Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Тақырып 1.5. Критериалды бағалау жүйесі педагогикалық технология ретінде



бет117/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Тақырып 1.5. Критериалды бағалау жүйесі педагогикалық технология ретінде.
Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау құралдары.

Академиялық дербестік кезінде ТжКББ ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:


- біліктілік емтиханы-теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткіліктілігін объективті анықтауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін тағайындауға мүмкіндік беретін рәсім;
- біліктілік комиссиясы-техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді игеру қорытындылары бойынша жұмыс біліктілігін беру рәсімін жүргізу үшін құрылатын алқалы орган;
- білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнінің, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеу аяқталғаннан кейін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
- білім алушыларды қорытынды аттестаттау-олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
- білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау-пәннің және (немесе) модульдің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың білімін жүйелі тексеру;
- дипломдық жұмыс (жоба) - білікті жұмысшылар мен орта буын, қолданбалы бакалаврлар мамандарын даярлау бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің бітіру біліктілік жұмысы, өзіндік шығармашылық жұмысы;
- қорытынды аттестаттау комиссиясы-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлегін қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін құрылатын алқалы орган.
- оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі-халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін баллдардағы оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу нысандарын оқу материалының мақсатын, мазмұнын ескере отырып, педагог айқындайды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау курстық жобаларды (жұмыстарды), практика бойынша есептерді, сынақтар мен емтихандарды қорғау нысанында оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте сынақтар мен курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін жүргізіледі.
Емтихан нысанында білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу үшін:
1) емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары, ахуалдық тапсырмалар;
2) емтиханда пайдалануға рұқсат етілген Көрнекі құралдар, анықтамалық сипаттағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
3) оқу және технологиялық карталар;
4) спорт залы, жабдықтар;
5) емтихан ведомосы.
Блум таксономиясы бойынша бағалау парағының ұсынылған нысаны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет