Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет47/54
Дата01.11.2023
өлшемі5.76 Mb.
#482079
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
ЛАНДШАФТ

Кіші сәулет пішіндері (КСП) – жаппалар, ротондалар, мүсіндер, сәкілер, құмыралар, құстарға арналған астаушалар, аркалар, перголдар, трельяждар т.с.с. қолданыс мақсатына қарай және міндетті түрде ашық жерлерге көрінетіндей етіп орналастырылады. Жаппалар мен ротондаларды және аркаларды өрімді раушан гүлімен және басқа да шырмауық гүлдермен, ал жаппаларды оған қосымша аршамен де сәндеуге болады.
Ағаш және бұта өсімдіктері кіші бақта топтастырылып, қатарлап немесе жалқы да, қырқылған немесе еркін өсетін жасыл желек түрінде де отырғызылады. Өсімдіктердің топтары құрамы, көлемі, сырт пішіні, маңыздылығы (дербес немесе қосымша), эмоциялық әсері, қарама-қарсылығы бойынша әртүрлі болып келеді. Шағын бақтарда 1-ші шамадағы өсімдіктерді отырғызбаған жөн.
Гүлмен сәндеу кіші бақтың ландшафтық дизайнында маңызды рөл атқарады. Гүлдер бақтың жақыннан жақсы көрінетін маңызды бөлшегі болып табылады. Гүл композицияларының негізгі фоны газон мен ағаш-бұта өсімдіктерінің топтары болып табылады, ондағы күрделі өрнектер немесе еркін отырғызылған гүлдер орасан зор әсер береді. Кіші бақта көбінесе біржылдық және көпжылдық гүлдерден құралатын гүлзарлар мен рабаткалар, көпжылдық өсімдіктерден құралатын аралас бордюрлар, рокарий және
монобақ түрінде арнайы жасалған бақ құрылғыларына салынған гүл топтары қолданылады.
Ені 1 м дейін келетін рабатка жолағы көбінесе гүлді өсімдіктердің (агератум, барқытгүл, сальвия (шыбынсалы), қызғалдақ, кілемгүл, раушан т.с.с.) бір не бірнеше түрінен құралады. Оларды жолдардың, саяжолдардың жиегіне отырғызған жөн.






2-сурет. Ландшафты гүлді композиция (көгалдағы көпжылдық гүлдер)




Аралас гүлді көмкерме қазіргі кезде әртүрлі стильдік шешімдер қолданылатын кіші бақтарда кеңінен қолданылады. Көмкерме саяжолдың, жолдың жиегінде қиғаштай орналасады және ондағы өсімдіктердің көлемдері әртүрлі болып келеді әрі өздігімен өсіп тұрғандай орналастырылады, биіктеулері көрер көзге қашықтау, ал аласалары –жақындау отырғызылады.
Көмкерменің ені 1,5-2 м, ал жасыл желекпен бірге қосқанда 5 м- ге дейін келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет