46
атмосфералық жауын-шашын көлемін, қар жабынын, желбағыттарын жəне
т.с.с. зерттейді.
Бұл мəліметтер тек ғимараттарды жобалауда ғана емес, құрылысты
ұйымдастыруда да қолданылады.
Жер жəне геоботаникалық зерттеулер болашақта көгалдандыруды
жобалау үшін
жер жағдайын, өсімдіктер жабынын зерттейді, ал құрылыс
кезінде – өсімдік жабынын алу,
ағаштар мен бұталарды кесу, болашақта
қайта отырғызу мақсатында шығару жəне қоймалау жұмыстарын жобалау
үшін қолданылады.
Санитарлық-гигиеналық зерттеулер табиғи қорғау жəне тазарту
құрылыстарынжобалауүшін, кəсіпорын қалдықтарын жəне тұрмыстық
суларды жою жəне
залалсыздандыру шарттарын, ауа атмосферасының
кірлену деңгейін, қоршаған ортаның жағдайын жəне оған болашақ
құрылыстың əсерін анықтайды.
Зерттеулер сапасы көп жағдайда құрылыс жəне болашақ нысандарды
пайдалану тиімділігін анықтайды.
Толық емес зерттеулер немесе жіберілген
қателер іргетастардың
жəне негіздердің отырып қалуымен байланысты үлкен зақым əкелген
жағдайлар белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: