Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет7/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
ландшафт дизайн

Итальяндық стиль – регулярлы стильдің варияциясы. Бұл үлкен вила немесе саябақ айналасы қырқылған жасыл қоршау. Регулярлық стильдегі геометриялық формамен, диогональ немесе тік жолдармен бөлінген. Композицияның центрінде тоғандар және фонтандар,соның маңайы гүлдермен көмкеіледі. Клумба және тоғандар формальді стильде шеңбер, сопақша, квадрат түрінде болады.
Патиода баспалдақпен үйге қарай көтеріңкі болады. Бұл терассада бақ жиһазы, гүлі бар вазондар, мүсіндер қойылады. Айта кетерлік жайт мүсіндер итальяндық стильінің бөлінбес отребуты. Фонтандар, гүлзарлар, аллеялардағы мүсіндер италян бағының әсер етушілері болып табылады. Ағаштар мен бұталарды италян бағында кубик немесе шар түрінде кеседі.

Алқағаштар классификациясы




Саябақтар мен бақтар – қаланы көгалдандырудағы ірі әрі маңызды зерзат. Бақтардың көлемі 6-10га болса, саябақтар 100- 150га дейін жетеді. Олар берілуіне қарай көп қызметті (мәдени және демалыс) және мамандандырылған (балалар,спорттық, серуен және т.б) болып бөлінеді. Ал, көлемі мен орналасу орнына қарай қалалық және аудандық болып бөлінеді.
Бақтар мен саябақтар қала аумағына кірмейтін табиғи өскен алқа ағаштардан немесе екпе ағаштардан жасалады. Бақтар мен саябақтарды жоспарлау кезінде ландшафты композиция элементтерін көбіне регулярлы бағытта жасайды. Бұл үшін жер бедері мен өсімдіктерін жоғары деңгейде есептейді.
Құрылыс, инженерлік және агротехникалық жұмыстар аумақта кезегімен жүргізіледі. Отырғызуға әр түрлі стандартты көшет материалдары пайдаланылады. Ағаш шоғыры мен тоғай құруға – тікпелер, ағаш тобын құруға – орташа көлемді ағаштар, ал жекелеп (солитер) отырғызуға – ірі көшеттер пайдаланылады.
Шағын саябақтар - маңызды көгалдандыру зерзаты, көлемі 0,15-тен 2,5га дейін болады. Шағын саябақтар көбіне қалалық алаңдарда, көше қиылысында, тұрғын үйлер жанында, әкімшілік және қоғамдық кеңселер маңында орналасады. Бұл қаладағы табиғи ортасы өте қолайсыз (шуы өте жоғары, ауасы лас, газды және т.б) жерлерде орналасқан. Шағын саябақтардың жоспары олардың қызметіне байланысты болып келеді. Ол жерлерде партерлік учаскелер – көгал шөптер, гүлзарлар, ағаш және бұта топтары, демалыс алаңшалары, транзитті және серуен жолдары болады.
Шағын саябақтарға қала жағдайына төзімді көшет материалдары пайдаланылады. Жолдар мен алаңшалар әсем көркемделген болуы керек. Шағын саябақ құрылысы кезінде ағаштар мен бұталарды отырғызу, көгал шөп және гүлзар құру және ол жерде күтім жұмыстарын жүргізуде жоғары талаптар қойылады. Агротехникалық күтім жұмыстарын (жүйелі суару, органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу, жақсы өсуге арналған стимуляторлар пайдалану және т.б) жоғары деңгейде жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет