1.11 Мемлекеттік стандарттау жүйесі
Қазақстанда стандарттаудың құқықтық негізі «Техникалық реттеу туралы» мемлекеттік заңда бекітілген. Бұл заңнан басқа Қазақстанда стандарттау аумағында оған сәйкес шығарылатын заңнама актілері де реттеледі.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ) стандарттаудың мақсат және тапсырмаларын, стандарттау органдарының және қызметінің құрылысын, олардың құқығы және міндеттері, халық шаруашылығының барлық салаларындағы стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу әдістері және ұйымдастырылуы, әзірлеу тәртібі, рәсімдеу, келісім, қабылдау, басылымы, стандарттарды және басқа да нормативті – техникалық құжаттаманы енгізу, сонымен қатар олардың енуі мен бұзылмауын бақылауды анықтайтын өзара байланысқан ережелер мен жағдайлардың жинағы. Осылайша МСЖ ұйымдастырушылық, әдістемелік және тәжірибелік стандарттау негізін халық шаруашылығының барлық буындарында анықтайды.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі келесі негізгі стандарттау мақсатттарын анықтайды:
-
техникалық прогрестің жеделтетуін, қоғамдық өндірістің және еңбектің өнімділік тиімділігін жоғарылату, ондағы инженерлік және басқарушылық, өнімнің сапасын жақсарту және оның тиімді деңгейін қамтамасыз ету;
-
өнімнің өндіру және жобалау аумағындағы мамандандырылуды дамыту үшін жағдай жасау; елді қорғау қажетттілігімен өнімге қойылатын байланыстыру талабын қамтамасыз ету; әлемдік нарықтың талаптарына жауап беретін жоғары сапалы тауарлар экспортының кең дамуы үшін жағдай жасау;
-
өндірістік қорды тиімді пайдалану және материалдық еңбек ресурстарын үнемдеу; халықаралық экономикалық және техникалық қарым – қатынасты дамыту; елдің денсаулығын сақтауға, жұмысшылардың еңбегін қорғауға және т.б. кепілдік беру.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін стандарттау алдына келесі мақсаттар қояды:
-
берілген өнімнің сапа көрсеткіштерінің комплексті стандарттау негізінде дайын өнім сапасына талаптар қою, сонымен қатар (оның дайындалуына қажет) шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға және жинақтаушы бұйымдарға;
-
алдыңғы қатардағы ғылым, техника және өндірістің деңгейіне сәйкес келетін және оның жобалануы, сериялық өндірісі және қолданылу (пайдалануы) кезеңіндегі қажетті сапалы дайын өнімді қалыптастыру үшін жағдай жасайтын стандарттар жүйесін әзірлеу;
-
өнімнің сапа көресеткіштерінің, бақылау және сынау әдіс - тәсілдерінің бірыңғай жүйесін, сонымен қатар бұйымның тағайындалуына қарай қажетті сенімділік деңгейін анықтау;
-
тиімді сапаны қамтамасыз ету және түрлердің, маркалардың және түр өлшемдердің ұтымсыз емес көп болуын болдырмау мақсатында өнімді жобалау және өндіру аумағындағы нормаларды, талаптарды және әдістерді бекіту;
-
мамандандырудың маңызды шарты және өндірістің үнемділігін қамтамасыз ету, өзара ауысымдылық деңгейін көтеру, пайдалану тиімділігі және бұйымдарды жөндеу ретінде өнеркәсіптік өнімнің бірыңғайлығын және машиналарды агргегаттауды дамыту; елде өлшеудің біртұтастығын және шүбәсіздігін қамтамасыз ету; физикалық шамалардың мемлекеттік эталондарының бірліктерін жетілдіру; сонымен қатар жоғары дәлдікті өлшеу әдіс-тәсілдері.
1.1-сұлба - ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің қағидалы әдістемелік және ғылыми-техникалық негіздері.
Сонымен бірге келесі бекітулер қарастырылады:
-
құжаттандырудың бірыңғай жүйесі (ондағы басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қолданылатын құжаттандырудың бірыңғайланған жүйесі) техника-экономикалық ақпараттының және өндіріс ұйымының жүйесін және еңбектің ғылыми ұйымының техникалық тәсілдерін топтастыру және қолдану жүйесі;
-
ғылым және техниканың маңызды салаларындағы бірыңғай терминдер мен белгілер, сонымен қатар халық шаруашылығының салаларында;
-
еңбек қауіпсізділігінің стандарттау жүйесі;
-
табиғатты қорғау аумағындағы және табиғат ресурстарын қолдануды жақсарту аумағындағы стандарттар жүйесі.
Жоғарыда аталған тапсырмалар жинақты және жоспарлы болу керек және стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарлы жүргізілуіне қол жеткізу керек. Стандарттарды кезеңмен қайта қарастыруға негізделген және олардың ғылым, техника және өндіріс жетістіктерінің негізінде тұрақты жаңартылатын оның халық шаруашылық сипаты және динамизмі де мағынаға ие.
Стандарттаудың әдістемелік сұрақтары, оның ұйымдастырылуы және қызмет етуі мемлекеттік негіз салушы «ҚР Мемлекеттік стандартау жүйесі» стандартар кешенінде берілген.
Бұл кешен келесі құжаттарды қосады:
-
ҚР СТ 1.0-2003 «ҚР МСЖ. Негізгі жағдайлар»
-
ҚР СТ 1.3-2003 «ҚР МСЖ. Стандарттау және ұқсас қызмет түрлері»
-
ҚР СТ 1.4-2004 «ҚР МСЖ. Әзірлеу, келісім, бекіту, және техникалық шарттарды мемлекеттік тіркеу тәртібі»
-
ҚР СТ 1.1-2003 «ҚР МСЖ. Фирмалық стандарттар»
-
ҚР СТ 1.5-2004 «ҚР МСЖ. Құрылымына, мазмұнына, баяндалуына және мазмұнына жалпы талаптар»
-
ҚР СТ 1.10-2004 «ҚР МСЖ. Өнімді каталогтау. Негізгі жағдайлар»
-
ҚР СТ 1.11-2004 «ҚР МСЖ. Өнімнің каталогты беттерін толтыру, ұсыну және есептеу мен сақтау тәртібі»
-
ҚР СТ 1.14-2004 «ҚР МСЖ. Ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары»
-
ҚР СТ 1.16-2004 «ҚР МСЖ. Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың орындалуын, сертификаттау ережелерін және сертификатталған өнімдерді мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру тәртібі»
-
ҚР СТ 1.18-2004 «ҚР МСЖ. Мемлекеттік қадағалау мен бақылау және оларды тапсыру тәртібінің нәтижесі бойынша жазбаша өкімнің түрлері»
-
ҚР СТ 1.28-2002 «ҚР МСЖ. Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі жағдайлар»
-
ҚР СТ 1014-2000 «ҚР МСЖ. Қызмет көрсету стандарты. Негізгі жағдайлар»
1.12 Өнім және қызметті растау жүйесінің сипаты
Ұлттың денсаулығын анықтайтын және гендік қорын сақтайтын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы - негізгі фактоорлардың бірі болып табылады. Адамға зиянды заттардың 70% тағам арқылы, ал 30% – су және ауа арқылы енеді. Сондықтан азық-түлік тауарлары алғашқы болып, міндетті сертификаттау сферасына қосылған, ал толайым саудадағы азық-түлік тауарлары қоғамдық тамақтану қызметімен қатар қызмет тізіміне енгізілген.
Азық-түлік өнімдерінің және шикізаттарының сертификаттау жүйесі сертификаттау ережесіне өнімнің біртекті 11 тобын қосады.
Бұл жүйе масштабты инфрақұрылымға - сертификаттау бойынша 300 стандарттық органдар (СО) және 750 сынау зертханалары (СЗ) ие. Азық-түлік өнімдерінің сертификаттау саны өнімнің қалған барлық түрлеріндей ұйымдар саны айналысады.
Жүйенің заңнамалық базасын алдымен «Азық-түлік өнімдерінің сапа және қауіпсіздігі туралы» Мемлекеттік заңы құрайды. Жүйенің нормативті базасын мемлекеттік стандарттар, санитарлы және ветеринарлы нормалар мен ережелер, әдістік-биологиялық талаптар құрайды.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі ретінде химиялық, биологиялық немесе табиғи жаратылысты ластаушылардың реттелген деңгейінің сақталуы деп түсіндіріледі.
Потенциалды қауіпті ескере, азық-түлік тауарларының міндетті сертификаттау формасымен (балалар тамақтану өнімдері, өсімдік майы және өсімдік майларын қайта өңдеу өнімдері, сүт өнімдері және т.б.) және сәйкестік міндетті түрде растау қарастырылады.
Қауіпсіздік көрсеткішінің тізімі өнімнің көптеген топтары және түрлері үшін жалпы көрсеткіштерді және азық-түлік өнімдерінің жеке топтары үшін ерекше көрсеткіштерді де қосады. Мысалы: жануарлар тегінен шыққан өнімдер үшін құрамында антибиотиктер және гормоналды дәрілердің болуы; көкөніс жемісті өнімдер үшін құрамында нитраттардың болуы; сүт өнімдерінің құрамында антибиотиктердің болуы; алкогольды сусындар құрамында метил спиртінің және майлардың болуы және т.б.
Сертификаттау кезінде үлгілерді сәйкестендіру үлкен рөл атқарады. Өнімнің жеке топтарының (ет және ет өнімдері, өсімдік майлары, майлы өнімдер, сусындар) ассортиментті иелігіне қарай сәйкестендіру үшін сәйкес көрсеткіштер бекітілген. Мысалы жемістерді, көкөністерді сусын сияқты өнім түрлеріне қайта өңделген өнімдер үшін сертификаттау тәртібінде жеміс-жидек сусындардың жалғандығын бақылауға көрсеткіштер мен нормалар берілген, сонымен қатар 18 ең көп таралған сусындардың табиғи болуына баға беру критерилері қарастырылған. Сәйкестендірудің күрделісі үлгілердің белгілі бір тауар партиясына сәйкес болуы. Көрсетілген үлгілердің анық тауарлар тобына сәйкес болатындығына, ғалымдардың пікірінше, кепілдік беруге болады, егер де іріктеу үшінші жақпен бірге орындалса. Жиі жалған жасалатын азық-түлік өнімдерінің көптеген топтарына сәйкестендіру көрсеткіштерін әлі де әзірлеу керек.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер бойынша Ережелерге сәйкес сертификаттау үшін СО-на өтініш беру кезінде атқарушы биліктің жеке Мемлекетік органдарының жағымды қорытындысы; азық-түлік шикізаты, тағам өнімдері, тағам қоспалары, консерванттары тағам өнімдерімен байланысатын материалдар мен бұйымдар бойынша ҚР санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің қорытындысын; Қазақстанда дайындалатын жаңа тағам өнімдерінің және Қазақстанға алғаш рет әкелінетін импортты тағам өнімдерінің мемлекеттік тіркелуі туралы көрсетілген органдардың куәлігі; жануар тегінен шыққан шикізат және өнімдер үшін ҚР мемлекеттік ветеринарлы қызметінің қорытындысын; өсімдіктекті шикізат өнімдер үшін (жаңа піскен көкөністер, астық, дәнді дақылдар, ұн) жер паспорты немесе жер бөлігінің сапа сертификатын қосымша ретінде беру керек. Сертификаттау сұлбасын таңдау кезіндегі шешуші критерий болып өнім және шикізаттың сақталуы танылады. Оларды сақталуы мерзіміне қарай екі топқа бөледі: қосымша 30 тәулікке дейін сақталу мерзімі бар тез бұзылатын өнімдер; кепілдендірілген 30 тәулік сақталу мерзімі бар ұзақ сақталатын өнімдер.
Тағам өнімдері және азық-түлік шикізатын ерікті түрде сертификаттау талаптары Ережелерде нақтыланған. Ерікті түрде сертификаттау дәл сондай ереже мен рәсімдер арқылы жүргізіледі. Ереже ерікті түрде сертификаттау жүргізудің әдеттегі жағдайларын нақтылайды: егер де азаматтардың (жеке тұлғалардың) қолданысы үшін, жеке тұрмыстық қажеттіліктер үшін, мемлекеттік резервке тапсыру үшін немесе Қазақстан территориясында жүзеге асыру үшін тағайындалмаған болса ғана. Осыдан шығатыны ерікті сертификаттау объектісі қайта өңделетін ауылшаруашылық өнімдері мен шикізаттары бола алады.
Ерікті сертификаттау қолданысының потенциалды сферасы үлкен шамада және де сол немесе басқа да жағдайларда тағам өнімдерінің бүкіл ассортиментін қамтуы мүмкін. Мысалы, ерікті сертификаттау шеңберінде ботаникалық сорттары бойынша өсімдік шаруашылығының өнімдеріне сәйкестендіру жүргізілуі мүмкін және де сол немесе басқа да қайта өндіруші салалар үшін пастиломармеладты өндіріске әкелінетін алма түрлерінде пектиннің шамадан көп болуы, балалар тамақтану үшін сусындар өндірісінде қолданылатын сәбіздерде бета-каротиннің болуы және т.б.) шикізат ретінде оның құндылығы объективті түрде расталады.
Қазіргі уақытта ХАССР (немесе ағылшын транскрипциясында НАССР) негізіндегі сапа жүйесінің ерікті сертификаттау жүйесі елдегі бірқатар тағам өнеркәсібінің кәсіпорындарында қолданылуда. Ол АҚШ «Қауіптілік және межелі бақылау нүктелерінің анализі» (Hazard analysis and critical control points-HACCP) бағдарламасының негізінде әзірленген. Еуропада ХАССП жүйесі 1999 жылдан бастап тағам өнімдерін шығарушы кәсіпорындарға міндетті.
ХАССП жүйесі біздің елде келесі түрде таралған: ИСО 9000-2001 «Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі жағдайлар мен сөздік», халықаралық стандарт (ХС) ИСО 9000-2004. «Сапамен әкімшілікті басқару және сапаны қамтамасыз ету аумағындағы стандарттар. Жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламаны басқару бойынша басшылық ету» 1- басылым - 1993ж., ИСО ХС 9004-2004. «Сапамен жалпы басшылық ету және сапа жүйесінің элементтері. Сапаны жақсарту бойынша басшылық ету нұсқаулары» 1- басылым - 1993ж.
Жүйенің маңызды терминдері - «қауіптілік анализі», «межелі бақылау нүктелері».
Қауіптілік анализі-қауіпті факторларды анықтау үшін қолжетімді ақпаратты қолдану рәсімі және қауіптілікті бағалау.
Межелі бақылау нүктесі - қауіпті факторды сәйкестендіру үшін бақылауды жүргізу орны және (немесе) қауіпті жағдайда басқару.
Осыған орай сүт өнімдерінің өндірісіндегі мұндай межелі нүктелер: сүт фермаларынан сүтті қабылдау, сүт өнімдерін тасымалдау режімі, сүт зауытының зертханасындағы сынықтар, персоналдық жеке бас гигиенасы және т.б.
Осылайша ХАССП жүзеге асыру тағам өнімдерін дайындаушы өнімінің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
1.13 Халықаралық және аймақтық стандарттау
1.13.1 Стандарттау аумағындағы халықаралық әріптестік міндеттері.
Халықаралық байланыстардың тынымсыз кеңеюі стандарттаудың жеке мемлекет шеңберінде қалып қоюға жол бермейді. Әр елдерде сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық әріптестіктің сәтті жүзеге асырылуы үшін халықаралық стандарттау алдыңғы қатарға ие. Халықаралық стандарттарды әзірлеу қажеттілігі өсуде, себебі халықаралық сауданың өсу ырғағы ұлттық экономиканың дамуынан 3-4 есеге жоғары болуын ескерсе, әлем нарығында ұсынылатын бір өнімге деген әртүрлі ұлттық стандарттар халықаралық сауданың дамуына кедергі туғызады.
Мысалы, АҚШ және басқа да елдердің телевизорға деген стандарттарының арасындағы ерекшелік үшін АҚШ бірнеше елдерге өз телевизорларының экспортталуынан бас тартуға мәжбүр болды. «Филипс» Голландттық фирмасы импорттаушы елдерді қанағаттандыру үшін бір ғана радиоқабылдағыштың 12 нұсқасын (кернеу, жиілік, тоқ күші және т.б.) шығаруларына тура келді. Бірқатар жағдайларда фирмаға уақыт пен заттардың үлкен шығындарына әкелетін құрылымдық сұлбасын өзгертуге және қосымша бұйымдардың, бақылап-өлшейтін жабдықтардың көп санын қолдануға тура келді.
Бірыңғай өлшем жүйесінің – метрлік жүйесінің қабылдануына дейін Кеңес Одағының Англияға ағаш экспорттауы арасында үлкен қиындықтармен байланысқан, себебі бұл елде дюймдік өлшем жүйесі қолданылған. Сондықтан ағаш кесуші бірқатар кәсіпорындардың дюймдік жүйе бойынша жұмысқа мамандандырылуына тура келді. Англия метрлік өлшем жүйесін қабылдағаннан кейін ғана бұл қиыншылықтар жойылды.
Халықаралық сауда жағдайларын шешуде стандарттаудың байланыс қызметтері анық байқалады. Халықаралық стандарттау адамдардың, тауарлардың, энергияның және ақпараттардың орын ауыстыруына жағдай жасайды. Халықаралық стандарттарды нарыққа шығу кілті деп салыстыруы да кездейсоқ емес. 2000 ж. мәліметтер бойынша Германия компаниялары және фирмаларының 84 % әлемдік нарыққа халықаралық және еуропалық стандарттарды қолдана отырып өз тауарларын ұсынуда.
Халықаралық ғылыми-техникалық әріптестігінің стандарттау аумағындағы негізгі міндеті үйлесімділік, яғни қазақстандық стандарттардың, отандық өнім сапасының және оның әлем нарығында бәсекеге қабілетті болу деңгейін көтеру мақсатында ұлттық стандарттау жүйесінің халықаралық, аймақтық және шет ел прогрессивті ұлттық стандарттау жүйелерімен келісуі.
Халықаралық әріптестік стандарттау бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдар желісі бойынша жүзеге асырылады.
1.13.2 Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар
Халықаралық стандарттау аумағындағы стандарттау бойынша (ИСО) Халықаралық ұйым, Халықаралық электртехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) жұмыс жасайды. Төменде стандарттау бойынша ИСО және ХЭК ең ірі халықаралық ұйымдардың қызметі қарастырылады және ХЭО туралы қысқаша анықтама беріледі.
Стандарттау бойынша (ИСО) халықаралық ұйым 1947 ж. бастап қызмет етеді. ИСО қызмет ету сферасы ХЭК құзыретіне қарасты электроника және электртехникадан басқа стандарттаудың барлық аймағын қамтиды. 2001 ж. 1 қаңтардағы жағдайға қарай ИСО қызметінде 138 ел қатысады, КСРО ұйымның негізін қалаушылардың бірі болған. ИСО қаржылық қоры мүше елдердің жарналарынан, стандарттарды және басқа да басылымдарды сатудан, қайырымдылық жасаудан түсетін қаржымен құралады. ИСО органдары: Бас ассамблея, ИСО Одағы, Одақ комитеттері, техникалық комитеттер және Орталық хатшылық; ИСО жоғары органы – Бас ассамблея (1.2 сұлба). Бас ассамблеяның сессиялары арасындағы уақытта ұйым жұмысымен стандарттау бойынша ұлттық ұйымның өкілдері кіретін Одақ жетекшілік етеді. Одақ жанында ИСО техникалық комитетімен жетекшілік ететін атқарушы бюро құрылған.
Халықаралық стандарттардың жобалары техникалық комитет шеңберінде қызмет ететін жұмыс тобымен әзірленеді.
Техникалық комитеттер (ТК) жалпы техникалық және техниканың нақты аумағында жұмыс жасайтын комитеттерге жіктеледі. Жалпы техникалық ТК (ИСО ішінде 26) жалпы техникалық және салааралық міндеттерді шешеді. Оларға мысалы, ТК 12 «Өлшем бірліктері», ТК 19 «Қажетті сандар», ТК 37 «Терминология» жатады. Қалған ТК (мөлшері 140 аралығында) техниканың нақты аумақтарында қызмет етеді (ТК 22 «Автокөліктер», ТК 39 «Біліктер» және т.б.). Қызметі толық саланы қамтитын ТК (химия, әуе және ғарыш техникасы және т.б.) кіші комитеттерді (КК) және жұмыс топтарын (ЖТ) ұйымдастырады.
БАС АССАМБЛЕЯ
ИСО кеңесі
Стандарттау-
дың ғылыми принциптерін зерттеу бойынша комитеті (СТАКО)
Техникалық бюро (ПЛАКО)
Сәйкестендіруді бағалау бойынша комитеттер (КАСКО)
Ғылыми-техникалық ақпарат бойынша комитет (ИНФКО)
Дамушы елдерге көмек көрсету бойынша комитет (ДЕВКО)
Тұтынушылар мүдделерін қорғау бойынша комитет (КОПОЛКО)
Стандартты үлгілер бойынша
комитет
(РЕМКО)
Атқарушы бюро (Атқарком)
Орталық хатшылық
Техникалық комитеттер
Комитетішілік
Жұмыс топтары
1.2 - сұлба - ИСО құрылымы
Мүдделілік дәрежесіне қарай ИСО әрбір мүшесі ТК жұмысына қатысудағы өз мәртебесін анықтайды. Мүшелік бақылаушы ретінде де белсенді бола алады. Халықаралық стандарт (ХС) қабылданды деп есептелінеді, егер де ол ТК белсенді мүшелердің көпшілігімен (75 %) мақұлданса. 2000ж. басында МС ИСО шамамен 13 мың жұмыс жасаған. МС ИСО 75 % - негіз салушы стандарттар немесе сынау әдістерінің стандарттары. Халықаралық стандарттау тәжірибесінде өнімге стандарттарды әзірлеу кезінде негізгі басымдылық өнімді сынаудағы бірыңғай әдістерді бекітуге жасалынады, яғни оларсыз өнімнің өндірілген және қолданылған еліне қарамастан дайындаушы мен тұтынушы арасындағы өзара түсініктің болуы мүмкін емес. ХС сонымен қатар өнімге қойылатын талаптар қатарына оның адам өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған орта қауіпсіздігін, өзара ауысымдылығын және техникалық үйлесімділігін жатқызады. Нақты өнімнің сапасына қойылатын басқа да талаптарды қарастырса, онда оларды ХС бекіту тиімді емес, әртүрлі категориядағы тұтынушылар үшін нақты өнімге қойылатын нақты сапа нормалары келісім шарттардағы баға арқылы реттеледі.
Жалпытехникалық және салааралық ТК қызметінің нәтижелерін қарастырғанда ИСО маңызды жетістіктерін атап өткен жөн: өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесін әзірлеу, бұранданың метрлік жүйесін, көліктің барлық түрінің жүк тасымалы үшін стандартты өлшемдер мен контейнерлер құрылымының жүйелерін қабылдау. Қазіргі уақытта 1979ж. құрылған ТК 176 «Сапаны қамтамасыз ету жүйелер» жұмысы аса үлкен назарды аударады. Оның міндетіне сапаны қамтамасыз ететін жүйені құрайтын негіз салушы принциптердің стандартталуы және үйлесімділігі. 1987ж. кәсіпорындардағы өнімнің сапа сұрақтарын шешу үшін бірыңғай келісімге бағытталған 9000 сериялы ИСО алғашқы төрт стандарттар нұсқасы, 1994ж. - екінші нұсқасы, 2000ж. – үшінші нұсқасы жарияланған.
ИСО Одағының басқа да органдары болып Техникалық бюро және алты комитет жатады. Өнімдердің стандарттарға сәйкестену бағасы бойынша Комитетінің (ағылшын тілінде - КАСКО), тұтыну сұрақтары бойынша Комитетінің (ағылшын тілінде - КОПОЛКО), ақпараттық жүйе және қызмет бойынша Комитетінің (ағылшын тілінде - ИНФКО) қызметтерін қысқаша қарастырайық.
Әлемнің барлық елдерінде сертификаттаудың жаппай дамуына қарай 70 жылдардың басында «КАСКО» құрылды. Елдер үшін сертификаттаудың барлық аспектілері бойынша бұл органга халықаралық ұсынысты дайындау жүктелген (елдердегі сынақ орталықтарын ұйымдастыру, оларға қойылатын талаптар, сертификатталған өнімнің маркировкасы, сертификаттау жүйелерінен жетекшілік ететін органдарга талаптар және т.б.).
«КОПОЛКО» міндетіне:
-
өнімнің стандартталуынан алынатын максималды әсерді алуда тұтынушылармен жәрдемдесу жолдарын зерттеу, сонымен қатар тұтынушылардың ұлттық және халықаралық стандарттауға кең түрде қатысуы үшін қабылданатын шараларды бекіту;
-
тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге, олардың мүдделерін қорғауға, сонымен қатар оларды стандарттау сұрақтары бойынша оқыту бағдарламаларына бағытталған стандарттау ұстанымынан ұсыныстарды әзірлеу;
-
тұтынушыларды стандарттау, стандартарды тұтыну тауарларына қолдану және тұтынушылар мүдделерін қарастыратын басқа да стандарттау сұрақтары бойынша стандарттау жұмыстарына қатыстыру тәжірибесін қорыту жатады.
«КОПОЛКО» қызметінің нәтижесі-тұтыну ұйымдарының мүдделерін ұсынатын ұлттық және халықаралық стандартар тізімінің басылымы, сонымен қатар тұтыну тауарларының сапасын бағалау бойынша басшылық етуді дайындау. Олардың кейбіріне нұсқау жасасақ:
-
12 басшылық ету «Тұтыну тауарларының салыстырмалы сынақтары»;
-
14 басшылық ету «Тұтынушылар үшін тауарлар туралы ақпарат»;
-
36 басшылық ету «Пайдалану сипатындағы тұтыну тауарларының стандартты өлшеу әдістерін әзірлеу».
«ИНФКО» міндеттеріне: ИСО «ИСОНЕТ» ақпараттық желісінің қызметін басшылық ету; ақпараттық қызмет көрсету аумағындағы ұйым мүшелерінің қызметін үйлестіру; стандарттаудың үйлесімділігі аумағындағы саясатты әзірлеу бойынша ИСО Бас Ассамблеясының кеңесін өткізу жатады.
ИСО (ИСОНЕТ) ақпараттық жүйесінің қызметі келесі іс-жүзіндегі мақсаттарға жетуге бағытталған: халықаралық және ұлттық стандарттар туралы, басқа да стандарттау бойынша құжаттар және әдебиеттер ақпараттарын алмасуын қамтамсыз ету; басқа халықаралық ұйымдардың (Біріккен Ұлттар Ұйымы – БҰҰ ЮНЕСКО және т.б.) ақпараттық жүйелерімен байланыс орнату; дерексөздікті құрау (түсінік сөздігі).
ИСО көкейтесті міндеті стандарттар қорының құрылымын жетілдіру. 90 жылдардың басында машинажасау (30% шамасында), химия (12,5% аралығында) аумақтарында стандарттар асыра жасалынған болатын. Денсаулық және медицина стандарттарына бар-жоғы 3,5%, табиғи ортаны қорғау үлесіне -3%. Салыстырмалы аз үлесті (10,5%) ақпараттану, электроника және ақпараттық қамтамсыз ету стандарттары алған. Келешекте әлеуметтік (қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау) және ақпараттық технология саласы ИСО қызметінде басымды болады.
Нақты өнімді әлемдік дайындаушылар болып табылатын әлемдік нарықтағы елдер мен фирмалардың өткір бәсекелестігі ХС әзірлеу кезеңінде басталады және көрінеді. Стандарттау бойынша аймақтық және халықаралық ұйымдар жетекші болуға үнемі күрес үстінде, себебі экономикасы дамыған елдер ХС нақты жобасында сәйкес ұлттық стандартты көреді және сол жобада өз ұлтық мүдделерін көргісі келеді. Барлық ТК әзірленген ХС ИСО жалпы санына 70% өнеркәсіпті дамыған әлем елдерінің ұлттық және фирмалық стандарттарына сәйкес болуы кездейсоқ емес. Біздің ел үшін ТК 55 «Ара материалдары және кесу ағаштары» шеңберінде қабылданған ИСО стандарттары мысал, мұндағы оларды әзірлеу кезіндегі ХС негізінде сәйкес россиялық стандарттар алынған.
ХС әзірлеудегі сол немесе басқа елдің жетекші болуы көп ретте олардың мамандарының ИСО, ХЭК, ХЭО, ТК, жұмыс ұйымдарының қызметіне қатысу дәрежесімен анықталады.
ИСО жұмысы қазіргі уақытта 200 техникалық комитеттер шеңберінде іске асады. Жалпы ИСО жұмыс ұйымдарының өкілдігі Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Франциядан едәуір аз. Бұл жағдай елдің ХС әзірлемесін жасауда жетекші болуға әсерін тигізбей қоймайды. Осыдан келе халықаралық стандарттау бойынша жұмыстарға қатысатын Мемстандарттың және мүдделі министрліктердің (ведомстволардың) көкейтесті міндеті пайда болады ал техника және экономиканың сол немесе басқа сферасында алдыңғы қатарда болу мақсатымен стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарда кең өкілділікті қамтамасыз ету. Халықаралық стандарттардың енгізілуіне дәлел ретінде алдыңғы қатарлы елдердің Қазақстан аумағында өндірістік орындарын құруы. 2007 ж. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС тіркелді. Қазақстанда бұл өндіріс импортталатын жинақ машиналарынан алынатын шанақтарының, тізілімінің және агрегаттарының құралуынан ғана емес, сонымен қатар жақтаудың, шанақтың және олардың элементтерін құрастыру-пісірмесінен, және шанақтарды бояудан тұратын. алғашқы толық циклді автоқұрастырушы кәсіпорын болды. ЖШС «Daewoo Bus Kazakhstan» тең құқықтыға құрылтайшылары ЖШС «СемАЗ» (Семей автоқұрастыру зауыты) және корей компаниясы Daewoo Bus Global Corporation. Осы кәсіпорынды құру біздің республикамыздың экономикасына шет ел инвестициясын 2,5 млн. доллар сомасында тартуға мүмкіндік берді.
Daewoo Bus Kazakhstan зауытының қол жеткізетін басты мақсаты – шикізат экспортының жоғары технологиялық тауарлар экспортына елдің экономикасын қайта бағдарлауды қарастыратын 2003-2015 жылдар аралығындағы ҚР индустриалды-инновациялы даму Стратегиясына сәйкес Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің дамуы.
Daewoo Bus Kazakhstan автоқұрастыру зауытының жалпы ауданы 17 205 текше метр, ондағы 10 368 текше метрді орында халықаралық стандарттарға сәйкес Оңтүстік Кореядан шыққан осы заманғы жабдықтармен жабдықталған құрастыру цехі орналасқан.
ИСО ХС міндетті болып табылмайды, яғни әр ел оны толық, жеке бөлімдермен немесе мүлде қолданбауға құқылы. Алайда әлемдік нарықта өткір бәсеке жағдайында өнімді жасаушылар өз өнімдерінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шет ел мамандарының пайымдауынша алдыңғы қатарлы өнеркәсіпті дамыған әлем елдері ИСО стандарттар қорының 80% қолданады. Әсіресе ИСО және басқа да халықаралық ұйымдар стандарттарының экономикасы көп ретте сыртқы саудаға тәуелді елдер қолданады. Ол Нидерланды, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания, оларда өндірістің жалпы көлеміне қарасты сыртқы сауданың үлесі 40-50% құрайды. Бұл елдер ұлттық стандарттарды сәйкес халықаралық стандарттар қызмет ететін аумақтарды қолдануға асықпайды.
ИСО басылымының ақпараттарына сәйкес 1999ж. бастап көп ретте, әр түрлі абревиатуралар кездесе бастады. Әңгіме ИСО қабылдаған жаңа құжаттар түрі туралы. Олардың пайда болуы – бұл нарықтың нормативті құжаттарды соның ішінде белгілі бір сапа бойынша жылдам әзірленуін талап етуіне байланысты халықаралық ұйымның жауабы. Оларды дайындау мерзімі стандарттарды әзірлеу мерзімдеріне қарағанда қысқарған, ал қабылдау үшін пәтуаға келу талаптары төмендетілген.
ИСО ақпараттық орталығы келесі жаңа құжат түрлерінің атауларына орысша эквиваленттерін береді:
-
РАS (Publicly Available Specifications) — ортақ қолданыстағы техникалық шарттар;
-
ТS (Technical Specifications) — техникалық шарттар;
-
IТА (Industry Technical Agreements) — салалы техникалық келісімдер.
Бұл құжаттардың әртүрлі атаулары әртүрлі келісім дәрежелерін көрсетеді: ИСО жұмыс тобының техникалық эксперттері арасында — РАS үшін; ИСО техникалық комитетінің мүшелері арасында — ТS үшін, ашық семинарды өткізу барысында қол жеткен арнайы техникалық келісім — IТА үшін.
Басылымға қабылданған техникалық шарттар құжаттарына РАS категориясы беріледі, егер де оларды дауыс беруге қатысқан сәйкес комитет мүшелерінің жартысы мақұлдаса және ТS категориясы беріледі, егер де оларды дауыс беруге қатысқан комитет мүшелерінің 2/3 мақұлдаса. Ескерте кететіні халықаралық стандарттарды басылымға шығару үшін олардың жобаларын мақұлдайтын дауыс беруге қатысқан ¾ комитет мүшелерінің дауысы қажет.
ИСО мүшелігіндегі белгілі бір комитеттің әкімшілік қолдауымен IТА ИСО техникалық құрылымының шеңберінен тыс салалы семинарда әзірленген құжатты ұсынады. Осылайша ITA – бұл техникалық комитет мүшелерінің емес, семинарға қатысушылардың пәтуаға келу нәтижесі.
РАS және ТS тек бір тілде ғана жариялануы мүмкін. Олар іс-жүзіндегі дәрежесін келесі үш жылдық мерзімге ұзарту керек пе, құжатты жаңа сатыға ауыстыру керек пе немесе алып тастау керек пе деген мақсатпен әр үш жыл сайын талдауға түседі. Алты жылдан кейін РАS және ТS халықаралық стандартқа ауысады және алынып тасталады.
Халықаралық автокөлік өнеркәсібінің (ағылшын тілінде - IАТF) мақсатты тобының 1999ж. 1 наурызда жарияланған ИСО/ТШ16949 «Сапа жүйесі. Автокөлік өнеркәсібі үшін бұйымдарды жеткізуші. ИСО 9001:1994 стандартын қолдану бойынша салалы талаптар» ИСО-ТК 176 құжат өкілдерімен бірлесе әзірленген әзірлеме ТS мысалы бола алады.
Едәуір кеш сатыда толық халықаралық стандартқа ауысуы мүмкін ITA бұл нормативті құжатқа қарағанда ақпаратты құжат.
2000ж. қыркүйекте Миланда болған отырыста шығарылған ИСО Техникалық жетекшілігінің мақұлдануымен Канаданың (ағылшын тілінде - СSАI) стандарттау бойынша Халықаралық ассоциациясы мен Канаданың стандарттар Бюросы (ағылшын тілінде - SСС) Детройтта (АҚШ) 2001ж. қаңтарда өткізілген денсаулықты қорғау бойынша ИСО 9004:2000 қолдануда ұсыныстарды әзірлеу бойынша семинарды ұйымдастырушылар ретінде болды.
Бұл семинардың басты туынды құжаты болып, денсаулық сақтау ұйымдарының сапа менеджмент жүйесінің әзірленуі бойынша алғашқы жарияланған салалы ұсыныстар болды. Бұл құжатқа ISO/ IТА – алғашқы салалы техникалық келісім мәртебесі берілді. Оның денсаулық сақтау сапа менеджмент жүйесінің әзірленуі немесе жақсартуы кезінде қолданылуы қарастырылуда.
Халықаралық электротехникалық комиссиясы (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника, байланыс стандарттарын әзірлейді. Ол 1906ж. ИСО құрылғанға дейін құрылды. ХЭК және ИСО әр уақытта құрылуы және әртүрлі бағытта болуы екі ірі халықаралық ұйымдардың параллель іс-жүзінде болу дерегін анықтады. ИСО және ХЭК міндеттерінің ортақ болуын, сонымен қатар осы екі ұйымдар саласында жеке техникалық органдар қызметінің көшірмесі болу мүмкіндігін есепке алса бұл екі ұйымдар арасында келісім бекітілген, ол бір жағынан қызмет аймағын шектеуге, ал бір жағынан техникалық қызметті үйлестіруге бағытталған.
ХЭК мүшелер саны (52 шамасында) ИСО мүшелер санынан аз. Бұл көптеген дамушы елдерде нашар дамыған электртехникасы, электроникасы және байланысының барлығымен негізделген. КСРО 1922ж. ХЭК мүшесі болды. ХЭК жоғарғы басшылық органы – Кеңес, онда барлық ұлттық комитеттер ұсынылған. ХЭК қаражаты ИСО қаражатындай бұл ұйымның мүшелері болатын елдер жарналарынан және халықаралық стандартарды сатудан түскен қаражатпен жиналады. ХЭК техникалық органының құрылымы ИСО сияқты: техникалық комитеттер, кіші комитеттер және жұмыс топтары. ХЭК 80 ТК қызмет етеді, олардың бір бөлігі (ИСО сияқты) жалпы техникалық және салааралық сипаттағы ХС әзірлейді, ал басқа бөлігі нақты өнім түрлеріне ХС әзірлейді (тұрмыстық радиоэлектронды жабдық, трансформаторлар, электр техника бұйымдары). Мысалы Ресей ТК хатшылығын және РАS хатшылығын жүргізеді (2002 ж. басында).
Қазіргі уақытта ХЭК ХС сәйкес әзірленді. Тұрмыстық электржабдықтарының және машиналары үшін қауіпсіздік талаптарын бекіту бойынша ХЭК орындалатын жұмыстардың маңыздылығын айтып өткен жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әртүрлі жолдардың болуына байланысты әр елдер барлық электр-тұрмыстық жабдықтарға және машиналарға талаптарды бекітетін ТК 61 «Тұрмыстық электржабдықтарының қауіпсіздігі» 40 жуық ХС шығарылған. ХЭК электртұрмыстық жабдықтар және машиналарды ХЭК ХС сәйкес болуына қарай сертификаттау жүйесін құрумен байланысты бұл аумақта ХС әзірлеу ерекше маңызды мәнге ие.
Келешекте жеке мамандардың болжамы бойына ХЭК және ИСО қызметі біртіндеп жақындайды: бірінші кезеңде – бұл ХС дайындайтын бірыңғай ережелерді әзірлеу, бірлескен ТК құру (мұндай тәжірибе ақпараттық технология сұрақтары бойынша бар), ал екінші кезеңде – мүмкін болатын бірлесу, себебі ИСО және ХЭК көпшілік мемлекеттер сол бір органдармен ұсынылған – стандарттау бойынша ұлттық ұйымдармен бірге.
Көкейтесті мәселе ХС, ИСО және ХЭК дайындық мерзімінің қысқартылуы, себебі қазіргі уақытта әзірлеу ұмысы 4-5 жылдарға созылады. Өнімнің моральды ескіру мерзімін қысқарту үрдісі, стандарттар туралы халықаралық сауданың сұрау салуына жылдам жауап беру қажеттілігі ХС әзірлеу мерзімін бірден қысқарту міндетін қоюда. Көп ретте ХС жобаларын талқылау процедурасы телеконференция шеңберінде өткізу барысында тәжірибеленуде. Әр елден іс-сапармен келетін мамандардың стандарттау бойынша жұмыс органдарының дәстүрлі отырыстарына қарағанда телеконференция жиі ұйымдасқан түрде және жедел өткізіледі. Мамандардың берген бағалары бойынша телеконференцияларды өткізу ХС дәстүрлі процедуралар шеңберінде әзірленетін шығындардың, оның ішінде қаржының 80% және уақыттың 60% үнемдейді.
«Стандарттарды әзірлеу процедураларын элетрондау» процесі уақыт өте шет елдерде стандарттарды дәстүрлі сатыда әзірлеуден толық бас тартуына әкелуі мүмкін: «жоба – пікір – пікірді есепке алу» тізбегінің орнына барлық мүдделі жақтардың стандарттарды редакциялау жұмыстарында көпжақты шынайы режімде жұмыс жасау көзделуде.
Адамдар, тауарлар, қаражат және ақпараттардың еркін орын ауыстыру жолындағы шекараны жоюмен сипатталатын әлемдік нарықтың жаһандануы елдердің бірыңғай стандарттарға көшуін талап етеді. Әзірше ИСО мүше елдерінің халықаралық стандарттарды қолдану орташа көрсеткіші жалпы саны ұлттық - 22%, ал даму деңгейі жоғарырақ елдерде - 40%. Идеал ретінде бірыңғай стандарттар, бірыңғай сынақтар; барлық жерде танылған сертификатар принципі берілген. Бұл принцип 2001ж. ұсынылған және ИСО ретінде жобасында жүзеге асқан. Жоба мағынасы – стандартарда әртүрлілікті, сынақтарда және растау процедураларында қайталануды болдырмау іске асыру мысалдары бар: жүксауытты тасымалдар, несие карточкалары, кемежасау сияқты стандарттау объектілері әлемдік нарықта стандарттарға жауап береді және сәйкестендірудің бірыңғай процедуралары бойынша бағаланады.
Халықаралық электрбайланыс одағы — ХЭО (IТU) – International Telecommunication Union - бұл әлемдегі желінің дамуы және электрбайланыс қызметі бойынша мемлекеттік ұйымдар мен коммерциялық компаниялардың қызметін реттейтін халықаралық ұйым ХЭО тамыры алғашқы Халықаралық телеграф конвенциясына (1865ж.) қол қойылған XIX ғ. 60 жылдарында жатыр. ХЭО басты жетістігі 1999ж. телевидение жүйесі бойынша жоғары айқындық Ұсынысын қабылдауы. Онда ХХІғ. Телевидениясының базалық параметлері (ыдырату жолдарының саны, кадр форматы, жайма жүйесі) белгіленген. ХЭО стандарттар паркі 1,5 мың бірліктерді құрайды.
ИСО, ХЭК, ХЭО басқа халықаралық стандарттау жұмыстарына басқа да ұйымдар қатысады.
Механикалық көлік жабдықтарының қауіпсіздік талаптарындағы стандарттау облысында өз қызметімен кең танылған БҰҰ Еуропаның экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК). БҰҰ ЕЭК ережелері (олар 80 астам) халықаралық стандарттар мәртебесіне ие және автокөліктердің міндетті сертификаттау халықаралық және отандық жүйелерінің нормалық базасы болып табылады. БҰҰ ЕЭК ИСО мен бірге басқару, сауда және көлік мәліметтерін электронды алмасу бойынша әмбебап ХС әзірленген.
Халықаралық сауда палатасы (ХСП) сауда құжаттамаларын бірыңғайлау жұмыстарымен кең танымал.
Сарапшылардың Біріккен комитеті ФАО/ВОЗ шеңберінде «Кодекс алиментариус» Комиссиясы жұмыс жасайды. Бұл комиссиямен тағам өнімдеріне және бірнеше ондық гигиеналық ережелер жинағына 300 аса ХС әзірленді. Комиссияның Еуропалық бөлімі өнімдерге тағам қоспаларын қолдану мүмкіндігін анықтайды өздерінің тұтынушыларына қоспалар қаптамадағы — Е 103, Е 210 және т.б. белгілері бойынша таныс, мұндағы Е әріпі «Europe»сөзінен шыққан).
Өз құзыретінің шегіне қарай стандарттау бойынша жұмыстарға БҰҰ қарамағындағы басқа да халықаралық ұйымдар — ЮНЕСКО, МАГАТЭ және т.с.с. қатысады.
Шартты түрде халықаралық стандарттарға өнімдердің жеке түрлерін өндіретін өндірушілердің (олар 40 аса) халықаралық кәсіпқой бірлестіктерінің стандарттарын жатқызуға болады, мысалы жүн, текстиль, тоқыма, ет және т.с.с.. Мысалы, «Вулмарк» компаниясының базасындағы жүннің Халықаралық Хатшылығының қызметі (1937ж. бастап) белгілі. Ол өнім сапасының жүннің Халықаралық хатшылығының нормативі талаптарына сәйкестігін растай алған жүн және одан алынатын өнімдерді дайындаушыларға «Вулмарк» белгісін қолдануға лицензия береді. Халықаралық нарықта Лондондық қымбат металдар нарығының қауымдастығымен (London good delivery) қабылданған стандарттар белгілі. Жекелей алғанда бұл ұйымның стандарттарында алтын, платина, күміс жамбыларына деген талаптар анықталған.
Ұлттық стандарттарды әзірлеу кезінде Халықаралық жүзім шаруашылығы және шарап ашытушы ұйымының, Халықаралық бекітілінген су өндіруші қауымдастығы және т.б. сияқты ұйымдардың талаптарын ескереді.
Әлемде стандарттау бойынша жеті аймақтық ұйымдар қызмет етеді: Скандинавияда, Латын Америкасында, Араб аймағында, Африкада, Еуропалық одақта (ЕО).
Достарыңызбен бөлісу: |