«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет28/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Айтыс-УМК

Тұжырымдар
1. Қытай қазақтарының ақындар айтысы ұзақ тарихқа ие. Сол тарихтағы ел аузында сақталып бүгінге жеткен айтыстардан Бәтіш пен Рамазанның айтысы, Әсет пен Қызыр төренің айтысы, Отарбай мен Қалидың айтысы, Отарбай мен Ғайшаның айтысы, Отарбай мен Гүзжазираның айтысы, Мешел мен Тауданбектің айтысы, Асылқан мен Нұрипаның айтысы, Асылқан мен Танидың айтысы, Бәтіш пен Әсауидің айтысы, Таңжарық пен Қойдымның айтысы, Қаныбек пен Аппақтың айтысы, Мағауия мен Таһырдың айтысы, Аппақ пен Нөкербектің айтысы, Сұлубай мен Гүлсімнің айтысы, Рамазан мен Жамалдың айтысы, Арпабай мен Мәусипаның айтысы, Ақшынпу мен Тұрсынның айтысы, Қажет пен Зәмештің айтысы, Кәсімбай мен Гүлғайшаның айтысы қатарлы 100-ге жуық әйгілі айтыс ел аузында сақталған. Осы айтыстардың көбірегі негізінен Цин зиянның баспасөзінде жарияланды.
2. Ақындар айтысы жалаң сөз сайысы сияқты көрінгенмен оған ішкерлей үңілсек, онда бірінші әсем әуенді әншілік, екінші тамылжыта шертіп жақсы сүйемелдей алатын домбыра шерту өнері, үшінші әріптестің ұрымтал жерден ұстаған шұғыл шабуылына іркілмей жауап табатын ұтымды ойлылықты, төртінші осы логикалы жауапты жаңылмай өлең тілі мен жеткізетін орақ тіл шешендікті қажет ететін көп өнерді бір бойына жинаған ерекше өнер. Сондықтан ақындар айтысын ақындардың тіл шешендігімен бейнелеу шеберлігі және сөз саралау жағындағы ұтымдылығын зерттеген кезде, оларды музыкалық сүйемелдеу шеберлігін, ән әуенінің жағымдылық жақтарын да қоса зерттеуге тура келеді. Өнердің төрешісі және де халық. Зерттеушілеріміз ақындар айтыс барысында тапқан тамаша тың пікір, тың ойлармен басқа да тапқырлықтарын зерттегенде халықтың бағасында тыңдағаны, оларды маңызына терең үңілгені жөн деп қараймыз.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студент Қытай қазақтарының ақындар айтысын, жалпы ақынға қойылатын талаптар, өзге елдердегі айтыстарға қатысты әр жылдары жарық көрген сыни пікірлерді теориялық тұрғыда талдай білуі қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.
2. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. А., «Ғылым», 1976.
3. Ысмайылов Е. Ақындар. А., ҚМКӘБ, 1956.
4. Көкейкесті әдебиеттану. 3-кітап. Ас., «Күлтегін», 2003.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет