Тұжырымдар
1. Айтыс халықтың ғасырдан-ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұрасы.
2. Ақын қай заманда да халық еркесі. Халықтың ақынды жақсы көруінің негізгі себептері: ақын халықтың көкейінде тұрған бірақ өзі айта алмай алмайтын сөздерін әспеттеп жеткізеді. Ақын қоғамдағы келеңсіз жайттарды келістіре сынап қана қоймай, алдағы келешектің жарқын күндеріне өз халқын жетелеп отырады.
3. Көп жайда айтыстың іріленген нақты тақырыбы бола бермейді. Оның мазмұны ұсақ құбылыстарға құрылып, феодализм, капитализм қайшылығын, саяси тәртіпті сынайды. Кейбір үлгілерінде мал соймаған момынды жер аудартқан болыс, би, сараң бай, молда, қожа, ұрылар мінезі әжуаланады. Айтыс бір ғана сөз жарысы, әйтеуір импровизация емес. Оны айтыстың мән-мағынасы, ондағы өмір суреттері, идеялық мазмұнына қарай бағалау шарт. Фольклордан үйрену – айтыстың өзінде де бар. Мысалы, жұмбақ ауыз әдебиетінде болған. Бірақ Мұса мен Манат, Бұдабай мен Қарлығаш айтыстары сияқты, кейінгі Сапарғали мен Нұржан айтыстары да жеке ақындардан қалған өрнек. Ақындар айтысының формасы өте көп болған. Фольклорға тән бір нәрсе – ондағы батырлар мен қыздар коллектив санасын білдіреді. Осы сарыннан айтыс та құр емес.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студент айтыс табиғатын, өзіндік белгілерін, айтыстың қалыптасу жолдарын білуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.
2. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. А., «Ғылым», 1976.
3. Ысмайылов Е. Ақындар. А., ҚМКӘБ, 1956.
4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1958.
5. Көкейкесті әдебиеттану. 3-кітап. Ас., «Күлтегін», 2003.
2-дәріс. ҚАЗАҚ АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Мақсаты: Қазақ айтысының зерттелуі, М.Әуезовтің айтысты зерттеудегі тұжырымдары, “Біржан мен Сара”, “Әсет пен Ырысжан”, “Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет” секілді классикалық туралы түсінік беру
Сұрақтар:
Айтыс өнерінің зерттелуі.
Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Ы.Алтынсариннің айтысқа қатысты тұжырымдары
М.Әуезовтің айтысты зерттеудегі тәлімі.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: характер, сюжет, тақырып, эпикалық, лиро-эпикалық жырлар.
Достарыңызбен бөлісу: |