№ шешімімен бекітілген


Алматы қаласындағы мемлекеттік басқару органдарын ақпараттандыру мәселесі



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі214 Kb.
#131235
1   2   3

3. Алматы қаласындағы мемлекеттік басқару органдарын ақпараттандыру мәселесі
Мемлекеттік басқару органдарын ақпараттандыру мәселелерін шешуде анықталған мынадай проблемалар бар:

1) Соңғы жылдар Алматы қаласында жүргізіліп жатқан ақпараттандыру жұмыстары жеткілікті дәрежеде үйлестірілмеген. Қала әкімдігі құратын ақпараттық жүйелер мен аумақтық өкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциялану деңгейі әлі де төмен болып отыр. Көбіне түрлі салаларда қызметтер қайталануда, берілген деректерді бірыңғайлауға және осы жүйелердің келісімді түрде қызмет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, стандарттардың, жіктегіштердің, деректерді бейнелеу жинақтарының және т.б. жалпы қалалық кешені жоқ;

2) Бірыңғай ақпараттық жүйенің болуына қарамастан ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі функциялар мен жауапкершіліктерді бөлу регламенті жоқ, яғни түрлі ведомстволар арасында ақпаратты жүргізу мен беру саласындағы жауапкершілік саласы нақты бөлінбеген;

3) көптеген мемлекеттік органдарда ақпараттандыру қызметі жоқ және ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі жеткіліксіз деңгейде;

4) техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешенінен тұратын, әлемдік тәжірибені ескеретін, қазіргі заманғы ақпараттық қауіпсіздік жүйесі мәселесі өзекті болып отыр, себебі қабылданған ақпарат мен ақпараттық арналарды қорғаудың ішкі саясаты толық көлемде жүзеге асырылмайды;

5) қаладағы атқарушы билік органдарының азаматтармен және бизнес-құрылымдармен өзара іс-әрекеті әлі де жоғары деңгейде емес. Бұл бағдарлама «электронды өкімет» жалпы тұжырымдамасына сәйкес құрылуы тиіс және мемлекеттік басқару органдарының халықпен және бизнес-құрылымдармен өзара әрекет етуінің ұйымдастырушылық, нормативтік-құқықтық және техникалық шаралары жүйесін қамтуы тиіс;

6) мектептерді, мұражайлар, кітапханаларды ақпараттандыру әлі де деңгейде қалып отыр;

7) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер базасына және әлеуметтік маңызды ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі белгілі бір деңгейде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты;

8) әкімдік өзінің жоспарлау және басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқару органдарының аумақтық құрылымдарынан ақпарат сұратып алады. Ақпарат автоматтандырылған режимде берілмейді, ал, бұл белгілі бір деңгейде шешім қабылдау мақсатында ақпаратты алу маңыздылығына, шынайылығына және дер кездігіне әсерін тигізеді. Жергілікті және орталық атқарушы органдардың арасындағы өзара әреке ету регламенттері, сондай-ақ ақпаратты беру және алмасу тәртібі туралы нормативтік-құқықтық база жоқ.

9) көбіне мемлекеттік органдарда және түрлі ведомстволарда ақпараттық жүйелер деңгейінде өзара әрекет етуге және ақпарат алмасуға деген ұмтылыс жоқ.

Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам құруда басты тежегіш факторлардың біріне ретінде ақпараттық теңсіздікті жою өзекті мәселе болып отыр.
ІІІ. Бағдарламаның Стратегиясы, Мақсаттары мен Міндеттері
Бағдарламаның стратегиясы азаматтар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметтерге жылдам әрі сапалы түрде қол жеткізуін қамтамасыз етуге, әкімдік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы қызмет ету тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ол түрлі мемлекеттік басқару органдарының арасында да, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың арасында бірыңғай стандарттар мен әдіс-тәсілдердің негізінде тиімді ақпараттық алмасуды ұйымдастыру үшін алғышарттар туғызудан тұрады.

Сондай-ақ бағдарламаның стратегиясы қабылданатын басқарушылық шешімдердің жеделдігін, сонымен бірге қаланың өміршеңдік жағдайына талдау жасауды қамтамасыз ету үшін қала әкімдігінің ішкі ақпараттық жүйелерін дамыту мен әрі қарай жетілдіруге бағытталған.
Стратегия бағдарламаны жүзеге асыру мерзімінің ішінде мыналарды қарастырады:


  • әкімдік пен оның құрылымдық бөлімшелерінде қолданылатын аппараттық және бағдарламалық құралдарды, жергілікті есептеу тораптарын ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін ескере отырып, жаңарту (сымсыз Интернет, ІР-телефония және т.б.);

  • азаматтар мен ұйымдар пайдаланыла алатын е-қызметтерді құру;

  • азаматтар мен ұйымдарға сапалы е-қызметтерді көрсету, сондай-ақ ақпаратты әкімдіктің ішкі ақпараттық жүйелеріне жедел әрі сапалы түрде енгізуді қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру;

  • «Электронды өкімет» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті деңгейде ұйымдастырушылық, құқықтық және нормативтік базаны құру.

Бағдарламаны мақсаттары мыналар болып табылады:



  • Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңарту және дамыту;

  • Азаматтар мен ұйымдарға жоғары сапалы және жедел түрде электронды:

  • әкімдік пен оның бөлімшелерінің web-сайтына орналастырылған ақпарат түріндегі ақпараттық;

  • әртүрлі нысандар мен сұрауларды толтыру, сондай-ақ орындалу барысын бақылап отыру мүмкіндігін беру түріндегі интерактивті;

  • төлемдік операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі түріндегі транзакциялық қызметтер көрсету.

  • Қала басшылығының басқарушылық шешімдерді жедел түрде қабылдауын қамтамсыз ету үшін әкімдіктің ақпараттық жүйелерін дамыту;

  • Ақпараттық теңсіздікті жою;

  • Қаладағы мемлекеттік басқару органдары пайдаланатын ақпаратты қорғау деңгейін арттыру.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Бағдарламаның мынадай негізгі міндеттерін орындау қажет:

  1. Бағдарламаны жүзеге асыруға ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

  2. Е-әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;

  3. Азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін электронды қызметтерді көрсетуді қалыптастыру және дамыту;

  4. Шешімдерді қабылдау және оларды е-үкімет инфрақұрылымының базалық компоненттерімен интеграциялау барысында әкімдіктің тиісті құрылымдарын маңызды әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы әкімдігінде бар ақпараттық жүйелерді дамыту мен жаңғырту;

  5. Ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

6) Ақпараттық ресурстар және е-әкімдік жүйесін қорғауды қамтамсыз ету.
ІV. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары


  • қаладағы ақпараттандыру процестерін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру;

  • ішкі мемлекеттік басқару органдарының электронды ақпаратпен алмасу регламенті мен әдістерін, сонымен бірге мемлекеттік емес ұйымдармен электронды ақпарат алмасудың регламенті мен әдістерін әзірлеу және бекіту;

  • қала әкімдігінің құрылымында бағдарламаны жүзеге асыруға уәкілетті құрылым құру;

  • Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған жалпы жүйелік құжатты әзірлеу (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме);

  • мемлекеттік басқару органдарының, қала тұрғындарының, сондай-ақ бөлімшелердің арасында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды насихаттайтын шараларды ұйымдастыру және өткізу;

  • халық арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;

  • бағдарламаны орындау барысын бақылау;

  • е-әкімдіктің коммуникациялық ортасы;

  • қала әкімдігінің Web-порталы;

  • аймақтық куәландырушы орталық;

  • аймақтық ақпараттық жүйелер;

  • ведомстволық автоматтандырылған жүйелер;

  • банк жүйесімен өзара әрекет ету үшін төлемдік шлюзді құру;

  • азаматтарды идентификациялау құралы – ІD-карточкасын құру;

  • күнделікті өмірде қала тұрғындарының Интернет жүйесін пайдалануы үшін қолайлы жағдай туғызу;

  • Қала тұрғындарының өмірінде ақпараттық ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын арттыру;

  • Алматы қаласы мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық технологиялар саласындағы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

Е-әкімдіктің барлық компоненттері е-үкімет инфрақұрылымының базалық компоненттерімен интеграциялау жағдайында әзірленуі тиіс.
V. Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижелері
Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру, мемлекеттік басқару органдарының электронды қызметтерін жүзеге асыру мыналарға ықпал ететін жағдайларды туғызуға мүмкіндік бермек:

  • мемлекеттік органдарды маңызды әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • халықтың ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру;

  • мемлекеттік органдардың қоғам үшін, олардың өзара әрекет ету тиімділігін арттыру және олардың халық пен ұйымдарға көрсететін қызметтерінің сапасын көтеру үшін ақпараттық ашықтығын арттыру.


1. Бағдарламаны жүзеге асыруды ұйымдастырушылық қолдау
1. Қаладағы ақпараттандыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру

Нормативтік құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту ақпараттандыру саласында қоғамның ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету, е-қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік биліктің аумақтық органдарының ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарына қойылатын талаптарды қалыптастыру жөніндегі құзыретін белгілеу бөлігіндегі қатынастарды реттеуге бағытталмақ.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай бағыттарды жүзеге асыру керек:

- құқықтық зерттеулер жүргізу және ақпараттандыру саласындағы түрлі аспектілерді реттейтін заңнамаларды әзірлеу мен өзгертудің болашақ жоспарларын қалыптастыру;

- Алматы қаласы әкімдігінің ақпараттандыру мәселесі бойынша нормативтік актілерін әзірлеу және бекіту;

- е-әкімдік және оның бөліктерінің әзірлеу, жүзеге асыру, пайдалану және дамыту тәртібін анықтайтын нормативтік құжаттар пакетін қалыптастыру;

- ақпараттық қауіпсіздік саясатын жетілдіру;

- Интернетте ақпараттық ресурстарды құру, орналастыру және сақтау ережелерін әзірлеу және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарды беруі үшін жауапкершілігін бекіту;

- белгіленген тәртіпте қаладағы мемлекеттік басқару органдарының орталы атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара ақпараттық іс-әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

- «Электронды өкімет» инфрақұрылымының жүйелік және техникалық компоненттерін қалалық деңгейде пайдалану мен әкімшілік ету тәртібін реттейтін нормативтік-нұсқау беру құжаттамаларын қабылдау.

Нормативтік құжаттарды әзірлеу барысында негіз ретінде республикалық деңгейдегі базалық нормативтік құжаттар, оның ішінде:


  • Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы;

  • Қазақстан Республикасының «Электронды құжат және электронды сандық қолдар туралы» Заңы;

  • Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 жарлығымен бекітілген Электронды өкімет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысымен бекітілген «электронды өкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

  • 2004 жылғы 19 қазандағы № 1075 Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тізімін жүргізу ережелері;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электронды құжат айналымы ережелері;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген электронды сандық қолдың ашық кілтінің электронды сандық қолдың жабық кілтіне сәйкес келуін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәлігінің шынайылығын растау жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тізімін жүргізу ережелері пайдаланылуы тиіс.


2. Бағдарламаны жүзеге асыруға уәкілетті бөлімшені құру

Бағдарламаны жүзеге асырудың қажетті шарты қала әкімдігінің құрылымында бөлімше құру болып табылады.

Аталған бөлімше:


  • Бағдарламаны тікелей жүзеге асыру үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен, аймақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті материалдарды алуға және жедел түрде дайындауға қойылатын талаптар бөлігінде құзыреттерге ие болуы;

  • қала әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелеріндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына жауап беруі;

  • Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі - әкімдіктің жанындағы Ақпараттандыру жөніндегі Комиссия) жүйелі түрде есеп беріп отыруы;

  • әкімдіктің жанындағы Ақпараттандыру жөніндегі комиссияға өзінің жұмыс барысында пайда болған қиындықтар туралы материалдарды жедел тәртіпте беруге тиіс.

Бөлімшенің бірінші кезектегі міндеттері мыналар болуы керек:

  • мемлекеттік басқару органдарының, азаматтар мен ұйымдардың ақпаратқа деген қажеттілігіне аймақтық зерттеулер жүргізу;

  • ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі әкімшілік және техникалық регламенттерді әзірлеу және келісу;

  • әкімдіктің ақпараттық-талдау жүйесін құрудың кезеңдік жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру.


3. Электронды ақпаратпен алмасудың регламенттері мен әдістерін әзірлеуге қатысу

Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін біріздендіру мен біріктіру мақсатында ведомствоаралық және үлгілік ведомстволық ақпараттық жүйелердің жобалары жүзеге асырылмақ. Мұндай жүйелерге: ведомстволық және ведомствоаралық электронды құжат айналымы, құжаттардың мұрағаттық сақтау, әкімшілік-басқарушылық қызметтің ақпараттық жүйелері, салық төлеушілер мен салық төлеу нысандарының тізімі, үкіметтік Интернет-портал жатады.

Базалық компоненттер мен ведомстволық ақпараттық жүйелерді құру барысында бірыңғай әдістерді жүзеге асыру және олардың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың деректері мен қызметтерін интеграциялаудың бірыңғай механизмін қамтамасыз ететін ұлттық технологиялық стандарттарды әзірлеуді және/немесе халықаралық технологиялық стандарттарды қабылдауды қарастыратын е-үкімет инфрақұрылымының бірыңғай әдістемелік базасы әзірленетін болады.

Осыған байланысты бағдарламаны жүзеге асыруға уәкілетті бөлімшеге әртүрлі жүйелердің арасында ақпарат алмасудың регламенттерін, бірыңғай стандарттары мен әдістерін құру барысына қатысу үшін мамандар бөлу керек.


4. Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған жалпы жүйелік құжаттарды әзірлеу

Бөлімше е-үкімет инфрақұрылымының бірыңғай әдістемелік базасын және электронды ақпаратпен алмасудың бірыңғай техникалық-экономикалық регламенттері мен стандарттарын ескере отырып, техникалық тапсырмаларды және Алматы қаласының электронды әкімдігін құруға техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуі және келісуі керек.

Оның ішінде, техникалық тапсырмалар мен техникалық-экономикалық негіздемелер азаматтар мен ұйымдарға көрсету үшін жоспарланып отырған әрбір е-қызмет үшін әзірленуі тиіс.
5. Мемлекеттік басқару органдары мен қала тұрғындарының арасында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды насихаттайтын шараларды ұйымдастыру және өткізу

«Электронды әкімдік» құру үрдісі жабық үрдіс немесе «өзіндегі үрдіс» болмауы керек. Бұл дегеніміз қала тұрғындары мен мемлекеттік басқару органдары бағдарламаның бар екенін және оның жүзеге асырылып жатқанын білулері тиіс. Бұл үшін бағдарлама аясында аталған оқиғаны бұқаралық ақпарат құралдарының баспасөз беттерінде, телевизия мен радиода жариялау жөніндегі шаралар қарастырылуы керек. Бұл бағдарламаны жұртшылыққа кеңінен жариялау халық арасында жағымды дүмпу беріп, бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы сатыларында өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, бағдарламаны жүзеге асыру сатысында халықтың арасында қандай да бір е-қызметтің қажеттігіне, оған қол жеткізе алуға және оны пайдалану мүмкіндігіне байланысты жүйелі түрде сауалнамалар жүргізіп отыру қажет. Ал, ол өз кезегінде қажетті ресурстарды тиімді жоспарлауға көмектеседі.

Бұл мәселелерді бағдарламаны жүзеге асыға уәкілетті бөлімшемен бірлесе отырып, әкімнің аппараты шешуі тиіс.


6. Бағдарламаның орындалу барысын бақылау

Е-әкімдікті құру жөніндегі бағдарламаның орындалу барысын бақылау мақсатында мыналардан тұратын мониторинг жүргізу бағдарламасын әзірлеу қажет:

- Тәуелсіз тексерулерді жүргізудің кезеңділігі;

- Бюджет қаражатының мақсатына сай пайдаланылуын тексеру ережелері;

- Бағдарламаны жүзеге асырудағы «тар орындарды» анықтау мақсатында халықтың арасында кезеңдік сауалнамалар жүргізу.

Сонымен бірге, мониторинг бағдарламасында тәуелсіз аудиторлардың тексерулерді таңдау және олардың кезеңділігі критерийлері болуы керек.

Е-әкімдікті құру жөніндегі бағдарламаның орындалу барысын Ақпараттандыру жөніндегі комиссия тұрақты негізде бақылап отыруы керек.

Тексеру қорытындылары туралы есеп Алматы қаласы Әкіміне тікелей тапсырылады.


2. Е-әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру
1. Е-әкімдіктің коммуникациялық ортасы

Е-үкіметті құру аясында заңсыз кіруден қорғаудың жоғары деңгейін, трафиктің барлық түрін жолдау мен телекоммуникациялық қызметтердің көптеген түрлерін теңдей көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың бірыңғай мультиқызметтік көліктік ортасы құрылады.

Қала әкімдігі осы Бағдарламаның аясында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құру мен қызмет ету регламентін әзірлеуді аяқтағаннан кейін мынадай жұмыстар атқарылатын болады:


  • ақпаратты қорғаудың бірыңғай саясаты қайта қаралады және енгізіледі:

  • әкімдіктің телекоммуникациялық ортасы мемлекеттік органдардың телекоммуникациялық ортасымен біріктірілді.

Әкімдік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің коммуникация ортасын дамыту үшін мынадай жұмыстарды жүргізу қажет.

  • әкімдіктің компьютерлік паркі мен жүйелік бағдарламалық қамсыздандыруды жаңғырту және толықтыру;

  • болашақта әкімдік үшін телекоммуникация қызметтерін алу (Интернет, ADSL-арналар, телекоммуникациялық тораптар);

  • Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында әкімдіктің ішкі жергілікті торабынан алшақталған, келушілер мен азаматтар үшін Интернет торабына сымсыз кіру нүктесін ұйымдастыру.


2. Қала әкімдігінің Web-порталы

Е-үкіметтің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін е-үкіметтің порталымен және шлюзімен өзара әрекет ету жолымен интеграциялауды қажет етеді. Бұл ретте интеграцияның негізгі байланыстырушы элементі деректермен алмасу кезіндегі хабарлардың әмбебап коммуникациялық форматы болап табылады. Портал аталған өзара іс-әрекеттік шеңберінде е-қызметтерді жеткізушілер мен тұтынушылардың арасындағы ақпаратпен алмасудың байланыстырушы буыны болап табылады. Қазіргі уақытта Бағдарламаны жүзеге асыру аясында е-үкімет жүйелерінде электронды құжат түрінде айналып жүретін хабарларды ресімдеу мен өңдеудің бірыңғай ережелерін құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Осы Бағдарламаның аясында осы үрдіс аяқталғаннан кейін қала әкімдігі бұрын құрылған ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етулерін хабарлармен алмасудың мемлекеттік стандарттарының және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-әрекетін қамтамасыз ететін «өкіметтік шлюзбен» интеграциялану талаптарына бейімдеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Электронды қызметтер көрсету рәсімдерін жүзеге асыру үшін қала әкімдігінің Интернет-порталы дамытылатын және Алматы қаласы аудан әкімдері аппараттарының порталдары құрылатын болады. Бұл ретте әкімдіктің электронды қызметтеріне е-үкіметтік Интернет порталы арқылы да қол жеткізуге болады.


3. Аймақтық куәландырушы орталық

Е-қызметтерді тұтынушыларды бірдейлендіру механизмін құру ақпараттық алмасу барысында сенімді қатынастар тізбегінің көмегімен электронды сандық қол қою механизмін пайдалануға мүмкіндік беретін ашық кілттер инфрақұрылымын енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Ашық кілттер инфрақұрылымын енгізу үшін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының электронды сандық қолдарын арнайы куәландырушы орталықты құру жоспарланып отыр. Теңестіру деректерін және электронды сандық қолдарды жинақтау, сақтау мен қолдануға арналған сенімді құрал ретінде смарт-технологияларды пайдалану көзделуде.

2007 жылы электронды қызметтерді пайдаланатын клиенттерді бірдейлендіруге арналған аймақтық куәландырушы орталық құру жоспарланып отыр. Электронды сандық қолсыз Электронды құжат айналымы, Әкімшілік айыппұлдар, Қауіпсіз қала секілді ақпараттық жүйелерді толық көлемде пайдалану мен дамыту өте күрделі, кейде тіпті мүмкін емес. Электронды қызметтерді көрсету кезінде де үлкен қиындықтар туындайды.
4. Аймақтық ақпараттық жүйелер

Мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық ресурстарын қалыптастыру мынадай ақпараттық көздерден жүзеге асырылатын болады:



  • әкімдіктің қалалық құрылымдық бөлімшелері;

  • орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері және т.б.

Әкімдіктің е-қызметтерінің ақпараттық ресурстарын, жүйелерін дамыту мыналардан тұрады:

- әкімдіктің ақпараттық жүйелерін пайдалану мен жолдамалау, құру мен дамыту;

- мемлекеттік басқару органдары е-қызметтерді көрсетуі үшін деректер қорын қалыптастыру;

- жоспарлау мен басқару жүйелерін автоматтандыру;

- Алматы қаласының өміршеңдігін дамытумен және жедел басқарумен байланысты жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету;

- әкімдік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің электронды құжат айналымы жүйелерін үлгі шешімдердің негізінде жолдамалау мен дамыту;

- қаланың ақпараттық жүйелерін «Адрестік тізім» мемлекеттік деректер қорын құру» жобасымен интеграциялау;

- қала әкімдігінің электронды құжат айналымына «электронды қолдарды» енгізу.


5. Ведомстволық автоматтандырылған жүйелер

Е-әкімдікті құру аясында мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру ведомствоішілік қажеттіліктер бағдарынан азаматтар мен ұйымдардың қажеттіліктері мен міндеттері бағдарына өтуді қарастырады. Мемлекеттік органдардың е-қызметтерін қалыптастыру мен жүзеге асыру ведомстволық ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Осы Бағдарламаның аясында қала әкімдігі е-үкімет аясында жүзеге асырылған ведомствоаралық және үлгілік ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграциялау мақсатында бұрын құрылған ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамтамасы етуге өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды орындамақ.

2007-2009 жылдары электронды қызметтерді көрсетуге арналған ведомстволық автоматтандырылған жүйелерді дамыту жоспарланып отыр. Бұл қызметтер түп соңында азаматтардың өмір сүру қалпының және ұйымдардың қызмет етуінің барлық басты салаларын қамтуы тиіс.


6. Электронды қызметтерге ақы төлеу кезіндегі банк жүйесімен өзара әрекет етуге арналған төлемдік шлюз

Е-қызметті пайдаланушылардың түрлі банк төлемдерінің жүйесіне бірыңғай қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында төлеушіге банкті таңдауға және деректерді берудің ашық тораптары арқылы қорғалған электронды төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін «төлемдік шлюз» жүзеге асырылатын болады.


7. Азаматтарды ID-карточкалары арқылы тану құралдары

Е-қызметтерді тұтынушыларды тану мен бірдейлендіру міндеттерін жүзеге асыру е-үкімет инфрақұрылымын қалыптастырудың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта «Жеке тұлғалардың» және «Заңды тұлғалардың» мемлекеттік деректер қорын құру жұмыстары жүргізілуде. Оның негізгі қызметтері жеке азаматтарды жинақта умен оларға теңестіру нөмірлерін беру, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге бизнес-теңестіру нөмірлерін беру болып табылады.

Ұлттық теңестіру жүйесімен интеграциялау мақсатында осы Бағдарламаның аясында Алматы қаласының әкімдігі «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Адрестік тізім» (оларды құру үрдісі аяқталғаннан кейін) мемлекеттік деректер қорымен интеграциялау мен «электронды қолдар» технологиясын пайдалану мақсатында бұрын құрылған ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз етуді түрлендіру жүргізілетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет