1.14 Cтандарттарды енгізу. Стандарттарды таңбалау.
Өнімдерді таңбалау
Стандартты кәсіпорынға енгізілді деп есептейді, егер де олармен анықталған нормалар, көрсеткіштер және талаптар олардың таралу аумағымен сәйкес қолданылса және егер де шығарылатын өнім сол стандарттың барлық талаптарына сәйкес болса. Стандарттарды және техникалық талаптарды енгізу мен орындауды ҚР Мемстандарты, оның орталықтары, стандарттарды және өлшеу техникаларын қадағалайтын мемлекеттік зертханалар, сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары қадағалайды. Өнімді жобалау, өндіру және пайдалану кезеңінде стандарттардың орындалуын және тиімділігін Мемстандарт органдарымен кешенді тексерілуі маңызды мәнге ие. Егер де стандарт пен техникалық шарттарды уақытымен сәйкес ендірмесе, кәсіпорын және ұйым басшылығы еңбек туралы заңнамаға сәйкес тәртіпті жауапкершілігін атқарады. Стандарттар және техникалық шарттар талабына сәйкес емес, жинақталмаған, сәйкес емес ыдыс пен қаптамадағы, таңбалау талаптарының бұзылуымен, құрылымды кемшіліктері және басқа да ақаулары бар өнімдерді жеткізгені үшін жеткізуші (дайындаушы) ҚР азаматтық заңнама Негіздерімен қарастырылған жауапкершілікті атқарады. Сонымен қатар өнеркәсіп кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тартады. Стандарттарды міндетті түрде орындау ғана стандарттаудан келетін әсерді береді. Сондықтан стандарттар заң күшіне ие және оларды орындау тек көндіру әдістерімен ғана емес, мемлекеттік мәжбүрлеу әдістерімен де жүзеге асырылады. ҚР СТ 1.11-99 «ҚР МС Өнімнің каталогты беттерін толтыру, ұсыну, есептеу және сақтау тәртібіне», ҚР СТ 1.16-2000 «Стандарттау, сертификаттау ережесі және сертификатталған өнімдер бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарын орындаудағы мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру тәртібіне» сәйкес Қазақстанда ҚР Мемстандарттарымен қолданылатын мемлекеттік стандарттарға өнімді сәйкестендіру белгісімен таңбалау енгіздірілген.
Егер де өнім оған міндетті түрде қарасты болса, белгімен таңбалау сертификаттауды алмастыра алмайды. Осы нормативті құжаттарға сәйкес кәсіпорын-дайындаушылар өз бастамаларымен ерікті түрде сәйкестік белгісін қолдана алады (1.3 - сұлба), егер де олардың өнімдері мемлекеттік стандарттардың талаптарына толық сәйкес өндірілсе. Бұл белгімен өз өнімін таңбалау құқығына ие болу үшін мұндай өнімді дайындаушы сол немесе басқа да мемлекеттік қолдау шараларына үміткер бола алады.
ж
1.3 – сұлба - Стандарттарға сәйкестікті растайтын белгілер:
а – Ресей; б – Ұлыбритания; в – Оңтүстік Корея; г – Германия; д – Франция; е – Жапония; ж – Қазақстан.
1.15 ТМД стандарттау
ТМД шеңберіндегі стандарттау, сертификаттау және метрология үкіметаралық болып табылып 1992ж. бері жұмыс жасайтын «Стандарттау, метрология және сертификаттау облысындағы келісімді саясатты жүргізу туралы» келісімге сәйкес атқарылуда.
Стандарттау бойынша барлық ұлттық ұйымдар ұсынылған ТМД қатысушы елдердің Мемлекеттік аралық кеңесі (МАК) құрылған. МАК мемлекетаралық стандарттар қатысады. Стандарттау бойынша жұмыс стандарттау бойынша ұлттық органдардан түсетін ұсыныстарды қорытындылау негізінде МАК құрайтын бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. 1988ж. аккредитация сияқты көкейтесті аумаққа қатысты маңызды құжатқа қол қойылды. Аккредитация аумағындағы көпжақты ынтымақтастық туралы хаттамаға барлық ТМД мемлекеттері қол қойды.
Халықаралық қоғамдастықпен Мемаралық кеңесті стандарттау бойынша аймақтық ұйым деп тану белгілері пайда болды: ХЭК және СЕН ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісім жобасы ИСО жіберілді. МАК жұмысындағы ең күрделі қиындық туғызатыны сәйкестікті растайтын аймақтық жүйенің әзірленуі. Бүгінгі күні әрбір ел өз сәйкестік белгісімен ұлттық сертификаттау жүйесінің ережесі бойынша қызмет атқарады. Бірыңғай ереже және бірыңғай сәйкестік белгісіне өту ауыр болды және ұзақ уақытты алады деп күтілуде, алайда елдердің барлық өкілдері оның қажеттілігі туралы өтініш білдірген еді. Украина өзінің ерекше ойын айтуда, ол аймақтық жүйені құру тиімсіз деп есептейді.
МАК қоятын бірінші ретті келешектегі міндеттер:
- стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша ИСО, ХЭК, СЕН және өзге де халықаралық және аймақтық ұйымдар мен ынтымақтастықты дамыту;
- сынақ жүргізетін зертханаларды аккредитациялау бойынша Еуро-Азияттық аймақтық ұйымды МАК шеңберінде құру;
- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мамандар үшін оқу пәндерін біртүрлілікке келтіру жағдайын шешу.
ТМД мүшелігі болып табылмайтын елдерді стандарттау бойынша ұлттық ұйымдарды МАК жұмысына қатыстыру мүмкіндіктері туралы сұрақ қарастырылуда.
2 СЕРТИФИКАТТАУ
2.1 Өнімді сертификаттау. Сертификаттау туралы түсінік
Өнімнің нақты, шүбәсіз және әділ бағасы оның әзірленуі, өндірісі, жеткізілуі және пайдаланылуы кезінде негізделген шешімді қабылдау мүмкіндігін береді. Мұндай баға алдымен нормативті құжаттармен келісілген экспериментті түрде анықталған өнімнің деректі сипаттамаларын және қасиеттерін салыстырумен негізделеді.
Сапаны бағалаудың көп түрлерінен жалпысы болып сертфикаттау табылады. Сертификаттау латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған» деген түсінік береді. Ол сертификатталатын өнімнің өндірісінде сынақты және жағдайды бағалауды жүргізуде, осы рәсімдерді орындауды бақылауда және тәуелсіз орган жағынан өнім сапасын қадағалауда негізделеді. Барлық осы операциялардың бірлесуі нормативті құжатта бекітілуіне және тұтынушылар үшін өнімнің кез келген маңызды сипаттамасын бақылай алуына мүмкіндік береді. Осының арқасында сертификаттау бекітілген талаптарға олардың қатаң сәйкестігінің сенімді кепілі, осы сәйкестену туралы шүбәсіз ақпарат көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге өнімнің сапасын арттырудағы тиімді құралы және стимулы болып табылады.
60-жылдарға дейін сертификаттау жеке елдерде, олардың экономикалық, техникалық және әкімшілік шарттарымен оқшаулау дамыды. 60-жылдардың аяғында-ақ сертификаттау халықаралық сауданың, маркетингтің және «нарықтық жаңалық» тауарларына бағдарлану салдарынан кең тарала бастады. 1970-1980 ж.ж. стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (ИСО) Халықаралық электротехникалық комиссиясымен (ХЭК) бірлесе сертификаттауды ұйымдастыруда бірқатар елдермен тәжірибе қорытындыланды және сертификаттауды жүргізу тәртібін, сертификаттау жүйелерін әзірлеуді, өнім сапасын қамтамасыз ету жүйелерін және т.б. ұсынатын әдістемелік материалдар кешені әзірленді.
Сертификаттау тұтынушылар мүддесін және ұлттық стандарттармен өзге де техникалық нормаларға сәйкес келмейтін импортты өнімнің пайда болуынан бастап, жалған жарнамадан, бұрмаланған ақпараттан және алаяқтықтан өз елінің нарығын қорғайды. Сонымен бірге өнімнің стандарттарына оны міндетті сертификаттау талаптарының қосылуы осы экспортталатын өнімнің беделін көтереді.
Халықаралық және аймақтық сертификаттау жүйелерін әзірлеу және қолдану 18 елді (350 млн. адам) біріктіретін 1993 ж. бірыңғай еуропалық нарықтың ұйымдастырылуы үшін жағдай жасады. Бұл үшін техникалық нормалар және ережелерді бірыңғайлауды жүргізу (нарықтың барлық бөліктерінде олардың тең мәнділігін кепілдендіру үшін), нарықтың барлық бөліктерінде өнімнің техникалық нормалар мен ережелерге сәйкестігін бағалау нәтижелерін мойындау үшін алғышарт жасау, сапаны қамтамасыз ету жүйелеріне еуропалық сертификатты әзірлеу қажет болды.
Қазақстанда мемлекеттік құрылымды өзгерту, кәсіпорынның дербес шаруашылығын арттыру, олардың сыртқы нарыққа тікелей шығуы, жаңа коммерциялық және қаржылық құрылымның пайда болуы мемлекеттік сертификаттау жүйесін қалыптастыруға жағдай жасады.
26 маусым 1992 жылы № 640-ХІІ қолданысқа енгізілген «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес: тұтынушылардың өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, тұтынушылардың мүлігіне зиян келтірудің алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық актілерде немесе стандарттарда талаптары белгіленген тауарлар, жұмыстар, қызметтер белгіленген тәртіпте міндетті сертификаттауға жатады.
Сертификатсыз тауарларды (оның ішінде импортты) іске асыруға, жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге тыйым салынады. ИСО/ХЭК басшылық келісімімен сәйкестік сертификаттауы - бұл сәйкестендірілген өнім «процесс немесе қызмет» нақты стандартқа немесе өзге де нормативті құжатқа сәйкес екендігін дәлелдейтін үшінші жақтың әрекеті. Осылайша «сертификаттау» термині ары қарай тек үшінші жақпен сертификатталуды білдіреді. Үшінші жақ – бұл дайындаушыдан және өнімді тұтынушыдан да тәуелсіз орган немесе ұйым. Үшінші жақтың сертификаттауымен қатар өзін-өзі сертификаттау немесе дайындаушының қандай да бір нақты нормативті техникалық құжаттар (НТҚ) талабына өз өнімінің сәйкестігі туралы өтініші де бар.
Сертификаттау үш кең таралған іс-әрекеттерге негізделеді:
-
өнімді сынау;
-
өнімді өндіру жағдайын алдын-ала тексеру;
-
өнім және өндірісті ары қарай (сертификаттауды беруден кейін) қадағалау (бақылау).
Сынақтың сертификатталуы кезінде өндірістің бағалануын және қадағалануын дайындаушы және тұтынушыдан тәуелсіз үшінші жақ болып табылатын органдар (ұйымдар) атқарады.
Сертификаттаудың барлық жүйелерінде сол немесе басқа да формада үшінші жақпен сертификаттауға бағытталатын, сертификат берер алдында немесе дайындаушыға оны шығаруға құқық бергенде өнімнің өндіріс жағдайын тексеру қарастырылады, сонымен қатар сертификатталған өнімнің өндірісін қадағалайды (бақылау). Бұл сертификаттау кезінде тексерілетін оның сапа тұрақтылығына, оған қойылатын талаптардың тұрақты қадағалауына белгілі бір кепілдікті құрайды.
Сертификаттаудың ерекшелігі болып сонымен бірге өнімнің ғылыми-техникалық құжаттамаға сәйкестігін заңды түрде дәлелдейтін куәлігі ретінде өнімге қойылатын арнайы құжат – сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі.
Сәйкестік сертификаты – бұл құжат сертификаттау жүйелерінің ережелері бойынша басылған және сәйкестендірілген өнімнің (процесс, қызмет) нақты стандартқа немесе басқа да нормативті құжатқа сәйкестігі туралы қажетті сенімділіктің қамтамасыз етілуін хабарлайды. Сертификат стандарттың барлық талаптарына қатысты бола алады, сонымен бірге құжаттың өзінде нақты айтылатын жеке бөлімдерге немесе өнімнің нақты сипаттамаларына да қатысты. Сертификатпен ұсынылатын ақпарат соның негізінде берілген сынақ нәтижелерімен оны салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
Сәйкестік белгісі — бұл көрсетілген өнім (процесс, қызмет) нақты стандартқа немесе өзге де нормативті құжатқа сәйкестігіне қажетті сенімділіктің қамтамасыз етілуін көрсететін сертификаттау жүйелерінің ережелерімен сәйкес (немесе сертификаттау органымен берілген) қалыптасқан тәртіпте бекітілген белгі. Сәйкестік белгісі белгілі бір сертификаттау жүйесімен шектелген, бұл осы белгімен таңбаланған өнім стандартына сәйкестігін бақылайтын осы жүйенің (сертификаттау бойынша орган арқылы) ерекшелігін көрсетеді. Сертификатты немесе сәйкестік белгісін алу жасаушыға (жеткізушіге) белгілі бір міндетттерді жүктейді және арнайы ұлттық актілермен немесе келісімдермен (лицензиялармен) негізделеді.
Сертификаттаудың маңызды ерекшелігі мұнда барлық операциялар белгілі бір жүйенің шеңберінде жүзеге асады, ол олардың орындалуында нақты ережелерге ие және арнайы уәкіл орган – сертификаттау бойынша орган басшылығымен қызмет жасайды. Бұл орган үшінші жақ ретінде ұйымды және елдегі қолданыстағы заңнамамен және нормативті актілермен сәйкес жүйенің қызмет етуін басқарады.
2.2 Сертификаттау сұлбалары
Сертификаттаудың халықаралық тәжірибесімен қабылданған ережелерге және ИСО/ХЭК ұсыныстарын есепке ала үшінші жақпен қолданылатын келесі сертификаттау сұлбаларын қолдану әзірленді және ұсынылды.
1-сұлба. Типтік сынақ.
2-сұлба. Типтік сынақ және одан кейінгі сауда сферасындағы өнімдер (іріктеме) үлгілерінен алынатын кезеңдік сынау арқылы қадағалауды жүзеге асырады.
3-сұлба. Типтік сынақ және одан кейінгі жасаушы өнеркәсіптерден алынатын іріктемелерді кезеңдік сынау арқылы қадағалауды жүзеге асырады.
4-сұлба. Типтік сынақ және одан кейінгі сауда саласында және жасаушы өнеркәсіптерден алынатын іріктемелерді кезеңдік сынау арқылы қадағалауды жүзеге асырады.
5-сұлба. Жасаушы кәсіпорыннан және сауда саласынан алынатын үлгілерді (іріктемелер) тексеру және сынау нәтижелерін ескеретін және қадағалауды жүзеге асыратын типтік сынақ және кәсіпорындағы сапаны басқару жүйесінің бағасы, басқармамен келісім жасау.
6-сұлба. Кәсіпорындағы сапа жүйесін бағалау.
7-сұлба. Өнім партиясын сынау.
8-сұлба. 100%-дық өнімді сынау.
1-сұлба. Өнім үлгілеріне типтік сынақтардың сынақ жасайтын ұйымдармен арнайы бекітілген стандарттар талаптарына сәйкестігін жүргізуге ғана негізделеді. Сертификаттаудың бұл түрін қолдануда тек ұсынылған үлгінің қалыптасқан талаптарға сәйкестігінің сыналуы ғана расталады. Қарапайымдылығы және салыстырмалы аз шығынды болғандығынан ол сауда-экономикалық қатынастарда және ұлттық, халықаралық ауқымдарда таралған.
2-сұлба. Сауда сферасынан алынған үлгілерді кезеңдік бақылау сынақтары арқылы өнімнің сапасын ары қарай бақылаумен арнайы бекітілген сынау ұйымдарында өнім үлгілерін типтік сынақтан өткізуге негізделеді. Бұл сұлбаны қолдану ұсынылған үлгілердің сапасын бағалаумен қатар сериялы шығарылатын өнімнің сапасын да бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылығы – оның қарапайымдылығында, алайда мұнда шығындар алдыңғы әдіске қарағанда жоғары болып келеді. Оның кемшіліктеріне жататыны, мұнда бақылау сынақтарының шешімі бойынша өнімнің стандарттар талаптарына сәйкес келмеуінің анықталуы өнімнің іске асырылуында ғана болады. Сауда сферасының стандарттарына сәйкес келмейтін өнімдерді алу қиындатылған.
3-сұлба. Сауда желісіне немесе тұтынушыға жіберу алдында алынған үлгілерді кезеңдік бақылау сынақтары арқылы өнімнің сапасын ары қарай бақылаумен арнайы бекітілген сынау ұйымдарында өнім үлгілерін типтік сынақтан өткізуге негізделеді. 2-сұлбаға қарағанда бақылау сынақтарын өнімдердің сауда желісіне түспес бұрын өткізеді, бұл стандарттарға сәйкес келмеу жағдайларын анықтағанда оның тиелуін тоқтатуға мүмкіндік береді.
4-сұлба. Сауда сферасынан және өндірістен алынған үлгілерді кезеңдік бақылау сынақтары арқылы өнімнің сапасын ары қарай бақылаумен арнайы бекітілген сынау ұйымдарында өнім үлгілерін типтік сынақтан өткізуге (1 – 3 сұлбалардағыдай) негізделеді. Алайда мұнда да өнім жасап шығарылуынан кейін және оның өндірісіне қаражат жұмсалғаннан кейін ғана өнімдердің стандарттар талаптарына сәйкес келмеуі анықталынады.
5-сұлба. Сауда сферасынан және өндірістен алынған үлгілерді кезеңдік бақылау сынақтары арқылы өнімнің сапасын ары қарай бақылаумен арнайы бекітілген сынау ұйымдарында өнім үлгілерін типтік сынақтан өткізуге негізделеді. Сертификаттаудың бұл түрі өнім сапасын ғана анықтап қоймай, сонымен бірге кәсіпорынның талап етілетін сапа дәрежесінде өнімді шығару мүмкіндігін бағалай алады. Сапаны қамтамасыз ету жүйелерін бағалауды жүргізгенде кәсіпорында оның критерилерін анықтау қалыпты жағдай. Бұл сұлба өнеркәсібі дамыған әлем елдерінде және сертификаттаудың халықаралық жүйелерінде кең таралған. Жоғарыдағы ерекшеліктердің түрлілігіне қарағанда бұл сұлба едәуір күрделі және қымбат, алайда оның артықшылығы тұтынушы өнімнің жоғары дәрежеде екендігіне көз жеткізе алады.
6-сұлба. Кәсіпорындарда сапаны қамтамасыз ету жүйелерін бағалауды жүргізумен ғана негізделеді. Бұл түрді кейде жасаушы кәсіпорындардың аттестатталуы деп атайды. Бұл түрдің сертификатталуын қолдануда кәсіпорынның көрсетілген сапа дәрежесіне сай өнімді шығару қабілеттілігі ғана бағаланады. Сертификаттаудың бұл жүйесін стандарттың соңғы өнімге талабын регламенттемегенде (себебі ол әртүрлі формаларды қабылдауы мүмкін) қолданады, талапты тек өндіріс түріне ғана анықтайды.
7-сұлба. Өнімнің әрбір жасалынған партиясының іріктемелеріне сынақ жүргізумен негізделеді. Партияны тиеу туралы шешімді іріктеу сынақтарының нәтижелері бойынша қабылдайды. Сертификаттаудың бұл түрі үшін анықталған қабылдауға лайықты сапа дәрежесі мен жасалынған партия өлшемдерінен тәуелді іріктемелердің көлемін анықтау қажет. Қабылданған ережеге сәйкес іріктеулер уәкіл органдармен қалыптасады. Сертификаттаудың бұл түрін пайдалану статистикалық талдау әдістерін қолданумен байланысты.
8-сұлба. Жасалынған әрбір жеке бұйымның стандарттар талаптарына сәйкестігі үшін сынақтар жүргізуге негізделеді. Бұл жағдайда өнімнің анықталған талаптарға сай болуына жеткізушінің жауапкершілігі сертификаттаудың жоғарыдағы барлық сұлбаларын қолдануға қарағанда өте жоғары. Сынақтан сәтті өткендерінің ғана сертификат алуы немесе сынақтан сәтті өткен бұйымдардың ғана таңбалануы қалыпты жағдай.
Өнімнің ғылыми-техникалық құжаттамаға сәйкестігін анықтаудағы қажетті құрал ретінде өнімді сынақтан өткізу осы сұлбалардың маңызды элементі болып табылады. Осыған орай сынақ жүргізетін зертханалар құзырлы болуы қажет.
Аталған сұлбалар жасаушы кәсіпорындардың өндірісін үздіксіз қадағалауды және кәсіпорындардағы сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің қызметін тексеруді талап етеді.
Тұтынушылар мүдделерін қорғаудың бір түрі ретінде оның денсаулығын қорғауда ақпараттық заттаңбалаудың сертификаттауға бірден-бір қатысы бар. Ақпаратты жасаушы тақтайшаларда және зат таңбаларда көрсетеді. Өнімдерді заттаңбалағанда жалған ақпарат беруді болдырмау мақсатында кейбір елдерде тағам өнімдерінің сапасы туралы мағлұматтың жасандылығы үшін санкциялар туралы заңдар қолданыста. Мысалы, 1989ж. мұндай заң Францияда енгізілген.
2.3 Сертификаттау бойынша органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу
Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындайтын органдар мен зертханаларды аккредитеу келесі мақсаттарда жүзеге асырылады: көрсетілген субъектілердің құзырлығын растау; олардың қызметіне сенімділікті қамтамасыз ету; қызмет нәтижелерін мойындау үшін жағдайлар жасау. Мемлекеттік тізілімде 2003ж. міндетті сертификаттаудың 19 жүйесі тіркелген, олардың әрқайсысына өзіндік критерилері және рәсімдері бар өз аккредиттеу жүйелері құрылған. Нәтижесінде келесі оғаш жағдай туындады: сертификаттаудың әртүрлі жүйелерінде қызмет жасайтын ұйымдар бір-бірінің қызмет нәтижелерін мойындамайды және тапсырыс берушілер әртүрлі жүйелерді ұсынатын бірнеше органдарга баруға мәжбүр. Бұл қосымша шығындарға әкеледі, яғни өнімдер бағасының өсуіне және оның бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі.
Дәл осы аккредиттеуден сәйкестікті растау бойынша отандық ұйымдардың қызметін мойындау басталады. Экспорттаушының бірқатар жағдайларда шет елдік стандарттар одағына СО баруы кездейсоқ емес (ал бұл қосымша қаржы және уақыт шығындары).
2002ж. Қазақстанның Мемстандартымен аккредиттеу бойынша шет ел жұмыс тәжірибелерінен талдау жүргізілген. Ол көптеген елдерде бірыңғай ұлтық аккредиттеу органдарының құрылу беталысын айқындайды. Заңның қолданысқа енуінен бастап, бұл қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгереді. Заңда сертификаттау бойынша сынақ зертханалар органдарын аккредиттеуде бірыңғай ұлттық жүйенің және бірыңғай аккредиттеу ережелерін құру қарастырылған. Аккредитеуді жүргізу тәртібі ҚР Үкіметімен бекітіледі.
Аккредиттеу бойынша ұлттық орган саудалық емес автономды мәртебеге ие болуы мүмкін. Пәтуа принципіне негізделген бұл органның қызметіне Қазақстан Мемстандартынан басқа барлық мүдделі жақтар қатысады.
Бұл аумақтағы бірыңғай техникалық саясаттың жүзеге асуы Қазақстанның аккредиттеу бойынша Халықаралық (ағылшын тілінде - IAF) және басқа да ұйымдарға қосылуына өз септігін тигізеді, сонымен бірге біздің еліміздің аккредиттеу бойынша қызметі халықаралық дәрежеде мойындалады.
2.4 Техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде міндетті сәйкестікті растау формалары мен сұлбаларын таңдау
«Техникалық реттеу туралы» Заңмен сәйкестікті міндетті растаудың міндетті сертфикаттауы – декларациялау екі нысаны анықтайды. Өнімдердің нақты түрлері үшін сәйкестікті міндетті растау нысандары және сұлбалары техникалық регламенте мінсіз түрде көрсетіледі және мұнда сұлбалар құрамы рәсімдердің өткізілу мерзімінің және өнімнің ерекшелігін ескеретін өтініш беруші шығындарының сақталуын қамтамасыз ету керек.
Сәйкестікті міндетті растау сұлбаларын таңдау Заңмен қарастырылған растау формаларының кез келгені үшін келесі критерилерге негізделуі қажет:
1) зиян келтіру қаупінің дәрежесі;
2) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштер сезімталдығының өндірістік факторларға әсері;
3) өнімнің күрделілік дәрежесі.
Сәйкестікті міндетті растау нысандары мен сұлбалары тауарлардың еркін орын ауыстыруларына жағдай жасауды қамтамасыз етуі қажет. ТР талаптарына техникалық реттеу объектілерін растау ерекшелігі біздің елімізде екі қағидалы мезеттерден тұрады:
— ЕО міндетті растаудың жалғыз нысаны болып табылатын декларациялаумен қатар Заңмен екінші нысаны қарастырылған, ол – міндетті сертификаттау;
— Заңмен анықталған декларациялау сұлбалары типтің сертификатталуы (В модулі), декларацияланған өнімге инспекциялы бақылау, жобаны сертификаттау, яғни түрленген еуропалық модулдермен қарастырылған элементтер сияқты еуропалық модулдер элементтерін қолдануға жол бермейді.
Қазақстанның Мемстандартының Ұсыныстарында көрсетілген ерекшеліктерді есепке ала нысандарды таңдауға блок-сұлбаларды және сәйкестікті міндетті растау сұлбалары ұсынылады (2.1-сұлба және 2.1-кесте).
2.1- сұлба – Техникалық регламенттеудегі міндетті сәйкестікті растаудың түрлері мен сұлбаларын таңдау блок – сұлбасы
Блок-сұлбаға сәйкес міндетті сертификаттау сияқты осындай міндетті растау нысынын анықтау үшін үш негіз болуы мүмкін:
1) өнімнің нарықты арнайы қорғау шараларымен үйлесуіндегі қарымды қауіптің жоғары дәрежесі;
2) халықаралық келісімдер аясына нақты өнімнің қатысы, оған Қазақстан да қосылған (электржабдықтары, көлік құралдары және т.б.);
3) нақты өтініш берушімен декларацияның қабылданбауы (ҚР аумағында шет елдік жасаушының уәкіл өкілінің болмауында немесе тапсырыс берушінің ТР қарастырылған көлемде өзіндік растау дәлелдерін қамтамасыз ете алмаған жағдайда).
Міндетті сертификаттау сұлбаларын қарастырсақ, онда олар ИСО ұсынылған сұлбалар сандарынан таңдалуы керек, сонымен бірге қазақстандық тәжірибеде қолданылатын құжаттарымен анықталған Қазақстан Республикасында сертификаттауды жүргізу ережелерімен өтініш-декларацияларды қарастыруға негізделген сұлбаларды алып тастау ұсынылады. Сәйкестікті растау формасын таңдаудағы ұсынылатын жол қажетті дәлелді базаны қамтамасыз ете бір жағынан сәйкестік туралы декларацияны қолдану аясын біршама кеңейтеді және бір жағынан Заңмен көрсетілген және ТР сәйкес келетін өтініш берушінің сәйкестікті міндетті растау нысандары мен сұлбаларын таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге келесі декларациялау сұлба элементтерінің қисындастырылуы мүмкін:
2.1- Кесте – Сәйкестік декларациялануының сұлбасы.
Сұлба нөмірі
|
Сұлбаның мазмұны
|
Сұлбаға жақын Еуропалық модуль
|
1
|
Өтінуші (жасаушы)
Өз сәйкестік дәлелдерін техникалық файлда жүргізу. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды.
|
А
|
2
|
Аккредиттелген сынақ зертханасы
Өнімнің типтік үлгісіне сынақтар жүргізеді
Өтінуші
сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды.
|
С
|
3
|
Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесін өндіріс сатысында сертификаттайды
Аккредиттелген сынақ зертханасы
Өнімнің типтік үлгісіне сынақтар жүргізеді
Өтінуші
сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды.
Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесіне инспекциялы бақылауды жүзеге асырады
|
D
|
4
|
Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесін бақылау және сынақ жүргізу сатыларында сертификаттайды
Аккредиттелген сынақ зертханасы
Өнімнің типтік үлгісіне сынақтар жүргізеді
Өтінуші
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды.
Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесіне инспекциялы бақылауды жүзеге асырады
|
Е
|
5
|
Аккредиттелген сынақ зертханасы
Өнімнің әрбір бірлігіне таңдамалар жүргізеді
Өтінуші
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды
|
F
|
6
|
Аккредиттелген сынақ зертханасы
Шығарылатын өнімнің партиясына сынақтар жүргізеді
Өтінуші
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды
|
G
|
7
|
Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесін жобалау және өндіріс сатыларында сертификаттайды
Өтінуші:Өнім үлгісіне сынақтар жүргізеді
|
H
|
Сонымен бірге келесі декларациялау сұлба элементтерінің қисындастырылуы мүмкін:
— өтініш берушінің сәйкестікті өзі дәлелдеуі;
— тіркелген сынақ зертханаларында сынақ жүргізу (типтік үлгіні, партияны, өнім бірліктерін сынақтан өткізу);
— сапа жүйесін сертификаттау (өндіріс кезеңдерінде, бақылау және сынау кезеңдерінде, жобалау және өндіру кезеңдерінде).
Заңда көрсетілген декларациялау сұлбаларының негізінде бұл сұлбалардың толық құрамы қалыптасты (2.1-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |