Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет8/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
ландшафт дизайн

Бульварлар халықтың қысқа мерзімде демалуына арналған көгалдандыру зерзаты. Бульварлар көше мен аудандық
магистраль жиегіне жолақ ретінде ені кемінде 16-18м болып жасалады. Бульварды жоспарлау кезінде серуен және транзитті жолдар, демалыс алаңшалары салынады. Алқа ағаштар біріншіден, көшенің екі шетін қоршап жауып тұруы керек, екіншіден төзімді ағаштар мен бұталардан сәнді топ құрып, көгал шөптер құру керек. Гүлмен безендіру маңызды бөлшектердің бірі.
Отырғызылатын көшет материалдарына жоғары талап қойылады: көшеттер ірі болуы керек, барлық агротехникалық жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуі шарт. Алқа ағаштар ретпен, қатарлап отырғызылады.


Алқағаштар түрлері (Виды зеленых насаждений)


Үй иесінің талғамы мен мүмкіндігіне қарай әр үй маңындағы аумақтардан әр түрлі алқаағаштарды кездестіруге болады. Өсімдіктер жаздың ыстық күнінде салқындық береді, сәндік функция ретінде, үй айналасындағы кеңістікке сән береді. Алқаағаштар бірнеше түрге бөлінеді.


Тоғайлар. Кең ауқымды кеңістігі бар аумақтарға кішігірім тоғайлар құруға болады. Ол демалатын және қыдыратын орынға қолайлы көрініс пен салқындық береді. Тоғайлардың бір ерекшелігі олар бір түрге жататын ағаштар тобы және қиылыспайды. Бұталар және ағаштар топтарына фон ретінде отырғызылуға берілген тип жиі қолданылады. Тоғай арқылы аққан табиғи өзен сіздің бақшаңызға ғажайып әсемдік береді.
Тағы да беседка мен пергола жасауға болады.
Аллеялар. Егер үй маңындағы аумақ регулярлы стильде безендірілсе, аллея жақсы көрінетін болады, қалыптастырылған тік ағаштармен безендірілген, ағаштардыңнемесе бұталардың қатарлары жолдар мен соқпақ жолдардан алысырақ орналасады. Аллеяның анық және жинақы сызық бойы жолға ерекше шарм береді. Аллеяның негізгі көзі: түстер мен көлеңкелердің кезектесуі болып табылады.
Аллея – бір, екі немесе одан да көп қатарлы болады. Оларды құруда жапырақты, кейе қылқанды түрлерді қолданады.
Қолданылған түрлерге байланысты аллея көлеңкелі, жартылай көлеңкелі және күн көзі жақсы түсетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет