Зырян ауданының әкімі Ермак Сәлімовтің аудан тұрғындары алдында есеп беру баяндамасының тезистері

Дата12.06.2016
өлшемі189.75 Kb.
#130746
Зырян ауданының әкімі

Ермак Сәлімовтің аудан

тұрғындары алдында

есеп беру баяндамасының тезистері

Аудан әкімінің 2012 жылдың басында тұрғындармен өткізген есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша тұрғындардың айтқан ұсыныстарын, ескертулерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бекітілген ісшарадағы проб­ле­ма­лық мәселелердің 67 тармағының 66 тармағы орындалып, 1 мәселе орындалуда.

Жыл бойында аудан тұрғындары бекітілген ісшаралар жоспарының орын­далуы туралы ай сайын бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылды.

Әлеуметтік сала объектілерін жә­не автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауданның ел­ді­мекендеріне автобустық қатынасты ұйымдастыру, аудан мектептері үшін автобустар сатып алу, спорт ғи­ма­раттары құрылыстары бойынша бар­лық ескертулері мен тілектері орындалды.

Меншік инвестицияларын тартуда зор әлеует бизнестің әлеуметтік жау­апкершілігі бойынша механизм болып табылады. Аудан бойын­ша жобаларды іске асыруда меншік сек­торларының мүмкіншілігін пайда­лана отырып ауданның 78 кә­сіп­орын­дарымен 78 меморандум бекітілді. Әлеуметтік – маңызды міндеттерді шешуге 216,7 млн. теңгеден астам қаржы пайдаланылды.

Өнеркәсіп
Ауданның өнеркәсіптік өндірісінде 14 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді, олармен 32,5 млрд.теңге өнім өндірілді, оның ішінде өңдеу өнер­кәсібімен 25,8 млрд.теңге өнім өндірілді, бұл өткен 2011 жылдың деңгейіне қарағанда 12,9% артық. Кен шығару саласы бұрынғыдай өнер­кәсіптің басым саласы болып қалуда.

2013 жылы өнеркәсіп аудан экономикасында алдыңғы қатардағы ор­­нын сақтауда. Құрылыс материал­дарын, электр энергиясын, азық-тү­лік өнімдерін, тыныс алу ағзаларын сақтау құралдарын өндіру өнеркәсіптің жетекші салалары болып қалуда.

2013 жылы өнеркәсіптің негізгі мін­деттері: жұмыс істеп тұрған кә­сі­п­орындардың жұмысын қолдау, эко­номиканың шынайы секторында жаңа инвестициялық жобалар­ды іздестіру және іске асыру, өнеркәсіптік өндіріс­тің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін рес­пуб­ликалық бюджеттен қаржыландырылатын шоғырланған по­ли­ме­талдық кендердің перс­пек­тивті алаңдарына кең масштабты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Ауылшаруашылық
Ауданның шаруашылық қыз­метін 223 ауыл­ша­руа­шылық нысандары мен 16,3 мың тұрғындардың жеке ша­руашылықтары жүзеге асырады.

Ауданның агрокәсіптік ке­шенінің екі негізгі бағыты бар егіншілік және мал ша­руа­шылығы. Егіншілік ша­руа­шылығы басым сала болып табылады, оның үлесіне аудан өнімінің 60% тиесілі.

Ауданда егіншілік ша­руа­шылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту мақсатында егістік жерлер 2011 жыл­ғы 66,6 га қарағанда биылғы жылы 1,8 мың га, яғни 68,4 мың га ұлғайтылды. 2011 жылға қарағанда ылғал ресурстарын сақтау технологиясын қолдану алаңдары 7% арттырылды.

Күнбағыс, картоп, бақша да­қыл­дары сияқты ауылшаруашылық мә­дени дақылдарының өнімділігі 125,7 ц/га артты.

Ауданның ауылшаруашылық ны­сандарына жалпы сомасы 240,0 млн теңгеге 29 бірлікте жаңа ауыл­шаруашылық техникалары мен құ­рал-жабдықтар сатып алынды, ағым­дағы жылы техниканы жаңарту 5% құрады. Егіншілік саласында 134,4 млн. теңге демеу қаржы бөлініп, игерілді.

Ауданда табиғи климаттық жағ­дайлар мен шаруашылық қыз­мет­терінің әртүрлілігі мал шаруашылық түрінің де көп салалы екендігін біл­діреді. Ауданда сүт және ет мал шаруашылығы, шошқа, жылқы, марал шаруашылығы, ара шаруашылығы сияқты 34 ауылшаруашылық нысандары жұмыс істейді.

Ауданда мал шаруашылық өнім­дерінің көлемін арттыру мақсатында эпизоотиялық қолайлықты және ве­­теринарлық-санитарлық қау­іп­сіз­дік­ті қамтамасыз ету бойынша іс­ша­ралар өткізілді. Жалпы сомасы 125,8 млн.теңгеге 6 инвестициялық жо­балар іске асырылды. Ауданнның ауылшаруашылық нысандарына мал шаруашылық салаларын дамытуға 135,9 млн.теңге демеу қаржы бөлінді.

Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі тау­ар өнімдерінің көлемін арттыру мақ­сатында ауданда жалпы сомасы 10,0 млн.теңгеге 2 инвестициялық жоба іске асырылды.

«НК Продкорпорация» АҚ арқылы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемін және азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында жалпы сомасы 77 млн.теңгеге 5 ауылшаруашылық нысандары қаржыландырылды. «Каз­АгроФинанс» АҚ арқылы лизинг (жал­ға беру) бойынша жалпы со­масы 140 млн.теңгеге 15 бірлікте ауыл­ша­руашылық техникалары сатып алын­ды. Екінші деңгейлі банктермен бизнесті дамытуға жалпы сомасы 86 млн. теңге 40 астам несие берілді, «Зыряновское» ШС-нен сомасы 154 млн. теңге 9 несие алынса, «Сельхозкредит» ШНҰ сомасы 7 млн. теңге 7 несие берді.

Егіншілік және мал шаруашылығы кірістерін, өндірістің көлемін арттыру мақсатында 2013 жылға арналған міндеттер анықталды:

- ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін 2012 жылдың деңгейіне қа­рағанда 3,8%, егіншілік көлемін 2,5%, мал шаруашылық өнімдерін 6,0% арттыру;

- ауыл шаруашылығында еңбек өнім­ділігін 6,8% арттыру;

- Тірек ауылдарын дамыту бағ­дар­ламасы аясында 36-дан астам жұмыс орындарын құра отырып жобаларды іске асыру.
Шағын бизнес
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық курстың қозғалыс күші болатынын атап өткен болатын.

Ауданда шағын, орта бизнесті және кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Зырян және Серебрянск шағын қалаларында шағын кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрылды. Консультанттар ақылы түрде кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

2012 жылы «Бизнестің жол картасы бағдарламасы» бойынша жалпы сомасы 34,9 млн. теңгеге 4 кредит алынып, қосымша 36 жұмыс орны құрылды. ЖК «Коптев И.А.» жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жобасы қаржыландырылып, 13,3 млн.теңге сомасына 2 кредит алынды. Жобаны іске асыруда 2011-2012 жылы шығарылған 9 жаңа «Daewoo Nexia» автомобиль маркасы есебінен такси қызметі кеңейтілді. Шиножөндеу шеберханасы, автожуу, техникалық қызмет көрсету станциясы жұмыс істейді, 22 жаңа жұмыс орындары құрылды.

ЖК С.Л. Бушнев жартылай фабрикаттарды шығару бойынша цех ашу үшін ғимарат сатып алуға 19,0 млн.теңге сомасында кредит алды. «Лада ТС» ЖШС автомектептің көрсететін қызметтерінің көлемін арттыру үшін автомобильдер сатып алуға 2,6 млн. теңге несие алды.

Ауданда 6 банк филиалдары несие беру арқылы қаржылық қолдау көрсетеді, 2012 жылғы желтоқсанда Зырян қаласында «Еуропалық банк» АҚ филиалы ашылды, шағын кредит ұйымы «Сельхозкредит» ШНҰ, «Зыряновское» несиелік серіктестігі жұмыс істейді.

Шағын қалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу аясында 2013 жылы республикалық бюджеттен 112,35 млн. теңге несие, 114 млн. теңге сомасында кредит бойынша пайыздық ставкада демеуқаржы, жа­ңа өндірісті дамытуға 16 млн теңге грант, кәсіпкерлікті оқытуға – 2,9 млн. теңге бөлінеді деп жоспарлануда.

2013 жылдың міндеттері:

- жаңа өндірістерді құру, жаңа ин­вестициялық жобаларды іздеу жә­не іске асыру бойынша индустрияландыру саясатын іске асыру;

- шағын, орта бизнесті және кә­сіпкерлікті дамыту бойынша ЗКБК «Қазцинк» ЖШС-мен, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ-мен серіктестік бағдарламаларды іске асыру;

- бағалар мен сауда үстеме бағаларына бақылау жасау, тұтыну тау­арларының 10% аспауын қа­да­ғалау;

- шағын бизнестің белсенді кә­сіпорындарын арттыру.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

2012 жылы ауданда коммуналды қызметтердің сапасын арттыруға, жы­лу-суменжабдықтау желілерінде шы­ғынды төмендетуге мүмкіндік беретін жобалар іске асырылды.

Серебрянск қаласының қа­зан­ды­­ғының күл-қож шығару жүйесіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

«Аумақты дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қа­ражатынан 142,9 млн. теңгеге Зырян қаласының аудандық қазандығына екі турбогенератор орнату бойынша жоба іске асырылды.

«Ақ Бұлақ» бағдарламасын іске асыру аясында Зырян қаласының бас су құбырын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. 1 – кезеңді іс­ке асыруға 2012 жылы 623,142 млн.теңге ақша бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражаты есе­­бінен Зубовск кенті мен Бере­зовс­кое ауылының суқұбыр жүй­еле­ріне жобалық-сметалық құжаттар әзір­лен­­ді. Суқұбырлары жүйесін қалпына кел­тіру «Ақ Бұлақ» бағдарламасын іске асыру аясында жоспарлануда.

Шағын қалаларды дамыту бағ­дарламасы аясында рес­пуб­ли­ка­лық бюджеттің ағымдағы транс­ферт­те­рінен 2012 жылы 188,1 млн.тг бө­лініп, игерілді, соның ішінде Зырян қаласына 150,1 млн.теңге, Серебрянск қаласында 37,9 млн.теңге.

Зырян қаласында қаражат жы­лу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұ­мыс­тарын жүргізуге – аудандық қа­зан­дықтың жабдықтары мен қала көшелеріндегі жылу жүйелеріне, қа­ла көшелерінің жол төсенішінің ағым­дағы жөндеуіне, көшелердің жа­­рық­тандырылуына, қираған ғи­ма­рат­тардың қалдықтарын тазалауға, Тәуелсіздік аллеясын көгалдандыру мен безендіруге жұмсалды.

Серебрянск қаласында қаражат көріктендіруге бағытталды. Қоқыс шы­ғару және заңсыз қоқыс төгу орын­дары жою, алаңдар мен шағын бақ­тар көріктендіру, спорт алаңдарын қалпына келтіру бойынша, көшелерді және Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу, бастау суларын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Құрылыс саласында 2012 жы­лы Зырян қаласындағы Киров кө­ше­сінде 280 орынға арналған ба­лабақша, «Горняк» мәдениет үйі ашыл­ды. «Жұмыспен қамту 2020» мем­лекеттік бағдарламасы бойынша Зырян қаласының М. Горький кө­шесі бойындағы 60 пәтерлік тұрғын үй қалпына келтірілді, М. Горький кө­шесіндегі уақытша ұстау изоляторын салу бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. 2012 жылы ауданда көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бой­ынша тұрғын үй коммуналдық ша­руашылығын модернизациялау бағ­дарламасын іске асыру басталды, бағдарламаға Зырян қаласының 19, Серебрянск қаласының 2 және Октябрьск кентінің 1 үйінің тұрғындары қатысты. 2013 жылға жоспарлануда:

- жеке инвестициялар және аталған үйде пәтерлерді сату арқылы Зырян қаласында Космонавтов көшесіндегі 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау;

- аудандық қазандыққа екі турбогенератор орнату;

- шағын қалаларды дамыту бағ­дарламасы бойынша іс-шаралар жү­зеге асыруда жоспарлануда: жылу және су жүйелерінің, қаладағы жол төсеніштерінің ағымдағы жөндеу жұ­мыстары мен қалпына келтіру жұ­мыстарын жүргізу.

- модернизациялау бағдарламасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі және ағымдағы жөндеу жұ­мыстарын жүргізу жалғасын табады.
Тұрғындарды

жұмыспен қамту

және әлеуметтік қорғау
Қазақстанның әлемдегі ең бә­се­келестікке қабілетті және қар­қын­­ды дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылудың негізгі басымдықтарының бірі – ха­лықтың әлсіз топтарын қорғайтын әлеу­меттік саясат айқындалған.

2012 жыл бойында 12507 аса аз қамтылған азаматтарға әртүрлі әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді, 10271 көмекке мұқтаж азаматтарға әртүрлі нысандағы кәсіпорындардан 51,3 млн.теңгеге қайырымдылық кө­мек көрсетілді. 2012 жылы 567 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жыл бойында жұмысқа тұруға ықпал ету үшін 1886 адам өтініш білдірді. 1100 жұмыссыз адамдар тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. 727 жұмыссыз адам ақылы қоғамдық жұмысқа қатысты.

Жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздықты болдырмау туралы Елбасының тапсырмаларын орындауда, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 25 түлегі «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша аудан кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 27 жұмыссыз адам жұ­мысқа орналастырылып, еңбек на­рығының қажеттілігіне байланысты 77 жұмыссыз адам кәсіби дайындықтан өтті.

Зырян қаласында мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көр­сету Аумақтық орталығы жұмыс іс­тейді. Бюджет қаржысы есебінен ар­найы әлеуметтік көмекпен 734 адам қамтылған, толық мемлекеттің қам­тамасыз ету қызметі 50 адамға көрсетіледі, оның 10 мүгедектер.

Мүмкіндігі шектеулі 30 балаға ар­налған күндізгі қызмет түрі жұмыс істейді.

Оқу орындарының түлектерін қол­дау мақсатында 1,2 млн.тг сомасына 4 жас дәрігер материалдық көмекке ие болды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағ­дар­ла­масының «Ауылдағы кәсіпкерліктің да­муына ықпал ету» екінші бағыты бойынша 38 адамға 85 млн.тенге сомасына шағын несиелер беріліп, 119 жаңа жұмыс орны ашылды.

2013 жылға негізгі міндеттер:

- Грехов кенішінің бұрынғы әкімшілік-тұрмыстық ғимаратын, мүгедектерге арналған оңалту орталығы үшін қайта жөндеуден өткізу;

- өзін-өзі жұмыспен қамтыған, аз қамтылған, жұмыссыз азаматтарды шағын несиелендіру жолымен ауыл­дағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету бойынша жұмысты жалғастыру;

- еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіби білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлықтан өткізу, еңбек нарығының өзара әрекетін күшейту.

Білім беру
2012 жылғы жүргізілген ҰБТ қо­рытындысы бойынша аудан бойынша орта балл 76,57 құрады, бұл орта облыстық және орта республикалық көрсеткіштен жоғары. Сонымен қатар, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан түлектердің төмен пайызын атап өтуге болады – орта мектеп түлектерінің тек 35 пайызы ғана ҰБТ түріндегі қорытынды сынаққа қатысты. Бірақ, аудан мектептерінің 297 түлегі, яғни жалпы түлектер санының 64 пайызы Қазақстан және ТМД елдеріндегі оқу орындарының білім беру грантына ие болды.

2012-2013 оқу жылының басы­на қарай ауданның білім беру ме­кемелеріне әртүрлі мамандығы бар 30 жас маман келіп, жұмысқа орналас­тырылды.

Зырян қаласына келген 4 жас маманға жатақхана ретінде үш бөл­мелі пәтер беріліп, 2 жас отбасына қызметтік пәтерлер берілді.

Бюджеттік қаржы есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 46 ор­та мектеп түлектері педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алуда. Оқу орындарын аяқтағаннан кейің олар аудан мектептеріне жұмысқа орналастырылатын болады.

Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында 2012 жылы жалпы сомасы 39 млн.теңгеге жаңа үлгідегі 14 пәндік кабинеттер сатып алынды.

Ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған, олардың ішінде 23 мектеп «Қазақтелеком» АҚ баламалы провайдерінің мүмкіндігін пайдалана отырып, Интернет жүй­е­сіне кең желілі қолжетімділікке ие.

Білім беру сапасын көтеру – мем­лекеттік білім беру мекемелерінің қаржылық қамтамасыз етілуіне ті­келей байланысты.

2012 жылы білім беру объектілерін қаржыландыруға 2,4 млрд.теңге қа­ражат бөлінген. 2012 жыл бойында 90 млн.тг асатын сомаға 23 білім беру объектілеріне жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Тірек елді мекендерді дамыту Бағдарламасына сәйкес 11,0 млн.тг сомасына Соловьево орта мектебінің спорт залы мен шеберханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1,8 млн.тг сомасына мек­тепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің материалдық-тех­ни­ка­лық базасы нығайтылды.

Аудан аумағында 1645 баланы қамтитын 7 балалардың мектеп­ке дейінгі мекемесі, 1709 баланы қам­титын жалпы білім беру мек­теп­те­ріндегі 34 шағын орталықтар, екі музыка мектебі, 1 жас техниктер станциясы жұмыс істейді.

2012 жылы Зырян қаласында 280 орынды жаңа «Қарлығаш» ба­ла­бақ­шасы және «Болашақ» бабалдық бос уақыт орталығы ашылды. Оның ашылуы мен жұмысын қамтамасыз ету үшін 7,9 млн. тг бөлінген. Сондай-ақ, 75 орынды жеке меншік «Золотой ключик» балабақшасы өз жұмысын бастап, мемлекеттік тапсырыс ор­на­ластырылған.

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың шы­ғармашылық мұрасының маз­мұ­нын жан-жақты пайдалану жолы арқылы қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыру, жеке табысқа жетудің әдістемесін дамыту, жеке тұлғаны әлеуметтендіру үшін Зырян ауданында «Қазақстандық жол» атты білім беру және тәрбие беру орталығы құрылды.

2013 жылға қойылған негізгі міндеттер:

- Чапаево ауылындағы 130 орыға арналған мектеп құрылысын аяқтау;

- Зырян қаласындағы Шолохов көшесі бойындағы 280 орынға ар­налған балабақша құрылысы;

- ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп түлектерінің орташа ба­лын ортаоблыстық деңгейден тө­мен­де­меуін қамтамасыз ету.
Мәдениет және спорт
2012 жылы мәдениет мекемелерінің желісін дамыту және тұрғындардың әртүрлі топтарының бос уақытын сапалы ұйымдастыру үшін мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Зырян ауданының шығармашылық ұжымдары Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің, Шығыс Қазақстан об­лысының мәдениет басқармасының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды, халықаралық конкурстардың жүлделі орындарын иеленді.

2012 жылы ауданның мәдениет объектілерін ағымдағы жөндеуден өт­кізу үшін жергілікті бюджеттен 5,9 млн. теңге бөлініп, Серебрянск қаласындағы кітапхана мен клубта, Соловьево, Никольск және Маяк ауылдарындағы клубтарда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кітапхана қоры 9,2 млн.теңге сомасына 15953 дана кітаппен толықты.

Тұрғындардың мәдени бос уақы­тын жақсарту, ұлттық мәдениет пен тілдерді дамыту мақсатында «Горняк» Мәдениет үйі өз жұмысын бастады.

Ауданда спорттың 23 түрі дамуда.

2012 жылы аудан спортшылары облыстық деңгейдегі 74 жарыстарға қатысты, командалар құрамына 1480 адам енді.

Республикалық жарыстарға қа­ты­су үшін Шығыс Қазақстан об­лы­сының құрама командаларының құ­рамына 23 - зыряндық, Қазақстан Республикасының құрама ко­ман­да­сының құрамына – 6 спортшы кірді.

Аудан спортшылары барлық дең­гейдегі жарыстарға қатысып, алдыңғы қатардан көрінді, жарыс қорытындылары бойынша 4 адам – спорт шеберіне үміткер, 4 адам – Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болды.

2012 жылы ауданның футбол фе­дерациясы құрылды, оның құ­рамында жергілікті атқарушы ор­ган­ның өкілдері, аталған спорт түрін сүюшілер, жаттықтырушылар және жебеушілер бар. Алғаш рет аудан футзал бойынша ШҚО чемпионатына қатысып, команда «Б» тобы бойынша 4-орынға ие болды.

Өткізіліп жатқан спорттық-бұ­қа­ра­лық шаралардың саны едәуір артты, жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы тұр­ғындардың саны 29 пайызға өсті.

Бизнестің әлеуметтік жауапкерші­лі­гі аясында Зырян қаласының негізін қалаушы кәсіпорын «Казцинк» ЖШС 200 адамға арналған хоккей модулінің құрылысын бастады, ол тұрғындарды қыстық спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік береді.

2013 жылы жоспарлануда:

- Зырян қаласында хоккей модулінің құрылысын аяқтау;

- негізгі бұқаралық спорт түрлері бойынша Федерациялар құру;

- мәдениет саласы қызметіне тұрғындардың қанағаттанушылық дең­гейін арттыру, тұрғындардың басым бөлігін дене шынықтырумен жүй­елі түрде айналысумен қамту, ауданның мәдениет мекемелері арқылы балаларға қосымша білім беру инновациялық жобасын енгізу және жүзеге асыру.

Ішкі саясат
Экономиканы ары қарай дамыту, әлеуметтік саланың проблемаларын шешу, тұрғындардың әл-ауқатын жақ­сарту жөніндегі тиісті шаралардың атқарылуына байланысты ауданда тұрақты жағдай қалыптасқан. Осы мақсатта идеологиялық жұмыстың алуан түрі қолданылды. Бірінші кезекте бұл жұмыс төрт саяси партиялардан, 10 қоғамдық бірлестіктен, 4 кәсіподақ ұйымынан және 11 діни бір­лестіктерден тұратын азаматтық қоғам институттарымен өзара жұмыс жүргізуге бағытталған.

Заңсыз митингілер, жиындар, бас­қа да наразылық акцияларын өткізу жағдайы болған жоқ, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзу фак­тілері анықталған жоқ.

Бүгінгі таңда ауданымызда бей­бітшілік пен келісімде 30-дан аса ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады, он қоғамдық бірлестіктер, 4 саяси партиялар, Достық Үйі құрылып, жұмыс істеуде.

Тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату, әлеуметтік-экономикалық, мә­­дени мәселелерді шешу кезінде ор­­­тақ шешім қабылдау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі. Конференциялар, дөңгелек үстер отырыс­тарын, диалог түріндегі алаңдарды өткізу игі тәжірибеге айналған.

Тұрғындарды мемлекеттік ор­ган­дардың жүргізіліп жатқан жұмысымен кеңінен ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері пайдаланылады.

Барлық мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды атап өту барысында өткізіліп жатқан іс-шаралар қоғамның тұтастығына, туған өлкеның мәдениеті мен салт-дәстүрін жаңғырту мен дамытуға септігін тигізіп, аудандағы тұрақты қоғамдық-саяси жағдайдың сақталуына мүмкіндік береді.

Атқарушы билік органдарының кү­шін біріктіру, депутаттық корпустың және бүкіл қоғамның белсенді қол­дауы Елбасымыздың халық алдына қойған міндеттерді шешуге, сонымен қатар, ең алдымен тұр­ғындарымыздың әл-ауқатын жақ­сартуға, ауданымыздағы саяси жә­не экономикалық тұрақтылықты қам­-­тамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осының барлығының негізгі кепілі – жерлестеріміздің еңбексүйгіштігі, ауданымыздағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылық.

Алдағы жоспарларды жүзеге асы­ру әлеуметтік қауіпсіздік пен азаматтарымыздың әл-ауқатын арт­тыруға, аудандағы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту мен сақталуына мүмкіндік береді.

Өз баяндамамды Қазақстан Рес­публикасының Президенті Н.Ә. На­зарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы сөздермен аяқтағым келеді.

Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сі­ңіруге шақырамын. Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде же­теміз». Керемет айтылған сөздер. Баршамыз өз білімімізді, іс-тә­жі­ри­бемізді еліміздің болашағы үшін, балаларымыздың болашағы үшін жұм­сауымыз керек.

Е. Сәлімов,

Зырян ауданының Әкімі

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет