29
құрылыс өнімдерін жасау, өндіру жəне қолдануға қажетті
ұйымдастырушылық-əдістемелік жəне жалпы
техникалық ережелер мен
шарттар;
құрылыс өнімі жəне қала құрылысы қызметі – ғимараттар жəне
олардың кешендері;
құрылыста қолданылатын өнеркəсіптік өнімдер (құрылыс өнімдері
жəне материалдар, инженерлік жабдық, құрылыс индустриясындағы
құрылыс ұйымдарын жəне кəсіпорындарын қамамасыз ету құралдары);
инвестиция тиімділігін, құрылыс, материалды жəне еңбек
шығындарының бағасын анықтауға қажетті экономикалық нормативтер;
Нормативтік құжаттар жүйесінің ұйғарымдарын орындауды
бақылаушы субъектілер инвестициондық құрылыс жобасын жүзеге
асыруды бақылау, тағайындау, қадағалауды атқаратын құзырлы органдар
болып табылады.
Жүйе құрамында келесі құжаттар жасалады:
міндетті талаптар қоятын, жеткізілуі тиіс мақсаттарды
айқындайтын, құрылыс өнімін жасау барысында басшылыққа алынатын
қағидалар болы табылатын құрылыс нормалары жəне шарттары (ҚНжЕ);
ғимаратардың, құрылыс өнімдері жəне материалдарының жеке
бөліктерінің нақты параметрлері мен сипаттамасын анықтайтын жəне бұл
өнімдерді жасау, өндіру, жеткізу жəне пайдалану кезінде техникалық
біртұтастықты қамтамасыз ететін міндетті жəне ұсынылатын ережелерді
орнататын мемлекеттік стандарттар (МемСТ);
құрылыс нормаларының, шарттарының жəне жүйенің жалпы
техникалық стандарттарының немесе міндетті
нормалармен реттелмеген
жеке дербес сұрақтардың міндетті талаптарын дамыту жəне қамтамасыз
етуге тұжырымдалған ұсынылатын ережелерді орнататын жобалау жəне
құрылыс ережелер жинағы (ЕЖ);
нормативті құжаттарды құрылыста, сəулет өнерінде, жобалауда
қолдану саласында міндетті жəне ұсынылатын ұйымдастырушылық-
əдістемелік процедураларды орнататын жүйенің басқарушы құжаттары
(БҚ);
қолдануға (сəйкес шекара аймағында) міндетті жəне табиғи-
климаттық жəне əлеуметтік ерекшеліктерін, ұлттық дəстүрлерін жəне
экономикалық мүмкіндіктерін ескеретін
ұсынылатын ережелерінің
территориялық құрылыс нормалары (ТҚН);
берілген мекемеде не ұйымда қолдануға қажетті ережелерді,
өндірісті технологияларын ұйымдастыру жəне де өнім сапасын қамтамасыз
ету шарттарын орнататын мекемелер мен ұйымдар стандарттары (МҰС).
Бұл ретте, құрылыс акционерлік қоғамдары, ассоциациялары,
концерндері жəне басқа да ұйымдар олардың құрушыларымен табысталған
30
ережелерге сəйкес стандартты мекемелерде (ұйымдарда) ережелер
орнатады;
жеткізілетін өнімге мемлекеттік стандарттар жоқ болған кезде
жасалатын техникалық шарттар (ТШ).
Жүйенің нормативті құжаттары заңды актілерде орнатылған
ережелерді бұзбауы керек. Кез келген субъектінің нормативтік құжаттары,
шаруашылық қызметі субъектінің нормативтік құжаттары жəне өнімнің
техникалық шарттары міндетті құрылыс нормаларын жəне
мемлекеттік
стандарттар ережелерін бұзбауы керек.
Жүйенің нормативті құжаттарымен қатар құрылыста қолданады:
мемлекеттік бақылау органдарының нормалары, ережелері жəне
нормативтері;
салалық министрліктермен, мемлекеттік комитеттермен жəне
олардың құзырына сəйкес комитеттермен қабылданатын салалар
стандарттары, технологиялық жобалау нормалары жəне басқа да құжаттар.
Құзырлы орган белгіленген тəртіпте оған орындаушы үкімет
органдарымен жəне мемлекеттік басқару органдарымен бағытталған
нормативті құжаттар бойынша қорытынды береді. Мемлекеттік сраптама
технологиялық жобалаудың жасалып жатқан жəне бекітілген нормалары
бойынша қорытынды береді.
Жүйенің нормативті құжаттары азаматтық құқықпен, еңбек жайлы
заңнамалармен немесе басқа да заңдық актілермен
реттелетін сұрақтар
бойынша талаптар орнатпауы қажет.
Нормативті құжаттардың ережелері міндетті, ұсынылатын жəне
анықтамалық болуы мүмкін.
Міндетті ережелерге Жүйе қағидаларын сəйкес сөзсіз орындалуға
тиісті ережелер жатады. Міндетті ережелер минималды қажетті немесе
максималды рұқсат етілген деңгейде орнатылады. Ұсынылатын ережелер
үздік отандық жəне əлемдік жетістік деңгейінде орнатылады.
Нормативтік құжаттар құрамында ғимараттардың (толығымен жəне
олардың бөліктерін), жобалау, құрылыс жəне пайдалану кезінде
қамтамасыз етілетін құрылыс материалдарының пайдаланушылық
сипаттамаларын анықтайтын ережелер бар.
Құрылыстағы нормативтік құжаттардың жүйесі серпінді дамып келе
жатқан толып табылатынын айта кеткен жөн жəне олар қарастырады:
техникалық регламенттерде орнатылатын, орнатылған заңды
тəртіпте (техникалық регламенттер негізінен
халықаралық стандарттарға
сүйенеді жəне қауіпсіздік бойынша аз талаптар орнатады деп
жоспарлануда) заңды актілермен қабылданатын техникалық реттеу
нысандарына міндетті талаптар;
техникалық регламент талаптарын қанағаттандыруда негіз болып
табылатын сапаның номалары, əдістемелері жəне нақты көрсеткіштері
31
мемлекеттік стандарттарда жазылады. Оларды қолдану өз еркімен
қолдануды болжайды.
Осылайша, нормативті құжаттар жүйесі заңмен екі деңгейлі болып
орнатылған:
1-ші деңгей – орындауға жəне қолдануға міндетті заңдық
құжат болып табылатын техникалық регламент;
2-ші деңгей – өз еркімен қолданылатын
нормативті құжаттар
болып табылатын ұлттық стандарттар.
Достарыңызбен бөлісу: