Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жоғары оқу орны
ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ
Қарағанды 2016
КІРІСПЕ
Зияткерлік меншік саласында заңнаманы жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тез арада және тиімді коммерциялауды қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен құрастырылған ғылыми өнімді ілгері бастыруды реттейтін Қазақстандағы күші бар заңдар өздерінің негізгі міндетін орындады. Дәлірек айтқанда, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауды реттеу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру.
Осылайша, қазақстандық жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау бойынша бірініші рет заң жүзінде бекітілген мүмкіндіктер алды.
Бірақ, мысалы, Ресей Федерациясы ғалымдарына қарағанда іс жүзінде бұл мүмкіндіктер тежеушілік факторлары әсерінен жүзеге аспаған болып қалады: коммерциялау құралдары мен нақты механизмдердің жоқтығы, өнертабыс авторларына мемлекет тарапынан кепілдікті минималды сыйақы төлеудің жоқтығы, коммерциялауға септігін тигізуші тұлғалар үшін ынталандырманың болмауы.
Бұл кемшілікті толтыру үшін Қазақстан Республикасы ғылым Комитеті негізінде құрылған бастамашыл жұмысшы тобымен «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» ҚР Заң жобасы құрастырылды.
Бұл заңның негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен, оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен құрастырылатын технологияларды коммерциялық қолдануға ынталандыру.
Құрастырылған заң жобасының негізгі міндеттерінің бірі инновациялық қызметтің барлық қатысушыларының соңғы нәтижеге, яғни отандық ғалымдармен жасалынған жаңа ғылыми әзірлеу мен технологияларды іс жүзінде енгізуге деген қызығушылықтарының артуы болып табылады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨНЕРТАБЫСТЫ КОММЕРЦИЯЛАУ
17-қаңтар 2014 жылы қабылданған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және 11-қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бағдар жол» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларына сәйкес «Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн».
Елдің инновациялық белсенділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші тіркелген патент саны болып табылады.
Ұлттық зияткерлік меншік Институтының (ҰЗМИ) мәліметтеріне сәйкес 1992 жылдан 2015 жылға дейін өнертабысты қорғау құжатын алуға 37996 өтінім берілді. Талданып жатқан уақыт мерзімі ішінде ұлттық өнертапқыштардан 32692 өтінім берілді, ол жалпы санның 86%-ын құрайды, яғни шетел өнертапқыштарынан 5304 өтінім (14%) ұсынылды.
Қазақстан Республикасында аймақ бойынша ең жоғары өнертапқыштық белсенділік Алматы қаласында байқалады. Алматы өнертапқыштары едәуір бөлікті алады. Осылайша, 1992 жылдан 2015 жылға дейін бұл аудан өнертапқыштарынан 15692 өтінім (48%) келді.
Алматы өнертапқыштарынан кейін Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының өнертапқыштары орналасқан, олардың меншікті көрсеткіштері сәйкесінше 10%, 8%, 7% және 7%-ды құрайды.
Қазақстанның басқа өңірлері өнертапқыштық белсенділік деңгейі бойынша өнеркәсіптік меншік нарығына 5% дан төмен үлес қосады (1-сурет).
Бұл жағдай бостан-босқа қалыптасқан жоқ, себебі Алматы қаласы республика бойынша жалпы мөлшерден 46% ғылыми ұйымдар шоғырланған ғылыми орталық болып табылады. Сонымен, тек 2013 жылы ғылыми әзірлеумен 196 ұйымдар мен ғылыми зерттеу институттары айналысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы
7%
Павлодар облысы
3%
Қарағанды облысы
10%
Жамбыл облысы
5%
Шығыс Қазақстан облысы 8%
Астана қаласы
7%
Алматы қаласы
8%
Басқа өңірлер
12%
1-сурет. Өнертапқыштық белсенділік деңгейі
2015 жылы шетел өтініш берушілер тарапынан өнертабысты қорғау құжатын алуға 212 өтінім тапсырылды. Шетел патент иегерлері дүние жүзінің жетекші елдерінің өкілдері болып табылады.
Бұл біздің республикамызда экономиканың нақты секторы аз-аздап дамып келе жатқанын көрсетеді, нәтижесінде еліміздің инвестициялық тартымдылығы артады және Қазақстан аймағында шетел өтініш берушілерден патенттеуге қызығушылықтың артуы байқалады.
Италия
7%
Германия 14%
Швейцария 9%
Франция
5%
Украина 6%
АҚШ 30%
Басқа елдер 29%
2-сурет. 2015 ж. өнертабысты қорғау құжатын алуға шетел өтініш берушілер өтінімінің ел бойынша үлестірілуі
(«ҰЗМИ» РМК мәліметтері бойынша авторлармен құрастырылған)
Талдау бойынша 2015 жылы шетел өтінішкерлерден өнертабысқа өтінім беруде жетекші рөлді АҚШ (30%), Германии (14%), Швейцарии (9%) елдері алды.
Басқа елдерге, оның ішінде Италия, Франция, Украина, Япония, Корея, Нидерланды, Ұлыбритания, Индия мен Қытай елдеріне жалпы өтінім санынан сәйкесінше 7%-дан төмен үлес тиесілі.
Халықаралық патенттік жіктеуге сәйкес 2015 жылы өнертабысты қорғау құжатының ең көп мөлшері келесі бөлімдер бойынша берілді: «Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру» - 461 патент пен инновациялық патент, «Химия және металлургия» - 374, «Түрлі технологиялық процестер» - 205, «Механика, жарықтандыру, жылыту» -162 (3-сурет).
Электр көзі
4%
Физика
6%
Текстиль және қағаз 1%
Құрылыс және тау-кен ісі 9%
Механика, жарықтандыру, жылыту
11%
Түрлі технологиялық процестер
14%
Химия және металлургия
25%
Адамның тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру 30%
3-сурет. 2015 жылы берілген қорғау құжаттарын үлестіру
2015 жылғы ұлттық белсенді патент иегерлері арасында ХПЖ бөлімдері бойынша келесі заңды және жеке тұлғаларды қарастыруға болады:
-
«Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру»: Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы, Микробиология және вирусология институты, Takeda Pharmaceutical Company Limited (Япония), Abbott Laboratories (США), Bayer Pharma Aktiengesellschaft (Германия);
-
«Химия және металлургия»: Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы, BASF SE (Германия), Advanced Technologies (Cambridge), Limited (Ұлыбритания), Қазақстан Республикасы минералды шикізаттарын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтар, Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
-
«Түрлі технологиялық процестер»: Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты, А.Б.Бектуров атындағы химия ғылымдарының институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы минералды шикізаттарын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, IFP (Франция), GAUDFRIN (Франция);
-
«Механика, жарықтандыру, жылыту»: Н.С.Буктукова, О.К.Баялиева, М.Н.Комбарова, М.П.Булдакова, А.К.Нугербекова, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Инновациялық Еуразия университеті;
-
«Құрылыс, тау-кен ісі»: Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Жоғары технологиялар институты, Г.К.Мамытбекова, «АЛМАС» ғылыми-енгізу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ARCHON TECHNOLOGIES LTD (Канада), SCHLUMBERGER TECHNOLOGY B.V. (Голландия);
-
«Тоқыма және қағаз»: LG Electronics Inc. (Корея), «ИНОКС ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
-
«Физика»: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, М.А.Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты, Биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, Онкология және радиология Қазақ ғылыми зерттеу институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, SCHLUMBERGER TECHNOLOGY B.V. (Голландия), ТДВ Делавэр, Инк. (США);
-
«Электр көзі»: LG Electronics Inc. (Корея), Nokia Corporation (Финляндия), TURKCELL TEKNOLOJI ARASTIRMA & GELISTIRME ANONIM SIRKETI (Түркия).
Өкінішке орай, республикада өнертабыстың тек аз ғана бөлігі іс жүзінде жүзеге асады. Осыған орай, коммерциялық айналымға өнертабысты енгізу кезіндегі негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік берген сараптау сауалнамасын өткізу қажеттілігі туындады. Сауалнамаға Қазақстан Республикасының патенті бойынша сенімді өкілдері қатысты. Жауап берушілер өнертабысты, өнеркәсіптік үлгілер мен тиімді үлгілерді тіркеу кезінде пайда болатын кедергілерді белгіледі.
Зерттеу негізінде өнеркәсіптік меншіктің коммерциялау нысандарын жобалайтын ҚР дағы инновациялық бизнес мәселелері анықталды:
-
құқықтық сипаттағы: заңнамалық актілерде «инновация», «инновациялық қызмет» түсініктерінің болмауы; өнеркәсіптік меншік нысандарын заңсыз қолдану; контрафактілік өнімнің болуы;
-
инновациялық әзірлемелерді тіркеу мен сараптау кезінде: өнертапқыштардың заңнаманы білместігі; тіркеу мен қорғау құжатын сақтаудың жоғары тарифтері; өтінімді ұзақ мерзім ішінде қарастыру; тауарлық белгі мен қызмет көрсету белгілері бойынша іздестіру электрондық деректер қорының жоқтығы;
-
кадрлық сипаттағы: сарапшылар біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі (патенттік білімнің болмауы); нарықта инновацияны енгізуі мүмкін маркетинг, менеджмент саласындағы мамандардың жеткіліксіз саны; патенттік сауатсыздықты жоюға бағытталған кәсіпорындар, жоғары оқу орындар жетекшілерін міндетті түрде оқыту бағдарламаларының жоқтығы; патенттеу мен инновацияны нығайту бойынша кәсіпорындарда дербес қызметтің жоқтығы;
-
қаржылық сипаттағы: инновациялық әзірлемелерді мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіз деңгейі; құрал жабдыққа деген жоғары баж; кіріс салығы бойынша жеңілдіктердің болмауы; кіші инновациялық бизнеске минималды қажетсіну;
-
ақпараттық сипаттағы: инновациялық кәсіпорындар бойынша нақты деректердің болмауы; жаңа отандық және инновациялық әзірлемелер туралы ақпараттың аз мөлшерде болуы.
Көптеген өнертабыстар құқықтық қорғаудың кішкене бөлігін ғана қамтиды, бұл басқа тұлғаларға заң жүзінде процесс параметрлері мен құрылыс элементтерін бірнеше өзгертіп патентті айналып өтуге мүмкіндік береді. Бұл барша өтінішкерлерде өнертабысты ұсыну мен оның формуласын құрастырудың әдістемелік дағдысының жоқтығымен байланысты.
Өнертабысты патенттеу кезінде әдістемелік көмек көрсете алатын білгір мамандар техникалық жаңашылдық ашатын кәсіпорындарда әрқашан бола бермейді.
Халықаралық стандартқа сәйкес келетін патенттеу саласында кадрларды дайындау (заңгерлер, сарапшылар, экономисттер) мәселесі артып келеді. Сәйкес материалдық-әдістемелік база мен білікті профессорлық-оқытушы құрамына ие жоғары оқу орындарында патенттеу саласында мамандарды дайындау мәселесін шешу қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында келесі іс-шаралар енгізу қажет: өнеркәсіптік меншік нысандарын патенттеу процедурасын жаңғырту; зияткерлік меншік нысандарын қорғауды кеңейту мен нығайту; патенттік ақпараттық ресурстардың толық жүйесі мен патенттік қызмет инфрақұрылымының институционалдық негізін құру; өнертапқыштық және патенттік-лицензиялық қызметті жандандыру мен қолдау; жалған өнімдерден ішкі нарықты қорғауға жәрдемдесу мен өнеркәсіптік меншік нысандарын заңсыз қолдануды болдырмау бойынша іс-шараларды нығайту.
Қазақстанда ғылым мен бизнестің өзара әрекеттесуі бойынша құрылымдар әлдеқашан құрылып қызмет атқаруда. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау нәтижелері бойынща құрылымдар «ННТХ «Парасат» АҚ (Технологияны коммерциялау орталығы), Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Казагроинновация» АҚ (Технология мен коммерциялаудың трансферт орталығы), «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттілік» АҚ коммерциялау офисінде құрылған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі басқармасында Дүниежүзілік банкімен шарт жасасу шеңберінде «Технологияны коммерциялау орталығы» ЖШС ашылды.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-да барлық мүмкіншіліктер жасалынған және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялаудың таңдау еркіндігіне ие, бірақ жеткіліксіз тәжірибеге сәйкес іс жүзінде жобалар жүзеге аспаған болып табылады.
Ғылымды қаржыландыру мөлшерінің жыл сайын артуы мен елде 392 ғылыми кәсіпорындардың қызмет етуіне қарамастан ғылым әлі де экономикаға пайда алып келмейді. Құрастырылған әзірлемелер мен жаңа технологиялар бизнесте төмен сұранымға ие, ғылым мен өндіріс арасында ажыраулар бар.
Дерлік барлық ғылыми әзірлемелер зертханалық жағдайда тәжірибе жүргізумен аяқталады және тәжірибелік үлгіні құрастыруға дейін жетпейді. Сол мезетте инновацияны коммерциялау ғалымдар, өндіріс жұмыскерлері мен инвесторлар тартылуы қажет ғылыми әзірлемені дайын өнімге түрлендіру процесін ұйғарады.
Сондықтан Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 64 қадамында өндіріске инновацияны енгізу бойынша жұмысты қаржыландыру механизмін қарастыратын «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» заң әзірлеу міндеті қойылды. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» жаңа заң 2015 жылдың 31 қазан айында қабылданды.
Қазақстанның технологиялық дамыған елдерден айырмашылығы зерттеулер мен жасалымдардың мемлекеттік секторының жоғары үлесі, ғылымды қажетсінетін жекеше компаниялардың жоқтығы, инновацияға негізделген бизнестің баяу дамуы болып табылады.
Жаңа идеялар мен технологиялар авторы болатын ғалым білімнің ғылымды қажет ететін өнімге түрлену процесінің ең маңызды қатысушысы болып табылады. Қазіргі таңда жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-дің дерлік барлығында өнертабыс авторына қызметтік өнертабысты жасау мен қолдану үшін қосымша сыйақылар берілмейді, алайда Азаматтық Кодекста Қазақстан Республикасының Патент заңында мұндай сыйақыны алуға автор құқығы қарастырылған. Бірақ авторлық сыйақының минималды кепілдікті мөлшері және сыйақыны уақытында немесе мүлдем төлемеу кезінде жұмыс берушінің жауапкершілігі заң жүзінде бекітілмеген.
Сол шақта АҚШ та 1986 жылы Федералды технологияларды трансферлеу туралы Заңда өнертапқыштың минималды үлесі бекітілген, ол өнертабысқа айырықша құқықтарды жүзеге асыруда университетпен алынған кірістің жалпы мөлшерінен 15%-ды құрайды. Ресей Федерациясында жақында ғана 2014 жылдың 4 маусым айында өнеркәсіптік меншік нысандарын, яғни өнертабысты, пайдалы моделдер мен өнеркәсіптік үлгілерді жасау мен қолдану үшін авторлық сыйақылардың минималды мөлшері тіркелді.
Қызметтік өнертабысты құрастыру үшін авторға орташа айлықтың 30%-ы мөлшерінде көтермелеу сыйақы төленеді, пайдалы моделдер мен өнеркәсіптік үлгілерді құрастыру үшін – 20%.
Жеке өндірісте өнертабысты қолдану кезінде жұмыс беруші авторға орташа айлық көлемінде сыйақы төлеу қажет, лицензиялық шарт жасасу кезінде –лицензиялық төлемақы сомасынан 10%, шегінім шартын жасасу кезінде – шарт сомасынан 15%.
Еуропа елдерінде және АҚШ, Оңтүстік Корея, Япония елдерінде экономика деңгейі ғылыми әзірлемелерді енгізу деңгейіне тура тәуелді.
Салыстыру үшін — АҚШ-та бизнес үлесіне іргелі ғылымға шығынның 21,7%-ы тиесілі, 48,1% — қолданбалы ғылымға, 77,6% — ТҚЖ-ға. Сонымен қатар, мемлекет үлесіне іргелі ғылымға шығынның 53,2%-ы тиеді, 42,2% — қолданбалы ғылымға, 21,3% — ТҚЖ-ға.
Халықаралық тәжірибені талдау негізінде «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» ҚР заң жобасына қызметтік өнертабыстар мен зияткерлік меншіктің басқа да нысандарын құрастыру мен қолдану үшін авторлық сыйақыларды төлеу туралы бөлім енгізілді.
Осылай, зияткерлік меншіктің қызметтік нысандарын құрастыру үшін авторлық сыйақының минималды мөлшері берілген кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа айлық жалақысы ретінде белгіленеді.
Жеке өндірісте зияткерлік меншік нысандарын қолдану үшін – жұмыс берушінің жылдық кірісінің 15%-ы; лицензиялық шарт немесе шегінім шартын жасасу кезінде – шарт сомасынан 30%.
Ұсынылған заң авторлық сыйақының минималды кепілдікті мөлшерін бекітеді. Жоғары оқу орындары, ғылыми кәсіпорындар, өнеркәсіптік кәсіпорындар өзіндік ішкі нормативтік актілері негізінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторларына сыйақының одан да жоғары мөлшерін белгілеуі мүмкін.
Көптеген америкалық университеттер олармен лицензиялық келісімнен (заң жүзінде бекітілген минималды мөлшер – 15%) алынатын кірістің жалпы сомасының 25-30%-ы көлемінде авторлық сыйақыны белгілейді. Бірақ Қазақстанның көптеген кәсіпорында кездесетін ішкі нормативтік актілердің болмауы кезінде жұмыс беруші авторға заңмен бекітілген минималды сыйақыларды төлеуі қажет.
Заңның екінші маңызды жағдайы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау мен құрастыруға септігін тигізуші тұлғаларды қолдау болып табылады.
Мұнда, ең алдымен, жоғары оқу орындары мен аймақтық офистерде технологияларды коммерциялау, жоғары оқу орындарындағы патенттік лицензиялық қызметтер, ҒЗИ мен өнеркәсіптік кәсіпорындар туралы айтуға тура келеді. Олар тек зияткерлік меншік нысандарын анықтауда, ұсыну мен құқықтық қорғауда маңызды рөл ойнап қана қоймай, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау кезінде ғылым мен өнеркәсіп арасындағы байланыс көпірі болып табылады.
Технологияны коммерциялау офистерінің тиімді жұмысысыз экономиканың нақты сектор кәсіпорындарына ҒЗИ мен жоғары оқу орындарынан жаңа жасалымдар мен технологияларды тасымалдау мүмкін болмайды. Шетелде мұны бұрыннан ұғынып, әр университетте орташа қызметкерлер саны үлкен жоғары оқу орындары үшін 30-40 және шамалы жоғары оқу орындары үшін 10-20 болатын бөлімшелер құрастырылды.
Алғашқы 5-7 жыл ішінде технологияны коммерциялаудың барлық офистері өз университеттерін дотациялау кезеңінде қызмет атқарғанын, одан кейін өзін-өзі өтеушілікке шыққанын атап өткен жөн. Өзін өзі өтеушілік университет өнеркәсіптік кәсіпорындармен жасаған келісімі бойынша лицензиялық төлемақының жалпы мөлшерінің 10-15%-ын технологияларды коммерциялау офистеріне табыстау нәтижесінде іске асты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда технологияларды коммерциялау офистерінің қызметі ТДҰА-мен қуатталады, бірақ 2015 жылдан бастап қолдау бағдарламасы өз жұмысын тоқтатты. Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында технологияларды коммерциялау офистерінде 1-ден 4-ке дейін қызметкерлер жұмыс істейді, бұл шетел университеттеріне қарағанда сөзсіз жеткіліксіз. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша технологияларды коммерциялау бойынша қызметкерлердің жетіспеушілігі жуықтап алғанда 600 адамды құрайды. Ұсынылған заң жобасы интеллектуалдық зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерциялау мен құрастыруда ат салысқан тұлғаларға жеке өндірісте бұл нәтижелерді қолданудан жұмыс берушінің жылдық кірісінен 10%-дан кем емес мөлшерде және сыйақының максималды көлемін шектеусіз лицензиялық немесе шегінім шартынан 15%-дан кем емес мөлшерде сыйақы төлеуді қарастырады.
Сонымен, заңды қабылдау, бір жағынан, технологияларды коммерциялау офистері қызметкерлерінің соңғы нәтижеге деген қызығушылығын арттырады, екінші жағынан, оларды ұстауда жоғары оқу орындары мен бюджет шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Зияткерлік меншік нарығының дамуы экономиканың нақты сектор кәсіпорындарының, яғни ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін сатып алушылар мен тұтынушылардың белсенді қатысуысыз мүмкін емес. Мұнда біз зияткерлік меншік нарығын қалыптастырудың негізгі мәселесіне өтеміз, дәлірек айтқанда, жаңа отандық ғылыми әзірлемелерге экономиканың өндірістік секторы сұранымының жоқтығы және жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-да ашылатын зияткерлік шығармашылық қызметтің жаңа нәтижелерін практикалық қолдануда жоғары технологиялық компаниялардың төмен қызығушылық деңгейі.
Кәсіпорындар шетелден дайын технологиялар мен құрал жабдықтарды сатып алуды отандық зерттеулер мен жасалымдарға қаржы салудан артық көреді. Жаңа технологияларды енгізу мен аяғына дейін түзеу бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін, әрқашан да нақты белгіленбейтін қосымша шығындарды талап етеді және кәсіпорынға мезеттік пайда алып келмейді.
Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін жаңа отандық технологияларды аяғына дейін жеткізіп енгізуге дайын компаниялар үшін салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды қарастыру қажет.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» ҚР Заңының әзірленген жобасы келесі ұйымдар мен кәсіпорындармен алынған кірістерге салықтық жеңілдіктерді қарастырады:
-
Жеке өндірісте зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін пайдалану кезінде патент иегерлерінің ұйымдары үшін;
-
Лицензиялық келісім мен шегінім шартын жасасу кезінде патент иегерлерінің ұйымдары үшін;
-
Лицензиялық келісім немесе шегінім шарты бойынша зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын алған ұйымдар үшін;
-
Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (коммерциялау( үшін мемлекеттік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қатысуымен ашылған ұйымдар үшін (старт-ап компаниялар).
Осыған орай, қазіргі таңда ҒЗТҚЖ қаржыландыру құрылымын өзгерту (ғылыми зерттеулер түріне байланысты – іргелі, қолданбалы жасалымдар, соңғының артып түсуімен), қорлардың көзін кеңейту мен жекеше бизнесті тарту арқылы ғылымды қаржыландыру көлемін арттыру бойынша түбегейлі іс-шаралар қажет.
«Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі мақсаты — қаржыландыру көзіне тәуелсіз жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдармен құрастырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық қолдану бойынша бизнес-құрылымдар үшін ынталандырманы қалыптастыру арқылы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауды жүзеге асырумен байланысты әлеуметтік қатынастарды дамыту және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауды кепілдікті мемлекеттік қолдау мехнизмдерін реттеу үшін құқықтық негіздерді құрастыру.
Жаңа заң мақсаты ғылыми-техникалық және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерциялау болып табылады. Бұл құжаттың бас аспектісі — қазақстандық ғалымдарға өз нәтижелерін практикалық өндіріс пен коммерциялау кезеңіне дейін жеткізуге мүмкіндік беретін гранттар бөлу. Бұл мақсатта олармен 40 миллион доллар бөлінуде, оның 30 миллионы нақты коммерциялау бойынша жобаларға өтеді.
Бұдан басқа, ғалымдар потенциалын арттыру мен шетел мамандарымен бірге зерттеулер жүргізу үшін 10 млн. доллар сомасында қарыз бөлінеді.
Заңның екінші компонентіне жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар, бизнес пен мемлекет күштері біріктірілетін бір технологиялық жобаны шешу үшін технологиялық консорциумды құрастыру кіреді. Бұл жобаларға 35 млн АҚШ доллары бөлінді. Мұндай жобалар 5 жыл аралығында жүзеге асатын болады.
Жаңа заң шеңберінде республиканың инновациялық потенциал мониторингін жасайтын арнайы инновациялық обсерватория мен венчурлік фонд ашылатын болады. Технологияларды трансферттеу офисі, коммерциялау офисі мен делдалдық офисі даму сатысына өтетін болады.
Сондай ақ, бизнесті бірлесіп қаржыландырумен қоса бюджет қаражатын коммерциялаудың гранттық қаржыландыру жобалары және жоғары оқу орындарының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері авторларын қолдау іс-шаралары заңмен қарастырылады.
Жаңа заңда жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-да ҒТҚН коммерциялау орталықтарын дамыту бойынша нормалар енгізу; ҒТҚН енгізу мен ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыруда мемлекеттік сыңайлы секторы мен жеке кәсіпкерлікте субъектілерді ынталандыру; ҒТҚН коммерциялау процесіне барлық қатысушылар қызметін, оның ішінде мемлекеттік органдарды процестің соңғы нәтижесі бойынша, яғни енгізілген технологиялар саны мен оны енгізуден алынған экономикалық эффектісі бойынша бағалау нормаларын енгізу ұсынылады.
Жаңа заң міндеті коммерциялау процесінің барлық қатысушыларының соңғы нәтижеде қаржылық қызығушылығын арттыру, ғылымды коммерциялауды ЖОО мен ҒЗИ қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде анықтау, ЖОО мен ҒЗИ-да коммерциялау орталықтарын дамыту, ҒТҚН енгізу мен ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыруда мемлекеттік сыңайлы секторы мен жеке кәсіпкерлікте субъектілерді ынталандыру.
Қатысушылар тізімі, ғылыми әзірлемелерді коммерциялау механизмі, ғылыми қызметті қолдаудың мемлекеттік іс-шаралары заңмен бекітілді.
Егер зияткерлік меншік құқығы жоғары оқу орны мен ҒЗИ-ға тиесілі екендігі автор ғалым мен олар арасындағы шартпен бекітілген болған жағдайда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінде алынған зияткерлік меншік құқығы жоғары оқу орны мен ҒЗИ-ға тиесілі болатыны «Ғылым туралы» заңда бекітілген.
Сонымен, бірінші рет зияткерлік еңбек нәтижесіне авторлар құқығын қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндігі туындады. Осы тәртіпке негізделе отырып коммерциялау туралы жаңа заң автор құқығын авторлық сыйақы, пайда алуға бекітеді.
Заң мемлекет заңнамасын әрі қарай жандандыруға бағытталған: инвестиция саласында қолайлырақ инвестициялық жағдайды құру үшін; табиғи монополия саласында энергиялық қызмет көрсету нарығын дамыту үшін; туристтік салада Қазақстанның туризм индустриясын әрі қарай жүйелі түрде дамыту үшін; өнеркәсіп саласында өндірістік жобаларды жүзеге асыру мақсатында жоғары технологиялық шетел және отандық компанияларды тарту үшін; инновациялық кластерлер саласында ғылымды қажетсінетін экономиканы қалыптастыру мақсатында.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауды қамтамасыз ететін механизмдер мен құралдарды реттелемеуші бірыңғай заңнамалық актілерді қабылдау Қазақстанда келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
-
алынған нәтиже иегерлерінің құқықтарын бекіту және зияткерлік меншік нысанына берілетін құқықты қорғау кепілі;
-
ҒЗТҚЖ қаржыландыруға, нәтижелерді трансферттеу мен коммерциялауға бизнес-қауымдастықтарды тарту;
-
венчурлік капитал нарығын дамыту үшін құқықтық жағдайды қалыптастыру және «алғашқы» кезеңде инновациялық компанияларды қаржыландыру;
-
ғылыми іргелі, қолданбалы және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды (ТҚЖ басым) өткізуге жалпы ішкі шығындарды бөлу.
Берілген мәселелерді шешу үшін келесіні реттеу ұсынылады:
-
ғалым, ғылыми зерттеу институты, коммерциялау офисі немесе коммерциялауға жәрдемдесетін басқа делдал арасында түсетін пайда үлесін бекіту арқылы коммерциялау ынталандырмасының жүйесін қалыптастыру;
-
арнайы мәртебеге ие старт-ап компаниялар капиталында ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының қатысу жағдайын реттеу (мысалы, тіркеу, салық төлеу және басқа да бюджетке міндетті төлемдер кезінде);
-
құқықтық негізді қалыптастыру және коммерциялау бағдарламаларын жүзеге асыру мен коммерциялау процесінің қатысушыларына жәрдемдесу бойынша мемлекеттік агент ретінде қызмет атқаратын инфрақұрылымдық ұйымдар мәртебесін анықтау;
-
ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерциялау механизмдерін анықтау;
-
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау жобаларының аудит жүйесін енгізу.
Гранттық, бағдарламалық қаржыландырудан жүзеге асатын ғылыми зерттеулер шеңберінде алынған ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауда осы заңмен реттелген құқықтық қатынасқа мемлекеттік және басқа да сатып алуларды іске асыру тәртібіне ҚР заңнамасы бекіткен талаптары әсер етпейді. Технологияны коммерциялауда индустриялдық-инновациялық қызмет субъектілерінің жәрдемдесуі ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асады. Егер Қазақстанмен ратификацияланған халықаралық шартта басқа ережелер қабылданса, онда халықаралық шарт ережелері қолданылатын болады. Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау саласындағы мемлекет саясаты келесі принциптерге негізделген:
-
процеске қатысушылардың барлығының өзара әрекеттесуінің ашықтығы;
-
ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін алуға тартылған тұлғалар құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілі және кірісті бөлісу кепілі;
-
экономиканың басым секторларында ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауды экономикалық ынталандыру;
-
инновациялық даму институттары мен ғылым, білім, өндірісті біріктіру.
Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауда қатысатын тұлғалар:
-
ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет субъектілері;
-
жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері;
-
ҚР-да аккредиттелген шетел жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар;
-
стартап-компаниялар;
-
ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау орталықтары (офистері);
-
қызмет көрсету компаниялары;
-
технологиялық парктер;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауға инвестиция салатын заңды және жеке тұлғалар.
Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелеріне жеке және заңды тұлғалар құқықтарын қолдау келесі ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау механизмдері арқылы жүзеге асады:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелеріне лицензиялық шарт және (немесе) шегінім шарт жасасу;
2) стартап-компанияларды құрастыру;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін жеке өндірісте қолдану;
4) ҚР заңнамасымен қарастырылған басқа әдістер.
Берілген нормаларды енгізу жоғары оқу орындары мен ҒЗИ технологиялары мен әзірлемелеріне құқық алуға және жеке өндіріске енгізуге экономикалық қызығушылықты арттырады. Жалпы айтқанда, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» заңды қабылдау коммерциялау процесінің барлық қатысушыларының соңғы нәтижеге, яғни отандық ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өнеркәсіптік кәсіпорындарға және агроөнеркәсіптік кешенге практикалық енгізу мен шикізаттық экономикадан білімге негізделген экономикаға көшуді қамтамасыз етуге қызығушылықтың артуына алып келуі тиіс.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
Университет қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрылымдық жұмыс нәтижелерін пайдаланумен жоғары сыйымдылықты өндірісті құрастыру жоғары оқу орнының инновациялық дамуының бас мақсаттарының бірі болып табылады. Стартап компанияларды құруды көбінесе мемлекеттік және венчурлік фондтар мен дербес инвесторлар қолдайды. Алайда мемлекетіміз бен азаматтарымыз үшін сұрапыл заман кезінде ашылған бірнеше компаниялар бар. Бұл жалақы уақытында берілмейтін 90-жылдарда, ғалымдар өз жұмысын атқаруға өз бетімен қаражат іздеген кездерде университет қызметкерлерімен ашылған фирмалар. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетте мұндай компаниялар бірнешеу.
«Элат» фирмасы 1991 жылы құрылды. Фирманың негізгі қызметі кәсіпорындарға қызмет көрсету және электр қондырғысы мен автоматизация саласында өнеркәсіптік әзірлемелерді орындау болып табылады. «Элат» технологиялық процестерді автоматтандыру құралдары мен жүйелерін, микропроцессорлық құралдарды, электр жабдықтары мен ақпараттық технологияларды әзірлеу, дайындау мен енгізуде мамандандырылған.
Сонымен қатар, фирма күштік құрал жабдықтарды дайындау мен іске қосумен, автоматика мен электр қондырғысы саласында мамандар дайындау мен біліктілігін арттырумен айналысады. Фирмада құрастырылған зертханалық және практикалық кешендер Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында табысты пайдаланылады.
Фирма жетекшісі тех.ғыл,док., профессор И.В.Брейдо болып табылады. Фирмада көбінесе жоғары оқу орны қызметкерлері болып табылатын электр қондырғылар мен автоматизация саласындағы жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
«Элат» фирмасы ажыратылған нейтраль желілерінде экскаваторлар мен бұрғылау станоктардың электр жабдықтарын қорғау үшін пайдаланылатын РУ-2М-380 және РУ-2М -220 типті токтың шығып кетуінен қорғау аппараттарын құрастырып шығарады.
Берілген типті қорғау аппараты 1998 жылдан бастап «Богатырь» разрезінде табысты қолданылады, жоғары сенімділікке ие және Ресей мен Украинада шығарылатын ұқсас қызметті аспаптардан техникалық және пайдаланушылық сипаттары мен габаритімен асып түседі.
Мұндай аспаптарды шығаратын басқа өндірушілер Қазақстанда жоқ. «Элат» фирмасының өндірушілері аспапқа кепілдікті міндеттеме орындайды. Разрезде наразылықсыз РУ-2М аспабының 100 ден астамы пайдаланылады. Жалпы алғанда фирманың алғашқы жұмысынан бастап Қазақстан кәсіпорындары мен шетел серіктестеріне 500 ден астам аспаптар шығарылды.
Фирма қызметкерлерімен әрқашан өндірістік процестерді автоматтандыру мен энергетика саласында жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеу жүреді. 2011 жылы негізгі қызметі автоматтандырылған бақылау мен электрлік аралық станциялардың технологиялық параметрлерін визуализациялау болып табылатын «Қосалқы станциялар жұмысының режимін автоматты реттеу жүйесі (ҚСЖРАР) » атты жоба бойынша ҒЗТКЖ аяқталды.
ҚСЖРАР қызметі:
- SCADA-жүйеге шығумен әр фидердің тұтыну энергиясы мен кернеу, ток мониторингі;
- фидер қалпы, апаттық жағдай мен трансформаторлық май деңгейі мен температурасын анықтау;
- белгіленген мерзім ішінде тұтынылатын энергия трендісін бейнеге шығару;
- дерекқор форматында апаттық оқиғаны сақтау мен жазып алу;
- электр энергиясы параметрлерін бақылау, есепке алу мен бейнеге шығару орнатылған SCADA-жүйесімен диспетчерлік пунктіде жүзеге асады.
Бұл жүйе сынамалы жоба ретінде «ШұбаркөлКөмір» АҚ разрезінде енгізілді.
Техника ғылымдарының докторы, профессор Ю.А.Николаев жетекшілігімен негізгі мақсаты түрлі қызмет түріне арналған пневматикалық көтергіштерді құрастыру болып табылатын «Пневмоподъем» атты арнайы кәсіпорын ашылды.
Онымен скиптік пневматикалық көтергіштер теориясы, есептеу әдісі мен құрылымы әзірленді және Тәжірибелік зерттеулер орталығы мен зертхана ашылды. Скиптік пневматикалық көтеру әсіресе терең шахталар мен карьерлерден кен массасын жоғарыға шығару үшін арналған. Бұл қондырғыларды қолдану кен кәсіпорындарының өнімділігін біршама арттырады, күрделі қаржы жұмсалымы мен пайдаланушылық шығыныдарды төмендетеді және осыған орай игерілетін пайдалы қазбалардың өзіндік құнын төмендетеді.
Қарағанды ғалымының әлдеқашан белгілі өнертабысы пневмалифттер болып табылады. Пневмалифттер құрылыс пен ғимараттарда адам мен жүктерді көтеру үшін арналған, құрылым бойынша қарапайым, пайдалану бойынша сенімді, құрылыс жұмыстарын жүргізуді талап етпейді және ұқсас лифттерден (арқан, гидравликалық және т.б.) 2-3 есе арзан. Жүк көтергіштігі 110, 250 және 500 кг болатын пневматикалық көтергіштерді өндіру күрделі жабдықтануды талап етпейді және қосымша жарықтанусыз істегі жөндеу мен машина жасау зауыттарында орындалуы мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстан кәсіпорындары мен ұйымдарында жүкті пневмалифттердің түрлі жаңартулары құрастырылып шығарылады. Жолаушы түрленімді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Алайда өткен заманның 90-жылдары қалыптасқан компаниялар жоғары оқу орнында жалғыз емес. ҚР БҒМ мен «Технологияларды коммерциялау» ҚДДБ бірлескен бағдарламасы, Кіші ғылыми қызметкер тобы үшін бағдарлама бөлімі бойынша конкурстық іріктеу нәтижесінен құрылған «KazGeoScan» Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Жерді дистанциялық зондтау негізінде аймақ ауданы бойынша ауқымды жер бедерінің жағдайын аса нақты болжауды ұсыну бойынша қызмет көрсетеді. Жер бедері шөгуінің геомеханикалық есептеуі мен дүниежүзілік навигациялық GPS спутниктік жүйелердің өлшемдері арқылы жер үстіндегі бақылау қарастырылады. Соңғы нәтиже жер бедері жағдайының геоақпараттық үлгісін құрып талдауға мүмкіндік беретін инновациялық бағдарламалық өнім болып табылады.
Фирманың бастығы жас ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мозер Д.В. болып табылады.
Тағы бір едәуір жас кәсіпорын «MiningResearchGroup» ЖШС болып табылады. 2014 жылы «Технологияларды коммерциялау орталығы» ЖШС конкурстық іріктеу нәтижесінде компаниямен кен қазбаларын ұстау параметрлерін анықтау үшін ГАЖ концепциясын негіздеуге грант ұтып алынды.
MiningResearchGroup компаниясы ашық, аралас және жабық қазба жүйелері кезінде кен кәсіпорындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарады. Әр пайдалы қазбалардың кен орны ерекше және осы кен орнымен байланысты мәселелерді шешу үшін арнайы тәсілдемені талап етеді. Жинақталған дүниежүзілік тәжірибе мен замандас білімді қолдана отырып компания кен өндірісі мәселелерін шешуге жәрдемдеседі. Компанияда Қазақстан, Ресей, Украина және басқа елдердің жетекші ғалымдарымен бірлесе отырып геомеханика, геотехнология, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ең білікті мамандар жұмыс істейді. Компания ҚарМТУ қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Б. Бахтыбаев жетекшілішімен ашылды.
Аймақтың кен өндіру кәсіпорындарына MiningResearchGroup келесі қызмет көрсетеді:
- пайдалы қазбалардың жобаланған және игерілетін орнын кешенді геомеханикалық зерттеу;
- геофизикалық зерттеулерді өткізу;
- массивтің кернеу-деформациялық күйін сандық моделдеу;
- кен қазбаларының контур маңы массивтері жыныстарының ығысуын заттай қадағалауды ұйымдастыру;
- кен қазбалары тіреуіштері қалпының аудиті;
- кен қазбаларын бекіту бойынша технологиялық шешімдер әзірлеу;
- кен орнын аралас игеру кезінде кен қазбаларының беріктігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- кен қазбалары контур маңы массивінің кеуектілігі бойынша игерілетін кен орнын аудандастыру;
- тау кен өнеркәсібі саласында өнеркәсіптік қауіпсіздікті саралау;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу.
Бұл кәсіпорындар қызметі Университет қолдауысыз жүзеге аспайтындығын атап өткен жөн. Ғылыми техникалық базаны қолдану, жетекші мамандар мен ғалымдардың кеңес беруі мен практикалық көмегі – мұның бәрі компания жетістігін болжауға мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осылай, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» Заң отандық ғылыми саланың нәтижелілігін, инновацияны енгізу деңгейі мен экономика дамуының басым бағыттарында жоғары технологиялық өндірісті дамыту мақсатында құрастырылды.
Жаңа заңда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауға ынталандырудың мемлекеттік іс-шаралары анықталды. Сондай-ақ, бизнесті бірлесіп қаржыландыруды тартумен қоса бюджет қаражатынан коммерциялау жобаларын гранттық қаржыландыру қарастырылды. Заңда ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары мен коммерциялау орталықтарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторларын қолдау іс-шаралары бекітілді.
Жаңа заң өндіріске инновацияны енгізу бойынша қаржыландыру механизмдерінен тұрады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауды қамтамасыз ететін механизмдерді регламенттейтін жеке заңнамалық актіні қабылдау бірыңғай ережелерді енгізу мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау механизмдерін анықтауға; отандық технологиялар мен әзірлемелерді енгізуге бизнесті ынталандыруға; ЖОО мен ғылыми зерттеу институттарының инновациялық инфрақұрылым рөлін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау процесінің маңызды бөлігі ретінде нығайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, оның ойынша, жаңа заң ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау процесінің барлық қатысушыларының соңғы нәтижеге қаржылық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруға қысқа және орташа мерзімді кезеңде мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді. Гранттық қаржыландырудың жалпы көлемінен коммерциялауға грант бөлу жоспарланады. Жаңа заң ҒЗТҚЖ қаржыландыруды коммерциялаумен қоса 2050 жылға дейін ел ЖІӨ-нің 3%-ына дейін арттыруды қарастырады. Осылай, іргелі зерттеулерге 205 қаржыландыру көзделеді, қолданбалыға – 30% және коммерциалауға – 50%. Қазір қатынас мүлдем басқа: 70% - іргелі және қолданбалы зерттеулер, ал тәжірибелік-құрылымдық әзірлемелерге тек 20% тиесілі, осыдан нәтиженің жоқтығы байқалады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
-
«Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды құқықтық қамтамасыз ету және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» атты дөңгелек үстел // http://sc.edu.gov.kz – ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің ресми интернет-ресурсы.
-
Мамраева Д.Г., Ташенова Л.В. Патентная активность в Республике Казахстан: региональная дифференциация и основные проблемы // Инновации. — — № 6 (164). — С. 102-106.
-
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ресми сайты: http://kazpatent.kz
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жылғы 17 қаңтар // http://akorda.kz – Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бағдар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жылғы 11 қараша // http://akorda.kz - Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
-
Н.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам, 20 мамыр 2015 жыл.
-
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам», 2012 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |