Апта
|
Тақырыптың аты
|
Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны
|
СӨЖ тапсырмалары
|
1
|
Айтыс өнері туралы жалпы түсінік. «Айтыс» терминінің этимологиясы. «Айтыс өнері», «Суырыпсалмалық» ұғымдары. Анықтамалар.
|
Шолу дәріс (1 сағ.), белсенді семинар (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Айтыс терминінің этимологиясы туралы пікірлер. Айтыс өнері туралы көзқарастар» тақырыбына ауызша талдау жүргізу.
|
2
|
Қазақ айтыс өнерінің зерттелуі. Айтыстардың жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Көне дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі мәліметтер. М.Жолдасбеков, Б.Әбілқасымов, М.Жармұхаммедұлы, С.Негимов, Л.Әбдіхалықова, Б.Имашев т.б. айтыс өнері туралы қазіргі зерттеулер.
|
Проблемалық дәріс (1 сағ.), белсенді семинар (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«ХХ ғасырдың басы және кеңес дәуіріндегі айтыс өнерінің зерттелуі. Ш.Уәлиханов, М.Көпеев, А.Байтұрсынов М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Б.Адамбаев, К.Сейдеханов, Е.Ысмайылов, ЗАхметов т.б. айтыс өнері туралы оқулықтар, оқу құралдары» тақырыбына ауызша талдау жүргізу.
|
3
|
Айтыс өнері және оның тарихи даму жолдары. Тұрмыс-салт жырларындағы айтыс өнері және оның жасалу жолдары. Жаңа дәуірдегі айтыс өнері.
|
Проблемалық дәріс (1 сағ.), семинар (1 сағ.), СӨЖ (4сағ.)
|
«Айтыстың көне түрлері. Айтыс - әлеуметтік күрес құралы. Жаңа дәуірдегі айтыс өнері» тақырыбына ауызша талдау жүргізу.
|
4
|
Айтыс өнерінің тектері мен түрлері. Суырыпсалмалықтың ерекшеліктері. Айтыс өнерінің ерте кездегі классификациясы. Қазіргі классификация.
|
Проблемалық дәріс (1 сағ.), белсенді семинар (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Айтыс өнерінің жанрлық жүйесі. Айтыс өнерінің ерте кездегі классификациясы» тақырыбына ауызша талдау жүргізу.
|
5
|
Айтыс өнерінің мазмұны мен пішіні. Айтыс өнерінің мазмұны мен пәні. Айтыстың ақпараттық негіздері.
|
Проблемалық дәріс (1 сағ.), белсенді семинар (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Ертедегі айтыстардың көркемдігі. Ақпараттық құрылымның айтыс өнеріндегі орны мен маңызы» ауызша талдау жүргізу.
|
6
|
Айтыс өнерінің психологиясы. Айтыс мәдениеті. Айтыс өнері – қарым-қатынас құралы. Айтыс өнеріндегі көрнекілік.
|
Шолу дәріс (1 сағ.), практикалық сабақ (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Қазіргі айтыс мәдениеті. Айтыс өнеріндегі көрнекілік» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу.
|
7
|
Айтыс өнеріндегі әдіс пен стиль. Әдіс. Ақындық стиль. Айтыс өнеріндегі эмоция мен сезім. Дарындылық және шабыт.
|
Дәріс (1 сағ.), практикалық сабақ (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Қазіргі айтыстың көркемдік ерекшеліктері Айтыс өнеріндегі эмоция мен сезім. Дарындылық және шабыт» тақырыбында жазбаша жұмыс.
|
8
|
Айтыс өнеріндегі сөз бен іс-әрекет. Тапқыр, ұтқыр өлең – айтыстың басты құралы және оның өмір сүруінің негізгі пішіні.
|
Проблемалық дәріс (1 сағ.), белсенді семинар (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Біржан – Сара айтысы. Көркем өлең – тіл мәдениетінің талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу.
|
9
|
Басқа мемлекеттердегі ақындар айтысы
|
Проблемалық дәріс (1 сағ.), белсенді семинар (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Қытай қазақтарының ақындар айтысы. Ақынға қойылатын талаптар» тақырыбында пікірсайыс жүргізу.
|
10
|
Қазақ айтыс өнерінің байырғы тарихы. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы айтыскер ақындар.
|
Дәріс (1 сағ.), практикалық сабақ (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Айтыс өнеріндегі ақындық мектептер. Ақындық мектептің қалыптасуы» тақырыбында ауызша талдау
|
11
|
ХХ ғасырдың басындағы айтыс өнерінің дамуы мен қалыптасуы. Жамбыл, Доскей, Нартай, Шашубай, Болман, Кенен шығармашылығы.
|
Дәріс (1 сағ.), практикалық сабақ (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы айтыскер ақындар. ХХ ғасырдың басындағы айтыстар»» тақырыбы бойынша жазбаша талдау жүргізу.
|
12
|
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі айтыстар. Көшен Елеуов, І.Манкин, Ғ.Игенсартов, Н.Баймұратов, Н.Ахметбеков, Ө.Кәрібаев, Т.Көбдіков, Қ.Жапсарбаев, О.Шипин, С.Әлімбетов т.б. халық ақындары шығармашылығы.
|
Дәріс (1 сағ.), белсенді семинар (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы айтыс өнері. Көшен Елеуов, І.Манкин, Ғ.Игенсартов, т.б. халық ақындарының шығармашылығы» тақырыбында ауызша талдау жүргізу.
|
13
|
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы айтыстар. 80-жылдардағы алғашқы теле айтыстар. Айтыстың бұқаралық сипат алуы.
|
Дәріс (1 сағ.), практикалық сабақ (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Кеңес заманындағы айтыс өнері. Айтыстың бұқаралық сипат алуы» тақырыбында ауызша талдау жүргізу.
|
14
|
Айтыс тілінің көркемдік ерекшеліктері.
|
Дәріс (1 сағ.), практикалық сабақ (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Қазіргі айтыстағы айтыскерлердің сөз саптау ерекшеліктері» тақырыбында пікірсайыс өткізу.
|
15
|
Қазіргі кезеңдегі айтыс өнері, жариялануы, зерттелуі. Жекпе-жек айтыстар. Айтыстың электрондық ақпарат құралдары дамыған замандағы қоғамдық қызметі.
|
Проблемалық дәріс (1 сағ.), белсенді семинар (1 сағ.), СӨЖ (4 сағ.)
|
«Қазіргі айтыстардың қоғамдық мәні. Айтыс өнерінің электрондық ақпарат құралдары дамыған замандағы қоғамдық қызметі» тақырыбы бойынша жазбаша талдау жүргізу.
|