Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет27/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары 
1. 
Инженерлік 
зерттеуді 
орындаушыларға 
жəне 
зерттеу 
құралдары қандай талаптар қойылады? 
2. 
Инженерлік-техникалық зерттеулер құрамына экономикалық 
зерттеулер кіре ме? Егер кірмесе, олардың негізгі айырмашылығы неде? 
3. 
Жер асты суларының деңгейі қай зерттеулерге сəйкес 
анықталады? 
4. 
Жылжымайтын 
нысан 
құрылысын 
ұйымдастыруға 
гидрометеорологиялық зерттеулер қалай əсер етеді? 
5. 
Зерттеу жұмыстарын жүргізудің далалық жəне ғылыми өңдеу 
кезеңдері əр уақытта қажет пе? 
2.3. Жобалауды ұйымдастыру жəне жобалық 
 құжаттар құрамы 
 
Жобаларды жасау, келісу жəне бекіту реті
Құрылыста инвестициялық процестің жобалық деңгейінде қаралатын 
сұрақтар ауқымы ҚНжЕ 11-01-95 «Жасау, келісу, бекіту реті жəне 
кəсіпорын, ғимарат құрылысына қажетті жобалық құжаттар құрамы 
жайында нұсқаулық» арқылы реттеледі.
Жобалық құжаттарды жасау құрылысқа инвестицияны бекітілген 
(мақұлданған) немесе басқа да жоба алдындағы материалдар, келісім 
шарттар, жобалауға тапсырма жəне инженерлік зерттеулер материалдарын 
негіздеу негізінде нысанның орналасу орнын алдын ала келісу жайында 
бекітілген шешім бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тұрғын-азаматтық тағайындау нысандарын жобалау тапсырмасының 
құрамына келесілер кіреді. 
 Жобалауға негіз 
 Құрылыс түрі 
 Жобалаудың деңгейлілігі 
 Нұсқалық жəне байқаулық əзірлеу бойынша талаптар 
 Құрылыстың ерекше шарттары 
 Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, сонымен қатар, 
тұрғын жəне қоғамдық ғимараттардың, олардың тағайындалуы 
(қабаттылығы, секциялар жəне пəтерлер саны, сыйымдылығы немесе 
өткізу қабілеттілігі).


51 
 Тұрғын үйлерге кірістірілген қоғамдық қызмет көрсету 
мекемелерінің тағайындалуы жəне түрлері, олардың қуаттылығы, 
сыйымдылығы, өткізу қабілеттілігі, үй-жайлардың ауданы мен құрамы
құрылыстық көлемі. 
 Ғимараттың сəулет-жобалау шешімдеріне, бұғаттау шарттарына, 
ғимаратты өңдеуге негізгі талаптар. 
 Пəтерлердің ұсынылған түрлері жəне олардың қатынасы. 
 Тірек жəне қоршау құрылымдарына, материалдарына жəне 
конструктивті шешімдеріне негізгі талаптар. 
 Инженерлік жəне технологиялық құралдарға негізгі талаптар. 
 Азмобильді (мүгедек) тұрғындар топтары үшін тірілік əрекетін 
қамтамасыз ету шарттарына талаптар. 
 Кіші сəулеттік қалыптарға жəне аймақты көркейту бойынша 
талаптар. 
 Апатты жағдайлардың алдын алу шараларын жəне азаматтық 
қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын ұйымдастыру талаптары. 
Өндіру бағытындағы кəсіпорындарды, ғимараттарды жобалау 
кезінде аудан жайғасымы, қалалардың, кенттердің жəне ауылдардың 
негізгі жоспары, тұрғын, өндіріс жəне басқа функционалды аймақтарды 
жайғастыру жобаларының сұлбалары мен жобаларында қабылданған 
шешімдер ескеріледі.
Тұрғын-азаматтық нысандарды жобалау белгіленген тəртіп бойынша 
бекітілген қалалардың, кенттердің, ауылдардың негізгі жоспарларына жəне 
ауданның жайғасымы жобаларына жəне солардың негізінде жасалған 
құрылыс жоспарына сəйкес жүзеге асырылады. 
Өте қиын жəне ерекше ғимараттарды жобалау кезінде тапсырыс 
беруші сəйкес ғылыми-зерттеу жəне арнайы мекемелермен бірлесе отырып 
олардың жобаларының, құрылыстың жəне пайдаланудың ерекшеліктерін 
көрсететін арнайы техникалық шарттар жасауы қажет. 
Классификациясы 1.1 бөлімшеде көрсетілген қиын нысандар үшін 
жобалау жобаны жасау (техникалық-экономикалық негіздеу – ТЭН) жəне 
жұмыс құжаттарын жасау кіретін екі кезеңде жүзеге асады.
Техникалық қиын емес нысандар бойынша құрылысы жаппай жəне 
қайта қолдану жобалары арқылы жүзеге асады, сонымен қатар, техникалық 
жарақтандыру нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттарды 
дайындау бір деңгейде – жұмыс жобасында жүзеге асады.
Өндіріс құрылысы үшін жобалық құжаттар мемлекеттік нормаларға, 
ережелерге, стандарттарға сəйкес жасалады жəне ол жоба үшін жауапты 
тұлғаның (жобаның бас инженері, жобаның бас сəулетшісі, жоба 
меңгерушісі) сəйкес жазбасымен куəландырылуы қажет.


52 
Нормативті құжаттардан негізделген ауытқу құжаттарды қызметке 
енгізген жəне (немесе) бекіткен органдардың рұқсаты болған жағдайда 
ғана жүзеге асады.
Нысандар 
құрылысының 
жобасы 
жəне 
жұмыс 
жобасы 
қаржыландыру көзіне, меншік түріне жəне қатыстылығына тəуелсіз 
белгіленген тəртіп бойынша мемлекеттік бақылауға жатады.
Бекітілген жобаға толық сəйкес жасалған жұмыс сызбалары келісімді 
қажет етпейді. Жобалық-сметалық құжаттарды бақылаудың басты мақсаты 
оның бөлімдерінің сапасын бағалау болып табылады.
Бақылау жобалық шешімдерді жетілдендіруге, сонымен қатар, 
болашақ құрылыстың ұзақ уақыттық салдарын, оның қызметтік 
қажеттілігін жəне экономикалық мақсаттылығын, ғимараттың сəулеттік 
көркемдігін 
жəне 
конструктивті 
тұрақтылығын, 
пайдаланудағы 
сенімділігін, жобаланатын нысандардың экологиялық жəне санитарлық-
эпидемиологиялық қауіпсіздігін жəне де жобалау мен тұрғызу кезіндегі 
міндетті негіздемеге лайықты басқа да сұрақтарды бағалауға бағытталған. 
Қызығушылқ танытқан мекемелермен келісілген жəне мемлекеттік 
бақылаудан өткен өндіріс немесе ғимарат құрылысыың жобалық-сметалық 
құжаттары бекітуге беріледі.
Нысандар құрылысы жобалары жəне жұмыс жобаларын бекіту оның 
қаржыландыру көздеріне тəуелді жүргізіледі: 
 мемлекет 
жəне 
оның 
субъектілерініңбюджетінен 
қаржыландырылатын 
мемлекеттік 
капиталды 
салымдар 
есебінен 
салынатын құрылыста – қызығушылық танытқан министрліктер мен 
ведомствалармен қоса сəйкес деңгейдегі басшылардың орнатқан реті 
бойынша; 
 жеке қаржылық қорлар немесе инвесторлардың (шетел 
инвесторларын қоса) тартылған қаражаттарының есебінен салынатын 
құрылыста – тікелей тапсырыс берушілермен (инвесторлармен). 
Өндіріс 
немесе 
ғимарат 
құрылысының 
жобалық-сметалық 
құжаттарының бекіту нəтижесі қол қойылған қаулы, өкім немесе бұйрық 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет