Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту.
Білім жэне тэрбие берумен бірге химияны оқытудың тағы бір аса маңызды міндеті - оқушылардың ақыл-ойын дамыту.
Педагогикалық теориялардың тұрғысынан қарағанда дамыту оқыту деңгейінің жэне қарқынының котеріңкі болуына, соларга сэйкес оқушылардың таным эрекетінің белсенділігіне тэуелді болады. Мұның мәнісі- оқушылардың білім алудағы «ең таяу биіғі» корініп тұруы, оған жету жолында бойына біткен қабілеті мен күш-жігерін аямай, еңбек істеуі тиіс деген соз.
Психологиялық жағынан алғанда дамыту білімді игеру мен жаңғырту, таныс жэне жаңа жағдайда қолдана білу, логикалық ойлануды қалыптастыру болып табылады.
Эдістемелік эдебиеттерде оқушылардың дамуы химиялық білімнің мазмұнына байланысты химиялық эксперимент жасағанда, сан жэне сапа есептерін шығарғанда жэне мэселелерді оқыту кезінде жүзеге асатыны баяндалган
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды қамтамасыз етуде теориялар мен заңдардың маңызы зор. Ю.В.Ходаковтың еңбегінде (заттардың құрылысы жэне химиялық құбылыстар туралы неғізгі ұғымдарды қалыптастыру барысында) оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың мазмұнына мыналар жатқызылады: бақылаған нәрселерін салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білу; нэрсені ой жүзінде жеке боліктерге жіктеу (анализ), оларды қайтадан біріктіру (синтез) арқылы нэрсенің тұтас күйін жэне жеке боліктерінің арасындағы байланысты танып білу, нэрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, боле білу; бақылаулардан жэне жеке деректерден тиісті қорытынды жасап, дұрыстығын тексере білу; оз ойының дұрыстығын дәлелдеп, жалған болжамдарды теріске шығара білу; оз ойын анық, жүйелі жэне нанымды баяндауғатүйрену.
М.В.Зуева бұл ойлау тэсілдерін эдістемелік жағынан жүзеге асырудың мэселелерін нақты мысалдармен талдады.
23
Оқушылардың ақыл-ойы білім мен білікті игеру барысында дамиды. Жеке сыныптар бойынша теориялық жэне деректі материалдардан, химиялық тілден, химиялық эксперимент жасаудан, сан есептерін шыгарудан қалыптасатын білім мен біліктердің тізбѳгі мемлекеттік багдарламада корсетілген.
Оқушылардың ой-орісі алган білімнің мазмұны мен аукымынан, іске жарата білуінен айқын корінеді. Мұның үш деңгейі бар. Бірінщі деңгейі - алған білімді еске түсіріп жаңғырту. Бүл білімді мүқият қабылдап, жадында үстай білуінен аңгарылады. Екінші деңгейі - алған білімді оның қалыптасуына үқсас жағдайда қолдана білу. Мүнда білімді қайта жаңгырта отырып, тасымалдау және іске жарату жүзеге асады. Үшінші деңгейі - алган білімді бүрын кездеспеген жаңа жағдайда қолдана білу. Бүл жаңа жағдайды бүрынгымен жақындастыратын, байланыстарды ашатын ойлау тэсілдерін жүзеге асыруды қажет етеді.
Білі.м алу мен оны қолдану үрдісінде жүзеге асатын ойлау тәсілдері: салыстыру, анализ, синтез, жіктеу, жүйеге түсіру, себеп-. салдар байланысын ашу, қорыту және жалпылау. Бүл бір-бірімен үштасып, жүзеге асырылғанда ақыл-ой эрекетінің негізгі тәсілдері деп аталады. Мәселен, нэрселер мен қүбылыстарды салыстырудан қорытынды жасалады. Жалпылау кезінде елеулі белгілері таңдалып, жүйеге түсіріледі, қорытынды жасалып, мысалдармен нақтыланады. Қорытындылауда себеп-салдар байланысы, жіктелуі, жеке боліктерінің арасындагы озара байланысы ашылады.
Оқушылардың ақыл-ой эрекетін қалыптастыру химияның алгашқы сабақтарынан басталып, біртіндеп дамытылады. Ол үшін эр тақырыпқа лайық сүрақтар, жаттыгулар мен тапсырмалар
эзірленеді.Осы орайда білімді бір жүйеге келтіру жэне қорытындылау сабақтарының маңызы зор. Бүл сабақтарда ақыл-ой әрекетінің айтылған тэсілдерін қолдану арқылы оқушылар материалды жаңа қырынан коруге үйренеді, жеке боліктерінің арасындағы озара байланысын тауып, алган білімді қолдана білуге дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |