Жеке ағаштар (солитер). Солитер дегеніміз жалғыз отырғызылған ағаштар немесе бұталар. Олар көбінесе сәндік бағытта отырғызылады. Сондықтанда олар топтық өсімдіктер фонына отырғызылады және ол пішінімен, жапырақ түсімен, гүлденуімен жәнежемістерімен басқа ағаштардан ерекшеленіп тұрады.
Солитер ағашты таңдау барысында негізгі учаскенің дизайніне сәйкес келу немесе келмеуін қарастырылады.
Сәндік көгал шөптер. Қазіргі таңда республикамызда сәндік көгал шөптер жақсы таңылып, пайдалануда. Учаскені көгал шөптермен көркемдеу модасы бізге батыстан келді. Европалықтар үй алаңын көгалдандыруда осы көгал шөптер ең негізгі элемент болып келеді. Көгал шөптер альпі шоққысымен, клумбалармен,су қоймаларымен және тірі қоршаулармен жақсы жарасып тұрады.
Көгал белгілі бір учаскеге ұрықтары себу нәтижесінде тығыз өсіп шыққан шөптерді құрайды. Сол учаскедегі шөптерді уақытылы қырқып, қоқыстардан тазалап, суғарып тұру керек.
Көгал шөптер орналастырар алдыңда оның қандай бағытта пайдаланылатынын анықтап алу керек: сәндік (композицияны толықтыру үшін) немесе басқа мақсатта пайдалану үшін (демалу орны, балақайлар алаңшасы және т.б,). Көгал шөптер функциясына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Партерлік көгал шөптер сәндік үшін пайдаланылады және көгал шөптер үстімен жүруге болмайды, және оны күтімсіз тастап кетсе құртылмайды.
Мавритандық көгал шөптер – «гүлденген шалшық» оны кішкене ғана алаңшаға орналастырған жөн, өйткені ол бір жылдың жартысынан көбінде күтілмеген болып көрінеді. Мавритандық көгал шөптер отырғызар алдында топырақты
дұрыс дайындап қойса, онда көгал шөпті күту қиынға соқтырмайды. Шөпсіз жабынды шалшық (түймедақ немесе тминь) көбіне атақты бірақ оны әдемі күйін әрдайым сақтап тұру қиын. Осы көгал шөптің бір ерекшелігі бар, оны басқа көгал шөптерден тез ажыратуға болады: ауаны иіспен толтырады, ерекше әдемі әрі иісті.
Ландшафтық гүлзарлар
Әрбір бағбан өзінің аумағында керемет хош иіс беретін гүлдердің және әр түрлі гүлдердің кемпірқосақ жасап, оның үстінде көбелектердің болуын қалайды. Гүлзарлар баққа қайталанбас көріктік беріп тұрады. Клумбаларға дұрыс өсімдік таңдау үшін, ұзақ уақытқа шыдайтын гүлдердің хош иістері және ерте көктемнен соңғы күзге дейінгі гүлдерді өсіру керек. Гүлзарлық композицияны көпжылдық және біржылдық екпелермен құруға болады, сол сияқты гүлзарлар бірмезгілді және көпмезгілді болады. Көпжылдық клумбаларда көзге тартымды және көп мезгілге жететін ғана сорттар болуы тиіс. Сәндік өсімдіктерді ғана емес, сонымен бірге тәжірибелік мысалы, дәрілік өсімдіктерді қолдануға болады. Бірінші кезекте гүлзарлар өздерінің жанындағы ағаштармен, бұталармен, жолдармен, құрылыстармен, су қоймаларымен т.б. сәйкес келуі керек. Егер аумаққа көп клумбалар құратын болсақ, онда олар дұрыс пішін бермейді. Қолайлы жағдайларда өзіңді жақсы сезіну үшін түрлі өсімдікті қолданып, су қоймаларының жанына гүлзарлық композиция құруға болады. Композицияны бір немесе әр түрлі гүлдермен жасауға болады. Негізгі контраст ретінде құрылған композициялар тыныштандыруға қолайсыз, сондықтан бесеткалар мен демалатын орындар аз сәйкес келеді. Бірақ клумбаның үйден шыққанда мерекелік сән беретін түрі бар. Әртүрлі гүлзарлар кез-келген уақытта гүлдейтін гүлдермен эффект ретінде сәйкес келеді. Ол ерте жаздан күзге дейін көздің жауын алатын болады. Бір түсті гүлдер композициясы сәнді, әсіресе бұталар мен қылқанды ағаштардың негізгі фонында. Клумбада ақ түсті өсімдіктерді екпе орманның күміс түсті жапырақтарымен түрлендіруге болады. Гүлзарлық композицияның пішіні мен құрамы әр түрлі болуы мүмкін.
Топтар. Топтап отырғызу – гүлзарлық композицияның ең
кең таралған түрі болып саналады. Олар біржылдық және көпжылдық өсімдіктерден құрылуы мүмкін. Топтап отырғызудың өлшемі мен пішінін сол жердің иесі өз қалауымен және талғамымен өзгерте алады. Сонымен бірге бақтың аумағын және сол жердегі сәндік және архитектуралық формасын білу керек. Топтар құрамына байланысты екі түрге бөлінеді. Егер топтап отырғызуда екпенің бір түрі бар болса, онда ол жәй деп аталып, аумаққа біртүсті жолақ береді. Аралас топтар гүлдеу уақыты әртүрлі, екі түрден тұратын өсімдіктерден тұрады. Көп бөлігі жуа тәрізді және кеш гүлдейтін өсімдіктерден тұрады. Топтап отырғызуда биік емес, көпжылдық және гүлдейтін бұталы өсімдіктер жақсы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |