\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев



бет10/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
Нұғманұлы учебник

Бақылау сүрақтары



  1. Педагогикадан алған білімдеріңізге сүйеніп, орта мектепте оку пэндерінің атқаратын қызметін айтып беріңіздер.



24

  1. Химиядан орта білімнің жеке боліктерін сипаттаңыздар.




  1. Ғылыми козқарас қалыптастыруды қалай түсінесіз, оның деңгейлері туралы білетініңізді еске түсіріңіз.




  1. Диалектикалық материализмнің заңдары мен категорияларының жалпы сипаты болатынын дэлелдейтін химиялық мысалдар келтіріңіз.




  1. Химияны оқыту барысында тэрбие беру мәселелерін қалай түсінесіз?




  1. Химияны оқыту барысында оқушылардың дамуы қалай жүзеге асады?

3- тарау. ОРТА М ЕКТЕПТЕП ХИМИЯ КУРСЫНЫҢ МАЗМУНЫ МЕН ҚҰРЫ ЛЫ СЫ




Химия курсының мазмүнын таңдауга жэне оцытуга қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмүны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады жэне оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, кѳрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.

Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен козқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мэліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бүрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дүрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.


Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал отілгенді ескеріп беріледі де, озі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі үғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар жэне химиялық реакциялар туралы үғымдар жүйесіне біріктіреді.


Түсініктілігі. Бүл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы кѳлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым тѳмендетіп жіберсе, бүрмалаушылыққа әкеліп соғады.



25

Оқушылар химиялық қосылыс жэне қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер отіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жонінен химиялық қосылысқа (еріген зат жэне еріткіш болшектерінің озара эрекетессуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды.

Саналылық жэне белсенділік негізі - оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың кѳздерін жеткізіп, оздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.


Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу торкінін, химиялық символиканың мэні мен мағынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен құбылыстарды елестете білуі керек. Мұның озі оқушылар білімінің жаттанды жэне үстірт болмауын қамтамасыз етеді.


Кѳрнекілік принципі - дидактикалнық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының, ондірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәріиде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, эр корнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.


Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл - оқушылардың гылым негіздерінен алған білімін омірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеғе асады, политехникалық білім беру мэселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың ондіріске енғізілуін, ал химия онеркэсібініқ қажеттілігі ғылымнық дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жон. Мэселен откен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан ѳндіру, оқ-дэрі жасайтын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мэселесі қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе-теңдікті қалаған жағына қарай





26

ығыстыру шарттары, эрекетті жүзеге асыру қүралдары мен негіздері жан-жақты зерттелді.
Сѳз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алған теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бүл есептер омірде, табигатта, зертханаларда және ондірісте жиі кездесетін қүбылыстарға негізделіп қүрастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет