Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету



бет93/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының қағидаттары ретінде, басқалармен қатар:

ҚР Білім беру саласындағы заңнамамен бекітілген:
- Мемлекет ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарға (балаларға) олардың өзін-өзі жетілдіруіне, білім берудің барлық деңгейлерінде өмір бойы оқуын жалғастыруына, олардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру жүйесі берген шекте білім алу нысанын таңдау құқығын беруді қоса алғанда, олардың қабілеттерінің еркін дамуына жағдай жасайды. [1, 2 тарау, 6 бап];
- баланың тұрғылықты жері бойынша, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін мектепте оқу құқығы [1, 5-тарау, 26-бап, 2-тармақ].
Қызмет көрсетілетін аумақта тұратын балаларға тиісті білім беру ұйымына қабылдаудан бас тартуға болмайды;
- білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде балалардың оқуға құқығы [7];
- білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігі.
Білім беру ұйымы оқу процесінде қандай да бір себептер салдарынан оқуда қиындық көріп жүрген және олардың нәтижесі ретінде – қанағаттандырылуы қажет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әрқашан болу фактісін қабылдауға тиіс.
Ерекше білім беру қажеттіліктері - бұл әр оқушының оқудағы жетістігін қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу процесінде көмек пен қызметтерге деген қажеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет