\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Сабақтар жүйесін жетілдіру



бет64/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162
Нұғманұлы учебник

Сабақтар жүйесін жетілдіру. Химиядан сынып-сабақ жүйесінің эдістемелік эдебиетерде кобірек талданған, мектеп сарамандығында жиі қолданатын мәселелері баяндалады. Бүл жүйе оқушыларға жоғарғы оқу орындарында білім алуға, тікелей сарамандық істерге араласуға мүмкіндік тудырады.

Дегенмен сынып - сабақ жүйесінің бірқатар кемшіліктері де байқалып жүр. Сабақтың негізгі сипаттамалары біркелкі қайталанып, оқушылардың ьштасын азайтады. Біртүтас тақырыпқа және сабақтарға майдаланып олардың арасындағы мағыналық байланысын оқушылар жеткілкті түсіне алмайды. Эр сабақта барлық оқушынын білімін мүқият тексеруге уақыт жетіспейді. Жаңа білім мүғалімнің қызметі арқылы жүзеге асырылып, оқушылар оқи білуге жан-жақты үйретілмейді, сондықтан олар оздігінен үздіксіз білім алуда дэрменсіздік корстеді.


Сынып - сабақ жүйесін жетілдіру саласында үмтылыстар,мен ізденулер аз емес. Мұғалімдерге арналған жеке сабақтардың әдістемесін талдайтын кѳптеген қүралдар жарық корді. Жетпісінші





148

жылдардан бастап бұл игілікті іске химия пэнінің мұгалімдері белсене араласты, солардың бірі - Одесса қаласындағы химия пэнінің мұғалімі Н.П.Гузик. Ол химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың дэріс-семинар жүйесінің мына бағыттарын ұсынып, олардың тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп берді: оқу материалын біріктіріп беру; оқудың деңгейін тиімді анықтау; оқу материалдарын игерудің сапасы мен тереңдігін ұдайы жэне бірнеше рет бақылау, оқи білу тэсілдерін жүйелі үйрету. Осы бағдарламаға сэйкес Н.П.Гузик сабақ жүйесінің типіне, құрылымына жэне эдістеріне елеулі ѳзгерістер енгізді. Жеке тақырыптар бойынша бес типке жататын сабақтар ѳткізді:



  1. тақырыпты жалпы талдау жэне зерттеу сабақтары (шартты түрде дәріс сабақтары деп аталады);




  1. аралас семинар сабақтары (оку материалы бойынша жеке дара жұмыс);




  1. білімді қорытындылау жэне жүйеге келтіру сабақтары

(тақырыптық (білімін есепке алу) зачеттар);



  1. материалды пэнаралық қорыту сабақтары (тақырыптық тапсырмаларды қорғау);

    1. сарамандық сұрақтар.

Айтылган жүйеге сэйкес “Электролиттік диссоциациялану” тақырыбына 8 тақырыпты жалпы талдау жэне зерттеу сабақтары, 9 семинар сабағы, 3 тақырыптық білімін есепке алу, яғни зачет, 1 тақырыптык тапсырманы қорғау жэне 1 сарамандық сабақ ѳткізіледі.


Гақырыпты жалпы талдау сабақтарында заттар мен құбылыстарды түсінуге негіз болатын заңдар мен теориялық кѳзкарастар біріккен түрде қарастырылады. Мысалы, тақырыптың бірінші сабағында электролит жэне бейэлектролиттер, электролиттік диссоциациялану, иондар гидратациясы, тұздар мен негіздер диссоциациялануының механизмі ѳтіледі. Бұл дэстүрлі эдіс бойынша үш сабақта ѳтілетін материал. Бұлай біріктіру мэселені тұтасынан алып қарауға, себеп-салдар байланысын ашуға мүмкіндік береді. Бос уақытын оқушылар ѳздіғінен білім алуға жұмсайды.


Аралас семинар сабақтарында оқушылар салаланған жеке тапсырмалар бойынша ѳздігінен жұмыс істейді. Бірінші тапсырма (А) зерттеу, екінші тапсырма (В) іздеу, үшінші тапсырма (С) қайта жаңғырту (еске сақтағаны бойынша) эдістерімен жұмыс істеуге лайықтап құрылған. Тапсырманың қайсысымен жұмыс істеуді оқушының езі таңдап алады.



149

Оқушылардың білімі үш бақылаудан ѳтеді. Бірінші бақылау тақырыпты жалпы талдау сабақтарында, екінші бақылау семинарда, үшінші бақылау тақырыптық есепке алу, яғни зачет сабақтарында жүзеге асырылады. Үш бақылау арқылы оқушының білімі мен білігі женінде толық және ақиқат мағлүматтар алынады.

Оқушыларды оқи білуге үйрету үшін ѳздігінен жүмыс істейтін жеңілдететін әдістемелік нүсқаулар беріледі. Оларды оқушылар семинар сабақтары кезінде пайдаланады. »


Ѳзіндік әдістемелік жүйе жасаған жаңашыл мүғалімдердің тэжірибесі химияны оқыту әдістемесін байыта түседі, эріптестеріне жол - жоба корсетеді. Бірақ ең озық тәжірибені де мүғалім озінің, оқушылардың жэне жүмыс істейтін мектебінің ерекшелігіне қарай ыңғайластырып, шығармашылықпен пайдаланбаса, күткен нэтижеге жеткізбейтінін есте үстаған жон.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет