Иондық теория тұргысынан химиялық реакция ұгымының
дамуы. Электролиттік диссоциациялау теориясы ѳтілгенге дейін химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру үшін оқушылар атом жэне молекула ұгымдарын пайдаланып келді. Химиялық реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазды. Бұл теңдеулер молекулалық құрылысы болмайтын заттар арасындағы реакциялардың мэнін нақтылы бейнелей алмады. Тұздар қатысатын алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайлары оқушыларға беймэлім күйінде қалды. Ерімейтін қышқылдардың жэне негіздердің эрекеттесулері, тұнбаның еру себептері түсіндірілмеді. Осылардың салдарынан оқушылар тэжірибеде жүзеге аспайтын реакциялардың химиялық теңдеулерін жазып келді.
Бұл олқылықтарды болдырмаудың негізгі жолы - алмасу реакцияларының иондық механизмін оқушылардың жете түсінуі. Иондық реакциялардың мэнін түсіндіретін теориялық кѳзқарастың негізгі ұғымдары: ион, катион, анион, ион алмасу, заттың иондық құрамы, нашар диссоциацияланатын зат, сатылап диссоциациялану, гидролиз, т.б. Бұл ^ымдарды саналы игеру нэтижесінде оқушылар мыналарды біліп алады:
Иондық жэне полюсті ковалентті байланысы бар заттар суда ерігенде иондар түзіледі. Иондар арасындағы химиялық реакциялар тұнба, газ жэне нашар диссоциацияланатын заттар түзеді.
Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі кестесіне қарап, тұнба түзілетінін және түзілмейтіні алдын ала болжауға болады. Ю.В. Ходаков (1988ж) оқулығында 10 анион мен
246
15 катионнан түзілетін қосылыстардың суда ерігіштігі берілген. Кестеден шығатын қорытынды: а) азот қышқылының қалдығы, яғни нитрат анион және ацетат анион 15 катионның ешқайсысымен түнба тұзбейді; ә) хлорид ион тек күміс (Ag^) және қорғасын (РЬ^^) катиондарымен түнба береді; б) сульфат анион барий катионымен (Ва^"^), иондар жеткіліқті мѳлшерде болса Ag^, Са^^, катиондарымен түнба түзеді; в) кремний қышқылы суда ерімейді, натрий жэне калий силикаттарынан басқа түздары түнбада жүреді; г) сульфид, сульфат, карбонат, фосфат аниондарының аммоний, натрий жэне калий катиондарынан басқа қосылыстары түнбаға түседі; ғ) негіздерден сілтілік жэне сілтілік жер металдары мен аммоний сілтілерінен басқалары суда ерімейді. Ерігіштік кестесін түсіну жэне қолдана білу иондық реакциялардың теңдеулерін сауатты жазуға жэрдемдеседі.
Түрақсыз қышқылдардың аниондарына (S'^, 80з'^, СОз'^) сутеғі катионы немесе гидроксоний ионы эсер еткенде газ түзіледі.
Нашар диссоциацияланатын заттарға су, элсіз қышқылдар
.мен негіздер жэне нашар еритін түздар жатады.
Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын білу кѳптеген реакциялардың бір механизммен жүретінін түсінуге жэрдемдеседі, мысалы:
H2SO4 + ВаСЬ = >lBaS04 + 2НС1
2Н' + S04^' + Ва^^ + 2СГ - і BaS04+ 2Н" + 2СГ S04^‘ + Ва^^= і BaS04
K2SO4 + Ва(МОз)2 = iB aS 04 + 2KNO3 S04-' + Ва^"= і BaS04
H2SO4 + Ва(0Н)2 = iB aS04 + 2Н2О S04^' + Ва^'= і BaS04
Келтірілген үш алмасу реакциясының мэні бірдей, барий катионы мен сульфат анионы ерітіндіде кездесіп, қышқылда ерімейтін түнба түзеді. Бүл реакция барий мен сульфат иондары бар кез-келген ерітіндіде жүзеге асады. Сондықтан барий катионы сульфат анионы үшін, ал сульфат анионы барий катионы үшін реактив болып табылады. Осы заңдылыкқа сүйеніп заттарды ажыратып танитын, сапалық қүрамын анықтайтын, т.б. эксперимент есептері шығарылады.
247
Оқушылар алмасу реакцияларының молекулалық, толық иондық жэне қысқаша иондық теңдеулерін жазып жаттығады. Натрий сульфиті мен тұз қышқылының арасындағы реақцияның теңдеулері:
молекулалық НагЗОз + 2НС1 =2NaCl + Н2О+ S02t
Толық иондық 2 N a4 SO /' + 2Н" +2d'=2Na^ + 2СГ + Н2О+ S02t
Қысқаша иондық 80з^’ + 2Н"^= Н2О+ S02t
Ерімейтін негіз, қышқыл жэне тұз қатысатын реакциялардың мэнін түсіндіруге жэне иондық теңдеулерін дұрыс жазуға баса назар аударғаны жѳн, мысалы:
а) іСи(ОН)2+2Н^ + S04^"= + S04^'+ 2Н2О
^Cu(OH) 2+2Н^ = + 2Н2О
э) ^Н28іОз +2N a4 20H =2NaV 8іОз^'+ 2Н2О 1Нг8іОз +20Н' =8іОз^'+ 2Н2О
б) 4^СаСОз +2Н^ +2Ш з ‘ = Са^Ч2НОз'+ 2H20+C02t
Достарыңызбен бөлісу: |