Тұжырымдар
1. Айтыстың табиғатын тануда назар аударуды талап ететін түйіннің бірі жауаптасу тәсілі. Ақындар айтысында жауап қайырудың да үш түрлі жолы бар: бірі, тікелей жауап беру, екіншісі, жанама жауап беру; үшіншісі, тайсатпай жауап беру. Шарпыспа айтыстарда, сұрақ айтыстарда, жұмбақ айтыстарда, дін айтыстарында тікелей жауап беру көбірек қолданылады. Шалқып айтысқан сүре айтыстарда, әзіл айтыстарда, тайсатпай жауап пен жанама жауап беру көбірек ұшырайды.
2. Қазіргі айтыста сөзге тоқтамау, өлермендікпен келсін-келмесін жауап қайтарып, төпелей беру басым. Сөзден ұтылғанын мойындап, абыроймен жеңілудің өзі үлкен жеңіс екенін ұғынған жөн, әрине. Сонымен бірге, бір айтыста айтқан сөзін екінші бір дүбірлі додада айна-қатесіз қайталап отыру да ақынға абырой әкелмейді. Айтысқа тән ширыққан тартыс, қақтығыс екенін де естен шығармау керек. Жалпы алғанда, қазіргі айтыс көркемдік даму деңгейі жағынан жоғары қарқында екенін ерекше айтамыз.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студент айтыс өнеріндегі сөз бен іс-әрекет, Тапқыр, ұтқыр өлең – айтыстың басты құралы және оның өмір сүруінің негізгі пішіні туралы түсінік алып, Жамбылдың айтыстарын талдай білуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.
Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. А., «Ғылым», 1976.
Ысмайылов Е. Ақындар. А., ҚМКӘБ, 1956.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1958.
Көкейкесті әдебиеттану. 3-кітап. Ас., «Күлтегін», 2003.
9-дәріс. БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
(Қытайдағы ақындар айтысы)
Мақсаты: Қытай қазақтарының ақындар айтысы, ақындарға қойылатын талаптар, Қытай қазақтарынынң ақындар айтысы туралы зерттеушілердің пікірлерін талдап, саралау.
Сұрақтар:
Қытай қазақтарының айтыс өнері.
2.Айтыс өнеріндегі моральдық функция.
3. Ақындық өнердегі шындық және шыншылдық.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: сахна, театр, идеология, акт, айтыс саңлақтары, ән, терме.
Достарыңызбен бөлісу: |