116
мұндағы
жалпы
– нысан
құрылысына қажетті берілген
материалдардың, құрылымдардың жəне өнімдердің жалпы саны;
– бұл материалдық қорды қолдану арқылы орындалатын жұмыстар
ұзақтығы;
г
– құрылыс алаңындағы материалдар қорының кепілді
нормасы;
– материалдардың қоймаға келіп түсуінің біркелкі еместік
коэффициенті (автокөліктер үшін - 1,1, темір жол көлігі үшін – 1,3); –
есептеу кезеңінің ішінде материалды
қолданудың біркелкі еместік
коэффициенті – 1,3.
Ары қарай уақытша қоймаларды есептеу олардың орын алу ауданын
жəне жіберу алаңдарын, жолдар мен өтулерді есепке ала отырып
анықтауда жатыр.
Қойманың
қ
есептелген ауданы негізгі
материалдардың қорына
қ
,
қойма ауданының шаршы метрлерінің санын көрсететін қоймалау
нормасына
жəне қойма ауданын пайдалану коэффициентіне
исп
байланысты келесі формуламен анықталады
қ
қ
исп
.
Нысандық қоймалар салынып жатқан
ғимараттардың жанынан
салынады.
Құрылыс материалдары жəне өнімдерінің қоймалары конструктивті
ашық алаңдар, қалқа жəне жабық үй-жай түрінде жасалады.
Ашық алаңдарда атмосфералық жауын-шашындардан қорғауды
қажет етпейтін материалдар мен құрылымдар сақталады: бетон жəне
темірбетон құрылымдар, кірпіш, қиыршық тас жəне т.б.
Қалқалар күн сəулесінің тікелей түсуінен жəне
атмосфералық
жауын-шашыннан қорғауды қажет ететін материалдар мен өнімдерді
(рубероид, орман материалдары жəне т.б.) сақтау үшін жасалады.
Жабық қоймаларда ғимаратты əрлеу, электротехникалық жəне
санитарлық-техникалық жұмыс материалдары жəне басқа да құнды
өнімдер сақталады. Кейбір материалдар үшін
сақтаудың басты параметрі
температура болып табылады, сондықтан кейбір жабық қоймалар жылумен
қамтамасыз етілуі мүмкін. Жабық қоймалар тұрақты немесе уақытша
ғимараттарда орналастырылады.
Тұрақты ғимараттар құрылыс мекемелерінің қоймалары, жүк тиейтін
қоймалар жəне өндірістік кəсіпорын қоймалары ретінде қолданылуы
мүмкін. құрылыс алаңында орналасатын қоймалардың көбі уақытша болып
табылады. Бұл мақсатта, əдетте, құрылмалы-бұзылмалы, контейнерлі жəне
жылжымалы қоймалық үй-жайлар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: