Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Зерттеу жұмыстарын орындаушылар



Pdf көрінісі
бет26/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Зерттеу жұмыстарын орындаушылар. Құрылысқа арналған 
инженерлік зерттеулер Қазақстан Республикасының субъектілерінің 
атқарушы билік органдарының немесе жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарының сəйкес шешімдерінің негізінде жүргізілуі тиісті. 
Экономикалық, əлеуметтік, экологиялық тəуекелдің жоғары 
деңгейіндегі (жауапкершіліктің 1-ші деңгейі – ерекше ғимараттар мен 
құрылыстар, магистральді құбыр жүйелері, желілік құрылыстар жəне т.б.) 
кəсіпорын, ғимарат құрылысына арналған инженерлік зерттеулер кешенді 
инженерлік зерттеулерді жүргізуге лицензиясы бар арнайы жобалық-
зерттеу мекемелерімен жүргізілуі керек. 
Көп жағдайда зерттеу жұмыстары өзі жүргізетін немесе арнайы 
зерттеу мекемелерін тартатын басты жобалаушымен жүргізіледі.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аймақтық зерттеу мекемелерінің 
(мысалға, 
Атыраудағы 
«Каспиймұнайгаз») 
жəне 
жобалау-ізденіс 
мекемелерінің (мысалға, Актөбедегі «Ақтөбе инженерлік іздестіру 
институты») желісі бар. Басты жобалау мекемесі ізденіс мекемесімен шарт 
жасасады жəне жобаланатын нысанның қажетті сипаттамалар жинағы бар 
техникалық тапсырма береді.
Құрылысқа арналған инженерлік зерттеулерді жүргізуге техникалық 
тапсырма, əдетте, келесі мəліметтерден тұруы қажет: 
нысан атауы
 құрылыс түрі (жаңа құрылыс, қайта жасау, кеңейту жұмыстары 
жəне т.б.); 


47 
 деңгейлігі (жұмыс кезеңі) жобалау жəне құрылыс мерзімдері 
жайлы мəліметтер; 
 жобаланатын 
жəне 
қайта 
жасалатын 
кəсіпорындардың 
(нысандардың геотехникалық категориясы) сипаттамасы, ғимарат жəне 
құрылыс жауапкершілігінің деңгейлері; 
 кеңістікте жəне уақытта шегі көрсетілген құрылыс нысандарының 
табиғи ортаға əсерінің сипаттамасы жəне «Қауіпті табиғи ықпалдардың 
геофизикасы» нормативті талаптарына сəйкес қоршаған ортаның нысанға 
əсері; 
 табиғатты тиімді пайдалануды, табиғи ортаны қорғауды 
негіздеуге, жобаланатын ғимараттардың төзімділігін жəне тұрғындар 
өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қажетті бастапқы 
мəліметтер; 
 жобаланатын нысандар, аймақтың, ғимараттың нормативті 
талаптарға сай инженерлік қорғалуын қамтамасыз ету жайлы, аймақтың 
қажетті түзетілуі жайлы мəліметтер; 
 инженерлік зерттеулердің мақсаты жəне түрлері; 
 талаптарына сəйкес инженерлік зерттеулер жүргізілетін 
нормативті құжаттар тізімі; 
 құрылыс алаңының немесе трассасының шекараларының 
орналасуы жайлы мəліметтер; 
 бұрын жүргізілген инженерлік зерттеулер жайлы мəліметтер, 
құрылыс нысаны (алаңы, трассасы) аймағында ғимараттар құрылысы жəне 
пайдаланылуы кезінде болған қиындықтар (түрінің өзгеруі жəне апат 
жағдайлары) жайлы мəліметтер; 
 жобаланатын құрылыстың саласын, ерекшеліктерін қоса отырып, 
инженерлік зерттеулердің жеке түрлеріне қосымша талаптар; 
 құрылысқа арналған инженерлік зерттеулер кезінде қажетті 
мəліметтер мен сипаттамалардың дəлдігіне, сенімділігіне, шындығына 
талаптар; 
 табиғи жəне техногендік шарттардың өзгеруінің болжамын жасау 
жəне сақтауға талаптар; 
 инженерлік зерттеулер кезінде зерттеулерді жүргізу қажеттігі 
жайлы мəліметтер; 
 табиғи жəне технотабиғи процестер қаупі мен тəуекелін бағалауға 
талаптар; 
 тапсырыс берушіге зерттеу нəтижелерінің құрамына, уақытына, 
ретіне жəне қалыбына талаптар; 
 шартты құжаттар құрамында тапсырыс берушіге келісуге арналған 
инженерлік зерттеулер бағдарламасын жасау жəне көрсету жайлы 
талаптар; 


48 
 тапсырыс берушінің мекемесінің атауы жəне орналасу орны, оның 
жауапты тұлғасының аты-жөні жəне телефон (факс) нөмірі. 
Зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру.
Зерттеу жұмыстары кешенді немесе арнайы экспедициялармен, 
партиялармен, жасақтармен, бригадалармен жүргізіледі.
Инженерлік зерттеулердің орындаушылары геодезиялық пункттер 
орнатуға, таулы өндірістің жүруін жүзеге асыруға, топырақтың, ауаның, 
науалардың, шығындардың, атмосфералық жауын-шашынның жəне 
өндіріс қалдықтарының сынамасын алуға, алаңдарды тазарту жəне 
жоспарлау бойынша дайындық жəне жалғаспалы жұмыстарды орындауға, 
уақытша су ағарларын салуға, зерттеулерге тапсырыс берушімен шартта 
көрсетілген басқа да құрылыстар мен жолдарды ұйымдастыруға құқы бар.
Жұмыстар үш кезеңде жүргізіледі: дайындық, далалық жəне ғылыми 
өңдеу.
Дайындық деңгейінде зерттеу нысаны бойынша мəліметтер 
мұрағаттардан, анықтамалардан, есептерден жəне басқа да материалдардан 
жиналады жəне зерттеледі жəне зерттеу жұмыстарын өндіру бойынша 
ұйымдастыру шаралары белгіленеді; зерттеу партиясына берілген 
тапсырма нақтыланады. 
Далалық кезеңде жұмыстар тікелей болашақ құрылыс алаңында 
жүргізіледі.
Далалық жұмыстар кезінде кəсіпорынның нақты жоспарын жобалау 
бойынша барлық қағидатты техникалық шешімдер белгіленуі керек. 
Оларды жүзеге асыратын зерттеу партиясы қойылған мақсаттар нақты 
айтылатын, партия жұмысы нəтижесінде көрсетіледі, материалдар тізімі 
мен орындалуға тиісті, барлық дала жұмыстарының тізімі берілген 
тапсырма негізінде жұмыс жасайды.
Зерттеу орнында жұмысты жергілікті мекемелерден алдын ала 
жиналған мəліметтерге қосымша немесе нақтылау мəліметі ретінде 
қолданылатын барлық материалдарды алған соң бастайды. Құрылыста 
инженерлік зерттеулерде қолданылатын өлшеу құралдары мемлекеттік 
метрологиялық бақылау жəне қадағалауға жатады. 
Ғылыми өңдеу кезеңінде далалық материалдар өңделеді жəне 
жүргізілген зерттеулер бойынша жинақ есебі жасалады.
Соңғы кезеңдегі ғылыми өңдеу, əдетте, оған қажетті барлық шарттар 
мен құралдар бар зерттеу партиясының тұрақты орналасу аумағында 
жүргізіледі.
Зерттеу нəтижесі тапсырыс берушіге орындалған инженерлік 
зерттеулер жайлы техникалық есеп түрінде берілуі тиіс.
Ол мəтіндік жəне суреттік бөлімдерден жəне қосымшалардан 
тұратын 
нормативті 
құжаттар 
талаптарына 
жəне 
мемлекеттік 
стандарттарға сай рəсімделген болуы қажет. 


49 
Техникалық есептің мəтіндік бөлімінде инженерлік зерттеулер 
тапсырмалары, ауданның (аймақтың, трассаның) орналасуы, жобаланатын 
құрылыс нысандарының сипаттамасы, жұмыстардың түрі, көлемі, əдістері, 
оларды жүргізу мерзімі жəне орындаушылары, инженерлік зерттеулер 
нəтижелерінің келісімшартқа сəйкестігі, құрылыс нысаны алаңының 
(аумақтың, ауданының, телімнің, трассаның) табиғи жəне техногендік 
шарттарын кешенді зерттеу нəтижелері жайлы мəліметтер көрсетілуі 
қажет. 
Инженерлік зерттеулер орындаушысы жайлы мəліметтерді баяндау 
кезінде мекеменің мемлекеттік тіркеуі жəне тіркеген орган атауы, 
инженерлік зерттеулердің сəйкес түрлеріне лизенциясы (нөмірі, қолданылу 
мерзімі, лицензияны берген орган атауы), орындаушылар тізімі жайлы 
ақпарат келтірілуі қажет.
Инженерлік зерттеулердің толықтығы жəне сапасы жайлы жайлы 
мəліметтер келтіріледі (техникалық тапсырмаға жəне инженерлік 
зерттеулер бағдарламасына, құрылысқа арналған инженерлік зерттеулер 
нормативті құжаттарының талаптарына сəйкестігі). 
Техникалық есептің мəтіндік бөлімінде келтірілетін құрылыс 
нысанының табиғи жəне техногендік шарттарының сипаттамасының 
құрамы: 
 жоба алдындағы жəне жобалық құжаттарды жасау деңгейіне сай 
дəлдікпен құрылыстың əр түрлі түрлеріне арналған олардың мүмкін 
болатын өзгерістерін болжау жəне аумақты (алаңды, телімді, трассаны) 
құрылыс
арқылы меңгеру кезінде бұл шарттардың ерекшеліктерін есептеу бойынша 
ұсыныстар;
 табиғи процестер қаупін (ҚНжШ 22-01-95 «Қауіпті табиғи 
ықпалдардың геофизикасы» сəйкес), табиғи жəне технотабиғи процестер 
қауіп-қатерін бағалау. 
Орындалған инженерлік зерттеулердің (кешенді немесе инженерлік 
зерттеулердің жеке түрлері бойынша) техникалық есебінің суреттік 
бөлімінің құрамына кіруі қажет: зерттеудің негізгі нəтижелерінен, 
құрылыс нысанының табиғи жəне техногендік шарттарының мүмкін 
болатын өзгерістер болжамынан жəне бағалаудан тұратын карталар
жоспарлар, кесіктер, графиктер, параметрлер (сипаттамалар, көрсеткіштер) 
кестесі, мəліметтер каталогі.
Құрылысқа арналған орындалған инженерлік зерттеулердің 
техникалық есебінің құрылымы мен құрамын құрылыс нормаларының 
талаптарына, тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына, құрылыс 
сипатына (түріне), жобаланатын құрылыстардың жауапкершілік теңгейі 
жəне салалық ерекшеліктеріне, табиғи жағдайдың күрделілігі жəне 
құралыс нысаны аумағының өлшеміне, жобалық жəне жоба алдындағы 
жұмыстардың деңгейіне сай орнатқан жөн. 


50 
Техникалық есептің қосымшалар құрамына тапсырыс берушінің 
тапсырмасының, зерттеу жұмыстарын өндіруге арналған тіркеу 
құжаттарының көшермесі кіруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет