Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Құрылыс алаңын сумен қамтамасыз ету қажеттілігі



Pdf көрінісі
бет60/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Құрылыс алаңын сумен қамтамасыз ету қажеттілігі.
Құрылыс-жинақтау жұмыстарын өндіруді, жұмысшыларға тіршілік-
қызметтік қызмет көрсетуді жəне өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз 
ету үшін құрылыс алаңын уақытша сумен қамтамасыз ету жобаланады.
Бұл жүйелерді жобалау келесі ретпен жүзеге асады: 
өндірістік, тұрмыстық жəне өрт қауіпсіздігі шаралары үшін су 
қажеттілігі анықталады; 
 су қажеттілігін қанағаттандыратын көздері анықталады; 
 уақытша сумен қамтамасыз ету жолдары (жүйесінің) жобалануы 
жүзеге асырылады; 
 құбырлар диаметрінің есебі жүргізіледі. 
Негізгі құрылыс жоспарын жобалау кезінде судың жалпы шығымы 
келесі түрде анықталады: 
общ
пр
хоз
пож
, 


118 
мұндағы 
пр
– өндірістік қажеттіліктер үшін су қажеттілігі
хоз
– 
тұрмыстық-тіршілік қажеттіліктері үшін су қажеттілігі; 
пож
– өрт 
қауіпсіздігі шарттарына қажетті су қажеттілігі. 
Өндірістік мақсаттарға су шығыны 
пр
келесі қажеттіліктерден 
жасалады: бетон қоспасын немесе ерітіндісін жасау үшін, төселген 
бетонды суару үшін, сылау жəне майлау жұмыстарын орындау, құрылыс 
көліктерін жуу жəне оларға қызмет көрсету жəне т.б. 
Ол сəйкес жұмыстар көлеміне сəйкес немесе өндірістік 
қажеттіліктерге су шығыны нормативтеріне байланысты құрылыс 
көліктерінің санына байланысты тура есептеу арқылы анықталады. 
Тұрмыстық қажеттіліктерге су шығыны 
хоз
оның жұмысшылардың 
максималды санынан күндізгі ауысым кезіндегі бір адамға кеткен шығыны 
нормативі бойынша анықталады.
Өрт қауіпсіздігі шарттарына қажетті су қажеттілігі 
пож
құрылыс 
алаңының өлшеміне байланысты орнатылады, 10 га дейінгі құрылыс 
алаңының ауданы кезінде су шығыны 10 л/с тең деп алынады.
Бұл жағдайда өрт қауіпсіздігі мақсаттарына минималды су шығыны 
бір уақыттағы екі гидрант ағыны, əрбірі 5 л/с, яғни 10 л/с, есебінен 
анықталады.
Уақытша сумен қамтамасыз ету көздері: 
 жұмыс жасап тұрған су құбыр жүйелері; 
 жобаланатын су құбыр жүйелері, оларды тұрақты немесе уақытша 
сұлба негізінде пайдалануға енгізу шартында; 
 бар су қоймалары; 
 артезиан ұңғымасы. 
Су құбырының диаметрі келесі формуламен анықталады 
4
общ
, 
(3.15) 
мұндағы – судың құбыр бойынша қозғалыс жылдамдығы; ол судың 
көп шығыны кезінде 1,5...2,0, аз шығынында 1...1,5 м/с деп қабылданған.
Есептік шамалар МемСТ бойынша үлкен жағына қарай 
дөңгелектенеді.
Егер су құбыры тек өрт қауіпсіздігі үшін қажет болса, онда оның 
диаметрі 100 мм-ден кем болмауы тиісті.
Суды кетіру үшін уақытша кəріс жолдары қарастырылады. 
Жұмыстар көлемін азайту мақсатында сұйықтықты бөлу көздері бар 
немесе жобаланатын кəріз құдықтарына жақын жерде орналастырылады.


119 
Құрылыс алаңына жақын жерде кəріз жолдары жоқ болған жағдайда, 
биодəретханалар жəне санитарлық тораптар жобаланады, алайда, бұл 
жағдайда да олардың орналасу орны санитарлық-эпидемиалық бақылау 
органдарымен келістіріледі. Қалаларда нысан құрылысы мен қайта жасауы 
кезінде көшелердің жүретін бөлігін ластануының алдын алу үшін құрылыс 
алаңынан шығу кезінде автокөлік дөңгелектерін жуу жəне лас суды кəріз 
жолдары арқылы кетіру қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет