Қ.Қ. Комбаев метрология, стандарттау және сапаны басқару


Халықаралық сертификаттау



бет5/8
Дата14.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#134429
1   2   3   4   5   6   7   8

2.5 Халықаралық сертификаттау
Өнеркәсібі дамыған көптеген елдер – халықаралық және аймақтық бірқатар сертификаттау жүйелерінің қатысушылары. Олар сертификаттау сынақтарын және сәйкестік сертификаттарын беруді жүзеге асыратын бүкіл әлемге танылған тіркелген сынақ зертханаларын (орталықтарын) қолдана алады. Алдымен сол елде қолданылатын (өзіндік өндірісі және импортталатын) өнімді сертификаттайды; сонымен бірге үшінші елдердің тапсырысымен сертификаттау сынақтары жүргізілуі мүмкін.

өнімдерді сертификаттаумен байланысты халықаралық ұйымдардың қызметін екі бағытқа бөлуге болады:



  1. өнімді сертификатаудағы нормативті-техникалық базаны құру;

  2. өнімді сертификаттаудағы ұйымдастыру-әдістемесін қамтамасыз ету әзірлемесі.

Алғашқы бағыт жеке алғанда Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (ИСО), Халықаралық электртехникалық комиссияның (ХЭК), стандарттау бойынша сұрақтармен айналысатын өзге халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өнімдердің сертификаттау аймағындағы жұмыстарға қатысуын негіздейді. 40 жыл уақытқа созылған ИСО өз қызметінде өнімді сертификаттауда қолдануға болатын бірнеше мың халықаралық стандарттарды әзірледі.

Өнімді сертификаттау үшін қолданылатын ИСО және ХЭК стандарттарын дайындауда қажетті әдістемелік негізді 1992ж. ИСО сертификаттау бойынша Комитетімен дайындалған 7 ИСО/ХЭК Басшылығы құрайды. Бұл құжаттың мақсаты – техникалық комитеттерге олардың профильдерін есепке ала стандарттарды әзірлеу бойынша көмек көрсету.

Басшылықта сертификаттауға жарамды (техникалық комитет пікірі бойынша) стандартты қанағаттандыра алатын талаптар қалыптасқан. Мұндай талаптарға «Қолдану аймағы» бөлімінде оның жарамдылығы туралы міндетті көрсеткіші, объективті бағалауға жататын тек осындай сипаттамаларды қосу және т.б. жатады. Сертификаттау мақсаттарына жарамды халықаралық стандарттарды әзірлеуде өзге де халықаралық ұйымдар арасында ең көп сәттілікке ие болған ХЭК. Қауіпсіздікті және адам денсаулығын қорғау талаптарын регламенттейтін оның жұмысының мәнді көлемі стандарттарды дайындаумен байланысты. ХЭК стандарттарын ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау тәжірибелерінде кең қолданады.

Сертификаттауға қажет стандарттарды дайындауда көп көңілді БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы бөледі (БҰҰ ЕЭК). БҰҰ ЕЭК тізімі бойынша өнімдерді стандарттау кезінде негізгі назарды сәйкес жабдық түрлерінің қауіпсіз қолданысының нормаларын және оларды сынау әдістерін регламенттеуге бөледі; стандарттаудың бір бөлігі өнім сапасын және оны тексеру әдістерін регламенттеуге бағытталған.

Сертификаттау облысындағы қызметті сонымен қатар тарифтер мен сауда бойынша Бас келісімде регламенттейді (ТСБК).

Саудадағы (ТСБК) техникалық бөгеттер бойынша Комитет шеңберінде келісілген стандарттарды қолданумен өнімдерді жеткізу кезіндегі техникалық бөгеттерді болдырмау үшін халықаралық және ұлттық стандартарды сертификаттау жүйелерінде қолдану сұрақтары қарастырылуда.

Өнімді сертификаттауда ұйымдастыру-әдістемелікті қамтамасыз етуде аумақтағы жетекші орынға ИСО иелік етеді. Сәйкестікті бағалау бойынша ИСО Комитеті келесі қызметтерді атқарады:

- өнім және сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің нақты стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бағалау тәсілдерін зерттеу;

- өнімнің, процестердің және қызметтердің сыналуына, тексерілуіне және сертификатталуына, халықаралық басшылықтардың дайындығы, сонымен бірге сапаны қамтамасыз ету жүйелерін сертификаттау бойынша ұйымдарды тексеретін сынақ зертханаларының қолданысы және бағалануы;

- ұлттық және аймақтық сапаны қамтамасыз ету жүйелерін өзара мойындау мен қабылдауға жәрдем жасау және сынауға, тексеруге, сертификаттауға, сапаның қамтамасыз етілуіне және т.б. сәйкес халықаралық стандарттарды қолдануға көмек көрсету.

Сертификаттау бойынша бірыңғай ұйымдастыру - әдістемелік құжаттарды халықаралық ұйымдармен (оның ішінде ИСО) әзірлеу жеке елдер заңнамаларының түрлілігіне қарамастан, бұл аумақтағы өзара түсінушіліктің болуына және сертификаттау нәтижелерінің өзара мойындалуы үшін сертификаттау рәсімдерін бірыңғайлау мақсатын көздейді. Сонымен бірге сертификаттау бойынша ИСО бірыңғай ұйымдастыру - әдістемелік құжаттары ұлттық стандарттау жүйелері әзірге құрылмаған елдерге ұсыныстар береді.

Сертификаттау жүйелерінің қызмет етуінің көптеген аспектілері үшін осы қызметттің типтік мазмұнын немесе орындалу әдісін анықтайтын басшылығы немесе өзге де ұйымдастыру - әдістемелік құжаттары бар.

Өнімнің нақты түрін сертификаттау үшін әртүрлі сертификаттау жүйелері бар. Әрбір сертификаттау жүйелерінің міндеті өнімнің өзара келісілген нормативті және өзге де құжаттарда мазмұндалған талаптарға сай екендігі туралы тұтынушыға кепіл беретін критерилерді әзірлеу.

Қарастырылатын сертификаттау жүйелерін өнімнің түрлеріне, оның дайындалу технологиясына, оған қойылатын талаптар мен іс-жүзіндегі заңнамаға сәйкес әзірлейді. Халықаралық сертификаттау жүйелерінің құрамына қарай өнімнің жеке түрлері бойынша ең көбі 1982ж. бастап қызмет жасайтын және ХЭК ұйымдастырылған электронды техника бұйымдарының Халықаралық сертификаттау жүйесі (ЭТБХСЖ).

Жүйе жаппай өндіріс құраушыларына және арнайы тағайындалатын өнімдерге таралады. Жүйеге ХЭК қатысушыларының 20-дан астам елдері қосылды. ХЭК Кеңесінің тұсында қызмет жасайтын Жүйенің негізгі органдары сертификаттау бойынша Басқарушы комитет және қадағалау бойынша Үйлестіру комитеттері.

Жүйе электронды құраушылардың сапасын бағалаудағы талаптардан тұратын ХЭК стандарттарын қолдануға негізделген.

Ортақ желі (автомобильдер, автобустар, ауылшаруашылық машиналары, жол-құрылыс машиналары, мотоциклдер) жолдарына шығатын автокөлік құралдарын сертификаттау мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы айналысады. Қазіргі уақытта ресми бекітудің бірыңғай шарттарын қабылдау туралы және жабдықтар заттары мен көлік құралдарының механикалық бөліктерін ресми бекітуді өзара мойындау туралы Келісімге ұйымға қосылған 23 ел кіреді. Жоғарыда айтылған сертификттау жүйелерімен қатар бір ғана елмен әзірленген жүйелер де бар, олардың қызметтерінің негізінде халықаралық ұйымдардың талаптары есепке алынған ұлттық стандарттар жатыр. Мысалы, тракторларды сертификаттау бойынша жұмыстарды сынақ жүргізетін ұйымның үкіметпен уәкілдендірілген стандарттау бойынша Финляндия қауымдастығы өз мойнына алды. Халықаралық жүйелерден басқа аймақтық сертификаттау жүйелері де бар. Скандинавия елдерінде осыған орай аймақтық сертификаттау жүйелері құрылған. Бұл жүйемен стандарттау бойынша ДАТ кеңесі, стандарттау бойынша Финляндия ассоцияциясы, Норвегиялық стандарттау одағы және стандарттау бойынша Шведттік комиссия басшылық етеді. Жалпы желі жолына шығатын автокөлік құралдарын (автомобильдер, автобустар, ауылшаруашылық машиналары, жол-құрылыс машиналары, мотоциклдер) сертификаттау сұрақтарымен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы айналысады.

Қоғамдастықтың бірыңғай сертификатталған белгісінің шеңберіндегі толық бірыңғайлаудан өзге ұлттық жүйелерді өзара мойындау беталысы бар. Сонымен қатар сынақ зертханаларын аккредиттеумен өнімдерді сынауды қоса алғанда өнімді сертификаттау рәсімі бірыңғай талаптар мен критерилер бойынша орындалуы қажет. Осы тұрғыдағы Қоғамдастық қызметі үшін бірыңғай технологиялық талаптарға қол жеткізу құралы болып табылатыны Еуропалық одақ (ЕО) Кеңес Министрлерінің директиваларымен жүзеге асырылатын ұлттық талаптардың үйлесімділігі. Бұл директивалар әрбір мемлекеттегі ЕС сәйкес органдарын басқа да елдердің Ортақ нарығында мойындалған сертификаттарды, маркаларды немесе сәйкестік белгілерін мойындауды міндеттейді. Осылайша осы директивалар бойынша тек ұлттық органдар ғана сертификаттарды беруді немесе олардың аумағында берілген сәйкестік белгісін қойып шығу жауапкершілігін толықтай мойнына алады. Әлемнің көптеген елдерінде ұлттық сертификаттау жүйелері енгізілген. Мұндай жүйе болып өнімдердің бірқатар түрлерін қамтитын және қауіпсіздікті, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау талаптарына лайықтылықты кепілдендіретін сертификаттау жүйесі де бола алады және де өнімнің жеке түрлеріне қатысты сертификаттау жүйелері де бола алуы мүмкін (мысалы, газ жабдықтары, жарылыстан қорғайтын жабдықтар, кен жабдықтары және т.б.).


2.6 Міндетті сертификаттаудың қатысушылары
Сертификаттаудың қатысушылары өнімдерді жасаушылар мен қызметтерді орындаушылар (бірінші жақ), тапсырыс берушілер – саудагерлер (бірінші немесе екінші жақ), сонымен қатар үшінші жақты таныстыратын ұйымдар сертификаттау бойынша органдар, сынақ зертханалары (орталықтар), техникалық реттеу бойынша атқарушы биліктің федералды органы. Негізгі қатысушылар – тапсырыс берушілер, сертификаттау бойынша органдар (ары қарай СО) және сынақ зертханалары (СЗ). Тек осылар ғана әрбір нақты объектілердің барлық кезеңдерінде сертификатталу рәсімдеріне қатыса алады.

Өтініш беруші құқылы:

  • сәйкес ережелермен (келешекте – техникалық регламенттермен) өнімнің белгілі бір түрлері үшін қарастырылған сәйкестікті растау формалары мен сұлбалары таңдау;

  • міндетті сертификаттауды жүзеге асыру үшін кез келген СО бару, оның аккредиттеу аймағы өтінуші сертификаттайтын өнімге таралады;

  • аккредиттеу бойынша органға СО және аккредиттелген сынақ зертханаларының құқық бұзушылық әрекеттері үшін шағымдану.

Өтініш беруші міндетті:

  • өнімдердің белгіленген талаптарға сай болуын қамтамасыз ету;

  • міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімді, тек қана мұндай сәйкестікті растау жүргізілгеннен кейін ғана айналысқа шығару;

  • ілеспе техникалық құжаттамада және өнімді таңбалау кезінде сәйкестік сертификаты туралы мағлұматтарды немесе сәйкестік декларациясын көрсету;

  • мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына, сонымен қатар мүдделі тұлғаларға сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсыну;

  • егер де құжаттың (сертификаттың немесе декларацияның) жарамдылық мерзімі аяқталса немесе олардың қызметі тоқтатылса, өнімнің шығарылымын тоқтату немесе доғару;

  • техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнім өндірісінің технологиялық процестеріне енгізілетін өзгерістер туралы СО хабардар ету;

  • сәйкестікті растаудан өткен және мемлекеттік бақылау органдарының шешімдерінің негізінде белгіленген талаптарына сай емес өнімдердің өндірісін тоқтату.

Сертификаттау бойынша органдар келесі іс-қимылдарды атқарады:

  • ҚР Үкіметімен белгіленген тәртіпте сынақтар жүргізу үшін шартты негізде сынақ зертханаларын (орталықтарын) тарту;

  • сертификаттау объектілеріне бақылау жүргізуді жүзеге асырады, егер де мұндай бақылау сәйкес міндетті сертификаттау сұлбасында және шартта қарастырылса;

  • олармен берілген сәйкестік сертификаттарының тізілімін жүргізеді;

  • сертификаттауға арналған, бірақ одан өтпеген өнімдер туралы сәйкес мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына хабарлайды;

  • олармен берілген сәйкестік сертификатының қызметін тоқтатады немесе доғарады;

  • міндетті сәйкестікті жүргізу тәртібі туралы ақпараттың өтінушіге ұсынылуын қамтамасыз ету;

  • сертификаттау бойынша жұмыстардың бағасын мұндай жұмыстардың бағасын анықтау ҚР Үкіметімен бекітілген әдістемесінің негізінде анықтайды.

  • СО сәйкестік сертификатының негізделуі және дұрыс берілуі үшін, сертификаттау ережелерінің сақталуы үшін жауапкершілік артады.

Маңызды жаңа енгізім (ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына қатысты) — өтініш беруші туралы мәліметтерді зертханаларға ұсынуға тыйым салу. Бұл ереже сыналатын өнімнің құпиялығының сақталуын көрсетеді және сынақтың әділ жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, егер де осы өнімге аккредиттелген бірнеше зертханаларды СО таңдау өтініш берушіге тиесілі болса, онда сынақ зертханаларын таңдау СО тиесілі.

Аккредиттелген сынақ зертханалары (СЗ) нақты өнімге немесе нақты сынақ түрлеріне сынақтарды жүзеге асырады және сертификаттау мақсаттары үшін хаттамалар береді.

СЗ өткізген сертификаттау сынақтарының НҚ талаптарына сай болуына, сонымен бірге нәтижелердің шүбәсіздігіне және әділдігіне жауапкершілік артады.

СО аккредиттелген сынақ зертханаларына өтініш беруші туралы мәліметтерді беруге құқығы жоқ.

СО сарапшысы Эксперт ОС (сертификаттау аймағындағы бір немесе бірнеше жұмыс түрлерін жүргізуге құқылы аттестатталған) — сертификаттау бойынша жұмыстардың басты қатысушысы. Оның білімінен, тәжірибесінен, яғни сертификатты беру мүмкіндігінің шешімінің әділдігі мен шүбәсіздігі құзырлығына байланысты.

Техникалық реттеу аймағындағы атқарушы биліктің арнайы уәкілетті мемлекеттік органы келесі қызметтерді атқарады:

1) сертификаттау аймағындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, Қазақстан Республикасының аумағында сертификаттауды жүргізу бойынша жалпы ережелер мен ұсыныстарды белгілейді және олар туралы ресми ақпараттарды жариялайды;

2) ҚР қолданысқа ие сертификаттау жүйелерінің және сәйкестік белгілерінің тіркелуін жүргізеді;

3) Қазақстан Республикасында қолданысқа ие сертификаттау жүйелері және сәйкестік белгілері жөнінде ресми ақпараттарды жариялайды және оны белгіленген тәртіпте сертификаттау бойынша халықаралық ұйымдарға таныстырады;

4) халықаралық сертификаттау жүйелеріне қосылу жөнінде белгіленген тәртіпте ұсыныстар әзірлейді, сонымен қатар белгіленген тәртіпте халықаралық (аймақтық) ұйымдармен сертификаттау нәтижелерін өзара қабылдау жөнінде келісім жасайды;

5) белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасын сертификаттау сұрақтары бойынша халықаралық (аймақтық) ұйымдарға таныстырады және сертификаттау бойынша ҚР ұлттық органы ретінде сертификаттау аймағында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Сертификаттау бойынша жұмыстарда атқарушы биліктің бірқатар мемлекеттік органдары қатысады. Техникалық реттеу бойынша ұлттық орган ретіндегі Мемстандарт осы бағыттағы олардың қызметін үйлестіреді. Үйлестіру келісім түрінде жүргізіледі, мұнда сертификаттау жүйелерін таңдау, сертификаттау объектілері, аккредитеуді жүргізетін органды таңдау және т.б. регламенттеледі.

Мемлекеттік орган келесі келісімге сәйкес болуы мүмкін:

1) сәйкес сертификаттарды және сәйкестік белгілерін берумен қатар өз ережелері бойынша ҚР СТ (МСТ) жүйесінен тыс сертификаттауды жүргізу;

2) ҚР СТ (МСТ) жүйесіне кіру және қызметті оның барлық ережелеріне толық сәйкестікте жүргізу.

Сертификаттау аймағындағы кейбір мемлекеттік органдардың қызметін қарастырайық.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау департаменті Мемлекеттік санэпидемияны қадағалау жаңа медициналық иммунды биологиялық арнайы өнімдеріне және заласыздандыру құралдарына сертификаттауды жүргізеді, сонымен бірге азық-түлік шикізатына және тағам өнімдеріне, бірқатар азық-түліктік емес тауарларға (ыдыс, ауыз қуысын күту бойынша құралдар және т.б.) санитарлы – эпидемиологиялық қорытынды береді. Көрсетілген қорытындыны өнімнің сериялық өндірісіне дейін НҚ құптау кезеңінде береді.

Бұл органның бақылау және қадағалау объектісі болып табылатын тауарларды импорттау кезіндегі келісім-шартқа отырғанда, партияның кеден аумағына жіберуге дейін келісім-шартқа кеден органдарына міндетті ұсынылатын санитарлы – эпидемиологиялық қорытынды шарттары туралы айтылуы қажет.

ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің ветеринарлық департаменті көрсетілген жүктердің Қазақстан аумағы бойынша импорттау, экспорттау және транзиттік тасымалдауда малтектес өнімдеріне және шикізатына ветеринарлы сертификаттар (куәліктер) береді. Ветеринарлы сертификаттар малтектес шикізаттарды қайта өңдейтін отандық кәсіпорындарға ет, балықтың паразиттен таза екендігін растау үшін қажет. Нормативті базасы ветеринарлы заңнаманың ветеринарлы-санитарлы нормалары Қазақстанның Мемқұрылысы құрылыстағы әртүрлі объектілердің (құрылыс тауарларының, ғимараттар мен имараттардың инженерлік жабдықтарының, тұрғын ғимараттардың құрылыс өнімдерінің, жобалы құжаттаманың) сертификатталуын ұйымдастырады (ҚР СТ сертификаттау Жүйесінде). Сертификаттаудың нормативті базасы болып СНЕ (санитарлы нормалар және ережелер), МСТ, ҚР СТ және т.б. табылады.

Қазақстанның Байланыс Министрлігі байланыс құралдарының қолдану құқығына ие болу үшін сертификаттауды жүзеге асырады. Сертификаттау Мемстандартпен тексерілген СЗ жүргізіледі. Комитеттің құзырлығына келесі өнімдерді сертификаттау кіреді: ақпартты-есептеу жүйелері, автоматталған жүйелер мен желілер, компьютерлер, базалар және деректер жиынтығына бағдарламалық құралдар.

Қазақстанның Ішкі Істер Министірлігі (ІІМ) жүйесінде паспортқа фотосуретті алу үшін қолданылатын фотоқағаздардың сертификатталуы жүргізіледі. Фотоқағаздарға талаптарды Қазақстанның ІІМ Паспортты-визалы басқармасы мен Сараптама – қылмыстық орталығы анықтайды. өтініш берушілер рөлінде - фототүсіру қызметін ұсынатын фотоательелер. Қазақстаннның ІІМ паспорт фотосуреттеріне деген талаптарды кеңейту туралы сұрақ қарастырылуда: фототүсіру техникасына да талаптар регламенттеледі, жеке алғанда фотокамералардың түсіру мүмкіндігінің жоғары болуы. Өнімдердің жеке топтарын сертификаттаумен атқарушы биліктің бірқатар уәкіл органдары айналысады: Қазақстанның Төтенше Жағдайлар Министрлігінің Мемлекеттік өрт қадағалауы (өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар), Қазақстандық Теңіз Тіркелімі (азаматтық теңіз кемелері), Қазақстандық Өзен Тіркелімі (өзен қайықтары), Қазақстанның Әуе Тіркелімі (ұшақтар) және т.б.

3 МЕТРОЛОГИЯ


3.1 Метрологияның мәні және қолданылуы. Метрология және олардың қатысушылары
Метрология (грек тілінен μέτρον — өлшем, өлшеу құралы) — өлшеулердің, әдістердің және құралдардың біртұтастығын қамтамасыз ету мен қажетті дәлдікті алу тәсілдері туралы ілім.

Метрология пәні берілген дәлдігі және анықтылығымен объектілер қасиеті туралы мөлшерлі ақпаратты алу.

Метрология құралы қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін өлшемдер мен метрологиялық стандарттардың жиынтығы.

Құқықтық негіздер (заңнамалық метрология) бірліктерге, өлшем әдістеріне, өлшем құралдарына және өлшем зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптардан тұратын және уәкіл органмен орындалатын қызметке қатысты метрология бөлігі.

Теориялық (іргелі) метрология осы ілімнің іргелі негізін әзірлейді. Қолданбалы (тәжірибелік) метрология теориялық әзірлемелердің және метрологияның заңнамалы ережелерін тәжірибеде қолдану сұрақтарын қарастырады.

Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін келесі шарттар орындалады:

  • Ережелермен заңдастырылынған өлшем бірліктері ғана қолданылады;

  • Өлшемдердің шекті қателіктері мен олардың берілген ықтималдықтан ауытқымау шектері көрсетіледі.

  1. Маусым 2000 ж. ҚР «Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заң метрологияның негізгі құжаттары болып табылады және келесі топтарға біріккен өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету мемлекеттік жүйелерінің стандарттары:

– Стандартты анықтамалық мәліметтер;

  • Стандартты үлгілер;

  • Физикалық шамалар бірліктері;

  • Геометриялық, механикалық, электрлік және өзге де шамаларды (мысалы, көлем, материалдың физика-химиялық құрамы мен қасиеттері) өлшеу;

  • Тексеру, мөлшерлеу, және аттестаттау әдістері.

Қазіргі уақытта өнімнің әртүрлі түрлеріне бақылау және сынақ жүргізу әдістерінің 3 мыңнан аса мемлекеттік стандарттары қолданылады.
3.2 Сынақ жүргізу кезіндегі өлшемдер. Технологиялық процестер мен өндірісті басқару кезіндегі өлшем тиімділігін қамтамасыз ету шарттары
Өнеркәсіптік өндірісте өлшемдер барлық өндіріс шығындарының орташа 10% құрайды, ал экономикалық жеке салаларында, мысалы, радиотехникада және электртехникасында олар 50 % құрайды.

Егер де өлшемдердің нәтижелері өндірісті басқарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алса, ал өлшеу құралдарының метрологиялық қызмет көрсетуі ең төменгі түрде болса, онда өлшемдер ттиімді болып есептелінеді.



Өлшемнің тиімділігіне қажетті:

  • өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету;

  • қажетті өлшем дәлдігін анықтау кезінде өлшенетін параметрлердің техникалық жабдық өнімділігімен, өнімнің өзіндік құнымен және сапасымен, еңбек қауіпсіздігімен және экологиялық қауіпсіздігімен байланысын ескеру қажет;

  • өндіріс сферасында да, өнімді қолдану кезінде де өлшем қателігінің салдарынан пайда болған экономикалық шығындарды және өзге де жағымсыз зардаптарды ескеру қажет.

Нақты технологиялық параметрлердің дәлдік өлшемінде ерекше талаптардың болмаған жағдайында келесі шарттар ұсынылады:

  • өнімнің өндіріс шығындарының өлшем қателігіне тәуелді бөлігін төмендету;

  • өлшемге жұмсалатын көп шығындар кезінде экономикалық критерилер бойынша өлшем дәлдігін оңтайландыру қажет;

  • қателігі өлшемнің тиімділігімен сәйкес келетін ең маңызды өлшенетін параметрлерді айқындау, егер де келесі шарт орындалса:



мұндағы, Ш — есептеу кезіндегі өлшем шығындары;

Ы — сол кезіндегі өлшем қателігінің салдарына келетін ысырап.

Өлшем дәлдігі қанағаттандырарлықтай деп есептелінеді, егер де келесі шарт орындалса:

мұндағы δ — өлшемнің салыстырмалы қателігінің шекарасы (белгі есебінсіз); δд — өлшенетін параметрдің шекті ауытқуының номиналды мәннен салыстырмалы мәнінің шекарасы, немесе өлшенетін параметрдің рұқсат мәндерінің жарты интервалының салыстырмалы мәні.



3.3 Өлшемдер және физикалық шамалар
Өлшем арнайы құралдардың көмегімен орындалатын және қабылданған өлшем бірліктерінде өлшенетін шаманың сандық мәнін табу мақсатымен орындалатын іс-қимылдардың жиынтығы.

Өлшем мақсаты бақыланатын объектіні сипаттайтын физикалық шаманың мәнін алу болып табылады. Өлшемнің бірнеше түрлері бар.

Өлшемнің көмегімен өлшенетін шаманы өлшем бірлігімен салыстырады, яғни, егер де бірнеше физикалық X, а – өлшем үшін қабылданған өлшем бірліктері болса, онда физикалық шаманың мәнін келесі түрде анықтайды:



,
мұндағы, Ақабылданған өлшем бірліктеріндегі физикалық шаманың сандық мәні, И – өлшем бірлігі.

Бұл теңдікті өлшемнің негізгі теңдеуі деп атайды.

Мысалы, электр тоқ кернеуінің U бірлігін өлшеуге бір вольтты [1 В]. қабылдау. Онда электр желісінің кернеу мәні U = q [U] = 220 [1 В] - 220 В, яғни кернеудің сандық мәні 220.

Егер де кернеу U бірлігі деп бір киловольтты қабылдаса [1 кВ], ал 1 В = 10 -3 кВ болса, онда U = q [U] = 220 [10-3 кВ] = 0,22 кВ. Кернеудің сандық мәні 0,22.

Тағы да бір маңызды ұғым - өлшем түрлендірілуі, бұл өлшем нәтижесінде түрленетін (кіретін) және түрлендірілген (шығатын) екі өлшемдер шамалардың арасындағы бір мәнді сәйкестікті анықтау. Техникалық құрылғы көмегімен түрленетін шамалардың көптеген өлшемдерін түрлендіру ауқымы деп атайды. Физикалық шамалардың түрлеріне қарай өлшем түрлендірулері үш топқа бөлінеді.

Бірінші топқа келесі қатынастарды анықтайтын шамаларды ұсынады: «әлсіз — күшті», «жұмсақ — қатты», «суықтау — жылырақ» және т.б.. Мұндай шаманың мысал ретінде, желдің жылдамдығын алуға болады. Олар рет қатынастары немесе балама қатынастар деп аталады.

Екінші топқа рет қатынастары тек шама мәндерінің арасымен ғана емес, сонымен бірге олардың ауқымдарымен, яғни шеткі шамалар мәндерінің түрлілігімен анықталатын шамаларды жатқызады. Мысалы, плюс 5-тен - 10-ға дейін температуралар ауқымдарының айырылымы, плюс 20-дан - 25-ке дейін температуралар ауқымдарының айырылымы тең. Бұл жағдайда плюс 25°С реттік шамалардың қатынасы плюс 10 °С қарағанда жылырақ, ал алғашқы шамалардың шеткі мәндерінің түрлілігіне сәйкес келеді. Екі жағдайда да реттілік қатынасы өлшем түрлендірілуінің көмегімен анықталынады, мысалы, сұйықтық термометрі мұнда температура өлшем түрлендірулеріне қатысты болуы мүмкін.

Үшінші топ шамалармен көбейту және бөлуге ұқсас операцияларды орындау мүмкіндігімен сипатталады (аддитив қасиеті). Мысалы, масса сияқты физикалық шама: иінтіректі таразының бір жағында қойылған әрқайсысы 0,5кг массалы екі зат және екінші жағында қойылған 1кг таразы тасымен теңестірілуі.

Өлшенетін шама тәуелсіз, тәуелді және сыртқы болуы мүмкін.

Тәуелсіз шама жұмысты орындаушының іс-әрекетімен ғана өзгереді (мысалы, қозғалтқышты сынау кезінде карбюратордың кедергі жапқышының ашылу бұрушы).

Тәуелді шама — бұл тәуелсіз ауыспалылардың өзгерісі кезінде өзгеретін шама, (мысалы, карбюратордың кедергі жапқышының ашылу бұрышының өзгерісі кезіндегі автомобильдің қозғалу жылдамдығы).

Сыртқы шама — бұл өлшеу жұмыстарын орындау кезіндегі өлшеу нәтижелеріне сыртқы факторлардың әсерін сипаттайтын, бірақ бұл өлшеулерді орындайтын адаммен бақыланбайтын шама (мысалы, автомобиль қозғалысының жылдамдығы анықтау кезіндегі қарсы желдің жылдамдығы).



Шама бірлігінің эталоны деп шама бірлігін алу немесе сақтау үшін және сол шамадағы оның өлшемдерін өзге өлшеу құралдарына беруге арналған өлшеу құралын айтады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет