Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет4/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
ландшафт дизайн

Кеңістік (перспектива)- латын тілінен perspicio- анық көру- яғни қарап тұрған адам зат алыстаған сайын өзінің кейпін өзгерту Перспектива заңдылығын леонардо Винчи өзінің сызықтық
кеңістік теориясында көрсеткен.
Ауалық және сызықтық кеңістік деп бөледі.Егерде паралелель линиялар алыстаған сайын көкжиекте түйіссе, ал вертикаль линиялар көлемі жағынан кішірейгенімен бастапқы қалпында қалса оны сызықтық кеңістік(перспектива) деп атайды.Оны түсіндіру біздің жағдайда артқы жағындағы пландағыдан аса үлкен емес өсімдік алдыңғы жақта биік болып көрінуі.
Ауалық кеңістікбақылаушының алыстаған сайын түс қанықтығы бұлыңғырланып өзгеруін айтады., Басқаша айтқанда ауалық кеңістік бақылаушының әртүрлі бояу реңкін қабылдауда және оған қандай эмоциональдық әсер берінде. Кеңістік үш компоненттен тұрады: көру нүктесі, бақылау нысаны және аралық алаң.Осы компоненттер біртұтас болса, қалғаны өздігінен шешіледі.
Әдемі кеңістікр өте көп, оларды жасанды және табиғи жолмен келтіруге болады, тек оларды белгілі бір орыннан тамашалау нүктесін таба білсе болды.
Перспекива тылсым тыныштық пен қозғалыстан тұрады. Бірінші жағдайда белгілі бір нүктеден көрінсе, екіншісінде бақ немесе саябақ бұрыштарынан ішінде қозғалыс кезінде көруге болады.
Перспективалық жазықтықтың горизонтальды, вертикальды және жоғарғысы бар.Вертикальды участок қабырғалары, тік қатарлы ағаштар, қырқылған бұталар немесе қоршау қою. Горизонтальды бақ едені ол тегіс немесе террассалы, оның беті шөптесін, сулы, және төсеммен т.б. Жоғарғы жағы ол бақ үстіндегі аспан, өсіп тұрған ағаштар шымылдығы.
Ландшафтық дизайн өте кең кеңістікті оптикалы түрде кішірейтіп көрсету үшін өсімдіктерді кулистік жолменегу арқылы, ал биік тұмшаланған дуалдарды шырматылған өсімдіктер егу арқылы кеңейтіп көрсетуге болады.

Колористика


Түс және колорит дегеніміз эмоционалдық белгімізді білдіретін құрал. Адам түсті тек көзімен ғана көріп қоймай есту, иіс, дәмін сезу арқылы қабылдайды. Түс психикалық, сол сияқты физиологиялық әсер етеді. XIX ғасырда Гете өзінің бір трактатасында «түстер (реңдер) жанға әсер етеді, толқытады, ойды оятады, мұңайтады, қуантады» деп жазған. Барлық түстер (реңдер) жылылық (теплые тона), суық(холодные тона), тыныштандыратын (успокаивающие тона) болып бөлінеді. Жылылыққа – қызыл, сары, қызғылт сары (оранжевый); суыққа – көк, көгілдір, күлгін; тыныштандыратынға –жасыл, ашық жасыл түстер жатады.
Жылылық түстерді алдыңғы жаққа (планға) орналастырады. Суық түстерді түкпірлерге орналастырады. Көк, көгілдір түстер алыстаған сайын қоюлана түседі, ал жылы түстер анық көрінбейді. Үй маңындағы участокта кеңістік беру үшін, яғни алыстатып көрсетуге күңгірт жапырақты және көгілдір түстегі күміс жапырақты ағаштармен көк немесе көгілдір түстерді қолдану қажет. Суық түстер (тондар) беседкаларды, су жиярларды безендіргенге өте жақсы. Суық және жылы тон арасында жасыл түс бейтарап болып қалып қалады. Оны физикалық тепе – теңдік, яғни тыныштандырады, босаңсиды, адам үстінен жүк түскендей сезінеді деп санайды, Жасыл түс арқылы түстер (реңдер) спектрінде адам басқа түстерді ажырата біледі. Бұл түсті әмбебеп (универсальный) түс деп атайды. Жалпы колорит құрғанда тек өсімдік қана емес жер бедері, жолдар, жабындар, участоктағы орналасқан құрылыс нысандары, бақ жиһазы, қоршауларды ескеру міндетті. Түсті таңдағанда алабажақтан және хаостан аулақ болу керек. Түс (цвет) үйлесімділікке жеке қабылдауларға байланысты.
Адамдар ертеректен түстердің магиялық күші бар деп есептеген. Әр халықтың колористикалық символикасы болған. Қазіргі кезде «Гүлдер әліппесі» бойынша төмендегідей:

  • Сары түс – жылылықты, жарықты, қуанышты, жеңілдікті білдіреді. Сонымен қатар ашық сарылар қызғаныш,

алдамшы, өзімшілдік, көре алмаушылық. Бұл гүлдің символикасы өмір, қуаныш, байлық, неке;

  • Қызғылт сары (оранжевый) – жылылық, мереке, өмірге толы қуаныш, символикасы күн, жылылық, билік, өз – өзіне кір келтірмеу;

  • Қызыл – белсенді түс, басқа түспен баса алмайсыз, символикасы өмір, махаббат, мереке, сонымен қатар салмақтылықты және салиқалылықты білдіреді;

  • Көк түс – ауырлықты, қатаңдықты, суықтықты, күш – қуатты білдіреді. Ойдың қанықтығын, тазалықты білдіреді. Символикасы сағыныш, сенімдік пен адалдық;

  • Күлгін түс (фиолетовый) – салтанатты, аса керемет. Символикасы мақтаныш;

  • Жасыл – тыныштықты, бейбітшілікті білдіреді. Ашық жасылы қуанышты, күңгірт түсі суықтықты, ұстамдылықты білдіреді. Символикасы бейбітшілік, тыныштық, үміт, шұрайлы;

  • Ақ түс – бейтарап түс, барлық түспен үйлеседі, алапар түстермен сол түсті тірілтеді, көбейтеді. Символикасы тазалық, кіршіксіздік, ақылдылық, көргендік;

  • Қара – бейтарап түс, ақ түске контарст береді, көлемді кішірейтіп көрсетеді, оның фонында қызыл мен сары түс керемет көрінеді, символикасы қаралы, қайғылы, ресми, салтанатты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет