Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет66/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары 
1. 
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының құрамын 
сипаттап беріңіз. 
2. 
Басқару 
органдарының 
бағыныштылығын 
анықтайтын 
байланыстың екі түрін атаңыз. 
3. 
Басқарудың сызықтық құрылымының негізгі жетіспеушілігі 
неде? 
4. 
Құрылыс 
жəне 
жобалау 
мекемелерінде 
басқарудың 
ұйымдастырушылық құрылымының қандай түрлері қолданылады? 
5. 
Лауазымдық 
нұсқаулық 
құрамына 
кіретін 
бөлімдерді 
сипаттаңыз. 
6. 
Құрылымдық 
бөлімше 
құрамына 
кіретін 
бөлімдерді 
сипаттаңыз. 
4.2. Құрылыс сапасын бақылау жəне есеп беру 
Құрылыстажедел-техникалық есеп.Құрылыс барысында тұрақты 
түрде оның қазіргі жағдайының əр түрлі сипаттамаларын анықтау қажет 
болады. Бұл функция есеп атауына ие болды. Есептік мəліметтер 
нəтижесінде əр түрлі есепхаттар жасалады жəне басқарушылық шешімдер 
қабылданады.
Құрылысты ұйымдастыруда есептің үш түрі ұарастырылады: жедел-
техникалық, бухгалтерлік жəне статистикалық.
Жедел-техникалық 
есеп 
құрылыс 
өндірісінің 
тихникалық-
экономикалық жағдайын анықтайтын ағымдық (жедел) есеп болып 
табылады. Есептің бұл түріне құрылысты жүзеге асыру жүрісін 
анықтайтын сипаттамаларжатады: 
 орындалған жұмыстардың есебі жұмыстардың жалпы жұрналын 
журналын ғана емес, жұмыстарды мердігерлермен орындау арнайы 
журналын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл журналдарда нақты 


128 
өлшеулер негізінде жұмыстардың сапасын ескере отырып оларды 
орындаудыың 
көлемі 
мен 
мерзімдері 
көрсетіледі. 
Анықталған 
кемшіліктердің орнын толтыру бойынша бақылаушы органдармен 
(лауазымды тұлғалар) талаптар жəне ескертулер енгізіледі. 
 журналдардағы мəліметтер дəлелдемелік негізге ие болуы үшін 
олардың əрбір беті нөмірленеді, тігіледі жəне құрылыс басқармасының 
жетекшілерінің қолымен жəне мекеме мөрімен бекітеді.
 еңбек жəне еңбекақы есебі күндік немесе айлық тапсырма беру 
арқылы нарядты сұлба бойынша немесе табель көмегімен жұмыс уақытын 
ескере отырып тарифті сұлба бойынша жүргізіледі. Нарядтар ұжымдық 
немесе жеке жəне əр түрлі мерзімге берілуі мүмкін. Нарядтарды беру жəне 
жұмыстарды олардың көлемі бойынша орындауды бағалау оны физикалық 
шамалармен өлшеу мүкін болған жағдайда орынды (кірпіш қалауының 
көлемі, төселген құбыр ұзындығы жəне т.б.). Қосымша жұмысшылардың
сонымен қатар, басқару қызметшілерінің еңбегін бағалау жəне есептеу 
олардың жұмыс істеген сағаттарының саны арқылы жүзеге асырылады.; 
 материалдық-техникалық қорды есептеу төленген шоттар, 
сенімхаттар, материалдық жүкқұжаттар, талаптар (ішкі жүкқұжаттар), 
қойма есебінің карталары, материалдар мен жабдықтарды есептен шығару 
актілері, прорабтың материалдық есепхаты жəне ревизиялық тексерулер 
нəтижесінде жүзеге асырылады.
 автокөлік жұмысын есептеу тауар-көлік жөнелтпе құжаты арқылы 
жеткізілетін жүк үшін де, автокөлік құралының орналасу шекарасында да 
жол парақтары арқылы жүзеге асырылады. Жүк автокөлігінің жұмысын 
өлшейтін ең кең таралған шамасы жеткізілген жүк салмағының ара 
қашықтыққа көбейтіндісін көрсететін тонна-километр болып табылады.
 құрылыс көліктері мен механизмдерінің жұмысын есептеу 
жұмыстар көлемі жəне жанар-жағармай (пайдалану) материалдарының 
шығыны көрсетілетін жүргізушінің ауысымдық рапортын толтыру арқылы 
жүзеге асырылады. Ауысымдық рапорт мəліметтері құрлыс көлігінің 
техникалық паспортына жазылады. Техникалық паспортта көрсетілген 
мəліметтер негізінде көліктерге көрсетілетін қажетті қызметтер түрі 
анықталады. Автокөлік жəне құрылыс көліктерінің жұмысы бойынша 
есептеу мəліметтері міндетті түрде берілген техниканың басқарушы 
жұмыс өндірушілермен куəлəндырылуы тиісті.
Бухгалтерлік есеп ең алдымен қаржы құралдарының, негізгі 
фондтардың жəне айналым құралдарының қозғалысымен байланысты 
барлық көрсеткіштердің жалпы жəне үздіксіз есебі болып табылады. 
Бухгалтерлік есеп құралдары көздері (пассив) жəне олардың 
орналастырылуы (актив) балансына негізделген. Бұл балансты кредит жəне 
дебет деп аталатын екі бөлінген жеке шоттар құрайды.
Шоттарға мəліметтер бастапқы құжаттар негізінде енгізіледі 
(аванстық есепхат, төлем тапсырмасы, қабылдау жəне есептен шығару 


129 
актілері жəне т.б.). Осылайша, бухгалтерлік есеп үшін толық құжаттылық 
жəне екі еселік жазба қажет. Бухгалтерлік есеп мəліметтері тексеруге, 
салық жəне басқа да уəкілетті органдар алдында есепхаттылыққа жатады. 
Статистикалық есеп негізінен бухгалтерлік есеп мəліметтері арқылы 
құралады. Статистикалық есеп жаппай экономикалық беталыстарды 
бақылау үшін қажет. статистикалық есеп нəтижелері Қазақстан 
Республикасының жəне оның субъектілерінің орталық статистикалық 
органдарымен өңделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет