Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет86/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

S (Specific) - нақты: мақсат нақты тұжырымдалу керек. Әйтпесе, нәтиже жоспарланғаннан мүлде басқаша болып, ескі әзілдегідей болып шығады: «зиянкестермен күресті күшейту үшін Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір шегірткеге 1 юань төленетінін жариялады. Қазір барлық шаруалар шегірткелер өсіруде...»
М (Measurable)өлшенетін: егер мақсаттың өлшенетін параметрлері болмаса, онда нәтижеге қол жеткізілгенін анықтау мүмкін болмайды. Мақсаттың өлшенетіндігі мақсатқа қол жеткізілген-жетпегенін және қандай дәрежеде екенін анықтайтын критерийлердің (өлшемдердің) болуын білдіреді.
A (Achievable)қол жеткізуге болады: мақсаттар кейбір мәселелерді шешуге ынталандыру ретінде пайдаланылады және осылайша табысқа жету арқылы әрі қарай алға жылжиды. Бұл өте күрделі мақсаттар қоюға тұрарлық (күш-жігерді қажет етеді), бірақ сонымен бірге олар қол жетімді болуы керек.
R (Realistic)нәтижеге бағытталған: мақсаттар орындалған жұмыс санына емес, нәтижеге қарай сипатталуы керек.
T (Time-based)шектеулі уақыт: мақсат белгілі бір уақыт өлшемінде орындалуға тиіс (сабақ – 45 минут, семестр немесе курс).


3. Pre-Assessment (Алдын ала бағалау)
Оқушылардың осы тақырып бойынша не білетінін анықтау.
Топтық талқылау/миға шабуыл мүмкіндігі: «Сіз ... туралы не білесіз?» Оқытушылар оқу үшін маңызды себептер бойынша бар білімді алдын ала бағалайды:
1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
2. Оқушыларға өз білімдері мен қызығушылықтарын бөлісуге көмектесу;
3. Оқушылардың білімдеріне сәйкес сабақ жоспарын дайындау, қажет болған жағдайда түзету;
4. Басқаларға үлгі/ақпарат көзі бола алатын белсенді студенттерді анықтау;
5. Тақырып бойынша оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау.
Пәннің оқу бағдарламасын әзірлеу деңгейінде және сабақта бар білімді алдын ала бағалау оқытушының маңызды міндеті болып табылады. Алдын ала бағалау үшін аралас әдістерді қолдануға болады, атап айтқанда: алдын ала тестілеу, сұхбат, жетекшілермен кеңесу, қатысушылардың өзін-өзі бағалау. Бұл қадам BOPPPS үлгісінде көпірлер салу және күтілетін нәтижелерді көрсетуден кейін логикалық түрде орындалады. Алдын ала бағалау сабақтың басында немесе жаңа мазмұнға өту кезінде пайдалы болуы мүмкін.

Кесте 3. Алдын ала бағалаудың басқа әдістері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет