Қ.Қ. Комбаев метрология, стандарттау және сапаны басқару


Техникалық шарттар нормативті құжат ретінде



бет2/8
Дата14.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#134429
1   2   3   4   5   6   7   8

1.4 Техникалық шарттар нормативті құжат ретінде
Жоғарыда ТШ техникалық және нормативті құжат ретінде екі дәрежелі болып келтірілген. «Техникалық реттеу туралы» мемлекеттік заңда техникалық шарттар стандарттау құжаттары болып қарастырылмаған. Өнім сапасын мемлекеттік түрде реттеу бойынша оларды қолдануда заңды мүмкіндіктердің жоғына қарамастан бұл құжат отандық тәжірибеде талап етіледі. ТШ қорының 120 мыңға жуық бірлікке ие болуы кездейсоқтық емес. Егер де шарттарда (келісім-шарттарда) оларға сілтеме жасалса, техникалық шарттар нормативті құжат орнында жүреді.

Шет елдік тәжірибеде ТШ ұқсас құжат – техникалық арнайы құжат (Тechnical Specification-TS) дайындаушы фирмамен әзірленеді және тұтынушы фирманың келісімімен келісім-шарттың ажырамас бөлігі ретінде қолданылады. Қазіргі уақытта Еуропалық одақта (ЕО) жоғары дәрежелі арнайы құжат TS әзірлене бастады. Олар техникалық комитеттермен дайындалады және алдын ала европалық деп аталатын стандарттарды бірте-бірте тысқары шығаруда. TS объектілеріне жатады: жаңа бұйым, жаңа сынау әдісі, жаңа процестер. Үш жылдан кейін маңыздылыққа TS шынайы қолдану жағдайларында тексеріледі. Тексерудің мүмкін болатын нәтижелері: Еуростандарт (ЕС) мәртебесін беру; олардың қызмет мерзімін келесі үш жылға ұзарту; құжатты жою.

Еуропалық Мемлекеттерде (ЕМ) әзірлеуде қажетті пәтуа (консенсус) кезеңіне жете алмаған жағдайда да TS қажеттілігі туындайды. Сондықтан келісімнің жетістікке ие болған дәрежесі TS бекітіледі. Стандарттау бойынша Европа комитетінде (ағылышын тілінде - СЕН) таныстырылған ЕО елдерінде ресми түрде TS жариялануын хабарлайды.

МЕСТ 2.114 ТШ сәйкес әзірленеді: белгілі бір бұйымға, материалға, затқа және т.б.; бірнеше нақты бұйымдарға, материалдарға, заттарға және т.б. (топтық ТШ).

Стандарттарға қарағанда олар аз уақытта әзірленеді, бұл жаңа өнімнің шығарылымын жылдам ұйымдастыруға мүмкіндік береді. ТШ объектісі - өнім, жеке ретте оның түрлері-нақты маркалар, тауарлар модельдері. Тауарлар арасында қарапайым ТШ объектілері болып: аз сериямен шығарылатын бұйымдар (галантерия заттары, халықтық кәсіп бұйымдары); ауыстырылатын ассортимент бұйымдары (айтулы жағдайларға шығарылатын сыйлықтар); өнеркәсіппен игерілетін бұйымдар; жаңа рецептуралар және (немесе) технологиялар негізінде шығарылатын өнім.

ТШ келесі ретпен орналасқан кіріспе бөлімінен және басқа да бөлімдерден тұруы қажет: техникалық талаптар; қауіпсіздік талаптары; қоршаған ортаны қорғау талаптары; қабылдау ережелері: бақылау әдістері; тасымалдау және сақтау; қолдану жөнінде нұсқаулар; дайындаушы кепілдігі.

ТШ бекітілген талаптар белгілі бір өнімге таралатын міндетті мемлекеттік талаптарға қарама-қайшы болмауы қажет.

Көрсетілген талаптарды кейбір адал емес өндірушілер айналып өткісі келеді, олар шығарылатын өнімнің ассортиментті жасандылығына жүгінеді, яғни тауардың бір тобын басқа топқа айырбастау. Бұл әсіресе алколгольді өнімдер арасында жиі кездеседі, мұнда ТШ атау беріледі: «тәтті нан өнімдерін сіңіру үшін сұйықтық», «шайға хош иістендіргіш» (немесе әтір құралдары). Бұл оларға бір жағынан стандарттардың міндетті талаптарын орындамауға мүмкіндік береді, бір жағынан акциздерден құтылады.

ТШ сапасын өсіруде тағам өнімдеріне ҚР СТ «Тағам өнімдеріне техникалық шарттар» ережесі бағытталған.

80% тағам өнімдері ТШ бойынша өндіріледі. Стандарттың бір бөлімінде айтылады: түрдің сәйкес мемлекеттік стандарты, техникалық шарттары жоқ болғанда немесе дайындаушы шығарылымдағы азық – түлік өнімдер тобына арналған стандартта енгізілген сапа көрсеткіштерінен жоғары сапалы өнім шығаратын жағдайларда ғана ТШ әзірленеді. ТШ маңызды талабы - өнімнің қауіпсіздікке қойылған талаптарының (стандартпен салыстырғанда) төмендеуіне жол бермеу.

ТШ қабылдау комиссиясының бекітілуіне жатады. Өнімнің тәжірибелік үлгісінің (тәжірибелік партияның) қабылдау актісіне қабылдау комиссия мүшелерінің қол қойғандығы ТШ қабылданғандығын білдіреді. Егер де өнімнің өндіріске қойылу шешімі қабылдау комиссиясынсыз қабылданса, онда ТШ тапсырыс берушіге (тұтынушыға) бағыттайды.

Мемлекеттік бақылау органдарының құзыретіне қарасты ТШ талаптары олармен бірге келісімге отырады. ТШ құжатты әзірлеуші бекітеді. ТШ белгіленуі екі тәсілмен жүзеге асырылады. солардың бірі келесі түрде қалыптасады:

- «ТШ» кодынан;

- өнімнің классификаторы бойынша (ӨК) өнім тобының кодымен;

- үш разрядты тіркеу нөмірімен;

- өндіріс кодымен - өндіріс және ұйым (ӨҰ) классификаторы бойынша ТШ әзірлеуші;

- құжатты қабылдаған жылдың соңғы екі сандарымен.

Мысалы: ТШ 1115-017-38576343-93, мұндағы 1115- ӨК бойынша өнімнің топ коды; 38576343- ӨҰ бойынша кәсіпорынның коды; 017- тіркеу нөмірі. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін әкелінетін (мемлекеттік келісім-шарт бойынша) өнімдер үшін егер де келісім-шарттарда ТШ сілтеме болса, онда олардың мемлекеттік тіркемесі қалыптастырылуы қажет, тіркемеге ТШ көшірмесі және оған қосымша ретінде каталогты бет беріледі.

Каталогты бетте кәсіпорын-дайындаушы және оның шығаратын өнімі жайында толық мағлұмат мәтін түрінде және кодталған түрде болады. Каталогты беттер өзіндік «қаланатын кірпіш» рөлін атқарады, олардың көмегімен шығарылатын өнімнің каталогтары қалыптасады және елде каталогтандыру жүйесі құрылады. Әзірлеуші - кәсіпорын каталогты беттің дұрыс толтырылуына жауапты.

Тапсырыс берушінің келісімімен ТШ әзірленбейді. Егер де өнім келесі жағдайларда шығарылса:



    • келісім-шарт бойынша өнім экспортқа арналса;

    • үлгі-эталон және оның техникалық мазмұны бойынша сапа көрсеткіштерінің мөлшерлік мәндері келісілмеген тауар үлгісімен немесе бұл көрсеткіштердің мәндері біртекті өнімдер тобына МСТ - пен (ҚР СТ) бекітілген болса ғана анықталынатын олардың тұтынушылық қасиеттері азық-түлікке жатпайтын тауарлар (күрделі тұрмыс техникаларынан және химия өндіріс өнімдерінен тыс);

    • техникалық құжат бойынша бір ғана кәсіпорынның тікелей тапсырысы бойынша келісілген көлемде дайындалған жартылай фабрикаттар, заттар, материалдар.

    • Төменде үлгі - эталонның және азық-түлікке жатпайтын тауарлар үшін ТШ рөлін атқаратын оның техникалық мазмұны келтіріледі.

Үлгі-эталон деп органды лептикалық әдістермен анықталынатын анық өнімнің өкілі ретінде бекітілген және онымен шығарылған өнімнің сыртқы және басқа да белгілері бойынша қабаттастырылуына арналған дайын бұйымды (өнімдер кешені) айтады. Үлгі-эталонның ажырамас бөлігі болып өнім туралы мағлұматтарға, оның дайындаушысы және үлгі-эталонның бекітілуі туралы мәліметке ие жапсырманы айтады. Жапсырманы үлгі-эталонның түп нұсқа екендігіне күмән келтірмейтіндей үлгіге бекітеді. Әртүрлі түсті шешімді өнімдерді шығару кезінде қарастырылған барлық материалдар және қаптамалардың үлгілі түс фактураларының комплектілі қосымшасы бар бір түсті шешімді үлгі-эталонды бекітуге болады. Үлгі-эталонның саны негізгі тұтынушынының келісімімен келісіледі; екі үлгінің бекітілгені қаланады. Өзіндік сәндік немесе жарнамалық мәні бар жеке қаптама әдетте үлгі-эталонмен бірге бекітіледі. Өнімнің қасиеттері ұзақ сақталмаған жағдайлардан тыс үлгі-эталонның жарамдылық мерзімі бекітілмейді.

Техникалық сипаттаманы үлгі-эталондары қарастырылған бір немесе бірнеше анық бұйымдарға жасайды. Үлгінің техникалық сипаттамасында төмендегілерді көрсетеді:

- бұйым туралы қысқаша мәлімет (сыртқы түрі, түсі, салмағы, таза өңделуі және т.б.);

- параметрлері, сонымен қатар пішініне, құрылымына, моделіне, бұйымның өлшеміне талаптар;

- шығарылымдағы бұйымның дайындалуына қолданылатын материалдардың белгіленуі (қажеттілік жағдайда);

- тасымалдануы, сақталуы, дайындаушының кепілі. Қажеттілік болғанда техникалық сипаттамада бұйымның суретін, сұлбасын немесе фото суретін қояды. Техникалық сипаттаманың өзгеруін негізгі тұтынушымен келіседі.


1.5 Ұйымның стандарттары
Ұйымның стандартары (ары қарай ҰС), соның ішінде коммерциялы, қоғамдық, ғылыми ұйымдардың, өзіндік реттелетін ұйымдардың, заңды тұлғалардың бірлестігі олармен өзіндік әзірлене және бекітіле алады.

ҰС әзірлеу, бекіту, есеп жүргізу, өзгерту және қабылдамау тәртібі жоғарыда айтылған принциптерді есепке ала отырып ұйымдармен өзіндік келісіледі.

ҰС жобасы техникалық комитет (ТК) әзірлеушімен таныстырылуы мүмкін, ол сол жобаның сараптамасының өткізілуін ұйымдастырады. Бұл жобаның сараптама нәтижесінің негізінде ТК стандарт жобасын әзірлеушіге бағытталатын қорытындыны дайындайды.
1.6 Стандарттау және техникалық регламенттер бойынша құжаттар туралы ақпарат
Стандарттау бойынша құжаттар туралы ақпарат. Ұлттық стандарттар және жалпы қазақстандық классификаторлар, сонымен қатар олардың әзірленуі туралы ақпарат қызығушылық танытқан тұлғаларға қолжетімді болуы қажет. Белгіленген құжаттардың қалыптасқан тәртіппен ресми жариялануы стандарттау бойынша ұлттық органмен жүйеге асырылады. ҚР үкіметі 20 б. сәйкес 09.10.04 № 603-ІІ Қаулысында техникалық реттеу бойынша техникалық регламенттердің және стандарттардың және бірыңғай ақпараттық жүйенің ақпараттық қоры туралы Ереже бекітілді.

Техникалық регламенттер және стандарттардың мемлекеттік ақпараттық қоры. Бұл қор техникалық регламенттерді, ұлттық стандарттау жүйесінің құжаттарын, халықаралық стандарттарды, стандарттау ережелерін, стандарттау бойынша стандарттаудың және ұсыныстардың нормаларын, басқа елдердің ұлттық стандарттарын құрайды. Аталған қор мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. Бұл қорды құру және жетекшілік ету, оны қолдану ережесі ҚР Үкіметімен бекітіледі. ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіп және шарттарымен Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады және қызмет жасайды. Ол қызығушылық танытқан тұлғаларды техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік ақпараттық қор құрамына енетін құжаттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.

Қызығушылық танытқан тұлғаларға құрылатын ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізу мүмкіндігі беріледі, алайда кейбір жағдайларда құпияны (мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық) сақтау мақсатында мұндай еркіндік шектеулі болуы қажет.

Стандарттар және техникалық регламенттер Мемлекеттік қорының тиімді қызмет жасауы:


    • ақпараттың толыққандығы және оның ақиқаттылығы (көкейтестілігі), сонымен қатар заманға сай болу (оперативті) белгілері бойынша және оны берудегі бағасы бойынша қызығушылық танытушы қолданушылар үшін ақпараттарға еркін қол жеткізуі.

    • отандық тұтынушылардың олардың ведомстволық меншіктеріне, заңды беделіне немесе меншік түріне қарамастан, сонымен қатар Қазақстанның ДСҰ және (немесе) басқада халықаралық келісімдердің міндетті шарттарына сәйкес шет ел тұтынушылардың барлық категорияларына ақпараттарды тең құқықтан айырмау сипатында ұсыну.

    • Стандарттар және техникалық регламенттер мемлекетте тікелей қорының ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға қатысты барлық қатысушыларға ақпараттарды максималды жеңілдік сипатында ұсыну.

Техникалық регламенттеу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе келесілерді қамтамасыз етеді:

а) ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, оларға еркін қол жеткізу және де ондағы жоғарыда ескерілген мемлекеттік қор құжаттарын;

б) техникалық реттеу (ТР) ұлттық стандарттартар жобасын әзірлеу туралы хабарландыруды электронды-сандық түрде жариялауды;

в) техникалық кедергілер бойынша Келісімнің ережелерін орындау.

ҚР СТ, ССТ (және басқа да тең мәнді құжаттар) мемлекеттік басқару органдарымен қабылданатындықтан, олар ресми құжаттар болып танылады. МЕСТ және ҚР СТ ресми жариялау құқығы Қазақстанның Мемстандарты осы нормотивті құжат (НҚ) қабылдаған, ал құрылыс аумағында - Қазақстан Мемқұрылысын қабылдаған тек мемлекеттік органдарға ғана тиесілі.

Осылайша МСТ және ҚР СТ барлық ресми басылымдарының бірінші бетінде келесі сөздер болуы қажет: «Іс-жүзіндегі стандарт толық немесе біртіндеп Мемстандарт және Қазақстанның Мемқұрылыс келісімінсіз ресми басылым ретінде жарыққа шыға алмайды».

Қосар беттің және ҚР СТ (МСТ) бірінші бетінде келесі сөздер болуы қажет: «Басылым ресми». Бұл тыйымның бұзылған жағдайында Мемстандарт және Қазақстанның Мемқұрылысы азаматтық заңнама нормаларына сәйкес кінәлі жақтан шығындарды талап ете алады. Іс-жүзіндегі мемлекеттік стандарттар, олардың қызмет ету мерзімі, өзгерісі жайында ақпараттарды қолданушылар жылдық немесе айлық ақпаратты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты» көрсеткіштері арқылы ала алады. ССТ басылымы немесе қайтадан басу оларды қабылдаған органдар арқылы, ал КСТ үшін оларды бекіткен кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады.
1.7 Ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі


  1. Стандарттау бойынша ұлттық орган ұлттық стандарттарды (ары қарай ҰС) әзірлеу бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты дайындаушы ҰС әзірлемесін жариялауды ұйымдастырады, ол сәйкес халықаралық стандарттар ережелерінен ерекшеленетін жобадағы бар ережелер туралы ақпараттарға ие болуы қажет. ҰС дайындаушы ҰС мүдделі тұлғаларға ҰС жобасына еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

  2. Мүдделі тұлғалардан алынған ескертпелерге сүйене дайындаушы ҰС жобасын жетілдіреді, жобаны жұртшылықпен бірге талқылайды. ҰС жобасын жұртшылықпен бірге талқылау мерзімі екі айдан көп болмауы қажет.

  3. ҰС жобасы жазбаша түрде алынған ескертпелермен бірге бір уақытта стандарттау бойынша Техникалық комитетке (ТК) ұсынылады, ол сол жобаның сараптауын жүргізуін ұйымдастырады. Сараптау қорытындысы бойынша ТК ҰС жобасын бекіту немесе бекітпеу туралы нақты ұсыныстарды дайындайды. Бұл ұсыныс стандарттау бойынша ұлттық органға жіберіледі, ал ол ұсынылған ТК құжаттары негізінде шешім қабылдайды.

ҰС бекіту күнінен бастап электронды-сандық түрде отыз күн ішінде техникалық реттеу және ортақ қолдану ақпараттық жүйесі бойынша ҰС бекіту туралы хабарлау атқарушы биліктің мемлекеттік органының баспа басылымында жариялануына жатады.

  1. Стандарттау бойынша ұлттық орган ҰС тізімін ТР талаптарын орындау үшін ерікті негізде қолданылатын техникалық реттеу және жоғарыда айтылған ақпараттық жүйе атқарушы биліктің мемлекеттік органының баспа басылымында бекітіледі және жарияланылады. Стандарттау бойынша халықаралық және ұлттық ұйымдар тұтынушылардың стандарттарды құрудағы жұмысқа қатысуына көп көңіл бөледі. Олардың кейбірі тұтынушылардың ТК жұмыс тобының отырыстарында қатысулары үшін қаражаттар тауып жатады.


1.8 Мемлекеттік стандарт және сертификаттау ережелерінің міндетті талаптарын бұзу жауапкершілігі
Тауар және қызмет көрсетудегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін қазіргі уақытта ҚР Конституциясы құрайды, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, «Техникалық реттеу туралы» Мемлекеттік заң, «Өлшем бірлігінің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 7 маусым 2000ж. заңы және т.б. мемлекеттік заңдар.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Көрсетілген дайындаушының, сатушының, орындаушының жауапкершілігі ҚР Азаматтық кодексінде (ҚР АК), «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңымен (ары қарай –Заң) және басқа да заңдық актілермен қарастырылған. Бұл жауаркершілік сот арқылы құқық бұзушыға (жәбір көрушінің мақұлдануымен) мүліктік сипатта, яғни зиян келтіру, шығындардың орнын толтыруға, қарыз, өсім, айыппұл төлеу сияқты шаралар қолдану.

ҚР АК зиян келтірудегі орнын толтырудағы жалпы сұрақтардан бөлек тауарлар, жұмыс, қызметтердің жетіспеуінен туындаған өтемді өтеу туралы арнайы бөлімді қарастырған. Жауапкершіліктің негізі болып келетін тауардың (жұмыс, қызмет) жетіспеуі сапа және қауіпсіздікке қойылатын талаптардың бұзылу нәтижесі болатын өндірістік, құрылымдық, рецептуралық және басқа сипатта болуы мүмкін.

Сатушының міндеті (атқарушының) ҚР АК баптарында және Заң баптарында бекітілген сападағы тауарды, сонымен қатар тауар туралы қажетті және шүбәсіз ақпаратты тұтынушыға жеткізу.

Зиян келтіру жауапкершіліктің екінші маңызды негізі - бұл азаматтың денсаулығын жоғалтуы немесе зардап шегуі немесе асыраушының өлімі арқылы сонымен қатар жою, бұзу және т.б. жағдайлардың салдарынан азаматтың және заңды тұлғаның мүлігіне келтірілген залал. Келтірілген зиянның орнын толтыру кез келген тұтынушы құқығында және де мұнда оның сатушымен (атқарушымен) шартта болған немесе болмағандығынан тәуелсіз түрде. Сондықтан зиян келтірудің орнын толтыруын тек сатып алушы ғана емес, басқа да тұлға талап ете алады. Мысалы, телевизордың жануы кезінде тек сатып алушыға ғана емес, сонымен қатар оның туыстарына, көршілеріне зиян келтірілді, яғни зиян келтірілген тұтынушының өзі, туыстары, көршілері және басқа да зиян шеккен тұлғалар да өтемнің өтелуін талап ете алады.

Өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың бұзылуы - әкімшілік жауапкершілігі бірқатар заңнамалық актілермен қарастырылған.

Әкімшілікті құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексімен сәйкес стандарттар талабына жатпайтын тауарларды сату, жұмыс атқару немесе елді-мекенге қызмет көрсету әкімшілік айыппұлдың салынуына әкеледі:


    • азаматтарға 10 - 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш);

    • қызмет үстіндегі тұлғаларға – 20 - 30 АЕК;

    • заңды тұлғаларға – 200 - 300 АЕК.

Осы бапқа сәйкес санитарлық ережелері бұзылған немесе адам денсаулығы және өмірі үшін тауарлардың (жұмыс жасау немесе елді-мекенге қызмет көрсету) қауіпсіздігін куәландыратын сәйкес сертификатсыз (сәйкестік туралы декларация) тауарларды (жұмыс, қызмет) сату тауарлардың тәркіленуіне немесе тәркілеусіз әкімшілік айыппұл салуға әкеледі:

    • азаматтарға - АЕК мөлшерінде;

    • қызмет үстіндегі тұлғаларға – 40 - 50 АЕК;

    • заңды тұлғаларға – 400 - 500 АЕК.

Қылмыстық жауапкершілік. Қолданыстағы ҚР Қылмыстық Кодексінің

223 б. сәйкес қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты орынсыз беру немесе қолдануға байланысты тауарларды шығарғаны немесе сатқаны үшін, жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылады. Іс-жүзінде мәселе мемлекеттік стандарттың және басқа да НҚ міндетті талаптарының бұзылғандығы жайында, сонымен қатар сертификаттау ережелерінің бұзылуы туралы, себебі сәйкестену сертификаттары қауіпсіздікті растайтын ресми құжат болып танылады.

Заңгердің айтуы бойынша шығарылым деп дайындаушының тапсырыс берушіге (жеткізу шарты бойынша сатып алушыға) тауарды тапсыруы деп (қайта жүктеу) түсінген дұрыс, сонымен қатар кәсіпорынның техникалық бақылауынан өткен және тапсырыс берушіге жіберуге толық дайындалған тауардың дайын өнімін қоймаға тапсыру.

Тұтынушы үшін қауіпті тауарды шығару және сату немесе қызметті (жұмыс) орындаудың бір фактісі қылмыстың аяқталғандығын білдірмейді. Бұл үшін келесі қарастырылған салдарлардың орындалуы қажет: адам денсаулығына зиян келтіру, адам өлімі. Сондықтан қауіпті тауардың (немесе қауіпті қызметтің орындалуы) шығарылуы немесе сатылымы қылмыстың туындауы ретінде қарастырылады және қылмыстың жүзеге асырылуына дайындық деп реттелінеді. Адам денсаулығына зиян келтіруін жеңіл және ауыр дене жарақаты деп түсіну қажет.

Жазалау шегі қылмыстың ауырлығына, зардап шеккен адамдардың саны мен жасына қарай реттеледі.

Осылайша ҚР Қылмыстық Кодексімен (ҚР ҚК) сәйкес абайсызда адам денсаулығына зиян әкелген іс-әрекет 500-700 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жазаланады және бас бостандығынан айырылады немесе еркіндігін шектейді.

ҚР ҚК 229 б. сәйкес жауапкершіліктің атқарылуы үшін шығарылым (сату) немесе жұмыстың (қызметтің) бірнеше рет орындалуы қажет етілмейді. Бір рет орындалғаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Бапқа сәйкес дәл сондай іс-әрекеттер, егер де олар:

а) 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тауарларға (жұмыс немесе қызмет) байланысты атқарылса;

б) абайсызда екі немесе одан да көп тұлғалардың денсаулығына зиян келтірілсе;

в) абайсызда адамның өліміне әкелсе, АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе еркіндігін шектейді немесе бас бостандығынан айырады.

Бапта көрсетілген екі немесе одан да көп адам өліміне әкелген іс-әрекеттер белгілі бір уақыт мерзіміне бас бостандығынан айырады.

«Техникалық реттеу», ондағы техникалық регламенттер туралы Мемлекеттік заңның жүзеге асырылуы шаруашылық іс-әрекетіндегі субъектілермен регламенттердің бұзылуы үшін жауапкершіліктің артуын қарастыратын ҚР ҚК өзгерістер және толықтырулардың енгізілуін қажет етеді. Мемлекеттік заң ретінде техникалық регламенттерді бұзғандығы үшін жауапкершілік өсе түседі. Техникалық заңнама әрекет ететін елдерде қауіпті өнімді шығарғаны үшін өндіруші үлкен көлемді айыппұлдар төлейді, мысалы үшін бірқатар елдер ішіндегі Германияда 5 жылға дейін бас бостандығынан айырады.


1.9 Өнімнің сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлемесі
Жұмыстың мақсаты - өнімнің сапа талаптарын қанағаттандыратындай «сапа тұзағының» әр кезеңінің орындалуы үшін қажетті шарттарды құру бойынша шараларды әзірлеу. Өнімнің сапа талаптарын әртүрлі құжат түрлерінде көрсетеді: техникалық тапсырмаларда, нормативті –техникалық құжаттарда (стандартта, техникалық шарттарда). Бұл талаптарды кәсіпорын (техникалық бөлім, техникалық бақылау бөлімі, орталық ғылыми-зерттеу зертханасы) реттейтін өнімнің сапасын көтеретін мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларда да (МҒТБ) көрсетеді. Бағдарламаны белгілі бір өнімге дайындайды. Ол дайындалатын өнімнің техникалық деңгейі мен сапасы бойынша тапсырмадан, «сапа тұзағының» барлық кезеңдерінен ресурсты қамтамасыз ету талаптарынан (мысалы, қажетті сапалы бұйымның өндірісі өндірістік персоналға және т.б. үшін қажет жабдыққа, шикізатқа, жинақтау бұйымдарына, метрологиялық заттарға талаптар), сонымен қатар бұл талаптардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін «сапа тұзағының» барлық кезеңіндегі шараларынан тұрады.

МҒТБ шараларын орындайтын тәртіп, ереже және әдістер кәсіпорын реттейтін сапа жүйесінің құжаттарымен анықталады.



1.10 Стандарттау органдарының және қызметтерінің жүйесі
Қазақстанда стандарттау бойынша жұмыс жетекші органмен (ұлттық), жұмыс органдарымен және бақылаушы ұйымдармен жүзеге асырылады.

Қазақстанда стандарттау бойынша ұлттық орган ол елдегі стандарттаудың мемлекеттік жетекшілік етуін жүзеге асыратын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Қазақстан Республикасының Комитеті (ҚР Мемстандарты).

ҚР Мемстандарты келесі қызметтерді атқарады:


    • стандарттау, сертификаттау және метрология сұрақтарына қатысты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін реттейді;

    • стандарттау, сертификаттау және метрология аумағындағы Қазақстан Республикасының және басқа да Мемлекеттік субъектілердің құрамындағы республика билігіндегі органдармен өзара әрекет етеді;

    • стандарттарды әзірлеу және қолдану бойынша, сонымен қатар өз құзыретіне ұқсас басқа да проблемалар бойынша техникалық комитеттің және шаруашылық іс-әрекет субъектілердің әрекетін бағыттайды;

    • өз құзыретінің шегінде заң жобаларын және басқа да құқық актілерін дайындайды;

    • стандарттау, сертификаттау және метрология жұмыстарын жүргізу бойынша тәртіп және ережелерді бекітеді;

    • мемлекеттік стандарттарды қабылдайды, нормативті құжаттардың, зат және материалдардың стандартты үлгілерінің тіркелуін жүзеге асырады;

    • сынау зертханасын және серттификаттау бойынша органдарды аккредиттеу қызметін басқарады;

    • стандартттардың міндетті талаптарын, метрология ережелерін және міндетті сертификаттаудың орындалуы жайында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    • Қазақстанды халықаралық ұйымдарда және Мемлекетаралық ТМД кеңесінде таныстырады;

    • сәйкес шет ел органдарымен қарым –қатынас жасайды;

    • аумақтардағы Мемстандарт қызметін атқаратын ғылыми - зерттеу институттарының және территориалды органдардың жұмысын басқарады;

    • мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарының, сертификаттаудың міндетті ережелерінің орындалуына бақылау және қадағалау жүргізеді;

    • халықаралық, аумақтық және мемлекетаралық (ТМД аумағында) стандарттау және т.б. жұмыстарға қатысады.

Стандарттау бойынша тұрақты жұмыс органдары болып стандарттау объектісіне қарай мамандандырылған стандарттау бойынша техникалық комитеттер (ТК) танылады.

Стандарттау бойынша техникалық комитеттердің негізгі қызметі:



    • өз аймағындағы стандарттаудың даму концепциясын анықтау;

    • жаңа стандарттардың жобаларын әзірлеу және іс-жүзіндегі стандартты жаңарту;

    • стандарттарды және т.б. әзірлеуге қатысатын ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

Халықаралық стандарттау желісі бойынша техникалық комитеттер ұлттық стандарттардың халықаралыққа сәйкес болу сұрақтарымен айналысады, стандарттау бойынша халықаралық (аймақтық) ұйымдардың техникалық комитеттерінің жұмысына қатысады, сонымен қатар бірқатар басқа да жұмыстар атқарады.

Техникалық комитетті құру үшін ғылыми-техникалық база ретінде қызмет ету профилі оның мамандануына сәйкес келетін кәсіпорын және ұйым қызмет атқарады. Оның қатарына ҚР Мемстандартының және ҚР Мемқұрылысының ғылыми-зерттеу орталықтары да кіреді.

Стандарттау бойынша басқа да қызметтер ретінде ғылыми-зерттеу, конструкциялық және басқа да ұйымдарда құрылатын арнайы қызметтерді (зертханалар, бөлімдер, бюролар, орталықтар) және стандартау, сертификаттау және метрология аумағындағы үйлестіруші жұмыстарды атап айту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет