Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет21/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Project Expert компьютерлік бағдарламасы. 
Алдыңғы қарастырылған МР бағдарламасы күнтізбелік жоспарлауға 
профессионалды бағытталған.
Алайда, бұл бағдарламада ИҚЖ жүзеге асырудың операциондық 
мерзімінің немесе, басқа сөзбен айтқанда, құрылыс нысанның пайдалану 
мерзімінің егжей-тегжейлі экономикалық көрінісі мүмкін емес. 
Сондықтан, қайтарым (таза табыс ағыны) қаржы ағынының динамикасын 
есептеу үшін Project Expert (РЕ) бағдарламасы қолданылады.


35 
Бұл бағдарлама инвестициондық құрылыс жобасының бизнес-
жопарын жасауда инвестициондық жəне операциондық қызмет қаржы 
ағынын жасауды қосатын отандық бағдарлама болып табылады.
Бағдарламалар жұмысының негізгі нəтижесі келсілер: 
 ИҚЖ қаржылық жүзеге асуын сипаттайтын, уақыт ішінде қаржы 
құралдарын бөлу бағдарламамен анықталады; 
 нақты уақыт аралығында жобаны жүзеге асыратын құрылыс 
мекемесінің қаржы жағдайы (төлем қабілеттілігі жəне тарату) қаншалықты 
тұрақты екенін көрсететін баланстық тізімдеме бағдарламамен 
анықталады; мекеменің түсімділігін анықтайтын кіріс жəне шығыс 
жайында есеп жасалады жəне бұл есеп салықты есептеуге негіз болып 
табылады; 
 өтелу мерзімін, таза дисконттық табыс жəне т.б. қосатын 
инвестиционды жобалардың экономикалық тиімділігінің қаржылық 
көрсеткіштері есептеледі. 
Берілген нəтижелерді алу үшін негіз келесі жоспарларды жасау 
болып табылады: 
жобаға 
кететін 
капиталды 
шығындарды 
анықтайтын 
инвестициондық жоспар. Берілген жоспардың негізі жұмыстар жəне 
қорлардың бағасын көрсете отырып есептелетін, жоба бойынша 
жұмыстардың күнтізбелік жоспары болып табылады; 
 жобаны жүзеге асыру кезінде өнім шығарудың операциялық 
шығындарын анықтайтын өндіріс жоспары; 
 жоба өнімдерін сатудан түскен кірісті анықтайтын сату жоспары; 
 инвестициялық жəне операциялық шығындарды өтеу көздерін 
анықтайтын қаржы жоспары. 
Бағдарламамен меншік капиталы жайында, тартылған капитал 
жайында, депозиттерде орналасқан құралдар жайында жəне т.б. жайында 
мəліметтері бар қолданылатын капитал құрылымы ескеріледі. 
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау кезінде төлемдер 
мен салықтық төлемдердің əр түрлі сипаттамалары ескеріледі: 
қолданылатын валюталардың айырбастау курсы, салық ставкалары, 
инфляция. 
Бағдарламада жобаның ір түрлі параметрлерінің мүмкін болатын 
өзгерістеріне сəйкес ИҚЖ сезімталдылығына талдау жасалуы мүмкін. 
Бұл жобаны жүзеге асырумен байланысты əр түрлі қауіптердің 
сипаттамасын есептеуге негіз береді. РЕ бағдарламасының блок-схемасы 
əрбірінің басқарудың ортақ функцияларына қатыстылығын ескере отырып, 
сурет 1.4-те көрсетілген.
ИҚЖ Project Expert бағдарламасында күнтізбелік жоспарлау, ең 
алдымен, ИҚЖ жүзеге асырудың инвестициялық (шығын) жəне 
операциялық (кіріс) мерзімдерінің үйлесімділігіне бағытталған, ал 


36 
Microsoft Project бағдарламасындағы аталған блок, ең алдымен, ИҚЖ 
жүзеге асыруда инвестициялық қызметті жоспарлауға бағытталған. 
Сондықтан, практикалық жоспарлау үшін жасалып отырған 
инвестициялық құрылыс жобасына инвестицияларды түіндіру үшін екі 
бағдарламаны қолдануды тиімді үйлестіру қажет.
Chief-Builder қаржы-экономикалық есеп бағдарламасы. 
Жобаларды басқару алдындағы мəселеде, сөзсіз, техникалық-
экономикалық жобалау жүйесіне негізделуі тиісті тиімді реттеуді 
ұйымдастыру жəне нақты есеп іс-қағаздарына бағытталған есеп-қисап 
болып табылады.
МР бағдарламасы да белгілі бір есеп жүйесіне бағытталған, бірақ 
оның бағыты көбінесе өндірістік-технологиялық сипатта болып келеді, ал 
оған орнатылған есеп жүйесі мүлде АҚШ қолдануға арналған. 
МР-ға қарағанда Chief-Builder бағдарламасы отандық өнім болып 
табылады, жəне ол құрылыс өндірісі барысында шығындарды басқарудың 
қабылданған техникалық-экономикалық жоспарлаудың жəне есептің 
нормативті жүйесін қолдануға бағытталған. Бағдарлама функционалды 
мамандандырылған автоматтандырылған жұмыс орындарынан тұратын 
құрылыс жобаларын басқарудың автоматтандырылған жүйесін білдіреді.
Бағдарлама ортақ ақпараттық кеңістікті жəне де онымен 
байланысқан жоғары автоматтандырылған жұмыс орындарын құрылыс 
мекемелерінің құрамына кіретін негізгі қызмет директоры жəне 
қызметшілері үшінортақ 
интерфейспен жүзеге асырады. 
Бағдарламаның негізгі арналуы ағымдағы (фактілі) шығындардың 
жəне жобаны орындаудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің 
жылдам (оперативті) бақылауында өндірісті жəне онымен байланысты 
шығындарды ұйымдастыру жəне де, құрылыс мекемесі құрылымының 
сақталуын жəне дамуын қамтамасыз ету жəне қызмет істеу режимін қолдау 
болып табылады. 


37 
Сурет 1.4. Басқарудың ортақ функциялары хабарындағы Project 
Expert бағдарламасының блок-схемасы 
Бағдарлама түрлі жұмысшылар саны, құрылымы жəне мамандығы 
бар, құрылыс, жинақтау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, қалпына келтіруші, 
басты мердігер ұйымдарда қолдануға арналған.
Бағдарламаға геометриялық фигуралар көрінісі жəне жұмыстардың 
физикалық көлемін жəне олардың санын есептеу формулалары бар 
«орнатылған бағдарламаны» көрсететін арнайы сəулеттік калькулятор 
(АСК) орнатылған. Бағдарлама жоспарлауға жəне қосалқы мердігер 
жұмыстарды анықтауға, бағаларға сəйкес коэффициенттерді автоматты 
іздестіруге, смета тізімі бойынша пайызданбаған қалдықтарын автоматты 
есептеуге, «пайыздану тарихын» көрсетуге, смета жасау барысында 
тапсырыс беруші материалдарының бағасын автоматты есептеуге, 
орындалған жұмыстар актісін дайындау барысында олардың нақты 
бағасын автоматты есептеуге мүмкіндік береді. 
Бағдарлама келесі құжаттардың автоматты жасалуын жəне 
шығарылуын жүзеге асырады: 
 құрылыс жұмыстарына локалды смета; 
жұмыстар көлемінің тізімдемесі


38 
 құжаттардың бапталатын басты беті; 
 орындалған жұмыстарды қабылдап алу акті; 
 төлемдерді салыстыру актісі; 
 коммерциялық калькуляция; 
 ішкі есеп құжаттарының бланкісі (сонымен қатар, сатып алу-
жеткізіп беру жоспар-тізімдемесі (жеткізу ұйымдарының түрлі 
формаларына арналған), берілген мерзім ішінде нысан бойынша жұмытар 
көлемінің орындалу тізімдемесі).Бағдарлама орындалушылық есептің 
жалпы талдауын жүргізуге, сұрау салынған күнге нақты жəне талдауды 
жəне басшылық əрекетін қажет ететін сонымен қатар келесі ұстанымдарды 
анықтауға мүмкіндік береді: 
 материалдардың шығынын жəне жеткізілуін өтеу; 
 есептік құралды беру жəне олардың шығыны; 
 еңбекті өтеу фондының шығындалуы; 
 есеп мерзімі бойынша талдауы бар өндірісті жүзеге асыру (нақты 
өтеуінің көлемі мен мерзімі); 
 жобаны қаржыландыру жəне орындалған жұмыстар актілерін 
өтеуге дайындық; 
 əкімшіліқ-шаруашылық шығындар, есептік қаржының шығыны
салықтарды төлеу, қосалқы мердігерлік жұмыстарды төлеуді жоспарлау. 
Бұның барлығы берілген смета жəне (немесе) жобаларды əкімшілік 
басқарудың нақты құжаттанған құрылымымен бірлескен коммерциялық 
калькуляция деректерінің негізінде жоба бойынша жоспарлы шығындарды 
жəне кірістерді тез түзетуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет