Бақылау сұрақтары
1.
ҚНжЕ қысқартылуы қалай оқылады?
2.
ҚНжЕ жəне МемСТ басты айырмашылығы неде?
3.
Міндетті, ұсынылған жəне анықтамалық ережелер үшін
қысқаша сипаттама береңіз.
4.
Шетел мердігерлері қандай нормативті ережелерді қолдануға
тиісті?
1.7 Құрылысты ұйымдастырудың ақпараттық-
бағдарламалық қамсыздануы
Бағдарламалардың жалпы сипаттамасы. Заманауи жағдайда
құрылыс өндірісін ұйымастыруды жəне жобаны басқаруды тиімді жүзеге
асыру үшін компьютерлік бағдарлама жəне ұйымдастыру техникасының
заманауи техникалық құралдары болып келетін алдыңғы қатарлы
ақпараттық технологияларды қолдану үлкен мағынаға ие.
Заманауи компьютердің бағдарламалық қамтамалары, əдетте,
Windows операциондық жүйесі негізінде жасалады, ал міндетті
бағдарламалар құрамы кеңселік (Microsoft Office) деп аталатын
бағдарламалармен толықтырылады: Word, Excel, Access, Power Point жəне
т.б.
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру жəне жобаны басқарудың
нормативтік қолдауы ақпараттық-анықтамалық жүйе көмегімен жүзеге
асырылуы мүмкін.
Сметалық баға құрастыру үшін сметаның құру жəне есептеу
бағдарламалары (сметалық калькулятор, Winsmeta жəне т.б.) қолданылады.
Құрылысты күнтізбелік жоспарлау ең кəсіби түрде жобаларды
басқару бағдарламаларында (Microsoft Project, Open Plan, Primovera,
Timeline жəне т.б.) жүзеге асырылады.
Құрылыстың басты жоспарын жасау үшін топографиялық негізін
жасауға арналған əр түрлі геоақпараттық жүйелермен бірге кəсіби сызу
бағдарламасы AutoCad қолданылады.
32
ИҚЖ бизнес-жоспарын жасау жəне бағалау үшін Project Expert,
Альт-
инвест, ТЭО-инвест жəне т.б. бағдарламалар қолданылады.
Құрылыста есеп-қисапты жүзеге асыру үшін автоматтандырылған
жұмыс орындарының жүйесін жасау үшін Chief-Builder бағдарламасы
қолданылады.
Құрылыс өндірісн ұйымдастыру жəне жобаы басқару кезінде
ақпараттық-бағдарламалық кешеннің өзегін құрайтын үш профессионалды
бағдарламаның
қысқаша аңдатпасын қарастырайық: Microsoft Project, Project Expert жəне
Chief-Builder.
Microsoft Project компьютерлік бағдарламасы. Бұл бағдарлама
құрылыста күнтізбелік жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
заманауи компьютер құралы болып табылады; жобаны басқару
бағдарламаларының қатарына кіреді. Берілген бағдарламалар көлемі
нарықта бірнеше ондаған атауға ие.
Жобаны басқару бағдарламаларының құрылысқа қатыстығы
жағынан олардың əрбірінің рейтингін анықтауға болады. Алайда,
құрылыстың өзі де, бағдарламалар да əрдайым жетілдіріп отырады,
сондықтан бүгін үлгі болып табылса, ертең аутсайдерлер қатарында болуы
мүмкін.
Қазіргі уақытта сату көлемі бойынша бірінші орында Microsoft
Project (МР) бағдарламасы тұр. Мүлде əмбебап бағдарламаны жасау іске
аспайтын қиял болғандықтан, бұл бағдарламаның құндылығы МР
бағдарламасында бағдарламаның негізігі модулі іске асыра алмайтын
барлық затты жүзеге асыра алатын макростар жасауға мүмкіндік беретін
орнатылған бағдарламалау тілінің Visual Basic for Applications (VBA) бар
болуында.
Алайда, бағдарламаның негізгі модуліне де қолданушының
талаптарына сай қолданылатын қолданушылық мəліметтер, формулалар
арсеналы енгізілген.
Бағдарламаның орындайтын негізгі процесі күнтізбелік жоспарлау
жəне оған сəйкес басқару болып табылады.
Күнтізбелік жоспар – бұл жұмыстардың өндірісінің реттілігін,
қарқындылығын жəне ұзақтығын жəне де, материалды, техникалық,
қаржылық жəне басқа да қорлар қажеттілігін анықтайтын бағдарламалық-
технологиялық құжат.
Microsoft Project түріндегі жобаны басқарудың компьютерлік
бағдарламалары мүмкіндік береді:
ИҚЖ жеке күнтізбелік жоспарларын жасауға;
жеке күнтізбелік жоспарларды мульти жəне мега-жобаларға
біріктіруге;
күнтізбелік жоспарларда қорлардың бөлінуін қадағалауға;
33
ИҚЖ бюджеттеу жəне функционалды-бағалық талдау жасауға;
орындалған жұмыс фактілерін тіркеуге;
оларды талдау жəне басқару шешімдерін қабылдау мақсатында
қазіргі күнтізбелік жоспардың жəне «эталонды» жəне нақты жоспарлардың
сипаттамарын салыстыруға;
күнтізбелік жоспарларды есептің əр түрлі нысандарында
көрсетуге.
Нысандар жəне олардың кешендерінің құрылысының күнтізбелік
жоспарының негізгі ақпараттық сипаттамалары бағдарламада екі негізгі
блок түрінде көрсетіледі. Бірінші блок электронды кестені, ал екінші блок
күнтізбелік жоспардың Гант диаграммасы, жүйелік график немесе т.б.
түріндегі графикалық кескінді көрсетеді.
Күнтізбелік жоспарды жасау екі негізгі өзара байланысқан
объектілердің, атап айтқанда, ИҚЖ жүзеге асыру барысында
қолданылатын қор бойынша,
ИҚЖ орындалатын тапсырмалар (жұмыстар) бойынша сипаттамалардың
есебіне жəне (немесе) енгізілуіне негізделген.
Құрылыс өндіріс ұйымдастыру жəне жобаны басқаруға арналған
бағдарламалардың ақпараттық мүмкіндіктері енгізілетін жəне есептелетін
ақпарат құрамы арқылы анықталады.
Microsoft Project бағдарламасында
құрылыс
өндірісін
ұйымдастыруда қолданылатын барлық қорлардың тізімі жасалады, жəне
оларың əрбірі үшін шекті жүктелуінің графигі анықталады, яғни,
күнтізбелік жоспарда аспауы тиіс қолданушымен қойылған лимит
анықталады. Егер асып кететін болса, онда қолданушымен тапсырманың
мағынасына қарай автоматты түрде немесе қолдан жойылатын қорлық
қақтығыс пайда болады.
Қолданушымен орындалатын жұмыстың еңбек сыйымдылығының
шамасына қорды уақымен төлеу жəне əрбір қорлық шама үшін бір реттік
төлем анықталады. Қолданылатын қорлар үшін жұмыстың еңбек
сыйымдылығы есептеледі немесе енгізіледі.
Берілген қордың еңбек сыйымдылығының уақытылы төлеу тарифіне
көбейтіндісі ортақ уақытылы төлемді анықтайды. Ортақ бір реттік төлем
былайша есептеледі, сəйкес тарифті қолданылатын қор санына көбейту.
Уақытылы жəне бір реттік шығындар соммасы қолданылатын қорлар
бағасын анықтайды.
Барлық жұмыстар, жəне оларды орындау барысында қолданылатын
қорлар тізім түрінде, яғни, сызық бойынша енгізіледі.
Жұмыстар қарапайым жəне күрделі деп бөлінеді. Қарапайым
жұмыстар өзіне басқа жұмыстарды қоспайды жəне сəйкес күрделі
жұмыстардың ұзақтығын, еңбек сыйымдылығын жəне бағасын анықтайды.
Осылайша, жұмыстар иерариялық қағида бойынша құрылымдала алады.
34
Ортақ жағдайда, қарапайым жұмыстардың ұзақтығы олардың еңбек
сыйымдылығының тағайындалатын қор санына қатынасы арқылы
анықталады. Жеке жағдайда, еңбек сыйымдылығы қор санының
белгіленген ұзақтыққа көбейтіндісі ретінде анықталады.
Жұмыстар арасында кешігуді де қосатын əр түрлі байланыстар
орнатылуы мүмкін.
Жұмыстарды орындау қарапайым жұмыстар үшін келесідей болып
келетін уақыттық шектеулермен де анықталады:
неғұрлым ерте;
неғұрлым кеш;
белгілі бір күннен ерте бастамау;
белгілі бір күннен кеш аяқтамау;
дəл белгіленген күні бастау;
дəл белгіленген күні аяқтау;
белгілі бір күннен кеш бастамау;
белгілі бір күннен ерте аяқтамау.
Жұмыстар бағасы қорлар бағасымен жəне құмыстардың бекітілген
бағасымен анықталуы мүмкін. Соңғылары, əр түрлі белгіленген
шығындарды анықтауы мүмкін. осылайша, МР құрылыстың бағасын
динамикалық түрде анықтауға, яғни, шығындық қаржы ағынын жасауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, белгілі бір жеңілдету кезінде шығындық
қаржы ағынымен жиынтықта қаржы ағынының соммасын құрайтын кіріс
қаржы ағынын жасауға мүмкіндік береді.
Жұмыстар кестесі жасау кезіндегі тағыз байланыстарға жəне
уақыттық шектеулерге байланысты уақытша қақтығыстар пайда болуы
мүмкін.
МР бағдарламасы күнтізбелік жоспарлардың детерминделген жəне
кездейсоқ түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Кездейсоқ күнтізбелік
жоспарлар үшін құбылмалы параметрлер жұмыстардың кездейсоқ
ұзақтығы болып табылады. Олардың жасалуы үшін, атап айтқанда, МР
үшін стандартты талдау PERT қолданылуы мүмкін.
МР жеке бөлімдері сəйкес бөлімдерде сипатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |