат болуы мүмкін.



    1. Орталық Азиядағы АҚШ пен Қытайдың геоэкономикалық мүдделерінің дамуы мен жүзеге асуы

Орталық Азиядағы бәсекелестіктің орнауы экономикалық факторлар негізінде жүзеге асты. Американдық саясаттанушылардың пікірінше, Қытайдың экономикалық ықпал ету аймағының кеңеюіне назар аударуды ұсынды, өйткені Қытай нұсқасына сәйкес, Еуропа мен Орталық Азияны байланыстыратын барлық негізгі бағыттар Қытай арқылы өту керек-деген тұжырымдама ұстанды[103]. Қытайдың бұл саяси ұстанымы, аймақтағы ықпалын арттыруға септігін тигізеді.
Қытай мемлекетінің басты амбициясы Батыстың қатысуынсыз халықаралық ұйымдар желісін құруға бағытталған. Қытай интеграциялық қатынастарда басты рөлді атқарады. Шанхай Ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесі Қытайдың Вашингтонмен қарым-қатынасынан тыс халықаралық дипломатиялық белсенділік танытуға мүмкіндік сыйлады[104]. Бұл өз кезегінде, Қытайдың Орталық Азия аймағындағы геоэкономикалық мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Қытайдың «бір жол, бір белдеу» саясаты қарқынды түрде, трансконтинеттік деңгейде қарым-қатынастарды қамтамасыз етуші жоба болды. Оның негізгі екі компоненті, инфрақұрылымға елеулі қаржылық салымдарды іске асыратын: «ЖЖЭБ», «жаңа теңіз жібек жолы» жобалары болды. Қытай мемлекетін Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен тығыз байланыстыратын көпір қызметін атқарады.
Осы кезеңде, құрлықтағы алты экономикалық көпір бар екені белгілі, олардың алғашқысы Қытай мен Моңғолия және Ресей мемлекеттерін құрайды.
Келесі экономикалық көпір ретінде Еуразия құрлықтық дәлізін анықтай аламыз. Осы сынды экономикалық байланыстар, Қытай мен Үндіқытай арсында және Қытай мемлекетімен Пәкістан арасында орнады. Және Мьянма мен Үндістан, Бангладеш сынды мемлекеттер арасында орнады.
Осы, саяси жоспар негізінде, Қытай Орталық Азиядағы геосаяси бағыттарын жүзеге асырды.
Қытай Орталық Азия аймағында, экономикалық байланыстардың негізі ретінде- саяси саудалық қарым-қатынастарды қойды. Сол арқылы мемлекет бірқатар экономикалық мүмкіндіктерін жүзеге асырды. Мысалы, Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен әр қайсымен жеке экономикалық қарым-қатынас орнатты.
Бірінші кезекте Қазақстанмен орнатқан байланыстарының нәтижиесіне тоқталсақ, ол 7,5 млн долларды құрады, оның ішінде ішкі өнім – 60,1% сыртқа шығаратын өнім – 39,9%. Қытайдың негіздемелік деректеріне сүйентеін болсақ , 2021 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы кезең Қытайдың Қырғызстанмен тауар айналымы 2 млн-ды қамтыған, Қырғызстанның Қытайға экспорт айналымы жалпы алғанда 54млн-ды, ал импорт – 2млрд 241.4 млн-ды есепке алды. Қытай саудасында сыртқа шығарылатын шикізат өнімдерінің, қырғыз айналымына енгізілетін ішке өнімге дайын өнімдердің басымдық алуы байқалады. 2017 жылғы наурызда өткізілген Өзбекстан Қытай Үкіметтерінің арасында қткізілгеен бесінші кездесуінде Сыртқы экономикалық байланыстар, инвестициялар және сауда министрі Элер Ганиевтің сөйлеген сөзінде 2020 жылға қарай Қытайдың Өзбекстанмен тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу басты мақсат болып табылатыны және де бұл жүзеге асатынын мәлімдеген. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың екінші бөлігінде іске асты.
Атап айтқанда, 2021 жылғы наурыздағы Тәжікстан мемлекетінің экономикалық қатынастарына тоқтала өтсек, ол басқа аймақтағы мемлекеттердің көрсеткішімен салыстырғанда жоғар дәрежеге ие болып табылады.Дегенмен Тәжікстан үшін сыртқы саудада тәуелділіктен арылу қиын болады, өйткені арзан қытайлық тауарлар ұлттық өңдеу өнеркәсібін және дайын өнім өндірісін дамытуға мүмкіндік бермейді. Қырғызстан туралы айтқанда, ішкі саудада айқын айырмашылық, атап айтқанда Қытай мемлекетіне деген тәуелділікті арттырады. Сыртқы сауда Қытай мемлекетінің эконмикалық маңызды басымдылықтарымен тығыз байланыста екендігін және бұл тек сауда көлемінің ұлғаюына әкеліп соғады. Әрине Қытай экономикалық сауда байланыстарын арттырғысы келеді. Сол себептен де, Қытай нарығындағы Түркіменстанмен арадағы сауда көлемі басымдыққа ие. Бұл тұста Қытай өзге аймақ мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздеді. Сол үшін бірқатар жоспарлармен жұмыс жасай білді.
Ал, Қазақстан мен Қытайдың экономикалық байланыстары аймақтағы мемлекеттердің ішіндегі ең маңызды байланысы болып табылады. Ал, Өзбекстан мемлекеті Қытайдың Орталық Азиядағы екінші алып сауда серіктесі болды. Бұл дегеніміз Қытай аймақтағы мемлекеттердің әрбірімен тығыз сауда стратегиялық байланыстарын орната білді.
Әрине, Қытай үшін аймаққа көршілес болып орналасуы өзіндік арттықшылықтар сыйлады. Осы аймақта әр тарапқа жеке көңіл бөліп, тауар айналымдары мен шикізаттық жеткізулерде жоғарғы бағыт ретінде танытты. Бұл Қытай үшін экономикалық деңгейдің арттуын сыйлады.
Сонымен қатар, Қытайдың қаржылық саясаттарында, несиелік ұсыныстар, жас мемлекеттер үшін мүмкіндік болды. Ал, Қытайға бұл өз кезегіінде артықшылықтар сыйлады.Жыл сайын Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің аумағына деген қаржылық салымдардың арттуы байқалды. Тіпті бұл АҚШ-тың экономикалық ықпалын артта салдыруға мүмкіндік сыйлады.
Америка Құрама Штаттары Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның, Түркіменстанның және Өзбекстанның тәуелсіздігін бірінші болып қолдаған және мойындаған елдердің бірі екені белгілі. Соңғы отыз жылда осы мемлекеттердің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мемлекеттердің гүлденуін қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар,Америка Құрама Штаттары Орталық Азия елдерімен қарым-қатынаста адам құқықтарына қатысты шектеу енгізуге жеткізбей, «сенімді» дипломатиялық қатынас ұстанатынын жариялады.АҚШ билігінің бұл әрекетін құптай отырып, АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Ричард Хогланд Орталық Азия елдеріндегі адам құқықтарының жағдайын жақсарту жолында «санкция салу, немесе көпшілік алдында масқара ету» тәсілдерін пайдаланудан гөрі, «төзімді дипломатия» жүргізудің пайдасы көп деп мәлімдеді. Сонымен қатар,Ричард Хогланд: «Орталық Азия елдеріндегі жұмысты жақсартудың тиімді жолы – аймақ елдеріндегі өзгеше ойлайтын, өз ұстанымдарын,ойларын басшылыққа жеткізе алатын билік өкілдерімен байланыс орнату» деді. Орталық Азия әр кезде Еуропа мен Азия арасындағы өркениеттердің стратегиялық басымдылық берген сауда орталығы болғанын білеміз. Демек, Хогландтың бұл мәлімдемесі АҚШ-тың Орталық Азия аймағында орналасқан мемлекеттермен қарым-қатынасының жаңа идеясының жариялануына байланысты айтылған еді.Алайда,ол өз қорқынышы мен болжамын да жасыомады,рның ойынша «Орталық Азиядағы адам құқықтары мен діни еркіндік сияқты мәселелер алаңдаушылық туғызып отыр. Бірақ АҚШ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасында табанды, дәстүрлі, нақтылыққа негізделген дипломатия жүргізе береді» дегенге әкелді. Ол Вашингтон үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерімен «адам құқықтарын қорғау мәселесін реттеу күрделі ұзаққа созылатын үрдіс,алайда билік бұл үрдістіғ ұзақ мерзімді қажет ететінін түсінетінін мәлімдеген болатын. Ал нақты,Америка Құрама Штаттары үшін бұл аймақта басты стратегиялық мүдде саяси, экономикалық және қауіпсіздік талаптары мен әртүрлі иддеяларын елдермен ,одақтармен , өз шарттарын белгілей отырып жүзеге асыруға еркін, неғұрлым тұрақты және жанданған Орталық Азияны құру; жаһандық нарықтармен байланысты және халықаралық инвестицияға ашық.Сонымен қатар,күшті демократиялық институттар, заң үстемдігі және адам құқықтарын құрметтеу алғашқы міндеттері болып табылатын, жаңа деңгнйге көтеріп, энергетикалық тұрғыдан қауіпсіздікті көтеружәне аймақта және аймақтағы тұрақты, қарқынды түрде дамыған экономикалық байданыстарды арттыруға бағытталған.
Осы қойылған талаптарға жету мақсатында АҚШ бейбіт өмір мен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өзара теңдік реформалар және гуманитарлық қажеттіліктерге тікелей көмек ретінде 9 миллиард доллардан астам қаржы бөлді. Маңыздысы, Америка Құрама Штаттары Дүниежүзілік банкке, халықаралық қаржы қорына, Еуропалық қайта құру банкіне несиелер, және аймақты және несие беруді дамытуға қолдауға арналған техникалық көмек көрсетуде көшбасшылық етті.
Сонымен қатар, АҚШ-тың жеке секторында қызмет атқаратын еріктілерде өз үлестерін қосты. Аймақтағы бизнеске қаражат салып, халыққа бағытталған көмектік жұмыспен орналастырудағы адами дамыған капиталды қалыптастырды. Ақыр соңында, Америка Құрама Штаттары Орталық Азия елдерінің әрқайсысымен, соның ішінде көптеген студенттер мен байланыстар орнатты. Орталық Азия тұрғындарының көп бөлігі Американың әртүрлі қалаларына қоныс аударды және қазір өз отандарымен белсенді әрекеттесетін халық санын құрады.
Америка Құрама Штаттарының аймаққа қатысты арналған жобалары негізінде, 2015 жылы құрылған стратегиясы аймақтағы жаңа көшбасшылар реформаға бағытталған даму, аймақішілік байланыс пен ынтымақтастық және АҚШ-тың көбірек қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер мен жолдар ашты. Аймаққа бағытталған жоспар негізінде, жаңа саяси үкімет, жаңа өзгерістерге Америка Құрама Штаттарымен екі жақты ынтымақтастық арқылы өз қызығушылықтарын анық көрсетті.Негізгісі, АҚШ болашақ ұрпақ үшін бірыңғай мәдени көне жәдігерлерді, дәстүрлерді және археологиялық маңызды ескерткіштерді қорғау және сақтау,болашақ ұрпаққа жеткізу үшін Орталық Азия бойынша 75-тен астам жобаны қаржыландырды.Қазіргі уақытта, АҚШ-тың Орталық Азияның дамуына қаржы салуына ықпал ету маңызды. Орталық Азиядағы бизнес үшін қолайлы орта ашық, әділ, АҚШ бизнесі үшін ыңғайлы болады және кеңірек даму мақсаттарын қолдайды. Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы барлық елдермен, соның ішінде американдық бизнесті қоса алғанда, шетелдік инвестицияларды көбірек тарту үшін керек өзгерістерді орындау мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.



    1. АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияға стратегияларының маңызы мен келешегі

АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияда стратегиялық жүйелердің орнату, қазіргі әлем барысында маңызды болып саналады. Орталық Азияда АҚШ пен Қытайдың стратегиялық жүзеге асырып жатқан бағдарламалары, Орталық Азия аймағының табиғи геоэкономикалық рөлін Шығыс пен Батыс елдері арасындағы континенттік көпір ретінде іске асыруына мүмкіндік алды. Қытайдың Орталық Азияның бірқатар бастамасын іске асыруының әсерінен аймақ алдындағы басымдықтарды пайдалану, экономикалық жігерлерді өсіру және нығаю, жүктерді тасымалдау үшін техникалық дәліз болу ғана емес, сонымен қатар, өте күрделі аймақтық міндеттен тұрды. Орталық Азия аймағының он жылдан кейінгі атқаратын рөлі аймақтағы елдердің жаңа элиталарының ойлауына, іскерлік қабілетіне байланысты болып табылды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда, Орталық Азия аймағының айналасындағы геосаяси орта өзгеруде. Шағын географиялық ауқым қазірдің өзінде Ресей, АҚШ, Түркия, Үндістан, Қытай мемлекеті, Жапония мен Оңтүстік Корея және т. б. сияқты бірқатар алып державалық мемлекеттер мен ірі геосаяси тұрақты ойыншылардың шоғырланған көпполярлығы байқала түседі. Бұл өз кезегінде Орталық Азия аймағындағы күштердің балансының өзгеруін сипаттайды.
Дегенмен, Орталық Азиядағы АҚШ пен Қытайдың саяси стратегиялық мүдделерінің бәсекелестігі, аймақтың келешектегі сценарийінің қалыптасуына негіз бола алады. Аймақтың келешегін пайымдау үшін негізгі тарихи оқиғаларға тоқтала кеткен жөн, бірінші кезекте, Қытайдың Орталық Азия аумағында, ШЫҰ-ын құру, АҚШ тарапынан Ауғанстан аймағына ену болды. АҚШ-тың осы кезең, аймақтағы ықпалдығын арттыру уақыты болды. Келесі, Орталық Азиядағы экономикалық ықпалдылық арттырудағы стратегиялық бәсекелестік кезеңі болды. Осы кезеңде, Қытайдың «бір жол, бір белдеу» саясаты қарқынды түрде, трансконтинеттік деңгейде қарым-қатынастарды қамтамасыз етуші жоба болды. Оның негізгі екі компоненті, инфрақұрылымға елеулі инвестицияларды жүзеге асыратын: «жібек жолының экономикалық белдеуі», «жаңа теңіз жібек жолы» жобалары болды. Ал АҚШ тарапынан С5+1 жоспары жүзеге асты. Дегенмен, аймақтық орналасуына сай, Қытай экономикалық басымдылық көрсете білді. Осы, саяси жоспар негізінде, Қытай Орталық Азиядағы геосаяси бағыттарын жүзеге асырды.
Негізінен, Қытай мен Ақш-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделілігі ынтымақтастық пен саясат үшін мүмкіндіктердің кең ауқымын ашады, ал екінші жағынан - Орталық Азиядағы ойыншылардың ерекше жиынтығы осы теңгерімді өте күрделі етеді. Америка Құрама Штаттары Орталық Азияның географиялық перспективалары кеңістіктен Оңтүстік Азия мен Үндістанға қарай өзгертуді жүзеге асырғысы келді. ​Сондай-ақ, АҚШ саясатындағы Орталық Азияның стратегиялық қабылдауында түбегейлі өзгерістерді күту екіталай, әсіресе Д.Трамп Ауғанстандағы әскери қатысуды қайтару арқылы аймаққа көзқарастарды контурлағанын ескере отырып және бұл вектор 2025 жылға дейін сақталуы мүмкін деп күтіледі.
Егер мәселені бағалайтын болсақ, онда аймақ Еуразиядағы американдық геосаяси міндеттерді жүзеге асыруда көмекші аймақтың қазіргі рөлін сақтайды деп есептелді. Аймақ елдерінің өздерінің ұстанымдарына келетін болсақ, сарапшылардың бағалауы бойынша оларды геосаяси жайғастыру стратегиясында сыртқы саясат бағыттарында басым бола береді. Әсіресе, жоғары халықаралық назар аудару жағдайында Орталық Азияда басқа сындарлы балама жоқ сияқты болып табылады. Ал бұл теңгерімге қол жеткізу көп жағдайда барлық Орталық Азия республикаларының ішкі келісушілігі мен іс-қимылын үйлестіруге байланысты болады.
​Барлық осы процестер бір уақытта ішкі өзгерістер аясында жүреді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлауды аяқтағаннан кейін аймақ барлық елдері екінші буынға кірді. Орталық Азия мемлекеттерінде КСРО-ға іс жүзінде қатысы жоқ толық егемен азаматтардың тұтастығы өсті-келесі жолдарда Орталық Азияның толық советсіз аймаққа айналды. Аймақ елдерінде элитаның дәйекті өзгеруі күтілген болатын. Саяси мекемеге және жаңа адамдардың іскерлік топтарына басқа құндылықтармен, әлемді қабылдаумен және басымдықтармен кіру аймақ елдерінің мемлекеттік дамуын түзетуге айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Орталық Азия қауымдастықтарындағы бұрынғы идеологиялық вакуум әр түрлі ұлтшылдық, діни және тарихи-психологиялық астары бар моральдық құндылықтар мен толдырылады. Әлемдік нарықтағы түбегейлі өзгерістер, жаһанданудың физикалық бөліктен ақпараттық өлшемге ауысуы, шикізат нарықтарындағы ұзақ мерзімді құлдырау, адамның еңбегінің рөлін өзгертетін жаңа технологиялық толқын таяу 10 жылда Орталық Азияның экономикалық даму моделінің ықтимал өзгеруіне себепші болады. Ұлттық экономика моделінің өзгеруі жаңа салалардың қалыптасуына және өзінің саяси көзқарастарымен жаңа экономикалық таптың пайда болуына ықпал етеді.
​ Бұл аймақ елдері бір-бірімен жаңа байланыс нүктелерін іздеуі керек дегенді білдіруі мүмкін. Орталық Азиядағы қаржылық базасы кеңестік кезеңде таңылған басқа қағидаттарға қарағанда қалыптасатын болады. Өзбекстандағы басшылық ауысқаннан кейін бірден сапалық өзгерістер өңірлік бағыт үшін жаңа бағыттық желіні айқындап берді. Жаңа өзбек көшбасшысының Орталық Азиядағы көршілерімен қарым - қатынасты жақсартудың алғашқы қадамдарының нәтижесінде ынтымақтастықтың форматы айтарлықтай өзгерді, бұл жаңа мүмкіндіктерді іске асыруды шынайы етеді.
​ Орталық Азиядағы болып жатқан өзгерістер тікелей Ақш пен Қытайдың аймақтағы мүдделеріне әсерін тигізеді. Сол себепті, болып жатқан саяси оқиғалар негізінде, әр мемлекеттің мүдделігінің формасы өзгеру үстінде. Ақш өзінің негізгі мүдделігін келешегінде Орталық Азияның әр мемлекетімен құрылымдық байланыстар жүзінде жеке-жеке қарым-қатынас орнатуды қолға алады. Негізгі қарым-қатынастар төрт негізгі бағытта, энергетика, саяси модернизация, экономика және қауіпсіздік негізінде құрылады. Бұл Орталық Азияның Ақш үшін ерекше аймақ екеніне дәлел бола алады. Сонымен қатар, осы аймақта Ақш-тың негізгі стартегиялық жобалары жүзеге асып, жоғарыда келтірілген Пампеоның аймаққа сапары, Ақш-тың стратегиялық маңыздылын көрсетті.
Айта кету керек, Қазақстан мен Өзбекстанға барар алдында мемлекеттік хатшы М.Помпео Украина мен Беларуссияға барды, олар қазіргі уақытта Мәскеумен өте қиын қарым-қатынаста болған, қазіргі кезеңде осы мәселе жарқын көрініс табуда.
АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатының ерекшеліктері Вашингтон Қазақстанды Ресейдің Орталық Азиядағы табиғи тұрғыдан тепе-теңдігі ретінде қарастырады, ал Өзбекстан З.Бжезинский Мәскеуден тәуелсіз геосаяси бағытты жүргізуге әлеуеті бар аймақтың негізгі мемлекеті деп санайды.
Айта кету керек, АҚШ-тың мұндай "таралу" саясаты өз жемісін бере бастаған сияқты. Мәселен, Н.Назарбаев Қазақстан басшысы бола отырып, 2018 жылғы қаңтардағы АҚШ-қа кезекті сапары барысында: "Қазақстан Америка Құрама Штаттарының серіктесі болып табылады және Уашингтонның өзінің тәуелсіздігі мен аумағының тұтастығын саяси қолдауын бағалайды" деп мәлімдеді. Сонымен қатар, АҚШ-тың ірі мұнай кооперациялары қазақстандық ірі кен орындарын игеруге миллиардтаған доллар жұмсады.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы М.Помпео Өзбекстанға сапарынан кейін Ташкентте болжалды ресейлік бағыттарға қатысты жабық сот процесі басталды, онда көптеген сарапшылар жаңа американдық стратегияны жүзеге асырудың алғашқы тәжірбиелік нәтижелерін көрді[47].
Алайда, Орталық Азияда, бүкіл әлемдегі сияқты, АҚШ Ресейден басқа, аймақ елдері үшін басты қарыз алушы, несие беруші, сауда-экономикалық серіктес болған және болып қала беретін Қытайды өз мүдделеріне басты қауіп деп санайды. Бұл ретте Пекин ешқашан Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтерінен демократия қағидаттары мен адам құқықтарын сақтауды талап еткен емес. Керісінше, ҚХР-ның бейресми идеясы аймақтағы авторитарлық режимдерді қолдауды білдіреді, сондықтан аймақтағы мемлекеттердегі демократиялық үрдістер арқылы ұлтшылдық немесе діни факторлар күшеймейді.
ҚХР-дың ОАР-дағы негізгі міндеттерінің бірі Орталық Азия мемлекеттері халқының ұйғыр сепаратистеріне қолдау көрсетуіне жол бермеу екенін ескере отырып, АҚШ өзінің Орталық Азиядағы стратегиясына жаңа екпін жасады. М.Помпео Қазақстанға сапары кезінде Қытайдан қашқан этникалық қазақтар мен ұйғырлармен ресми түрде кездесті. Сонымен бірге, ол Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан қашқан мұсылмандық азшылық өкілдерін қайта қуып жібермегені үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Сонымен қатар, ұйғырларды қолдай отырып, АҚШ Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы әрекеттері үшін мұсылман әлемінің көз алдында өзін ақтауға тырысатындығын ескеру қажет.
Қытайда олар АҚШ-тың мұндай әрекеттеріне өте әсерлу жауап берді. Қытайдың Өзбекстандағы елшілігі өте қатал мәлімдеме жасады, онда АҚШ мемлекеттік хатшысының Ташкенттегі "С5+1" форматындағы кездесуде Орталық Азия елдерінің дипломаттарымен талқылауы Қытайды жамандау әрекеті деп мәлімдеді. Қытайлар аймаққа жасаған сапары кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы ҚХР-ға айыптап, Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасында алауыздықты арттыруға тырысты.
​ Негізгі, Ақш пен Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделерінің теке-тіресінің келешегі аймақ үшін пайдасын тигізеді деп есептеледі. Негізгі, американдық зерттеушінің пайымдауынша, Америка Құрама Штаттарында Орталық Азия кеңістігінде бес негізгі саяси мақсат бар. Бірінші мақсат АҚШ-тың терроризмге қарсы соғысына қатысты: аймақтағы тұрақтылыққа қол жеткізу және қолдау Америка үшін, әсіресе Ауғанстанды жеңуі керек. Терроризмге қарсы соғысқа байланысты Бланк Америка Құрама Штаттарының- елдің Орталық Азия аймағы екінші мақсаты — Ресей империясының өркендеуі және қытай империясының ықтимал арттыруы сияқты аймақтық империялардың пайда болуына жол бермеу деп мәлімдеді. Егер Орталық Азия мемлекеттері әлсіреген болса, Ресей мен Қытай сияқты көрші державалар аймақтағы билікті жүзеге асыруға және геосаяси істерде Америка Құрама Штаттарының қатысуын азайтуға мүмкіндік алады.
АҚШ-тың аймақтағы үшінші қызығушылығы исламдық фундаментализмнің өсуіне байланысты мемлекеттің құлдырауының алдын алуға бағытталғанын түсіндірді. Осы ерекше қауіпке баса назар аударатын қазіргі саяси жағдайға Қырғызстан мен Тәжікстан кіреді; осы мемлекеттер халқының саны, олардың тұрақсыз саяси жағдайымен бірге, егер қолданыстағы инфрақұрылым құлдыраса, исламдық фундаментализмге басшылық етуде елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Бланк егер кез-келген Орталық Азия мемлекеті сәтсіздікке ұшыраса, аймақтағы қазіргі басқарудың жалғыз қарсыласы ислам бағытына болады деп сендірді.
Америка Құрама Штаттарының аймақтағы төртінші ірі геосаяси мүддесі олардың экономикалық мақсаттарына қатысты. Бланктің айтуынша, АҚШ аймақтың энергетикалық бағытына, "Батыстың нарықтарға бөгетсіз кіруін" сақтағысы келеді. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы бәсекелес елдерге ықпал ету тетіктерін сақтай отырып, Иран мен Ресей Федерациясын айналып өтіп, Орталық Азия энергия көздерін пайдалану құқығын сақтағысы келеді. Ақырында,Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы демократияландыруға көңіл бөлу жасаса да, бұл мақсат аймақтағы биліктің басқа мақсаттарына қайшы келгенде, АҚШ әкімшілігі бұл мақсатқа жету көрінісі болып көрінетінін түсіндірді.
Бланк Қытайдың да, Орталық Азия аймағында, негізгі геосаяси мүдделерін атап өтті. Қытайдың мемлекеттік тұтастығын сақтау басты мәселе болды, өйткені қытай үкіметі өз елі мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы бәсекелестікті құптамады. Екіншіден, қытайлар АҚШ пен Ресеймен аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қалайды, өйткені олар қытайдың айналасындағы "тұрақтылық пен бейбітшілік аймағын" сақтауға тырысты. Сонымен қатар, қытайлар Орталық Азияның саяси инфрақұрылымына исламдық фундаментализмнің ықтимал енгізілуіне байланысты қауіпсіздікке қатысты жоғарыда аталған алаңдаушылықпен бөліседі. Сонымен бірге Қытай аймаққа әсер етудің саяси және экономикалық тетіктерін арттырғысы келеді деп мәлімдеді. Егер Қытай осы мақсатқа қол жеткізсе, ол өзінің бесінші мақсатын іске асыра алады: Ресей Федерациясын Орталық Азиядағы негізгі қаржылық қатысу ретінде біртіндеп ығыстыру көзделді.
ҚОРЫТЫНДЫ

Орталық Азия елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізуі, саяси аренадағы жағдайды біршама өзгертті. Орталық Азия аймағында саяси бәсекелестік тудырушы екі ірі ықпалды мемлекеттің аймаққа қатысты саяси стратегиялық жүйесі, әлемдік саясатқа үлкен әсер ету мүмкіндігін көрсетті.


Орталық Азия аймағындағы АҚШ пен Қытайдың саяси стратегиялық мүдделерінің бәсекелестігі, бірінші кезекте, Қытайдың Орталық Азия аймағында, ШЫҰ-ын құру, АҚШ тарапынан Ауғанстан аймағына ену болды. АҚШ-тың осы кезеңде аймақтағы ықпалдығын арттыру уақыты болды. Келесі Орталық Азиядағы орын алған экономикалық дағдарыс негізінде, экономикалық ықпалдылық арттырудағы стратегиялық бәсекелестік кезеңінің орын алуы. Бұл тұста, Қытайдың «бір жол, бір белдеу» саясаты қарқынды түрде, трансконтинеттік деңгейде қарым-қатынастарды қамтамасыз етуші жоба болды. Орталық Азия аймағына іс жүзінде барлық сыртқы саяси бағыттары Қытай мемлекеті есебінен келді. Қытайдың сауатты несие-қаржылық саясаты, Орталық Азиядағы ықпалдығын арттыруға септігін тигізіп, аймақтағы барлық ірі жобаларға енуге мүмкіндік сыйлады. Қытайдың экономикалық саясаты үстемдігі оған геосаяси жағдайды нығаюға мүмкіндік берді. Орталық Азиядағы әр мемлекет үшін, Қытай ынтымақтастықтың маңызды саласын анықтады. Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан Қытайға энергия ресурстарын негізгі жеткізуші болды. Бірінші кезекте Қырғызстан, содан кейін Тәжікстан мен Өзбекстан Қытайға энергия ресурстарының негізгі транзиттері ретінде қарастырылды. Қытайдың өте күрделі екенін дәлелдейтін көпвекторлы геосаяси ойын, Орталық Азиядағы жыл сайынғы әсері мен қатысуы артып келетінінің дәлелдеді. Қытайдың мұндай ықпалдығының арттуы жалғасатын болса, аймақ елдеріне қаржылық ықпалы артса, Қытай уақыт өте келе аймақ деңгейіндегі басымдылығының артуы, АҚШ-тың аймақтық мүдделігіне әсерін тигізеді. Дегенмен, АҚШ-та Орталық Азиядағы мүдделіктерін арттыру мақсатында, С5+1 саяси жобасы жүзеге асырылды. Негізгі зерттеу барысында, қазіргі кезеңдегі халықаралық аренадағы болып жатқан оқиғалар, тисінше АҚШ пен Қытайдың аймақтағы мүдделеріне өз әсерін тигізетіні анықталды. Екі тараптың стратегиялық жобаларына сай, геоэкономикалық мүдделері аймақтың аумағында жүзеге асып қана қоймай, өзара бәсекелестікті арттыра түсті. Орталық Азия аймағының қауіпті көршілес мемлекеттерінің болуы, АҚШ пен Қытайдың әскери-саяси аспектілерін қалыптастырды. АҚШ-тың әскерінің Ауғанстан аумағында болуы, АҚШ-ты аймақтық деңгейін арттырып, қауіпсіздікті сақтап тұрған болатын. Алайда, Дональд Трамп әкімшілігінде бұл байланыс біршама өзектілігін жоғалтты, өйткені президент Трамп Ауғанстаннан әскер шығарғысы келді. Зерттеу нәтижиесі барысында 2021 жылғы АҚШ өз әскерлерін шығару барысында, Ауғанстанның талибтардың қолына өтуі, АҚШ пен Қытайдың әскери-саяси мүдделерінің өзгеруіне алып келді. Қытай бірінші кезекте, өз қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында әскери-саяси бағытқа қарқынды көңіл бөліп, Тәжікстан мемлекетімен осы бағытта тығыз қарым-қатынас орната бастағанына көзіміз жетті. Ал, АҚШ үшін Орталық Азиядағы ықпалдылықты сақтап қалу маңызды болды. Сол себепті, АҚШ жаңа әскери базаны Орталық Азия мемлекеттерінің біріне енгізуін көздеп, ол саяси стратегиялық жоспары жүзеге аспады. Қазіргі әлем саясатындағы Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс, АҚШ-тың Украинаға әскери базасын орнатуы мүмкін деген болжамдар бар. Бұл өз кезегінде, АҚШ-тың Орталық Азиядағы жаңа стратегилық мүдделігінің қалыптасуын құрайды. Ал, екінші жақтан Қытайдың өз мүддесін арттыруға талпыныс жүзеге асады.
Сол себепті, қазіргі кезеңдегі халықаралық аренадағы болып жатқан оқиғалар, тисінше АҚШ пен Қытайдың аймақтағы мүдделеріне өз әсерін тигізді.
Ақш пен Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделері зерттеу нәтижесін бақылай отырып өзекті деп тани аламыз. Себебі, аймақтағы ресурстық байлық көздері, Орталық Азиядағы мемлекеттердің жас болуы, АҚШ-қа да, Қытайға да ықпалдылығын орнатуға мүмкіндік сыйлайды. Бұл мүмкіндік әлемдік аренада ықпалы жоғарлы мемлекет болуға ықпалын Бұл дегеніміз, АҚШ пен Қытайдың аймақтағы жылдар бойы жүргізіп келе жатқан саясатының негізгі көздерінің орындалып, жаңа саяси аренадағы оқиғаларға сай, екі тараптың мүдделілігі өзгеріп отыратыны анықталды.

Пайдаланылған әдебиеттер:





  1. Волкан С.-Каспийдағы геополитикалық ойын-2016.-Т.8.-С.23-32

  2. Р.Киплинга «Ким».-М.: Academia,1936.-432 с. 40 болды

  3. Гарбузарова Е. Г. Приоритеты внешней политики Д. Трампа в Центральной Азии // Вестник: Томского государственного университета.- 2020.-С. 97-103.

  4. H. Clinton. Remarks on India and the United States: A Vision for the 21st Century // Chennai, India. July 20, 2011. Mode of access: http://www.state. gov/secretary/rm/2011/07/168840.htm

  5. H.R. 1152 (106th): Silk Road Strategy Act of 1999 // March 17, 1999. Mode of access: http://www. govtrack.us/congress/bills/106/hr1152 7 S. 2749 — Silk Road Strategy Act of 20

  6. Remarks of John Kerry with Uzbekistani Foreign Minister Abdulaziz Kamilov Before Their Meeting. March 12, 2013. Mode of access: http://www.state. gov/secretary/remarks/2013/03/205977.htm


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет