Химиялық элементтерді оқып, үйренудің әдістемелік
негадері. Орта мектептегі химия курсы мазмүнынын маңызды бѳлігін химиялық элементтер жэне олардың қосылыстары туралы білім қүрайды. Оқушыларды химиялық элементтермен таныстырғанда оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға қарай жылжитын аса маңызды неғіздері қолданылады. Осы негіздерге сәйқес элементтерді жэне олардың қосылыстарын оқып үйрену бірнеше кезеңде жүзеге асады: 1) жеке элемент жэне оның қосылыстарымен таныстьфу; 2) элементтердің табиғи топтары жонінде үғым қалыптастыру; 3) периодтық заң жэне периодтық жүйені оқыту; 4) периодты заңдылықтың негізінде элементтерді топ жэне топшалары бойынша қарастыру; 5) химиялық элементтер туралы білімді жинақтап қорыту.
Алғашқы химиялық үғымдардан кейін жеке элементтерден оттегі жэне сутегі индукциялық тэсілмен отіледі. Бүл элементтер кең таралған, қосылыстары оқушыларға табиғаттану, биология жэне физика курстарынан жақсы таныс. Оқушыларға оттегінің ауада кездесетіні, организмдер тыныс алғанда оттеғін сіңіріп, комірқышқыл газын шығаратыны, осімдіктердің фотосинтезі кезінде комірқышқыл ғазын сіңіріп, оттегін боліп шығаратыны, оттегінің алынуы, жануды Қолдайтыны жэне физикалық қасиеттері белгілі.
Мүның бэрі оттегінің жай зат түріндегі қасиеттері. Оқушылардың осы білетіндеріне қосымша оттегі жай затының
273
молекуласы оттегі элементінің екі атомынан түзілетші, элементтің
химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, қосылыстардағы валенггілігі, табигатта таралуы түсіндіріледі. Ауаның, судың жер қыртысының қүрамында, тірі организмдердің денесінде болатыны айтылады, күрделі заттар айырылганда алынатыны, тотыгу реакциясына қаіысып, оксидтер түзетіні талданады. Қасиетіне қарай жасанды тыныс алатын жерлерде (гарышта, су астында, медицинада), жануды күшейтуді қажеі ететін енеркэсіпте (металлургияда, химия заводтарында), пиротехникада қолданылуы сызбан.үсқа түрінде кѳрсетіледі.
Сѳйтіп химиялық элементпен алғашқы таныстыру мына жоспар бойынша жүзеге асырылады: а) химиялық таңбасы жэне салыстырмалы атомдық массасы; э) табигатта кездесуі; б) бос күйінде алынуы; в) жай затының қасиеттері; г) маңызды химиялық қосылысының қүрамы жэне қасиеттері; г) қосылыстарындағы валенттілігі; д) халық шаруашылыгындагы маңызы.
Осы жоспарға сэйкес оттегі мен сутегінің элемснттері оқылыи, олар түзетін маңызды қосылыстар су, оксидтер, қышқылдар, түздар жэне негіздер туралы білім беріледі. Бүл білім элементгерді оқып-үйренудің екінші кезеңіне негіз болады.
Екінші кезеңде озара ѳте үқсас химиялық элементтердің үш тобы - галогендер, сілтілік металдар және инертті газдар қарастырылады. Периодтық заңдылықты игеруге нақтылы әзірлік жасалады.
Үшінші кезеңде оқушылар барлық элементтердің басын біріктіретін, бірімен-бірін үштастыратын жалпы заңдылықпен танысады. Периодтық жүйеге орналастырылған химиялық элементтер арасындагы кѳлбеу, тік және қиғаш байланыстардың мэнін түсінеді. Элементтердің периодқа, қатарға, топқа жэне топшаға орналасуының негіздеріи, эрқайсысының ерекшеліктерін игереді. Химиялық элементгерді ашу жэне жіктеу дамылсыз жүзеге асып, ақырында периодтық заңның ашылғанын біледі. Табигаттың үлы заңын ашу үшін танымдық ой-ѳрісі кең, сіңісіп кеткен кертартпа пікірлерге батыл қарсы шығатын галым керек болғанын, Д.И.Менделеевтің осы талаптарға сай келгенін түсінетін дәрежеге кѳтеріледі. Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң, сондай - ак периодтық жүйе химиялық элементгерді жэне оларды оқып-үйренудің теориялық негізіне айналады.
274
Тертінші кезеңде 8 - 9 сьшыптарда топ жэне топшалар бойынша оқылады. Алдымен III - IV негізгі топшаларда орналасқан бейметалдар, содан соң металдардың жалпы қасиеттері, I - III негізгі топшаның металдары, соңында қосымша топшаларда орналасқан металдар ѳтіледі.
Элементтерді оқып-үйрену дедуктивтік сипат алады. Топтың, содан кейін топшаның сипатгамасы талданып, солардың негізінде жеке элементтер қарастырылады. Қисынды тэсілдердің талдау жэне біріктіру, салыстыру, ұқсастыгы мен айырмашылығын табу, т.б. маңызы артады.
Химиялық элементтер түзетін қосылыстардың кѳп түрлілігі, олардың құрылысы мен қасиеттерінің, қасиеттері мен қолданылуының арасындағы себеп-салдар байланыстары, элементтер қосылыстары қасиеттерінің ѳзгеруінде санның сапаға ауысуы нақтылы мысалдармен кѳрсетіледі.
Химиялық эксперименттің танымдық мэні күшейеді. Эксперименттің алуан түрлері, жеке тэжірибелер окушылардың ѳздері жасаған жорамалдарын сынау үшін қойылады.
Периодтық заң жэне периодтық жүйе ѳтілгеннен кейін элементтерді жэне олардың қосылыстарын оқып, үйренудің жоспары ѳзгереді.
Элементтің периодтық жүйедегі орнын сипаттау: химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, рет нѳмірі, периоды, тобы жэне топшасы.
Атомының құрылысы: сызбанұсқа сызу, атом құрылысының электрондық жэне графикалық формулаларын жазу. Элемент атомының тотығу дэрежелерін анықтау.
Элементтің ашылу тарихы.
Элемент түзетін жай затының құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы, табиғатта кездесуі.
Элемент түзетін химиялық қосылыстардың құрамы, түрлері, қасиеттері, қолданылуы.
Элементтің табиғатта таралуы.
Бұл жоспар элементтерді топшалары бойынша оқып, үйренгенде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |