Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет85/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Күтілетін нәтиже – бұл оқушылардың сабақты аяқтағаннан кейін не істей алатынын анықтайтын тұжырымдар, яғни оқушы қандай нәтижеге қол жеткізетінін немесе алған білімдері мен дағдыларын көрсету үшін қандай тапсырмаларды орындайтынын көрсетеді.
Сабақтың күтілетін нәтижесі нақты болуы керек, оған қол жеткізу құралдарын көрсетіп, нақты дидактикалық тапсырмаларға көшуі керек. Күтілетін нәтиже келесі тармақтарды қамтитын бір сөйлем ретінде жазылады:
- Кім (әрдайым студент);
- Не істейтін болады (білім мен дағды деңгейін анықтау үшін әрекет);
- Қандай жағдайларда;
- Қаншалықты жақсы (стандартты немесе өнімділік критерийлері).
Мақсатты/күтілетін нәтижені қою кезінде дұрыс етістіктерді таңдау өте маңызды. Олар нақты және өлшенетін болуы керек. Қойылған мақсаттарға жету үшін мінез-құлық немесе іс-әрекетті тұжырымдау әрекет етістіктерін қамтуы керек (мысалы, «түсіну» емес, бір нәрсені «түсіндіру»). Белгісіз етістіктерден аулақ болу керек, мысалы, бағала, таныс, түсін, үйрен, т.б.
Мысалы: Бум жүйесіне сәйкес когнитивтік аймақтың элементтерін тізімдеңіз
Төмендегі кестеде деңгей бойынша әрекет етістерінің үлгі тізімі берілген.

Кесте 2. Оқытудың күтілетін нәтижелері: деңгей бойынша топтастырылған әрекет етістіктері



Деңгей

Етістіктер

Бастаушы

Тізу атау таңдау көрсету қалыптастыру анықтау таңдау жіктеу тыңдау сұрау жүйелеу қолдану тану көру аудару белгілеу жылжыту



Жалғастырушы

Қолдану түсіндіру ажырату талқылау дайындау салу көшіру сызу көмектесу орындау ұсыну зерттеу жинақтау орындау бөлу көрсету үлес қосу

Тереңдетілген

Талдау салыстыру сынау жоспарлау белсендіру өлшеу құру құрастыру дәлелдеу бастау нақтылау шақыру ұсыныс

Сарапшы

бағалау құрастыру жасау қалыптастыру ұйымдастыру бейімдеу біріктіру жобалау қорғау әсер ету өндіру қайталау шешу

Екіншіден, шарттар – тапсырмаға қажетті параметрлерді, яғни тапсырманы орындау шарттарын анықтайды. Мысалы: анықтамалық материалдарсыз/алдын ала дайындықсыз және қажетті құралдар болған кезде.


Үшіншіден, критерийлер оқытудың күтілетін біліктілік нәтижесін анықтайды. Мысалы: барлық алты элементті дұрыс ретпен көрсетіңіз.
Жалпы мақсат/күтілетін нәтиженің мысалы келесідей болуы мүмкін:
Екі академиялық сағаттың соңында студенттер күнделікті тұрмыстық заттарды пайдалана отырып, термодинамиканың екінші заңын түсіндіре алады.

Құзыреттілікке бағытталған мақсаттарды қоюдың бір әдісі - SMART критерийлерін қолдану.


SMART – бұл «дұрыс» мақсаттарды қоюдың бес маңызды критерийін есте сақтауға көмектесетін аббревиатура (ағылшын тіліндегі бес сөздің бірінші әріптеріне сәйкес):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет