1- такырып. Әкімшілік мәжбүрлеу


Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері



бет3/5
Дата14.06.2016
өлшемі374.5 Kb.
#135134
1   2   3   4   5

2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері. ҚІЖК 115-б. Дәлелдемелердің мынадай анықтамасы берілген – қылмыстық заңда көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын, оның кінәлілігін немесе кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін, маңызы бар өзгеде мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер.

Заңға сәйкес дәлелдемелердің келесі шектеулі түрлері бар:1) сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулері; 2) сарапшының қорытындысы; 3) аттай айғақтар; 4) іс жүргізу хаттамалары және өзгеде құжаттар.

Дәлелдемелердің жіктелуі. Дәлелдемелер теориясына сай дәлелдемелер әртүрлі негізге сай жіктеледі:1) дәлелдеу көздерімен байланысы бойынша. Жеке және заттай дәлелдемелер болып бөлінеді. Жеке дәлелдемелер – адамдардан алынады (куәнің, сезіктінің көрсетулері).

2) алғашқы және туынды дәлелдемелер. Алғашқы дәлелдемелер – бірінші көзден алынған дәлелдемелер. Туынды – яғни, бұл алғашқы дәлелмелерге керісінше, туынды емес, басқа көздерден алынған дәлелдемелер.

3) Дәлелдемелердің сипаты бойынша: ақтаушы және айыптаушы дәлелдемелер.

4) Тікелей және жанама дәлелдемелер. Қылмыс жасағанын нақты меңзейтін дәлелдемелер тікелей деп аталады, ал жанама дегеніміз – болғанын көрсетеді, бірақ ол қылмыс жасағаны немесе жасамағаны белгісіз.



3. Дәлелдеу пәні. Дәлелдеу пәні дегеніміз – қылмыстық іс бойынша анықталуы тиіс мән-жайлардың жиынтығы. ҚІЖК 17-б сәйкес оған келесі мән-жайлар жатады: 1) қылмыс оқиғасы және қылмыс құрамы (уақыты, орны, жағдайлар); 2) осы тыйым салған әрекетті кімнің жасағаны; 3) оның кінәлігі және кінәсінің нысандары; 4) қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлар; 5) қылмыстың зардаптары (жәбірленушіге өтеп беру үшін, қалпына келтіру); 6) келтірілген ияны мен мөлшері; 7) қылмыстық әрекеттерін жоққа шығаратын мән-жайлар (аса қажеттілік, орынды тәуекел); 8) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкелетін мән-жайлар; 9) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар.

Ал кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс бойынша ҚК 481-б. Көрсетілген мән-жайлар көрсетілу тиіс (нақты жаса, тәрбиелену жағдайы және өмір сүру жағдайлары, психо-физиологиялық және интеллектуалдық даму деңгейі, өз құрдастары мен ересектер ықпалы).



4. Дәлелдеу қызметі және оның элементтері.Дәлелдеу қызметі келесі элементтерден тұрады: 1) Дәлелдемелерді жинау. Өз ішінде ол дәлелдемелер табу, бекіту және алу.

2) дәлелдемелерді зерттеу (оларды талдау, басқа дәлелдемелермен салыстыру, алыну көздерін тексеру).

3) дәлелдемелерді бағалау.

10 Дәріс:ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ




  1. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері.

  2. Сезіктіні ұстау және оның негіздері

  3. Бұлтартпау шаралары

  4. Процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары

  5. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары мен адам құқықтарын қорғау мәселелері.

1. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері. ҚІЖ өзінің мазмұны бойынша, іс бойынша дәлелдемелерді жинау үшін әртүрлі процессуалдық іс-әрекеттерден тұрады. Олар қылмыстық істі алдын ала анықтау және тергеу, оны сотта қарап шешуді, талқылап қамтамасыз ететін іс-әрекеттер. Ол әрекеттің барлығы қылмыстық іс бойынша обьективті шындыққа жетуге негізделген. Ал қылмыстық процесте оған кедергі келтіретін субьектілерде бар (сезікті, айыпталуыш, сотталушы, азаматтардың жауаптары). Осылардың тарапынан кедергі болмау үшін ҚІЖ заңнамасында арнайы мәжбүрлеу шаралары көрсетілген. Сипаты бойынша олардың біразы адам бостандығын шектеумен байланысты болса, кейбіреулерінің мүліктік сипаты бар немесе қымет лауаымы мен байланысты. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

1-топ сезіктіні ұстау;

2-топ бұлтартпау шаралары;

3-топ процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары.



2. Сезіктіні ұстау және оның негіздері.Сезікі дегеніміз – бұл қылмыс жасады деп күмән келтірген оған қатысты қылмыстықіс қозғалған не ұстауды жүзеге асырғанға дейін немесе айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданған адам. Сезікті ұстауға байланысты негіздер ҚІЖ 132-б көрсетілген.

Сезікті ретінде ұсталғанда міндетті түрде хаттама толырылады. Онда тұлғаның ұстаудығының нақты уақыты, орны және ұстау жағдайлары көрсетіледі.Сонымен қатар онда жеке тінту нәтижелері жазылады. Сезікті ретінде ұстау 72 сағ. Көлемінде ғана ұстайды. Әрі қарай басқад а бұлтартпау шарасын қолданады немесе босатылады. Сезікті ретінде прокурорға 12 сағат ішінде жазбаша хабарланады.



3. Бұлтартпау шаралары. ҚІЖК бұлтатпау шарасының 7 түрі көрсетілген:

1) ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру. Маңызы сезіктіге түсіндіріледі.

2) Жеке кепіл. Кепіл болатын адамдар саны 2-ден кем болмау керек, жасы кәмілетке толған, әрі сенім білдіруге болатын тұлғалар. Өз міндеттемелерін дұрыс орындау үшін 100 айлықесеп көрсеткіші ретінде айыппұл салунуы мүмкін.

3) кәмілетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкіліне немесе тәрбиеленіп жатқан мекеменің әкімшілігіне тапсыру. Бұл арнайы кәмілетке толмағандарға қолданылады.

4) әскери адамды әскери командованияның қарауына беру.

5) Кепілпұл. Кепілпұл – заңда көрсетілген мөлшерде ақшалай немесе заттай түрде болуы мүмкін. Соңғы жағдайда құнын кепіл беруші өзі дәлелдеуі тиіс. Бұл кепілпұл мүлкі соттың депозитіне өткізіледі. Кепілпұлдың мөлшері:1) онша ауыр емес қылмыстар үшін 100 а.е.к

2) ауырлығы орташа абайсыда жасалған қылмыс үшін – 300 а.е.к

3) ауырлығы орташа қасақана жасалған қылмыс үшін – 500 а.е.к

4) ауыр қылмыстар үшін – 1000 а.е.к

5) аса ауыр қылмыстар үшін – кепілпұл қолданылмайды. Кепілпұлды қолдану үшін тергеушінің қаулысымен қоса міндетті түрде санкция қажет.

6) үйде қамау. Жас ерекшіліктеріне, денсаулығына, отбасына байланысты қолданылуы мүмкін.

7) қамау- заң саласында ең көп таралған мәжбүрлеу шарасы ретінде. 1) Ол шара ретінде (ә.қ.б. үшін); 2) процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде (қылмыстық процесте); 3) қамау – қылмыстық жаза ретінде. Қамауға алынғандар тергеу изоляторында қамалады. Қамауға алудың жалпы мерзімі 2 ай. Оған соттың санкциясы қажет. Тергеушінің негізделген қаулысы бойынша сот шешімімен 3,6,9 айға ұартылуы мүмкін.



4. Процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары. Өзгеде мәжбүрлеу шараларына:

- сотқа келуге міндеттеме қою;

- алып келу;

- қызметтен шектеу;

- мүлікке тыйым салу;

- ақшалай өндіріп алу.

Осы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда міндетті түрде қаулы шығарады. Қаулы 3 бөлімнен тұрады:


  • кіріспе бөлім;

  • сипаттама;

  • қарар бөлім


11-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығы: оның пәні, әдісі, жүйесі

1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы

2. Азаматтық іс жүргізу (процесс) сатылары

3. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі

4. Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары

5. Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен өзара байланысы



6. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі

1-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу ұғымы Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер: а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен белгіленген; б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалар сот мәжілісіне іс қарауына қатысу құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға; в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және заңға сәйкес болу керек. ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі: бұйрық бойынша іс жүргізу істері; талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше іс жүргізу істері. Азаматтық процестің сатылары бұл келесі мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.

2-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу (процесс) сатылары Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады: Іс қозғау сатысы. Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды: өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша; заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша. Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол бойынша сәйкесті ұйғарым шығарады. Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы. Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты – істі уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды: талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені шешеді; іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді. Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сотта іс қарау сатысы. Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады. Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс). Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ олар келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады. Сот актілерін орындау сатысы. Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолданылуымен орындалады (жалпы мезімі 2 ай). Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі). Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды: Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды; Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірініші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді; Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап-аразын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады; іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады; бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады. 7- Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады: іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар; заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы; заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері; сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.

3-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т.б.) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді. Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады. Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік. Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі (класс-я): реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалар. Азаматтық іс жүргізу құқық нормалар құрлымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялар түрлері.

4-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары – азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14 бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең ". Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т.б.) оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз. Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы – ҚР АІЖК-сі танылады. Азаматтық іс жүргізу заңның мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды (ҚР АІЖК 4-бабы 2-бөлігі). Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.

5-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар. Қосымша пәндермен ара байланысы.

6-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы – азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдер жинақтығы. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні: тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі; азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары; азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы; шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы сұрақтар қарастырады: құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқық қатынастары мен оның субъектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т.б. - жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларын зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру – ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.

12-тақырып. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері (қағидалары)

1. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігі

2. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мән-мағынасы

3. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің жүйесі



1-сұрақ. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігі Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны – азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу. Азаматтық істерді сотта қарап шешуіне көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешілуіне үлкен үлесін қосады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латін сөзінде (principium – негіз, бастапқы) екі негізгі мағына білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті – сендіру). Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның принциптерінде көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік ғалым-заңгер С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер – бұл құқықты тереңінен оның мазмұнын ашады. Принциптерде жалпы құқықтың, сондай-ақ оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристал-данады. Құқық принциптері нақты құқықтық нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтық нормаларына енгізілген»1. Құқық принциптері – бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар. Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі. Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуының және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді біле, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларын түсінетін болады. Солай, азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтық істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі ғалым-процессуалист Н.А. Чечина былай деп айтқан: «Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқық саланын субъектілер қызметтерінің сипатын және мазмұнын айқындайды»2. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқыққолдану тәжірибесінде байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматтық істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақытылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады. Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтық дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны толыға жаңара береді. Сондықтан дамып жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге атсалысады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулерімен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов және т.б. жатқызуға болады. Көптеген авторлардың ой-пікірі бойынша құқық принциптері – бұл белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық өмірдегі болмыстарға көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар. Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құқықтық, салалық және салааралық принциптермен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы бастапқы идеялар деп түсінеміз. Осылай азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз азаматтық іс жүргізудің демократиялық және қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекетпен қойылған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет