«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2015 жылдың 12 айында жүзеге асырылуы туралы анықтама



Дата29.02.2016
өлшемі30.57 Kb.
#29656
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының

2015 жылдың 12 айында жүзеге асырылуы туралы анықтама

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 997 адам қатысып, 996 әлеуметтік келісімшарт жасалынды. Оның ішінде 347-і жұмыссыздар, 649-ы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, 471-і ауылдық жерден. Бағдарламаға қатысушылардың 472-і 16-29 аралығындағы жастарды, 470-і әйелдерді құрап отыр.



Бағдарламаның бірінші бағыты–инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылға жобалар қарастырылмаған.

Бағдарламаның екінші бағыты-кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша Арал ауданы бойынша 2011 жылдан бастап 2015 жылдың 12 айына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағытына 462 адам қатысып (толығымен мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді), олармен 1131,2 млн. теңгеге әлеуметтік келісім шарт жасалынды.

Атап айтқанда 2012 жылдың басында 2011 жылдың қаржысы есебінен 16 адамға 35,0 млн. теңге, 2012 жылы, жылдың соңына дейін 74 адамға 157,5 млн. теңге, 2013 жылы 156 адамға 360,0 млн. теңге, 2014 жылы 173 адамға 461,9 млн. теңге және 2015 жылы несиеден қайтарылған қаржының есебінен 41 адамға 111,8 млн. теңге несие берілді. Оның ішінде: 2014 жылдың қаржысы есебінен 1 адамға 2,8млн. теңге және 2013-2014 жылдардың қаржысы есебінен қайтадан әлеуметтік келісім шарт жасасқандар 3 адам 9,0 млн. теңге.

2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін екінші бағыт бойынша несие алушылардың жалпы саны 462 адам. Несие алушылардың барлығы аудандық мемлекеттік кіріс басқармасына тіркелген. Несие алушылардан басқа 138 жаңа жұмыс орыны құрылды.

Сонымен қатар, орталық тарапынан қала, кент және ауылдық округ тұрғындарына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізу, ақпараттандыру және несие алушыларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.

Облыстық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына бағдарламаны насихаттау мақсатында 67 рет мақала жарияланды.

Бағдарламаның үшінші бағыты - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша кәсіптік даярлауға 2014 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызынан бастап бағдарламаға өтініш беруші 103 адам жолданып, 94 адамы 10 айлық курсты толық аяқтады. Бүгінгі күнге курс бітіруші 75 адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, жұмысқа орналасты. Кәсіптік оқуды жалғастырушыларға 23,404 млн. теңге жұмсалды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қаралған қаржы көлемі 3,563 млн теңге. (жоспар 25 адам).

Өтініш беруші 13 мекемемен келісім шарт жасалып, 37 адамға жолдама беріліп, 1 желтоқсанға жұмыстарын аяқтады.

Әлеуметтік жұмысқа қатысқан 52 адам (оның ішінде осы жылы қатысқаны 27 адам, 73 пайызы) тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруға бөлінген қаржы толығымен игерілді. МЗЖ-ы ай сайын уақытылы аударылып келеді.

Жастар тәжірибесіне қаралған қаржы 7,918 млн теңге (жоспар 37 адам) 71 мекеме-кәсіпорындарға жастар тәжірибесіне жолданған 137 жас маманның 110-ы тұрақты жұмысқа орналасты (биылғы жылдан 60 адам, 44 пайызы).

Жастар тәжірибесіне бөлінген қаржы толығымен иегерілді. МЗЖ-ның аударылуы 100 пайызға орындалып отыр.

Бағдарлама аясында 2011-2014 жылдары оқу курстарын бітірген 109 адамның 13-і жастар тәжірибесіне, 32-і тұрақты жұмысқа, өз бетінше жұмысқа орналасқандар -19 адам, барлығы 68 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Тұрақты жұмысқа орналаспасаған 41 адам дәлелді себептермен жұмысқа тұрғызуды қажет етпейді (қоныс аударған - 19 адам, жоғарғы оқу орындарына оқуға түскен -2 адам, әскер қатарында -2 адам, ұзақ мерзімде ем қабылдаушылар -2 адам, 2-адам бала күтімінде, жазбаша түрде жұмыстан бас тартқандар-14 адам). Қазіргі таңда жұмысқа орналастырды қажет ететіндер жоқ.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардан бағдарламаға 30 адам қатысты:

Әлеуметтік жұмыстарға - 1 адам,

Жастар тәжірибесіне - 3 адам,

Несие алған- 1 адам,

Орталыққа жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандардан – 25 адам.



Мекемелерден келіп түскен бос жұмыс орындары туралы мәліметке сәйкес бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 760 адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, жұмысқа орналасты.

Бағдарлама аясында 12 айда барлық жұмысқа орналасқаны 1214 адам (МЗЖ- аударылғаны 1067 адам, 88 пайыз), оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 1127 адам (МЗЖ –аударылғаны -961 адам, 85,3 пайыз). МЗЖ аударылмаған 147 адамның 147 адамның қараша, желтоқсан айында жұмысқа жолдама алып тұрақты жұмысқа орналасқандықтан МЗЖ-ы желтоқсан айының соңына дейін аударылады деп межелеп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет