Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет22/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары 
 
1. 
Күнтізбелік 
жоспарлау 
процесі 
қандай 
компьютерлік 
бағдарламаларда қолданылады? 
2. 
Жобаларды басқарудың компьютерлік бағдарламаларында 
нақты шешім қабылдау блогі неге жоқ? 
3. 
Microsoft Project жəне Project Expert компьютерлік 
бағдарламаларының басты айырмашылығы неде? 
4. 
Қандай бағдарлама құрылыс мекемесін басқарудың жалпы 
жүйесін жеке автоматтандырылған жұмыс орындарына декомпозициялауға 
бағытталған? 
5. 
Смета жасауға бағытталған компьютерлік бағдарламаларда 
есеп автоматты түрде əлде автоматтандырылған түрде жүргізіле ме? 


39 
2 бөлім 
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-
ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ 
2.1 Құрылысқа салынатын инвестицияны негіздеу 
 
Инвестициялық құрылыс жобасының тіршілік кезеңі.
Кез кезген инвестициялық жобаның тіршілік кезеңін жүзеге асыру 
уақыты жоба алдындағы дайындықтың басталу сəті мен жобаны тарату 
сəті арасындағы ұзақтықты құрайды жəне бес кезеңге бөлінеді: 
1) 
концептуалды кезең (жоба алдылық), оған жобаға немесе 
жобаның бизнес-жоспарына инвестицияны негіздеу жайлы декларация 
жəне жобалауға тапсырма кіреді (негізінен құрылысшы-салушы-инвестор 
арқылы жүзеге асырылады);
2) 
өзіне ізденіс жəне жобалық жұмыстарды ұйымдастыру жəне 
өткізуді қосатын жобалық кезең (ізденісшілер, жобалаушылар жəне 
тапсырыс берушімен орындалады); 
3) 
өзіне құрылыстың ұйымдастырушылық дайындығын жəне 
құрылыс өндірісінің техникалық дайындығын қосатын мердігер сауда-
саттығын жүргізудің дайындық кезеңі (негізінен тапсырыс берушімен жəне 
мердігермен орындалады); 
4) 
Нысанды пайдалануға беруді ұйымдастыру мен өткізумен 
аяқталатын құрылыс жəне жинақтау жұмыстарының кезеңі (тапсырыс 
берушімен, жобалаушымен, басты мердігермен, қосалқы мердігерлермен 
жүзеге асырылады); 
5) 
оны таратумен аяқталатын жобаны пайдалану кезеңі 
(құрылысшы-салушымен жəне пайдаланушымен орындалады). 
Инвестициялық процесс кезінде құрылыс нысанының жобалық 
дайындығы алғашқы жəне айтарлықтай үлкен инвестициялық салымдарды 
білдіреді, сондықтан жобалық кезеңнің басталуы алдында олардың 
тиімділігін дəлелдеу қажет.
Əрекеттегі ҚР заңнамаларына жəне шетел тəжірибесіне сүйене 
отырып, инвестицияны дəлелдеу əдісін əрдайым жетілдіріп отырады жəне 
негізгі үш деңгейден тұрады: 
 1-ші деңгей өзіне инвестициялаудыңмақсатын, құрылыс 
нысанының тағайындалуын жəне қуатын, өнімнің номенклатурасын
тапсырыс берушінің (инвестордың) негізделген шарттарын жəне 
талаптарын ескере отырып, нысанның орналасу орнын (аймағын) 
айқындауды қосады; 
 2-ші кезең – бұл тапсырыс берушімен (инвестормен) келесі 
инвестициялаудың мақсаттылығы жайлы шешім қабылдауға жеткілікті 
көлемде алынған ақпаратқа, мемлекеттік органдардың жəне қызығушылық 


40 
танытқан мекемелердің талаптарына сəйкес құрылысқа салынатын 
инвестицияны негіздеуді жасау; 
 3-ші кезең жобалық құжаттарды жасау, келісу, сараптау жəне 
бекітуден жəне соның негізінде жер телімін құрылысқа алу жайындағы 
шешімді алудан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет