5- такырып. Әкімшілік-құкықтык режимдер
1.Әкімшілік-құкықтық режимдерінің түсінігі, түрлері.
2.Төтенше жағдайдың құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны.
3.Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
4.Соғыс жағдай режимі.
5.Мемлекеттік шекараны қорғау режимі, оның құқықтық негізгі құрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим.
1.Әкімшілік-қүкықтық режимдерінің түсінігі, түрлері. Құқықтық режим - заңдылық реттеуі мөлшерін, шектеулер мен жеңілдіктердің болуын, субъектілердің құқықтық дербестілік дәрежесін көрсетеді. Әрбір құқықтық режим шеңберінде құқықтық реттеудің барлық тәсілдері қолданылады (міндеттеу, рұқсат беру). Әкімшілік құқықтық режимдердің негіздерінде келесі принциптер жатады. Билік бөліну принципі. Әкімшілік құқықтық режимнің негіздерін заңшығарушы билік бекітеді, ал оның өмірде жүзеге асыруын атқарушы билік қамтамасыз етеді, дәл осы мақсат үшін , белгілі бір мемлекетттік - өкілеттілік билік мөлшері бар, атқару аппараты құрылады. Құқықтық режимдерді жүзеге асыру үшін , заң шығарушы билік, жалпы өкілеттілігіне ие мемлекеттік басқару органдарға заң шығарушылық функцияларды бекітеді. Әкімшілік өкілеттілік заңмен шектеледі. Заң реттеудің шегін белгілейді. Жалпы құқықтық режимдерге өзінің мазмұнына байланысты - ерекше құқықтық реттеуі түрін қажет ететін қоғамдық қатынастардың белгілі бір топ түрлерін реттейтін құқықтық салаларының режимдері жатады. Салалық құқықтық режим дегеніміз - осы саланың прициптеріне негіздеген - салалық құқықтық режимдері әдістерінің жиынтығын айтады. Туынды құқықтық режимдер - жалпы құқықтық режимдердің ерекшеленген (икемделген) түрі болып табылады. Жалпы құқықтық режимдерден олар ұйымдардың конституциялық мәртебелерінің өзгерілуімен, қосымша рұқсаттар немесе шегерулерді орналасуымен айрықшаланады. Туынды әкімшілік құқық режимдерды үлкен топқа бөлуге болады. Олар жәй және төтенше. Төтенше әкімшілік құқықтық режимдар - азаматтардың конституциялық құқықтар мен бостандықтарының, ұйымдардың шаруашылық әрекеттерінің шектелуі мен, төтенше өкілеттілігіне ие мемлекеттік органдардың құрылуымен, бұрын болған мемлекеттік органдарға ерекше өкілеттіліктерді берумен, азаматтарға және ұйымдарға қосымша міндеттерді жүктеуімен сипатталады. Заң төтенше режимдардың 3 түрін белгілейді: олар төтенше, әскери және ерекше жағдайлардың құқықтық режимі. Әкімшілік- құқықтық режимдардың негізін конституция және заңдар құрайды.
2.Төтенше жағдайдын құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны. Төтенше режимдер - бұл арнайы құқықтық режимнің тұрғындардың өмірлік әрекетін, шаруашылық әрекеттің жүзеге асуын және төтенше жағдай қайдан шықса, соған сәйкес территорияда билік органдарын функциялау. Оның мазмұны жағдайды реттеу үшін шаралар ұйымдастырылады. субъектілердің құқықтық мәртебесі осы территорияда, атқарушы билік орган жүйесі өзгереді. Төтенше жағдайдың құқықтық мәртебесі Конституция мен заңда көрсетілгендей 1993 жылғы 15 қазандағы «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі», сонымен қатар басқа да заңдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен, төтенше жағдай шарттарымен жеке басқару органдарының мәртебесі мен әрекетін реттейтін қаулы; жергілікті өкіл және атқарушы орган, ішкі істер органы және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Қорғаныс министрлігінің органы, ішкі әскер және т.б. заңдармен айқындалады. «Төтенше жағдай шартында құқықтық шектеу режимін жүзеге асырудағы ең негізгі жүкті басқару органының ұйымдық- әкімдік қызметі артады. Іс жүзіне асу процесінде белгілі бір құқық пен бостандық тәртібін реттеу, соның нәтижесінде көбісі азаматтық өзіндік әрекеттерді жүзеге асыра алмайды». Азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеу басқару органының өкілеттілігін өсіру арқылы жүзеге асырылады. Президенттің Жарлығы тұрғындарға бұқаралық құралдары арқылы күшіне енгеннен бастап алты сағаттан кем емес уакыт ішінде құлақтандырылады. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының барлық аумағында 3 күн мерзімде, ал кей бөліктерінде - 6 күнге дейін жетуі қажет. Жарлық Президенттің қаулысынан кейін өз күшіне енеді. ол Конститциялық құқық және азаматтардың бостандығын ескереді. Жұмыс барысында Парламент сессиясы 48 сағат ішінде IІрезиденттің қаулысынан кейін міндетті түрде жүзеге асады.
4.Соғыс жағдай режимі. Соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим болып табылады. Қазақстан Республикасының Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы Заңына сәйкес соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшiн жағдайлар жасау болып табылады. Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болып табылады. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен енгiзiледi. Соғыс жағдайы енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының Президентi, егер бұрын жарияланбаған болса, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығында: соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар; енгiзiлген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердiң тiзбесi; соғыс жағдайы енгiзiлетiн аумақтың шекаралары; соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшiн тартылатын күштер мен құралдар; соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уақыт белгiленедi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығының толық мәтiнi дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиiс.
5.Мемлекеттік шекараны корғау режимі, оның құқықтық негізгі кұрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы N 1873 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңiстiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы аумақтық суларына (теңiзге), сондай-ақ iшкi суларына кiру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында әртүрлi жұмыстарды, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызметтi жүргiзу тәртiбi болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.
№6 Дәріс: ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ.
Жоспар:
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі
3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні
4. Қылмыстық процесс сатылары
5. Қылмыстық процесс принциптері
1 сұрақ.. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері
Қоғамдық қатынас ішіндегі күрделісінің бірі жасалған қылмысты тергеу оны сотта қарап әділ шешумен байланысты қатынастар және ол қылмыпен күрестің маңызды бір бөлігі.
Біріншіден, Қылмыстық іс жүргізу құқығы (құқық саласы ретінде) қылмыстық іс жүргізу өндірісін, яғни қылмыстық істі қозғаудан бастап, оны алдын ала тергеу (тергеу мен анықтау), сотта қарап, талқылау және шешу, екінші саты сот деңгейлерінде қажет болғанда қайта қарап шешу тәртібін реттейтін арнайы құқық нормаларының жиынтығын айтады. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылым саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі институттары мен олардың проблемалық сұрақтарын зерттеуге бағытталған құқықтық идеялардың, тұжырымдардың, ғылыми ой-пікірлердің жиынтығы. ол заңнаманың өзін де зерттейді, оны жетілдіруге көмектеседі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы деген- қылмыстық заңмен тиым салынған іс әрекеттерді немесе қылмыстарды ашу тергеу сотта жан- жақты қарап әділ шешуге байланысты мемлекеттік арнаулы уәкілетті орган қызметін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығын зерттеу пәні бұл қылмыстық процес немесе қылмыстық іс жүргізу.
Жалпы құқықтың қайнар көздері деген- белгілі бір қоғамдық қатынасты реттеу кезінде қолданылатын заң актілері.
Олар құқық теориясында материялдық және формальдік деп бөлінеді.
Формальды қайнар көзі- ол қылмыстық іс жүргізу кодексі, ол конституцияға негізделген.
Жалпы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен қайнар көзінің ішіне Қазақстан қол қойған халық аралық келісім шарттар жоғарғы сотпен конституциялық кеңес нормаларының қаулысы және нормалары кіреді.
Ал конституцияға сәйкес аталған қаулылар ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі.
1. Қылмыстық іс жүргізу кодекс 13 желтоқсан 1997 ж қабылданып 1998 ж 1 қаңтарда күшіне енді.Бұл заң 2 бөлімнен тұрады. ҚР аумағында қылмыстық іс жүргізудің тәртібін анықтайды.
2. ҚР келісім шарттар- Минск, одан кейін Кишинев Конвенциясы немесе қылмыстық, азаматтық, отбасылық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенция.
(1993 ж қабылданған ТМД мемлекеттерінің арасында). Осы халықаралық шарт қылмыстық іс бойынша көмек көрсетуге арналған.
3.Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары: конституцияға сәйкес ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі. Бұл нормативті қаулылылар жоғарғы соттың жалпы республика бойынша сот тәжірибесін жинақтап талқылауына байланысты қабылданады.
Мысалы: Қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу жөнінде сот тәжірибесі туралы.
4. Конституциялық кеңестің нормативтік қаулылары.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі
Жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімінде қылмыстық іс жургізу занманасы және оның қолдану шектері.
б. Қылмыстық процесс принциптері
в. Қылмыстық процесс субъект
г. Қылмыстық процесс қудалау нысаны
д. Қылмыстық процесс дәлелдеме және дәлелдеу
е. Қылмыстық процесуалдық мәжбірлеу шаралары
ж. Қылмыстық процесс мерзімдері
з. Қылмыстық процестегі азаматтық талап
Қылмыстық іс жүргізу ерекше бөлімінде қылмыстық процесс жекелеген сатылары мен оның ерекшеліктері, сонымен қатар, жекелеген қылмыстық істі қараудың поцессуалдық ерекшеліктері анықталған.
3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні
Уголовный процесс это лакмусовая бумажка, которая показывает состояние правовой системы и демократии (Смирнов. Формы процесса. -Санкт-Петербург)
Қылмыстық процес- бұл арнайы мемлекеттік орган жүргізетін арнайы қызмет.
Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз- бұл арнаулы мемлекеттік органмен кейбір жекеленген субектілердің заңмен жекеленген субектілердің заңмен қатаң реттелген мемлекеттік қызмет.
Тарихи қылмыстық поцесстің әр түрлі нысандарын атауға болады және олардың өзіндік ерекшелігі бар, солардың ішінде заң әдебиеттерінде келесі түрлері көрсетілген:
1. Айыптаушы немесе инквизициялық процесс (орта ғасыр)
2. Жарыстылық процессі (состязательный процесс)
Бұл 17-18 ғасырларда пайда болған формасы жарыстылыққа тән сипаттар
1. Екі тарап (айыптау және қорғау)
2. Екі тараптың тең дәрежеде болуы
3. Бейтарап, арбитр болуы
4. Қылмыстық іс жургізу сатылары.
1. Қылмыстық істі қозғау (возбуждение УД)
2. Қылмыстық істі алдын ала тергеу (анықтау және алдын ала тергеу)
3. Қылмыстық істі алдын ала тыңдау,
4. Басты сот талқылауы
5. Апелляциялық сатыда қылмыстық істі қайта қарау
6. Сот шешімін орындау
7. Қадағалау сатысында қылмыстық істі қайта қарау
8. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық істі қайта қарау
5. Қылмыстық процесс принциптері.
Жалпы принцип дегеніміз белгілі бір қызметтің мән –маңызын, мазмұнын, оның негізгі жағдайлары мен қағидаларын анықтайтын, басшылыққа алатын негізгі идеялар.
Осыған байланысты қылмыстық ІЖК 9-бабында принциптердің мәні мен маңызы көрсетілген. Атап айтқанда,
ҚІЖҚ-де 10-31 баптарда қылмыстық іс жүргізудің 22 принципі айқындалған. олардың ішінде: зандылық; сот әдлеттігін тек соттың ғана жузеге асыруы; адам мен азаматтың құқықтарын соттың қорғауы, сот тәуелсіздігі, кінәсіздік презумпциясы және т.б.
Дәріс № 7. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ (ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ)
1. Қылмыстық қудалау ұғымы,негізгі шарттары.
2. Қылмыстық қудалау нысандары.
3. Қылмыстық қудалау мүкін болдырмау мән жайлар.
1.Қылмыстық қудалау маңызды процестік функцяларының бірі.Бұл арнайы уәкілетті мемлекеттік организацияларға жүктелген.Қылмыстық іс жүргізу кодекісінің 7-і бабына сәйкес қылмыстық ізге түсу дегеніміз-қылмыстық заңмен тыйым салынатын әрекетпен оны жасаған адамды сол адамның қылмыс жасауындағы анықтау мақсатында сондай-ақ осы адамға жаза немесе өзге де қылмыстық қатынастар ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Бұл арнаулы мемлекет огандар жүктелген пракурор тергеуші,анықтау органдары жане анықтаушы.
Осы анықтауға байланысты белгілі профессор М.Страковичтың айтуынша-«қылмыстық ізге түсу тек осы әрекетті жасаған адам белгілі болған кезде ғана басталады» деп аталады.
Ал біздің заңнамада қылмыстық ізке түсудің кеңірек түсініктемесі берілген.
Қылмыстық ізге түсуді тек айыптау органдары іске асыратынына қарамастан ол келесі талаптарға сәйкес болу керек:
1. Заңға сәйкестік .
2.Жәбірленушіге сотқа жүгінуге және өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік жасау.
3. Айыпталушының заңға сәйкес өз мүдделерін қорғау,құқықтық қамтамасыз ету.
4.Моральдық, адамгершілік нормаларының сақталуы, жалпы алғанда қылмыстық айыптау орган жұмыстарына кедергі жасау заңда көрсетілген жауапкершілікке әкеледі.
2.Заңға сәйкес қылмыстық қудалаудың 3 нысаны бар:
1.Жеке айыптау істері (105,111,123,129,130,145 (1-і бөлімі), т.б. баптары).
2.Жеке жария айыптау істері ( 103,104 (1-і бөлімі), 117 (1,2 бөлімдері), 120 (1-і бөлімі), 121 (1-і бөлімі), т.б. баптары).
3.Қалған 33,34-і баптарында көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау жариялы түрде іске асырылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 37-і бабына сәйкес келесі жағдайларда қылмыстық іс қозғалмайды,қозғалған іс тоқталуы тиіс:
1.Егер қылмыс оқиғасы болмаса.
2.Жасалған іс әрекетте қылмыс құрамы болмаса.
3.Амнистия (Рақымшылық актісі) қабылданған болса.
4.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты.
5.Жеке немесе жеке айыптау істері бойынша жәбірленушінің өтініші болмаса немесе олар айыптаудан бас тартса.
6.Егер тұлға қылмысты ақыл-есі дұрыс емес жағдайда жасаса.(Егер оған қатысты медициналық мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болмаса).
7.Қылмысты жасына толмаған адам жасаса.
8.Егер тұлға қылмыстық заңнаманың жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылса.
Осы жоғарыда көрсетілген мән-жайлар ақтаушы және ақтаушы емес болып бөлінеді.(Реабилитирующие).
№8 Дәріс ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС СУБЬЕКТІЛЕРІ
1. Қылмыстық процесс субъектілерінің ұғымы
2. Сот - әділсот органы ретінде
3. Қылмыстық қудалауды іске асыру органдары
4. Қылмыстық қудалауда қорғаншы тарап
5. Қылмыстық іс жүргізу қатысушысы өзгеде тұлғалар
6. Қылмыстық процесске қатысушылардың қамтамасыз ету мәселелері
1. ҚР конституциялық заңы «Сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25.12.2000ж.
2. «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР заңы 5.12. 1997 ж.
3. «Прокуратура туралы» ҚР заңы 09.08.2002 ж.
4.«Жедел іздестіру туралы» ҚР заңы өзгерістер мен толықтырулар 1994 ж.
5. «Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау» ҚР заңы 05.07.2000 ж.
6. «Алқабилер туралы» ҚР заңы 16.01.2006ж.
1. Жалпы қылмыстық процесс қатынастар туралы заңдағы әдебиеттер әртүрлі ақпарат бар, соның ішінде кейбір Ресейлік ғылымдар қылмыстық процесске қатынастар және қылмыстық процесс субектінің арасында айырмашылық бар деп есептейді.
Қазақтың процесуалисі Төлеубекова Б.Қ. «Бұл ұғымдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ», тең дәрежелі дефиниция деп есептейді.
Қылмыстық процеске қатынастар (субектілері) дегеніміз- құқықтың мәртебелі қылмыстық іс жүргізу және басқадай заң актілерін реттелген белгілі бір процесуалдық құқықтары мен міндеттері бар тұлғалары.
2. Сот және сот органы ретінде жалпы сот билігі мемлекеттің бір тармағы сондықтан оған үлкен міндет жөнделіп мәртебелері конституциялық заңмен реттелген.
Тек қана соттың құзіреті ретінде:
1. Тұлғаны қылмыс жасаған үшін кінәлі деп тану.
2. Тұлғаға қылмыстық жаза және медициналық мәжбүрлеу шараларын тағайындау.
3. Тек сотта ғана төменгі соттың шешімдерін өзгертуге құқылы.
Сот қызметкеріне байланысты конституция және қылмыстық іс жүргізу заңда бірнеше принциптер көрсетілген (соттың тәуелсіздігі) әділ соттың іске асыруға байланысты маңызды кепілдігінің бірі.
Әділ сот дегеніміз бір жағынан қызмет (әділ сотты іске асыру) екінші жағынан сол қызметтің нәтижесі.
Әділсот ұғымы-ақиқат,шындық,әділдік сөзімен тығыз байланысты.
3. Прокуратура-сол тұлғалардың ішінде қамқоршы заңына сәйкес заңдылық сақталуын және дұрыс қолданылуын қадағалайтын мемлекеттік орган.
Қылмыстық іс бойынша прокурор мемлекеттік айыптауды жүзеге асырады,қылмыстық процесс барлық сатыларда және жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкестігін алдын-ала тіркеу және анықтау қызметін заңға сәйкестігін,сот шешімдерін заңға сәйкестігін қадағалайды.
Прокурордың өкілеттілігі:
1. Қылмыстық істі қозғау
2.Жекелеген тергеу амалдарына санкция беру
3.Тергеу әрекеттеріне кез келген уақытта қатыса алады.Қылмыстық істі кез-келген уақытта тексере алады,тергеу барысында келіп түскен шағымдарды қарастырады
4.Тергеушінің айыптау қорытындысын өзгерте алады
5. Қылмыстық істі уақытша тоқтатуға құқылы
Тергеуші:үш мемлекеттік тергеу органдары:
а. Ішкі істер органдары
б. Сыбайлас жемқорлықпен және экономилық қылмыспен күрес Агенттігі департаменті (қаржы полициясы)
в. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті (КНБ) органы
Анықтаушы:
Қылмыстық іс жүргзу кодексінің 65 бабына сәйкес: бірнеше мемлекеттік орган анықтау органы болып табылады (3 тергеу органдары, әділсот органы, қорғау қызметі, шетелдер елшілігінің қызметі, өрт қауіпсіздігі, кеден органы)
Анықтау 10 күнде аяқталуы керек немесе 1 ай мерзімге анықтау органы басшысының шешімімен ұзартылады.
Қорғаушы (Адвокат) қылмыстық іс бойынша сезікті айыпталушы өз мүдделерін өздері қөрғануына мүмкүн немесе кәсіби адвокатқа немесе өзінің туыстары қорғау мүмкүн.
Қорғаушының қылмыстық іске міндетті қатысу жағдайы:
1. Сезікті немесе айыпталушының қалауы бойынша
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істер бойынша
3 Қылмыстық Заңмен тиым салынған іс әрекетті, ақыл-емі дұрыс емес жағдайда
4. Қылмыстық іс бойынша бірнеше сезікті немесе айыпталушы болып олардың көрсетулеріне сәйкес
5. Қылмыстық іс бойынша іс жүргзуге жәбірленушінің немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысса
6. Айыпталушы немесе сотталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамау қолданылса
7. Айыпталушыға немесе сотталушыға жасалған қылмыс үшін жаза мөлшері 10 асатын немесе өлім жазасы қолданылатын қылмыс құрамы бойынша айып жазылса
8. Іске прокурор қатысса
5. Жалпы процес субектілерін жіктеуіне келетін болсақ олардың атқаратын процесс функциясына сәйкес
1. Әділсот бейтарап субьект
2. Қылмыстық қудалауды іске асыратын мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар (прокурор, анықтаушы, тергеуші)
3. Өздерінің немесе сеніп тапсырған мүдделерін қорғау тарабы, (сезікті, айыптаушы, қорғаушы (адвокат),азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер олардың өкілдері)
4. Ешқандай процесуалды мүдесі жоқ өзгеде тұлғалар, бірақ қылмыстық процесті жүргізуге ат салысады. (кәгер, куә, маман, сарапшы, аудармашы, сот приставы, сот мәжілісінің хатшысы)
Куә (свидетель) дегеніміз- қарастырылып отырған қылмыстық іс бойынша белгілі бір мән жайлар мәлім тұлға. ҚР қылмыстық заңға сәйкес куә өзіне мәлім деректерді толық айтуға міндетті, егер ол куәлік етуден бас тартса немесе айтқаны шындыққа сәйкес болмаса ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Заңға сәйкес келесі тұлғалар куәлік етуден босатылады (свидетельский иммунитет) :
-
Өзінің жасаған іс-әрекеттеріне куәлік етуге
-
Жақын туыстарына
-
Діни қызметкер-өзіне сеніп тапсырылған (тайна исповедий)
-
Қорғаушы (өз қызметі бойынша қорғауды іске қатысып жүрген тұлғаға қатысты куәлік етуден босатылады)
Қылмыстық іс жүргзу кәгерге жастық цензура (жасынабайланыстышек) қойылмаған. Талап:
1. ақыл есі дұрыстығымен
2. қоршаған ақпаратты дұрыс қабылдауы
Куә 14 жасқа толмаса міндетті түрде педагог қатысады (ата-анасы, заңды өкілдері) заңды өкілдері (қорғаушысы)
14-18 жас –педагок қатысады, жауап алушының ұйғарымына қарайды.
Қылмыстық жауапкершілік жасы куәнің – 16 жас.
Куәгер (понятой) дегеніміз – жасы 18 толған іске мүдделі емес және белгілі бір процесуалдық іс шаралардың жүргізілгендігін оның нәтижелерін куәлендіретін тұлға (өз еркімен)
Маман – бұл арнаулы білімі және біліктілігі бар қылмыстық процеске ат салысушы өз көмегін көрсететін тұлға, ол әр түрлі мамандық иесі болуы мүмкүн, іске қатысатын маман белгілі бір процессуалдық іс әрекеттерге қатысып процесуалдық құжаттарды дұрыс толтыруына көмектеседі.
Сарапшы – дегеніміз ол арнаулы ғылыми білімі бар сараптау мекемес орталығының қызметкері немесе лицензия негізінде сараптама қызметін көрсетуші тұлға. Сараптама туралы ҚР заңына сәйкес бұ міндетті түрде лицензиялауға жататын қызмет түрі.
Сарапшының құқықтарымен міндеттері:
1. Сараптама жүргізуге байланысты істің мән жайын ашу
2. Сараптама жүргізуге байланысты үлгілерді немесе дәлелдемелерді ...
3. Міндетті обьективті түрде сараптама жүргізу заңға сәйкес сараптама қортындысын беру
4. Белгілі болған ақпараттардың құпиялығын сақтау
Сараптама жүргізу арнайы қаулыға сәйкес тағайындалады.
6. Қылмыстық процесстің ерекшеліктеріне байланысты және қылмыстық істің мазмұнына қарай процесс мүшелеріне, оның өмірімен туыстарына қатер тууы мүмкін.
Сондықтан судья, тергеуші, жоғарыда көрсетілген субьектілердің барлығы қорғауға жатады.
«Қылмыстық процесске қатысушыларды қорғау» туралы ҚР заңына (05.07.2000ж) сәйкес 13 қауіпсіздік шарасы көрсетілген (конспектілеу).
№9. ДӘРІС ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕУ
1.Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы.
2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері
3. Дәлелдеу пәні.
4. Дәлелдеу қызметі және оның элементтері.
1. Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы. Қылмыстық процесте дәлелдеу мен дәлелдемелермен қызметінің алатын орны ерекше. Өйткені тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту негіздерін анықтау осы аталған институттармен тікелей байланысты. Яғни, адамның қылмыс жасағандығын, кінәлілігін дәлелдеумен байланысты. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі және ол келесі құбылыстар мен нормалар мен тығыз байланысты. Біріншіден, дәлелдемелердің ұғымы, түрлері және жіктелуі; Екіншіден, дәлелдеу субьектілері және олардың өкілеттіліктері; Үшіншіден, дәлелдеу қызметі және жекелеген элементтері; Төртіншіден, дәлелдеу әдіс-тәсілдері, тактикасы мен қолданылатын техникалық құралдар; Бесіншіден, дәлелдемелерді бағалау.
Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – дәлелдеу мен дәлелдемелер институттарына қатысты теориялық ілімдердің, тұжырымдамалардың, доктриналардың, көзқарастардың жиынтығы.
Дәлелдемелер құқығы - бұл дәлелдемелер мен дәлелдеу элементтеріне қатысты арнайы қылмыстық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы. Ескерту: ол тек 115-131 б ғана емес (15-16 тарау) басқада ҚІЖК нормалары.
Достарыңызбен бөлісу: |