Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдер. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылган міндеттердің ѳзгеруіне сэйкес химия пэнінің мазмұны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырды.
1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз-бұл бағдарламаларда эр сыныпта отілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмұны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мұғалімнің озі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың омір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, оздігінен істейтін сарамандық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай құрылды. Профессор П.П. Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мэні мойындалмады, оны тэжірбиеден оқушылардың оздері қорытып шығаруға тиісті болды.
1923 жылы қабылданған жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пэндерді біріктіретін “табиғат” , “еңбек”, “қоғам” деген құрама тақырыптар енғізілді. Соларга сэйкес ондіріс жэне ондірістік эрекеттерді жондеп түсінбеді, білімнің сапасы да томендеп кетті.
Оқу пэндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бұрмалаушылық-тарды түзетуде ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы тамыздагы “Бастауыш жэне орта мектептегі оқу бағдарламалары мен, тэртібі” туралы қаулысының маңызы зор болды. Бұл қаулыда жалпы білім беретін пэндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пэнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н. Верховский басқарған комиссия химияның тұрақты бағдарламасын ұсынды.
Бұл бағдарлама жүйелілікке, ұғымдардың үздіксіз дамуына, политенизхмғе, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп құрылды. Химияның неғізғі ұғымдары мен заңдарының анықтамалары тэжірибе жүзінде отілген деректі материалдардың
30
негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия ғылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.
Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама ұстанымы - химиялық заттар бір-бірімен тығыз байланысты үғымдар жүйесінен түрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмүнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биоорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу - тәрбиелік маңызы зор. Мүны томендегі берілген жаңа бағдарлама мазмүнынан айқын кѳруімізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |