1. 2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың



бет4/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.77 Mb.
#21452
1   2   3   4   5
Қылмыспен күресте қылмыстық жауапкершілікті нығайту үшін қылмыстық құқықтық институттарды толық игеру қажет. Қылмыстық құқтықта қылмыскерге жасаған қылмысы үшін жаза тағайындаумен қатар қылмысты дұрыс бағалау басты мәселе болып табылады. Осы мақсатта жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың субъективтік және объективтік белгілерін ашсақ.

Қылмыс объектісі - бұл қылмыс құрамының міндетті элементі, "объектісіз" қылмыстар болмайды да. Қылмыстық құқық теориясында, қылмыс объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қарым қатынас, деген жалпылама ереже бар [55,120-12266.]. Бұл ұғымды жалпылама ережемен түсіндіру жеткіліксіз. Қоғамдық қатынас адамдар арасында рухани, тану қызметтері барысында пайда болады. Объектінің көмегімен қылмыстық емес әрекет-әрекетсіздікті қылмыстық әрекеттен, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады. Кез келген қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрсетілген әрекет-әрекетсіздік объектіге қол сүғады. Қылмыстық қолсұғудың нәтижесінде объектіге нақты немесе елеулі дәрежеде зиян-шығын келеді, не шығынның келу қаупі туындайды. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыс қолсұққан объектінің қай түріне әсер еткеніне де байланысты. Ол бір қылмыстың немесе біртектес қылмыстар тобының жекеленген белгілерін түсіндіру үшін қажет [56,2556.]. Іс-тәжірибеде объект нақты қылмыстық әрекет бағытталған қолсұғушылықты анықтаудың негізгі фундаменті болмақ.

Кеңес уақытында қылмыс объектісінің жүйесі нақты қалыптастырылып болды, деп есептелген. Сол кезде-ақ объектіні үш топқа бөлген: жалпы, топтық және тікелей. Қылмыстың жалпы объектісі деп қылмыстық жауаптылық көзделген барлық қоғамдық қарым қатынастардың жиынтығын айтқан. Ал, арнайы, не топтық объект - бұл белгілі бір салада кездесетін немесе қасиеттеріне қарай біртектес қоғамдық қарым қатынастың тобы немесе оның белгілі бөлігі.

Тікелей объектіні кейде нақты мүлік, мысалы, зат, ақша, жануарлар және т.б., деп түсінушілер де кездеседі. Бұл түсінік, әрине, қате. Егер жалпы және топтық объект қоғамдық қатынас болып табылса, "жалпы" және "жеке" категориялардың арқатынасы түсінігіне орай, тікелей объектінің те қоғамдық қатынас болуы шарт [57,27-3166.].

Бұл мәселе жөнінде профессор Қайыржанов Е.И.: "Қоғамдық қатынастар" деген жалпы категорияны "тікелей объектіге" қатысты айтқанда түсінбеушілік туындайды. Көптеген оқулықтарда "тікелей объект " деп жеке қылмыс бағытталған нақты қоғамдық қатынасты айтады. Бұны формальды түрде бір, не бірнеше қылмыс бағытталған, заңмен қорғалынатын нақты қоғамдық қатынас деп түсінетін жайлар бар, - дейді. Демек, "тікелей" объект дегеніміз нақты қоғамдық қатынас емес, қоғамдық қатынастың жиынтығы болған. Сонда топтық, не арнайы және "тікелей" объект ұғымдары арасында қандай айырмашылық бар? Мұндай сұрақ оқу құралдарында да, ғылыми еңбектерде де жауабын таппай келеді.

Бұл сұрақты шешу үшін профессор Қайыржанов Е.І. қылмыс объектісін топтауда қоғамдық қатынастың нақты бейнесі - мүддені қолдануды ұсынады. Мүддесіз қоғамдық қатынас та жоқ. Қоғамдық қатынас адамдардың арасындағы сан қырлы байланыстардың жиынтығын білдіреді. Бұл байланыстар кластың, әлеуметтік топтың мүдделерін білдіретін материалдық, рухани, эстетикалық, құқықтық және басқа да сипатқа ие. Жеке тұлға бұл қатынастардың жекеленген материалды субстраты болады. Мүддені иеленуші (субъект) ғана емес, оның объектісі - мүддесі бар субъектілерді байланыстыратын әлеуметтік игілік те болады.

Мүдде - қоғамдық қатынастың нақты бейнесі, ол құқықтық нысанда нақты көріне алады. Барлық қылмыстар қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық, мемлекет, жеке тұлғаның мүдделеріне шығын келтіреді. Арнайы, не топтық объект белгілі топтың мүддесі болады. Топтың мүддесі бір, қатысушылары ұқсас болуы шарт. Бұл ереже ҚР ҚК ерекше бөліміндегі ұқсас қылмыстар сынды жекеленген баптардың тобында көрініс табуы тиіс [58,736.]. Тікелей объект нақты әрекетпен кімнің, қандай мүддесі бұзылады, қайсысы маңыздырақ деген сұраққа жауап береді. Ол нақты объектінің жеке белгілерін сипаттайды.

Заң теориясында формальды түрде қылмыс объектісі ретінде құқық нормасын алады. Профессор Таганцев Н.С. былай дейді: "Егер де норма бұзылмаса, ол қандай болмасын шығын алып келгенімен қылмыс деп есептелінбейді. Сондықтан қылмыстың объектісі құқық нормасы болып табылады" [59,6526.].

Қылмыстық заң қоғам мүшелерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғайды. Оның міндеті: "Адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасынының конституциялық құрылымы мен аумақтың тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады".

Ал, Кудрявцев В.Н. қылмыс объектісін мына кешен құрайды дейді: "а) адамдар арасындағы нақты қоғамдық қатынас; ә) олардың құқықтық нысаны, не "қабы"; б) осы қоғамдық қатынастың материалдық нысаны, алғы шарты және пайда болу шарты. "Материалдық" құрамда объект зиянмен, кейде қолсұғушылықтың заты арқылы анықталады" [60,636.]. Бұл жағдайда Кудрявцев В. Н. логикалық жүйенің бұзылуына жол береді, тұжырымдарда ішкі қарама-қайшылықтар аңғарылады. Бір жағынан, ол объектіні - қоғамдық қатынас десе, екіншіден - объектіні "құқықтық нысан", үшіншіден, қоғамдық қатынасты алғы шарт, шарт, материалдық нысан ретінде қарайды [61,1516.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату -күрделі қылмыс. Бұл қылмыстың объектісі заң нормасына сәйкес, ақша және несие жүйесі болып табылады. Профессор Меньшагин В.Д.: "Жалған ақша бірліктері мен мемлекеттік бағалы қағаздардың объектісі ақша жүйесі болады" [62,122б.]-десе, ал қылмыстық құқық оқулығының авторлары (1950ж.) жалған ақшаны жасау, сатудың объектісі - ақша жүйесі, ал жалған бағалы қағазға қатысты - несие жүйесі, деп есептейді [63,24-2566.]. Соңғы пікірмен біз келісе аламыз. Кеңестік қылмыстық құқық оқулығының авторлары [64,356.], ақша жүйесін мемлекеттік қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде қарайды.

"Қаржы жүйесі","несие жүйесі" мен "ақша жүйесі" ұғымдары күрделі түсініктер, оларды тұтас бір ұғым деп түсінуге болмайды. "Қоғамның қаржысына барлық ақша қатынастары емес, тек мемлекеттің тікелей нұсқауымен ақша құралдарын мобилизациялайтын материалдық өндіріс саласындағы ұйымдардың шаруашылық қызметі процесінде қолданылатындары ғана кіреді" [65,24-2566.]. Мемлекеттегі ақша қаражатының қоры орталықтанған және орталықтанбаған қорлардан тұрады. Орталықтанған және орталықтанбаған қорларға келесі төлемдер жатады: бұл біріншіден, салық, алым, баж; екіншіден, несие (мемлекеттік және банктік); үшіншіден, сақтандыру; төртіншіден, ақшаны эмиссиялау. Қаржы жүйесі - бұл ақша құралдары мен экономикалық қатынастардың қалыптасуы мен пайдалануымен байланысты қорлардың жиынтығы. Оларға мемлекеттік бюджет, мемлекеттік әлеуметтік, сақтандыру, мемлекеттік-мүліктік және мүліктік емес сақтандыру, банктік және мемлекеттік несие мекемелер мен шаруашылық саладағы қаржылар кіреді [66,356.].

Несие жүйесі деп ссудалық капитал нарығына қызмет ететін, ақша капиталын аккумуляциялайтын және мобилизациялайтын несие-қаржы институттарының жиынтығын айтады. Ал, ақша жүйесін экономистер заң нормаларымен анықталған, елдің валютасының типін және елдегі ақша бірліктерінің арақатынасын білдіретін елдің ақша айналымы жүйесі деп түсінеді.

Жоғарыда келтірілген пікірлерден соң, біз ақша жүйесін қаржы-несие жүйесінің немесе қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болмайтындығына көз жеткіздік. Ақша жүйесі мен ақша айналымы елдің ақша-несие жүйесін қалыптасуына және функциялануына әсер етеді.

Қылмыс затын анықтаудың қылмысты саралауда орны зор. Қылмыс заты - қылмыстық әрекет әсер ететін мүлік. Қылмыстың заты дегеніміз қылмыскер объектіге қол сұққан кезде оның әсеріне ұшыраған сыртқы ортадағы материалдық зат. Қылмыс затын зерттеу қылмыстың объектісін шын мәнінде терең және дұрыс анықтап, нақтылау үшін және өзара ұқсас қылмыстардан ажырата алу үшін қажет. Қылмыстың заты жөнінде бірыңғай пікірлер жоқ. Объект пен қылмыстың заты арасындағы байланыс олардың әрқайсысының даралығын терістемейді, бірақ та ажырата алу да керек. Объект пен қылмыс заты ұғымдарын бөлу бір жағынан қылмыстың объектісі тұрғысынан қарағандықтан, ал екіншіден - қоғамдық қатынас ұғымының мазмұны жеткіліксіз дәрежеде анықталғандықтан туындайды. Қылмыс затын түсіндіруде екі түрлі бағыт қалыптасқан: бірі - кең мағынада, екіншісі - тар мағынада. Қылмыс затын кең мағынада түсінетін болсақ, тұлғалар арасында қоғамдық қатынас нақты құндылықтарға байланысты туындайды. Ол нақты әрекет нысанында кездесуі мүмкін. Қоғамдық қатынастың элементі субъект те бола алады. Зат пен мүлік категориялары сапалық және мүліктік қасиеттермен сипатталады. Мүлік, қасиет және қатынас бір-бірімен тығыз байланысты, олар бір-бірін толықтырады. Мұнан затсыз қылмыс жоқ, ол мүліктік, материалдық, материалдық емес нысанда кездеседі деген тұжырым туындайды [67,70-7166.]. Тар мағынада қылмыс заты тек материалдық нысанда кездеседі. Пионтковский А.А., қылмыс объектісін қоғамдық қатынас ретінде қарап, қылмыс затын қылмыс объектісінің құрамдас бөлігіне жатқызады [68,373-37466.]. Қоғамдық қатынас мүлікке қатысты да, байланыссыз да туындайды. Сондықтан да құрамында қылмыс заты кездесетін де, кездеспейтін де қылмыстар болады.

Трайнин А.Н.:"Қылмыс заты - қылмысқа қатысты қылмыс жасалынатын мүлік. Объект қылмыстан зиян шегеді, не оған қауіптің келуі мүмкін. Ал қылмыстың затына қауіп келмейді",-деп түсінеді. Мұндай пікірмен келісу, әрине қиындау, қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде қылмыстың заты да зақымданады. Коржанский Н.А.:"Мүлік қылмыстық қолсұғушылықтың объектісі бола алмайды, себебі қоғамдық қатынас адам мен мүліктің арасында емес, қатынас адам мен адам арасында мүлікке байланысты туындайды" [69,216.],- деген. Қоғамдық қарым-қатынас тірі тіршіліктің қозғалысы ұғымына тән нәрсе. Философтар қоғамдық қарым-қатынастың адамзат пен табиғат, не тірі организм мен өлі зат арасындағы байланыстарды дәлелдейді.

ҚР ҚК 206-бабына сәйкес, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың заты - ақша бірліктері мен бағалы қағаздар. Өткен тарауларда ақша-несие жүйесіне берілген сипаттамадан соң, ақшаның нақты және несие ақшалар болып бөленетінін білдік. Ақша бірлігі (нақты) қағаз ақша мен монетадан тұрады. Жалпылама ұғымдардан арылу мақсатында, ҚР ҚК 206-бабында "ақша" ұғымының орнына "ақша бірлігі" деген ұғымды қолданған орынды болар еді.

ҚР ҚК 206-бабына берілген түсініктемеде қылмыстың затына төмендегілер жатқызылады:

1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары (Ұлттық Банк кез-келген банкнотты шығара алады).

2 Қағаз ақша, алтын, күміс, не платинадан соғылған металл монеталары (олардың белгілі бір көлемі коллекция заты ретінде пайдаланады).

3 Бағалы қағаздар (мемлекеттік және мемлекеттік емес) коносомент, акция, облигация, заң актілерінде немесе олармен белгіленген тәртіппен шығарылған ҚР ұлттық валютасындағы басқа да бағалы қағаздар (ҚР АК 130-бабында).

4 Шетел валютасы - қазыналық билет, банкнот, монета түріндегі шетел мемлекетінде немесе мемлекеттер топтастығында заңды құралы болып табылатын ақша бірліктері.

5 Шетел валюталары айналым қабілеттілігіне байланысты еркін айналатын (свободно конвентируемый), жартылай айналатын және айналымға түспейтіндер болып бөлінеді. Еркін айналымдағы валюталарға мына шетел валюталары жатады [70,40-5366.]:Австралиялық доллар, Австрия шиллингі, Ағылшын фунт стерлингі, Бельгия франкі, Голландия гүлдені, Дат кронгі, евро, Испан песеті, Ирланд фунті, Итальян лирі, Канада доллары, Ливан фунті, Кувейт доллары, Люксембург франкі, неміс маркасы, Норвегия кронгі, Португалия эскудосы, Сингопурлық доллар, АҚШ доллары, француз франкі, Швед кронгі, Швецария франкі, жапон йенасы, Финляндия маркасы. Валютаның басқа түріне ТМД мемлекеттерінің валюталары, тізімге енбегендер кіреді.

6 Шетел валютасындағы бағалы қағаздар - төлем құралдары (чек, вексель және т.б.), қор құндылықтары (акция, облигация) және басқа да шетел валютасындағы қарыз міндеттемелер.

Шетел валютасы мен шетел бағалы қағазын жалған ақша мен бағалы қағазын жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстың затына енгізу туралы 1929ж. Халықаралық Конвенцияда келісілген [71,786.]. Әр елдің бағалы қағаз туралы түрлі түсінігі мемлекеттің ішкі және халықаралық актілері арасында қайшылықтар туғызады. Шетел төлем құжаты, не бағалы қағаз шетел валютасында, ұлттық төлем құжат, не бағалы қағаз ұлттық валютада көрсетіледі.

Кейбір мемлекеттер үшін бағалы қағаз болып табылатын құжат біздің мемлекетте бағалы қағаз емес (Мысалы, вексель, чек), яғни бағалы қағаз жөнінде бірыңғай түсінік жоқ. (Бұл мәселе өткен тарауларда қарастырылған болатын). Сондықтан бағалы қағаздарды ұлттық валютадағы не, шетел валютасындағы бағалы қағаздар деп даралағаннан, қылмыстық құқықта шетелде эмиссиялаған және ҚР аумағында эмиссиялаған бағалы қағаздар деп бөлген тиімді болар еді.

Ағыбаева Л.А. өзінің ғылыми жұмысында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың затына ақша бірліктері мен мемлекеттік бағалы қағазды кіргізеді [6,106.]. Жалған мемлекеттік емес бағалы қағазды жасау, сақтау, не сатудың нәтижесінде тек меншік құқығына қол сұғатын болғандықтан қылмысты алаяқтықпен саралауды ұсынады.

Қаржы нарығы - несие ресурстары мен фиктивті сала. Несие қатынасында бағалы қағаздың мемлекеттік те, мемлекеттік емес те түрлері қатысады. Қаржы өндірісінде бағалы қағаздарға тек мәміленің объектісі, сондай-ақ бір рет, не тұрақты кіріс көзі бола алатын ақшалай құжаттар жатады. Мемлекеттік емес, не шетел бағалы қағаздарын жалған бағалы қағаздар жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстың затына жатқызбағанда, қылмыс елдің несие жүйесіне әсер етпейді ме деген сауал туады. Өткен тарауларда несие жүйесіне қаржы нарығындағы қызмет ететін несие-қаржы инситуттары жататындығын айтып кеткенбіз.

Несие-қаржы институттарының звеноларын орталық банк (мемлекеттік және жартылай мемлекеттік банктер) банктік секторлар, сақтандыру секторлары, банктік емес несие қаржы институттары құрайды. Олар да бағалы қағазды шығару, не тарату қызметімен айналысады. Несие-қаржы институттарының бағалы қағазға қатысты қызметін тек мемлекеттік бағалы қағаздармен шектеу несие жүйесіндегі қызметті толық қамти алмайды. Жалған мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалынатын қылмыстар несие жүйесіне қаншалықты зиян болса, мемлекеттік емес, шетелдік бағалы қағаздар да елдің несие жүйесіне соншалықты қатерлі.

Гаухман Л.Р. мен Максимов С.В. жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, не сату жөніндегі қылмыстың затына ЭЕМ-нің жадында сақталған құжатсыз бағалы қағазды жатқызады. Бұл ҚР ҚК 206-бабының мазмұнына жанаспайды. Онда қылмыстың заты материалдық сипатқа ие (шынайы ақшаға ұқсастығы) делінген. Ал, ЭЕМ жадында сақталған бағалы қағаз құжатсыз, сондықтан да бұл пікірімен келісе алмаймыз [72,746.].

Абдо Салех Абдулла әл-Дамаридің еңбегінде Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 176-бабының (жалған ақша мен бағалы қағаз, акциздік марканы жасау, сату) қылмыс затына банктік билет, металл монета, акциздік марка, ұлттық валютадағы бағалы қағаз, шетел валютасы, не шетел валютасындағы бағалы қағаздар жатқызады. Бұл қылмыс экономикалық қылмыстар қатарында зерттелінеді. Қылмыстың затына акциздік марканы жатқызғанда, келесі моменттер ескерілмейді: акциздік марка құнды қағаз емес, ол бағалы қағаз сында мүліктік құқықтарды куәландырмайды және ақша бірлігіндей құнды емес, акциз - қосымша салықтың түрі.

Айналымнан алынып тасталған, алмастырылмайтын ескі чеканка (банкнот, монета, валюталар, шетел валютасы да) жалған ақшаны жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстың затына жатқызылмайды. Ұтыс лотореялары, транспорт билеттері ҚР ҚК 206-бабының заты емес. Мысалы, Ресейде 60-70жж. жалған лотерея билеттерін жасаған және сатқан тұлғаларды жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы ретінде қылмыстық қудалаған [73,106.]. Мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар лотереялық билетін иемденуде төленген, несие міндеттемесіне алмайды, яғни сатып алушыға омлет құнының сомасын қайтаруға кепіл бермейді. Лоторея билеті -бағалы қағаз емес, иемденушінің белгілі материалдық құндылықтарға, ұйымдастырылған ұтысқа қатыса алуына құқық береді. Мұндай билеттерді қолдан жасау, сату алаяқтық деп сараланады. Григорьева А.В. жұмысында, нөмірі, сериясы түзетілген мемлекеттік облигацияны жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстың затына жатқызбайды. Мұны ол түзетілген облигацияның көмегімен ұтысты алғанда ақша-несие жүйесіне қолсұғылмайды, онда алаяқтық бар деп түсіндіреді [74,1586.].

Құжат сериясын, нөмірін ішінара түзетудегі мақсат құжатты болашақта сату емес, ұтысты иелену үшін түзету болып табылады. Тұлға ұтысы бар бағалы қағаздың нөмірін, сериясын түзетеді. Ұтысқа қойылатын қаражат несие қатынасынан жұмсалады, демек облигацияның сериясы мен нөміріі ұтыс нөмірі мен сериясына сәйкестендіру оны заем өтеушіге ұсыну әрекеттері ақша-несие жүйесіне қарсы бағытталады. Ұтысты иелену мүмкіндігі - мүліктік құқық болып табылады. Сондықтан да нөмірі мен сериясы түзетілген облигацияны ұтысқа ұсынуды қылмыс құрамының басқа элементтері сәйкес келген жағдайда жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберу деп атауға болады.

Қылмыс құрамының келесі элементі - қылмыстық объективтік жағы. Қылмыстың объективтік жағы - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын объектілерге қолсұғатын, заңмен көрсетілген қоғамға қауіпті әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығы. Қылмыстық құқық оқулықтарында қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілерге мыналар жатады:

- қоғамға қауіпті әрекет пен әрекетсіздік;

- қоғамға қауіпті зардап;

- әрекет, әрекетсіздік пен зардап арасындағы себепті байланыс;

- уақыт, орын, жағдай, әдісі, құралы.

Кудрявцев В.Н.:"Кез-келген қылмыстың объективті жағы сырттай қарағанда субъектінің қылмыстық әрекетімен басталып, қылмыстық нәтиже берумен аяқталынатын, оқиғалар мен құбылыстардың кезектілігінен тұратын, заңмен қорғалынатын мүддемен байланысты қоғамға қауіпті заңсыз қолсұғушылық процес болып табылады", дейді [75,50-6066.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстардың объективтік жағының негізгі элементінің бірі - жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау және айналымға жіберу әрекеттері.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау. Жалған құжатты жасау туралы мәліметтерді (міндетті реквизиттер туралы) пайдаланып, қажетті құралдарымен жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар құрастырылады, даярланады, яғни құжаттар заңсыз жолмен эмиссияланады. ҚР қылмыстық заңы бойынша "құжатты бұрмалау" (подлог) және "қолдан жасау" подделка ұғымдарының ерекшелігі бар. "Қолдан жасау" (подлог) - жасалынған ақшаның шынайы ақшамен ұқсастығының болуы ғана қылмыс болып табылады. "Қолдан жасау" (подделка) қасақана тек арнайы құралдың көмегімен жоғары сапада шынайыға ұқсайтын ақша бірлігін даярлау болып табылады. Қылмыстық құқықта "құжатты бұрмалаудың" екі түрі бар: материалды және құжаттың мазмұнын бұрмалау. Құжаттың мазмұнын бұрмалағаны үшін тек лауазымды тұлғалар ғана жауапкершілікке тартылады. Мұнда құжаттың сыртқы белгілері (реквизиттері) сақталынады да, құжаттың мазмұнындағы ақиқат бұрмаланады. Құжаттың мазмұнын бұрмалауды анықтау үшін криминалистік сараптама тағайындамайды. Материалды құжатты бұрмалағанда шынайы құжаттың мазмұны өзгертіледі. Құжаттың жалған екендігін анықтау үшін криминалистік сараптаманың қорытындысының болуы шарт.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау. Қылмыскер жалған құжатты болашақта айналымға жіберуді көздеп, белгілі жағдайда орында оны ұстай тұрады, иемденеді. Бұл әрекет жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау мен сату әрекеттерімен салыстырғанда белсенді емес.

Қылмыскер өзі жасаған, не даярлаушыдан, не сатушыдан алған, не басқа тұлғадан өз қолына келіп түскен құжатты сәті түскен уақытта айналымға жіберу мақсатымен белгілі орында ұстап отырады, не басқа тұлғаға береді. Сақтаушы құжаттың жалған ақша мен бағалы қағаз екендігін білуі тиіс.

Жалган ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сату (айналымға жіберу). Жалған құжатты сату сатысында қылмыскер жалған ақша мен бағалы қағазды шынайы (түпнұсқа орнына) ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың орнына басқа тұлғаға тапсырады, сыйға тартады, қарызға береді, алмастырады, қарызға береді, кепілге қояды, еңбек ақысына береді және тағы да басқалар. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сату - активті қылмыстық әрекет. Қылмыстық құқықта сату дегеніміз құжаттты айналымға ақылы, не ақысыз нысанда беру болып табылады.

Буклерова А.А. жалған құжатты сатуды заңсыз жолмен басқаға беру деп түсінеді [76,926.]. Ожегов С.И.-дің орыс түсіндірме сөздігінде [77,6076.], сату (сбыт) - дайын өнімді сату, ал продажа (сату) - басқа тұлғаға ақыға беру [77,5276.]; айналымға жіберу алмасу процесінде, пайдалануда бөлу дегенді білдіреді. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде [78,616.], "Сату"- 1. Затты өз құнына тұратын ақшаға беру, саудалау, 2. Ауыстыру, Айырбастау; "айырбастау" - а) бір заттың орнына басқа екінші затты алмастыру. ә) сату -өзгерту, ауыстыру деген мағынаны береді.

Солопанов Ю.В. өз еңбегінде "сату" ұғымының орнына жалған ақша мен бағалы қағазды "айналымға жіберу" ұғымын қолданады [5,55-5766.]. Поленов Г.Ф. жалған құжатты пайдаланудың сату ұғымынан ерекшелігі сол, сатуда жалған құжат ақыға беріледі деп, жалған ақша мен бағалы қағазды келесі тұлғаға тегін беруді сату ұғымына кіргізбейді [79,416.].

"Сату" ұғымы әдетте, тұтынушыға кез келген нәрсені ақыға беру деген мағынаны береді. Қылмыстық құқықта жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың бір тұлғадан екінші тұлғаға ақылы, ақысыз нысанда көшеді, яғни "сату" ұғымы орнына "айналымға жіберу" ұғымын қолданған жөн деп есептейміз.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жойылу негіздері төмендегідей болуы мүмкін:

- ақша реформасының жүруі (жаңа ақша түрінің енуі);

- жалған ақша мен бағалы қағаздың әрі қарай айналымда жүруге жарамауы, тозуы;

- қолдануға жарамай құжаттың зақымдануы;

- құқық қорғау органымен, басқа тұлғалармен, не қылмыскермен жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жойылуы.

Іс-тәжірибеден мысал келтірсек, ОҚО Шымкент қалалық сотында ҚР ҚК 206-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қаралған (1999ж. 20. 05). Абданбекова А. атты азаматша "жоғары" базарда орналасқан шайханада аспазшы болып істеп жүріп, жұмыс орнында бұрын танымайтын тергеу жолымен анықталмаған, екі қазақ кісіге тамақ берген соң, олардан арзан бағамен келісім бойынша 200$ АҚШ долларын қабылдап, тамақ ақысын алып қалып, қалған соманы қайтарады. Азаматша Абданбекова шетел валютасын сатып алған соң, зиян орнын толтырып алу мақсатында өзінде сақтайды. Ақша сұрап келген ұлына ақшаның жалған екенін айтпай, өзінің қылмыстық әрекеттерін іске асыру үшін 200$ АҚШ долларын беріп, "өзіңе керек ақшаны алып қалып, қалған ақшаны айырбастап, өзіме қайтарып бер" деп, беріп жібереді. Ұлы Абданбеков Б. жалған ақшаны сатып, құқық қорғау органы қызметшілерімен ұсталады.

Сот процесінде Абданбеков Б-ның ақшаның жалған екендігін білмегені анықталып, анасы Абданбекова жалған ақшаны сату мақсатында сақтағаны және айналымға жібергені үшін ҚР ҚК 206-бабымен бас бостандығынан шартты түрде айрылады.

2000 жылы Шымкент қалалық сотында Алмұратова С.Т., Мамытова Д.Ш., Шуренов К.М. ҚР ҚК 206-бабымен айыпталған қылмыстық ісі қаралады. Іс бойынша Алмуратов С. туысы Мамытов Д.- да жалған акция долларының бар екенін біліп, сатуға келіседі. Алмуратов С. танысы Шуренов К.-мен базарға өткізбек болады. Мамытовтың жұбайы базарда тұз сату кезінде жалған 100 долларға алданған. Шуренов К. пен Алмуратовты Аюков А. күтіп тұрады да, Аюков А. ақшаны алып дәріханаға дәрі сатып алуға кіреді. Дәріханадан шығар есікте қылмыскер ОҚО ІІБ 9-Бас Басқармасының қызметшісімен ұсталынады. Аюков А. даярланып жатқан қылмыс туралы алдын ала құқық қорғау органына ескерткен болады.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу сынды қоғамға қауіпті әрекеттер жекеленген жағдайда бөлек кездессе де жеке қылмысты құрайды. Бұл әрекеттер бір тұлғаның бойынан табылып, бір қылмыстық оқиғаны құрайтын болса, бұл әрекеттердің жиынтығы бір қылмыс құрамын береді. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаушы мен сақтаушы бір тұлғаның бойында кездессе, онда жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау мен сақтау моменттерін бөлек айырудың қажеті жоқ. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау мен айналымға жіберуде сондай. Мұндай әрекеттер жаза тағайындауда ескеріледі.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың бір тұлғадан екінші тұлғаға көшу мүмкіндігінің варианттары төмендегідей:

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаушы құжаттың жалған екендігін басқа білмейтін тұлғаға шын ақша мен бағалы қағаз ретінде береді;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаған тұлға құжаттың жалған екендігін білетін тұлғаға береді;

- ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жалған екенін білмей, бір тұлғадан алып келесі білмейтін тұлғаға береді;

- ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жалған екенін біліп алып, білмейтін тұлғаға шын құжат ретінде ұсынады;

- ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жалған екендігін білмей алып, жалған екендігін білетін тұлғаға береді.

Жалған ақша бірліктерін, бағалы қағаздарды алғашында түпнұсқа деп қабылдап, кейін шығынсыз арылуды көздеп, келесі тұлғаға жалған құжатты ұсынуды Солопанов Ю.В. "жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың әрі қарай берілуі" (дальнейшая передача фалыпивых денег) деген атау бере отырып, тұлғаны "кездейсоқ сатушы",- дейді [5,326.]. Мұндай әрекетті Максимов С.В. мен Гаухман Л.Р. жалған ақша мен бағалы қағазды сату деп саралайды [72,826.].

Қылмыс құралын қылмыс заты ұғымынан ажырата алу керек. Қылмыс заты - қылмыстық әрекет әсер еткен мүлік болса, қылмыстың құралы - бұл субъектінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыруына көмекші себепші болатын мүлік, не олардың комплексі. Түсіндірме сөздікте "құрал" ұғымы екі мағынаны береді: 1) құрал - мақсатқа жетудің жолы, 2) құрал-жабдық - қызметті жүзеге асыруда қолданылатын зат [78,55-5766.]. Филологияда "құрал" термині кең және тар мағынада пайдаланады. Көпшілік криминологтар бұл ұғымды қылмыс жасау үшін қолданылатын мүлік (құжат, механизм, сондай-ақ қандай-ақ қандай да материалдық дүние) деп түсінеді.

Қылмыс нормасына түсініктеме бергенде аталған қылмыстың құралын әр жағдайға қатысты нақтылап көрсеткен жөн. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауда қылмыстың құралы техникалық құрал, көшірме құрал, қағаз, қайшы және тағы басқалар болса, сақтау кезінде қылмыс құралы - қалта, кітап, қойма, т.б., жалған ақша мен бағалы қағазды айналымға жіберудің құралы, сол жалған ақша мен бағалы қағаздың өзі болады. Мұнан, ҚР ҚК 206-бабының қылмыс құралы қылмыстық әрекет түрлеріне қарай әркелкі болатынын байқаймыз.

Қылмыстың әдісі - қылмыстың объективті жағын сипаттайтын белгі. Қылмысты жасаудың әдісі мен құралы бір-бірінен бөлек, бірақ тығыз байланысты ұғымдар. Қылмыстың әдісі деп қылмысты жасау кезінде сүйенетін жоспарланған әрекеттердің бағдарламасын (әдісін) айтады [80,416.]. Қылмыстық құқық нормасы диспозициясында қылмыстық әрекетті жасаудың әдісі туралы сөз қозғалмайды. Әдіс түрлі қылмыстық істерде анықтауға тиісті мән-жайлар болып табылады.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың толық және ішінара әдістері болады. Толық даярлау әдістері төмендегідей болып келеді: суретін салу, фотобейнесін түсіру, көшірмесін алу (электрографиялық), полиграфиялық және басқа да әдістер.

Полиграфиялық әдіс. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды баспа нысанында (матриц, клиш және т.б.) даярлайды және тираждайды. Құжат өндірісте және қолдан да жасалынуы мүмкін.

Электрографиялық әдісте жалған құжат арнайы көшірме-көбейткіш құралдарының көмегімен жасалынады.

Фотосуретке түсіру әдісі. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды осы әдіспен даярлағанда қылмыскер жалған ақша мен бағалы қағаздың екі бетін де суретке түсіріп алады. Даярлау барысында түрлі химикаттар қолданылады. Суреттің бет жағын бөліп алып, оны ақша мен бағалы қағаздың форматындай жұқа бархатты қағазға желімдейді.

Көшірме әдісінде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың бейнесін сулап, жұқа таза қағазға тікелей, не клише арқылы бояуын жұқтырады, яғни ақша мен бағалы қағаздың бейнесін түсіреді.

Суретін салу әдісі екі түрлі болады: құжаттағы суреттің ұсақ детальдарына дейін салу, кейбір негізгі белгілерін ұқсатып салу. Мұндай әдістерді көп жағдайда суретшілер қолданады.

Кейде суретшілер шынайы ақша мен бағалы қағазды екіге бөліп, суретсіз қалған қағаз бетін престеп, үстінен сурет салады, алайда жалған ақшаның беті жүқарады. Ұқыптап қараған адамға суретін салу әдісімен даярланған жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың азды кемшіліктері байқалынады.

Ақша бірлігінің номиналды құнын көтеру үшін жаңа элементтерді желімдеу, реактивпен жеке элементтерін жойып, тазалап, тиісті бөлігін толықтырады, қағазды бөлшектеп кесіп, түрлі құндағы купюрді жинақтаудың түрі де қолданылады. Қылмыскер мұнда шынайы ақша бірлігін бөлшектейді немесе ортасынан бөледі де, қолдан жасап алған бөлігіне желімдейді. Шынайы ақша бірлігін жартысына келесі қолдан жасалған бөлігінің сәйкестендіріп желімдеуі деңгейіне қарай бұл әрекет сараланады.

Жинақтау әдісімен құрылған жалған құжат соңына дейін жасалынбауы да мүмкін. Егер де шынайы ақша бірлігінің бір бетінде ақша бейнесі көрсетілмесе, онда ол айналымда жүру мүмкіндігінен айырылады. Бірақ ондай жалған ақшалардың айналымда кездесуі де мүмкін.

Металл монетаны негізінен қалыпқа құю, мөртаңбалау, және гальванды әдіспен даярлайды. Метал монетаның қалпын жасау үшін медициналық гипс, цемент қолданылады, кейде металдың өзінен де даярлайды. Даяр болған қалыпқа балқыған металл құйылады, оны суытып, қалыптан шығарған соң, үстінен түзетулер енгізеді.

Мөртаңбалауда метал кейіндегі мықты металдың алдыңғы және кері беттері матрицамен даярланады.

Гальванды әдіс бойынша жалған монета металды электронды токтың көмегімен түзету арқылы даярланады. Металл бетіне жұқа пленка жабыстырылады.

Жалған құжатты ішінара түзеуге де болады. Құжатты ішінара түзеуде құжаттың жекеленген белгілері түзетіледі. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар екі түрлі сапада даярланады: шынайыға сырттай өте ұқсас, өрескел даярланған.

Ақша бірліктері мен бағалы қағаздар белгілі көлемде, сапада, тиісті материалмен, бояумен, ал металл ақша стандартқа сай салмақта даярланды. Қағаз ақшаның әрбіріне жеке нөмір, серия тағайындалады. Ақша және бағалы қағаздағы белгілер құнына қарай әркелкі. Ақша - құжат, алтынның белгісі, айналым құралы функциясында оның өлшемін білдіреді. Құжатта міндетті реквизиттері көрсетіледі. Басқа реквизиттер ақша бірлігінің қосымша белгілерін құрайды. Бұл белгілер қорғанудың құралы болып табылады.

Интерполдың ҚР Ұлттық Бюросына жіберілетін жалған ақшаны айналымда табылуы фактісін есепке алу жөніндегі 88-1/Ғ құжат түрінде мынадай ескерту бар: ақ-қара түсті, фотосурет, порнография банкноттары, тауарға жарнама банкноттар, жоқ мемлекеттің банкноттары Интерполмен қабылданбайды, тек клише, не түрлі-түсті фотокөшірме аппаратпен даярланған жалған банкнотар қабылдануға жатады [81,3046.]. Бұл да соңғы айтылған пікірге дәлел.

Іс-тәжірибеде жұмысшылардың еңбек ақысының орнына ақша бейнесі көрсетілген закладты берген жағдайлар кездескен. Құқық қорғау органы бұл әрекетті ҚР ҚК 206-бабы және 177-бабымен саралаған. Келтірілген мысалдан, ақша орнына ұсынылған закладты жалған ақша деп атауға болады ма, "жалған ақша" ұғымы шынайы ақшадан басқа кез келген ұсынылатын зат дегенді білдіреді ме, орыс тіліндегі "поддельные деньги" және "жалған ақша" ұғымдарының арақатынасы қандай еді деген сауалдар туындайды.

Заклад қандай жағдайда да жалған ақшаны сату жөніндегі қылмыс үшін даярланбайды. Заклад арнайы функцияны атқарады, ол қағаз, кітап беттерін бөліп тұратын құрал. Ақша бейнесі бар закладта шынайы ақшаға тән міндетті белгілер тіптен сақталынбайды. Заклад пен ақшаны тек суреттері ғана байланыстырады. Закладта бұл құжаттың ақша еместігі де жазылған. Заклад бейнесін күрделендірсек, ақша бейнесін алуы мүмкін. Закладты ақша орнына ұсыну - алаяқтық, алдау.

"Поддельные деньги" ұғымының аудармасы өтірік ақша деген мағынаны бермейді, ол ақшаның бейнесін заңға қол сұға отырып, жасауды білдіреді. Сондықтан да "жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар" ұғымдарына нақты түсінік берген жөн. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар ұғымына мына белгілер тән:

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар құжат нысанында болуы;

- айналымда кездесетін, не айналымнан шығып кеткенімен алмастыруға жататын ақша, не бағалы қағаз болуы;

- сараптама қорытындысымен анықталуы;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды арнайы уәкілетті органдардан басқа тұлғалардың шығаруы;

- айналымда белгілі уақыт аралығында жүре алу мүмкіндігі болуы;

- міндетті реквизиттерді мүмкіндігінше сақтауға тырысуы;

- түпнұсқа орнына берілетін жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаз ақша мен бағалы қағаз функциясын атқаруы. Басқа функцияны жүзеге асыру мақсатында жасалынбауы. Мысалы, заклад.

Сонымен, қылмыстық жолмен жасалған, сақталған, не айналымға жіберілген мүлік тек жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаз ұғымына жататын зат бола алады, сондай-ақ жалған ақша мен бағалы қағаздың даярлану деңгейіне қарай қылмыстық әрекет сараланады.

Жоғарыда біз жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдістері жөнінде сөз қозғадық.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберудің де өзіндік жолдары бар. Олар: ұйымдасқан қылмыстық топ эмиссарларының халықаралық байланысты қолдану; ұсақ кәсіпкерлердің елдегі тауарды сыртқа шығарып, олармен есептесу кезінде жалған ақша алу; турист, шетелге іс-сапарда жүргенде жалған ақшаны иемденіп қалғандар; сыртқы экономикалық бөлімше басшылары көрінеу жалған мәміле жасап, пара ретінде жалған ақша алу; Отанымызда шетел азаматтарының тұрмыстық мәміле жасау барысында жалған ақшаны айналымға жіберуі; қылмыстық ұйымдардың өзара есептесуі; белгісіз тұлғадан жалған ақша мен бағалы қағазды алу; делдалдардан, жеке кәсіпкерлерден, жалған ақша жасаушылардан жалған ақшаны алу; тауар сатып жүрген алаяқтардан жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды алу, т.б.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдісі мен оны айналымға жіберудің жолдары қылмысты саралауда ескерілмейді, бірақ жаза тағайындауда әсер етеді. Ол жалған құжаттың шынайыға ұқсастықтығын, қылмыс орнын анықтауда, қылмысқа қатысушылық туралы тұжырым жасағанда қолданылады. Сондай-ақ жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаушының арнайы шеберханасының, яғни қылмыс орнының болуы, жаза тағайындауда ескеріледі.

Қылмыскер жалған ақшаны жәбірленушіге ұсынған соң, қай уақытта құжаттың жалған екендігін білгені жөніндегі факт қылмысқа баға беруде басты белгі емес.

Қылмыстың объективтік жағының бір элементі - зардап. Қылмыстың нәтижесі кінәлінің әрекеті, әрекетсіздігінің әсерінен болатын қылмыс құрамының объективтік белгісіне кіретін, қылмыстық заң қарастырылған қоршаған ортадағы өзгерістер болып табылады. Бұл нәтижелер заңмен қорғалынатын объектіге тікелей, не жанама зиян келтіреді, не шығынның келу қаупін төндіреді. Кузнецова Н.Ф.:"Барлық қылмыстар құқықтық тәртіпті орнату барысында құқықтық шығын әкеледі, құқықтық мемлекет жүйесінің дұрыс функциялануына кедергі келтіреді",-дейді [82,2376.].

Заң шығарушылық пен нормативтік практикада қылмысты нәтижесі үш бағытта көрінеді:

- нәтиже нақты көретіледі (материалдық);

- нәтиже нақты баяндалмаса да, әрекет-әрекетсіздіктің қауіптілігі жөнінде айтады;

- "ауыр, не аса ауыр зардап" немесе "ірі, не елеулі мөлшерде" шығын әкеледі. Екі бағыт та құқық нормасының диспозициясында көрініс табады.

Жалған шетел валютасын жасау, сақтау, айналымға жіберудің нәтижесінде кімге зиян келеді, қылмыс болған елге ме, әлде шетел мемлекетінің ақша-несие жүйесіне ме, деген сұрақ орынды туындайды. Себебі өткен тарауларда айтып кеткеніміздей, шетел мемлекетінің ақша бірлігі ұлттық ақша айналымынан валюталық айналым жүйесіне енеді. Ал, валюта дегеніміз сол елдің ақша бірлігі, шетел мемлекетінің ақша бірлігі, сондай-ақ халықаралық есеп айырысу құралы. Сондықтан да жалған шетел валютасын жасаған, сақтаған, не айналымға жіберген соң қылмыс болған елдің де, шетел мемлекетінің де ақша жүйесіне нұқсан келуі мүмкін.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуде жәбірленушіге материалдық, моральдық шығынның, несие-ақша жүйесінің ережелерінің бұзылуы нәтижесінде нақты залалдың болуы шарт емес. Қоғамға қауіпті әрекеттен келген шығын мөлшері қылмыстық жаза тағайындауда ескеріледі. Ірі мөлшерде (10000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) зиянның келуі саралаушы белгі ретінде ауырлататтын мән-жайға жатқызылады. Қылмысты саралауда қоғамға қауіпті әрекеттің жасалынуының өзі жеткілікті.

Қылмыстың міндетті элементтерінің бірі - қылмыс субъектісі. Субъектіні мына белгілер сипаттайды: жеке тұлға, тұлғаның есінің дұрыстығы, қылмыстық жауаптылық жасқа толуы. Қылмыс субъектісін негізгі және қосымша белгілер сипаттайды. Қосымша белгілердің жиынтығы жөнінде бірыңғай көзқарас жоқ. Орынбаев Р.О. арнайы субъектіні сипаттайтын белгілерді төмендегідей топтайды [83,57-6566.]:

- құқықтық жағдайын сипаттайтын белгі (шетел азаматы, ҚР азаматы);

- мамандығы мен қызметін сипаттайтын белгілер;

- жәбірленуші мен кінәлінің байланысын сипаттайтын белгілер (ата-анасы, қамқоршысы, баласы);

- физикалық жағдайын сипаттайтын белгілер (ер, әйел, жасөспірім). Фролов Э.Ф. Галиакпаров Р.Р. арнайы субъектіні сипаттайтын белгілерге рецидивистікті де жатқызады [84,926.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстардың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке тұлға болуы тиіс. Тұлғаның дәл осы қылмысы үшін бұрын соттылығының бар болуын белгі ретінде танимыз. ҚР ҚК 206-бабының субъектісі мынадай нысанда кездесуі мүмкін:

- жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды жасаушы;

- жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды сақтаушы;

- жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды жасаушы, әрі сақтаушы;

- жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды айналымға жіберуші;

- жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды сақтаушы, әрі айналымға жіберуші;

- жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды жасаушы, әрі айналымға жіберуші;

- қылмысқа қатысушылар.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективті жағын сипаттайтын негізгі белгіге кінә, ал факультативті белгіге ниет пен мақсат жатады. Қылмыстың субъективтік жағы - қылмыстың ішкі белгісі. Кейбір ғалымдар қылмыстың субъективті жағына эмоцияны да жатқызады. Утевский Б.С. сезімді (эмоция) кінәнің элементі деп қарастырған. Ғалым бұл пікірді психологиялық ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болған. Адам психикасын, адам санасын, сезімі мен еркінен бөлек алып қарауға болмайды, сотталушының кінәсінің дәрежесін анықтағанда қылмысқа итермелеген сезім туралы сөз қозғамауға болмайды деп тұжырымдайды [85,576.]. Қылмыстық құқық (МГУ 1993) оқулығының авторлары да осы пікірді ұстайды. Эмоция -бұл ниетпен байланысты, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, қылмысқа дайындық және оны жасау процесінде кездесетін сезім. 1948 жылы Исаев М.М. эмоциялық кінәнің құрамындағы психологиялық процесс элементі болатындығын алғаш рет терістеген.

Кінә - бұл қасақаналық, абайсыздық нысанында кездесетін, қылмыскердің өзінің жасаған әрекеттеріне психикалық қатынасы. Макашвили В.Г. кейініректе кінә ұғымын бұл момент толық сипаттамайды, -деп, оның мазмұнына қоғамға қауіпті, заңға қайшы әрекетке қоғамның сөге отырып беретін бағасын жатқызады. Адамның психикалық жағдайы тұлғаны тәжірибелік қызметтерге бағыттайды және объективті әрекеттерді, ниет, мақсаты, сезімімен байланыстырушы және ерік (ықтиярлық) пен интеллектуалдық кезеңдерді қамтиды. Ол әр уақытта әлеуметтік жағдайларға толы. Дагель П.С. пен Котов Д.П. кінә ұғымына нақты сипаттама беру үшін келесі категорияларға жүгінеді [86,656.]: кінәнің мазмұны, кінәнің мәнісі, кінәнің нысаны, кінәнің дәрежесі.

Кінәнің мазмұны дегеніміз қылмыстың белгілерін бейнелеген, сондай-ақ кінәнің сол белгілерге психикалық көзқарасын анықтайтын психикалық элемент. Кінә мазмұны - бұл нақты қылмыстың қасақаналық пен абайсыздықтың мазмұны.

Кінәнің мәнісі - субъектінің психикалық ерекшелігі, қылмысқа көзқарасы - оның қоғамға қауіптілігі.

Кінә нысаны - бұл мазмұнның ішкі құрылымы, белгілердің арақатынасы. Кінә нысанын анықтауда екі психиологиялық элемент қолданылады: интелектуалдық, ықтиярлық.

Кінәнің дәрежесі - кінәнің салыстырмалы түрде ауырлылығын сипаттайтын сандық сипаттама. Дәрежені мына мән-жайлар сипаттайды:

- кінәлінің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;

- қылмыстардың себептері мен жол беретін жағдайлар;

- ниет пен мақсат;

- әрекеттің қоғамға қауіптілігі.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттері кінәнің тікелей қасақаналық нысанында жасалынады. Тікелей қасақаналықта субъект әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынады, зардабын алдын ала біледі, соған саналы түрде жол береді. Зардаптың қоғамға қауіптілігін алдын ала білу дегеніміз саналы түрде әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғыну болып табылады. Қылмыс жасаған субъектінің зардаптың не екендігін, оның мөлшерін алдын ала білуі мүмкін бе?,-деген сауалды Котов Д.П. пен Дагель П.С. қоя отырып, алдын ала зардапты білу мүмкін емес, тек оның белгілі дәрежеде ауырлығын ғана білу мүмкін, деп жауап береді.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуде субъект өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін нақты сезеді, тілейді. Белгілі жағдайда тұлға өзі сатып тұрған ақша мен бағалы қағаздың жалған екендігін біледі де, онан заңсыз кіріс түсіруді көздейді. Зардапты сипаттайтын белгілер ниет пен мақсатта нақтылана түседі.

Мақсат - тұлғаның қалауы, ұмтылысы. Заңға сәйкес, жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтауда субъектінің оны айналымға жіберу мақсаты болуы керек. Қылмыскердің жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны мен сақтағаны туралы факті анықталысымен тұлғаның жалған ақша бірлігін айналымға жіберу туралы ойының тікелей болғандығын куәландыратын басқа да мән-жайларды анықтамай тұрып, қылмыс жасады деп тұжырым жасауға болмайды. Жалған құжатты сақтау барысында айналымға жіберу мақсатының болғандығын жалған ақша бірліктерін буып-түюінен, қаптап жинақтауынан, инкассаторлық сөмкеге салуынан, тасымалдауынан және басқа да әрекеттерінен байқаймыз. Іс-тәжірбиеде тұлғаның жалған ақшаны айналымға жіберу мақсатының болғандығын дәлелдеу өте қиын.

Ниет - бұл тұлғаның қоғамға қауіпті әрекетті жасау жөнінде ой туғызатын, іштей оятатын, итермелейтін күш. Қылмыскердің жалған ақша бірліктерін жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттерінде пайдакүнемдік, кек алу, қарсыласының беделін түсіру, күнін көру үшін елді экономикалық күйрету, қарсыласын материалдық қиындыққа ұшыратуы сынды ниеттері болуы мүмкін. Іс-тәжірибеде көпшілік жағдайда қылмыс пайдакүнемдік ниетпен жасалынады.

Қылмысты саралауда қылмыстың сатыларына тоқталудың орны зор. Қасақаналықпен жасалған әрекеттер келесі сатылардан тұрады: дайындық, оқталу, аяқталу. Қылмыскер өз дегеніне жетсе, онда қылмыстық әрекеттерді жекеленген кезеңдерге бөлудің қажеті жоқ. Бірақ тұлға өз ойлағанын соңына жеткізе бермейді, өз еркінен тыс жағдайларға байланысты қылмыстық әрекеттерді соңына жеткізбейді.

Кейбір еңбектерде, қылмыстық әрекеттердің дамуының алғашқы сатысын қасақаналықтың туындауы сатысы, деп көрсеткен. Яғни тұлға сөзбен, жазбаша, не конклъюденттік әрекеттердің көмегімен қылмыс жасамақ болған ойын білдіруі де қылмыстың жасалыну сатысы болмақ. Пионтковский А.А. қасақана қылмысты келесі сатыларға бөледі: қасақаналықтың туындауы, дайындық, оқталу, қылмыстың аяқталуы. Автор қасақаналық табылған кезден бастап-ақ қылмыстық жауапкершілік бар деп есептейді [87,3206.]. Алайда, тұлға қауіпті ойы үшін жауапкершілікке тартылмайды. Қасақаналық ойдың табылуы аяқталынбаған қылмыстық әрекет ретінде сараланбайды. Аяқталынбаған қылмыстық әрекет оқталу мен дайындықтан тұрады.

Қасақана қылмыстардың пайда болу жағдайын екіге бөлуге болады: алдын ала ойластырылған және сол сәтте-ақ пайда болған. Іс-тәжірибеде аяқталынбаған қылмыстарға байланысты келесі жағдайларда қателіктер туындайды:

- дайындық пен оқталуды аяқталынған қылмыстардан ажыратуда;

- дайындықты оқталудан ажыратуда.

Аяқталынған қылмысты аяқталынбаған қылмыстан ажыратудың жолы сол, аяқталынған қылмыстарда ҚК тиісті бабында көрсетілген барлық белгілер бар, ал аяқталынбаған қылмыста қылмыстың объективтік жағының кейбір белгілері жетпейді. Материалдық қылмыстарда, мысалы, зардап болмай қалса, қылмыс аяқталынбайды, ал формальды қылмыстарда ҚК ерекше бөлімінің диспозициясында кейбір әрекет-әрекетсіздіктердің жекеленген міндетті әрекеттері қалып қояды.

Қылмысты аяқталынбаған деп есептеу үшін мына ереже шарт:

- қылмыскердің өз дегеніне жету мүмкіндігінің болмауы;

- тұлға өз ойлағанына өз еркінен тыс жағдайлардың әсерінен жете алмауы.

Енді жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға байланысты қылмыстардың аяқталу, даярлану, оқталу моменттеріне тоқталсақ.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау әрекеттері -формальды құрам болғандықтан, жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды жасау дегеніміз ол жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазға материалдық нысан беру. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың міндетті реквизиттерді сақтай отырып, тым болмағанда жалған ақша бірлігінің бір үлгісін жасауы, шынайыға ұқсас кейіп беруі аяқталынған қылмыс болып табылады. Мұнда жалған құжатта шынайы ақша бірлігі мен бағалы қағаздың міндетті реквизиттері мен айыру белгілері мүмкіндігінше сақталуы керек.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауға дайындық әрекеттерін анықтаудың сот іс-тәжірибеде орны ерекше. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды даярлаудың жолы мен әдісін жоспарлау, қажетті техникалық құрал-саймандарды іздестеру, қылмыс жөнінде келісу -ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға даярлығы үшін заңда қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Ал, Йемен Республикасы қылмыстық кодексінің 204-бабында: "Себепсізден-себепсіз ақша жасауға пайдалынатын құрал-саймандарды даярлағаны үшін тұлға бас бостандығынан айырылуға жазалануы тиіс" [88,166.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың шынайы еместігіне алдау әдістерін қолданбай-ақ оңай айыруға болатын сырттай шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздарға ұқсай бермейтін (өрескел даярланған) құжатты даярлау, қылмысқа оқталу болып табылады. Оны сақтау - толық аяқталған қылмыс.

Солопанов И.В., жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды қабылдау кезінде жәбірленушінің мұнымен хабарсыз болуы тиіс, деп есептейді [5,676.]. Құжаттың өрескел даярлануы оны ұсыну кезінде көбіне басқа тұлғаның құжаттың жалған екендігін біліп қойып, қайтарып беруімен аяқталады.

Шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздарға сырттай пішіні ұқсамайтын, өрескел даярланған жалған ақша мен бағалы қағазды айналымға жіберу әрекеті Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206 және 177-баппен бағаланады. Кудрявцев В.Н.:"Өрескел даярланған жалған ақша бірліктерін түпнұсқа орнына сату шын мәнінде алдаудың ерекше түрі болып табылады. Жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату арнайы нормамен көрсетілген және де қылмысты жасаудағы мақсат мүлікті иемдену болмағандықтан, бұл қылмыстық әрекетті алаяқтық деп саралау қажет емес", -дейді [89,130-14166.].

Казаков-Турбовский Е.И. осы орайда былай дейді: "Жалған ақшаны жасау, сақтау, не сатудың затына жорамалдап жасалынған металл монетаны және тұрпайы даярланған қағаз ақшаны жатқызуға болмайды. Олар қоғамға онша қауіпті емес. Бұл құжатты айналымға жіберіп көру барлық уақытта жалған ақшаны сатушы, не оның сыбайласының ұсталып қалуымен аяқталады.

Тергеу және сот іс-тәжірибе материалдарын бағалау негізінде бұл купюрді жалған ақша жасау, сақтау, не айналымға жіберу, не алаяқтық деп бағалағанда, жалған ақшаның түпнұсқаға сырттай ұқсастығын анықтау қиын. Алайда, бұл ұқсастықтарды ажыратуға адамның толық мүмкіндігі бар, ол - адамның ажырамас мүмкіндігі. Шынайыға ұқсамайтын ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды анықтау қызметі құқық қорғау органы қызметшілерінің уәкілеттігіне жатады, арнайы білімді игерудің қажеті жоқ" [51,2536.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды қандай деңгейде даярлағанда шынайы түріне ұқсайтындығын анықтау шынында да қиындау. Әр адамның танымы әртүрлі, ол жалған құжаттың жасалу деңгейін де түрлі бағалауы мүмкін. Мұндай бағаланатын категориядағы түсініктер қылмысты саралауда қателіктер тудырады. Григорьева А.В. өз еңбегінде қылмыстың заты жалған ақша мен бағалы қағаздың аса шеберлікпен даярланған түпнұсқаға ұқсас болуы шарт. Оның жалған екендігі арнайы құралмен анықталады, - дейді [74,256.]. Жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу арнайы норма болып көрсетілгендіктен және бір әрекетті бір баппен бағалау әділеттілік болғандықтан (идеал жиынтық емес) бұл әрекетті тек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабымен бағалаған дұрыс шешім болар еді.

Қылмыскердің жалған ақша бірлігін, бағалы қағазды жасаудан бас тартуын дайындық пен оқталудан ажырата алған жөн. Қылмыскер қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Мұнда тұлғаның әрекетінде басқадай қылмыс құрамының белгілерінің болмауы шарт. Түрлі себептермен қылмыс жасауға бағытталған әрекеттің тоқтап қалуымен қоғамға қауіптілік жойылады. Мұндай жағдайда қылмыстан бас тартудың негізі бар ма деген сауал туындайды. Қылмыстық әрекеттен өз еркімен бас тарту ұғымын дұрыс түсіне алу үшін мынадай сұрақтарды шешу керек:

- қылмыстан бас тарту әрекеті өз еркімен жасалынды ма, әлде мәжбүрленбеді ме;

- бұл әрекет қылмыс жасаудан бас тарту ма, әлде қылмыстық әрекетті уақытша тоқтата тұру емес пе.

Алғашқы сұраққа жауап іздеу өте қиын. Қылмыстан өз еркімен бас тартты деп есептеу үшін тұлға қылмысты өзі ойлағанындай етіп жасай алатындығына іштей сенімді болуы керек, сондай-ақ бұл әрекет қосымша қиындықтардың туындауы, не қауіптің күрт күшеюінің нәтижесі болмауы тиіс. Мұндай жағдайда тұлғаның қылмыстық әрекеттерден неліктен бас тартқанын анықтау керек. Ол үшін тұлғаның қылмыстық жауапкершіліктен қорыққанын, не көздеген мақсатына жете алмағандықтан әрекетін тоқтатқанын анықтаған жөн. Бұл тұлғаның ерікті түрде, не мәжбүрлі түрде қылмыстан бас тартқаны деп шешуге негіз болады.

Қылмыстан өз еркімен бас тартуды басталып кеткен қылмыстың дайындық бөліміндегі қылмыстық әрекеттерді уақытша тоқтата тұрудан ажырата алған жөн. Қылмыскер қылмыстық әрекетін уақытша тоқтата тұрған кезде әрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылды деп қорытынды жасауға болмайды. Субъектіде қылмысты жалғастырмау ниеті әлі толық қалыптаса қойған жоқ, сондықтан да оны жауапкершіліктен босату асығыстық. Мысалы, азамат К. басқа тұлғалармен ұзақ уақыт бойында жалған ақша жасауға дайындалып, тиісті құралдар жинаған. Бірақ қылмысқа дайындық әрекеті ақшаның кейбір қорғаныс белгілерінің жасалуына мүмкіндіктің болмауымен тоқтап қалады. Азамат К. сол кезден қамауға алынғанға дейін екі жыл бойында қылмысты жалғастыру шараларын қарастырмайды. Ол сотта қылмыстан бас тартқандығын айтып, жауабынан жалтармайды. Қылмыс құралдарының арнайы құпия орындарда сақталғандығына сілтеме жасай отырып, сот тұлға қылмыстық әрекеттен толық бас тартпаған деп тұжырымдайды.

Мысалы, азамат Б. жалған ақшаны айналымға жіберу мақсатында үйінде ұстайды. Ол өз жолдастарынан аталған әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенімен хабардар болып, сақтап жүрген жалған ақшасын жоймақ болады да, тыққан жерінен таба алмайды. Құқық қорғау органы қызметшілерінің қолдарына азаматтың жалған ақшасы түседі. Бұл жағдайда тұлғаның қылмыстан бас тартқандығын дәлелдеу өте қиын.

Келесі жағдайда, азамат М.-ның жалған ақшаны сақтағандығын құқық қорғау органының сезгенін естіп, тез арада оны жоймақ болып жалған ақшаны тыққан жерінен іздейді, бірақ та құжатты таба алмайды. Құқық қорғау органының қызметшілері азамат М.-ның үйінен зат алу процесінде жалған ақшаны қолға түсіреді.

Соңғы жағдайда да тұлғалар жалған ақшадан арылмақ болады. Алғашқыда тұлғаның қылмыстан бас тарту жөніндегі идеясы саналы түрде өздігінен туындайды. Екінші жағдайда тұлға қылмыстан лажсыздан ерікті түрде бас тартады. Қылмыс құралының ізінің жойылуы, сондай-ақ тұлғаның қылмыстық ойдан арылуы тұлғаның қылмыстан өз еркімен бас тартқанына толық көз жеткізіп, жауапкершіліктен босатуға негіз болар еді. Тұлға жалған ақша мен бағалы қағазды жасап болғаннан кейін де қылмыстан бас тартуды ойлауы мүмкін. Сондықтан да қылмысты дұрыс саралау үшін субъектінің санасында өткен ойды (процесті) динамикада қарау маңызды. Қылмыстан бас тарту жалған ақшаны сақтау үстінде де кездесуі мүмкін. Қылмыстан бас тартуда жоғарыдағы талаптардың сақталынуы тиіс. Демек тұлға өзінде жатқан жалған ақша бірліктерін сақтаудан түбегейлі бас тартады, оны өзгеге бермей, одан арылудың жолдарын қарастырады. Сонымен біз жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің қылмыстық сатыларға бөлгендейміз.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыс қылмыс құрамы жағынан басқа қылмыстармен ұқсас та.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабы - жалған ақша мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату мен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабы - жалған төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын сату мақсатында жасау, не сатудың байланысына келсек.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-баптағы қылмыстың объектісі - қаржы-несие жүйесі, ал Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың объектісі ақша-несие жүйесі. Материалдық мазмұнына байланысты қаржы қатынасы келесі түрлерге бөлінеді: бюджеттік, салықтық, сақтандыру саласында, несие-есеп, ақша айналымы. Яғни, қаржы-несие жүйесі мен ақша-несие жүйелері арасында байланыс бар.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бап пен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптардың субъектілері - 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға, ҚР ҚК 207-баптың объективті жағы - тұлға жалған төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын жасау, сату, тек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бапта жасау, сату әрекеттері де бар. Алайда төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын сақтаудың қауіпті екендігін ескерген де жөн. Екі баптың да субъективтік жағы - тікелей қасақаналық, құжаттарды жасау, не сақтау әрекеттерін сату мақсатында жасайды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабының қылмыс затына толығырақ тоқталсақ, ол:

- бағалы қағаз емес төлем карточкасы (несие карта, есеп карта); I - бағалы қағаз емес басқа төлем және есеп құжаттарын (төлем талабы, төлем талап-тапсырмасы, чек, вексель, т.б.).

Чек, вексель - төлем құжат, бірақ бағалы қағаздар емес, ал РФ-да бағалы қағаз. Егер де осы төлем құрал ҚР ұлттық валютасында шығарылса, оны бүрмалап жасағаны үшін ҚК 207-бабы бойынша саралайды. Ал, шетел валютасындағы чек, вексельді жасағаны, сатқаны үшін халықаралық Конвенцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Демек, екі қылмыс та ұқсас, оларды түрлі валютадағы төлем құралдар байланыстырады.

ҚР валютасындағы төлем құралды (чек, вексель) жасағаны, сатқаны үшін соттылығы бар тұлға қайтадан шетел валютасындағы төлем құралды (чек, вексель) жасағанда, сатқанда, оның соттылығын саралаушы бапта ескермеуге болмайды. Бағалы қағаздар жайлы халықаралық бірыңғай түсініктің болмауынан қылмыстық әрекеттерді саралауда қайшылықтар туындайды. Қайшылықардың алдын алудың келесі жолдарын ұсынамыз: біріншісі - бағалы қағаз жайлы ортақ түсінікке келе отырып, олардың тізімдерін белгілеу, мұндай жағдай болмаса, екіншісі - бұрын Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабымен соттылығы бар тұлғаның жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуін ҚК 206-бабының субъектісін сипаттайтын саралаушы белгі ретінде ескеру.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 2-тармағында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды ірі мөлшерде жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуі немесе бұрын осы қылмысы үшін, не Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабы бойынша қылмыстар үшін соттылығы бар тұлғаның жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабының 2-тармағымен саралау керек деп есептейміз.

Өзбекстан Республикасының ҚК 176-бабына 1998ж. халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында жалған акциздік марканы жасағаны, қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделіп, толықтырулар енгізілген. Қылмыс заты ұлттық валюта, шетел валютасы, бағалы қағаздар, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, сондай-ақ акциздік марка болып табылады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде жалған акциздік марканы жасағаны, пайдаланғаны үшін арнайы қылмыстық норма көрсетілген. Бұл қылмыстың заты - акциздік марка болып табылады. Жалған акциздік марканы сату мақсатында жасау, не иелену, сондай-ақ пайдалану, сату нәтижесінде мемлекеттің қаржы жүйесіне нұқсан келеді. Акциз - тауар құнынан алынатын қосымша салықтық түрі. Мемлекеттің қаржы қызметі - бұл мемлекеттің функциялануы мен дамуын қамтамасыз ету үшін қажет орталықтанған және орталықтанбаған ақша қаражатының қорын қалыптастыру, бөлу, пайдаланудағы мемлекеттік қызмет.

Осыған орай, енді Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бап - жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату мен 208-баптардың арақатынасын анықтасақ. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабы - жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің объектісі - ақша және несие жүйесі болса, ҚР ҚК 208-бабы - акциз маркаларын жасау, иелену, пайдалану, не сатудың объектісі - мемлекеттің қаржы қызметі. Жоғарыда қаржы қызметінің құрамдас бөлігі ақша-несие жүйесіндегі қызметтер екендігін айттық.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың объектитік жағы - жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату болса, ал 208-бап - акциз маркасын қолдан және техника құралдарының көмегімен жасау, иелену, пайдалану, не сату. Қылмыстардың объективтік жақтары ұқсас. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабындағы қылмыстық әрекеттердің мәні, мазмұнына қарай, ҚР ҚК 208-бабында кездесетін иелену, пайдалану әрекеттерін нормада қолдану міндетті емес. Екі қылмыстық норманың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Жалған құжатты жасауда, сақтауда қылмыскердің айналымға жіберу мақсаты болу керек. Субъектілері - 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

Жоғарыда байқағанымыздай, екі норманың қылмыс заттарынан басқа элементтері бір-біріне ұқсас. Бір жағынан азаматтық айналымда акциздік марка ақша мен бағалы қағазбен маңыздылығы жағынан теңесе алмайды. Екіншіден, акциздік марканы қолдан жасау, иелену, пайдалану, сатудың қоғамға қауіптілік дәрежесі жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберудегі әрекеттерден төмен екендігін санкцияларындағы жаза мөлшерінен байқауға болады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-6. 1-т. санкциясында мүлкін тәркілеп, немесе тәркілемей, 5 жылға дейін бас бостандықтан айыру, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 2-тармағында 5-8 жылға дейін б.б.а. және мүлкін тәркілеу, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 3-тармағында 5-10 жылға дейін б.б.а. және де мүліктерін тәркілеу жазасы қолданылса, ал ҚР ҚК 208-бапта 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 300-500 АЕК мөлшерінде, не жалақы көлемінде, сотталушының 3-5 айлық кірісі шегінде айыппұл қолданылады.

Қылмыстың қауіптілігін бағалаушы категория ретінде қылмыстан келген шығын мөлшерімен, заңда көрсетілген жаза түрлерімен анықтауға болады. Экономикалық қызмет барысында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуден мемлекеттің ақша-несие жүйесіне келетін зардаптар пен акциздік марканы қолдан жасау, пайдалану, иелену және сатудан келетін зардаптарды салыстыра отырып, екі норманы бөлек қарастырғанымыз дұрыс дейміз.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттер көбіне топтық сипатқа ие. Қатысушылар жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды даярлау, сақтау және айналымға жіберуде бір-біріне көмектесіп отырады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 3-тармағында субъектілердің ұйымдасқан топ болуы арнайы бөлініп көрсетілген. Енді іс-тәжірибеден мысал келтірсек. Жалған ақша бірлігін жасауда қылмыскерлер банкноттың қорғану элементтерін сақтаудың түрлі амалдарын қолдануға тырысады. Оған Соколов, Ротов, Сабрин, Назаров, Кукеев және Саттаровпен 1993 жылы жалған ақша жасау үшін тұрақты қылмыстық ұйым құрған тұлғалардың әрекеттері мысал бола алады.

Ротов пен Сабрин компьютерлік техникада жұмыс істеудің арнаулы әдістерін жетік игеріп, компьютерде ақшаның графиктік бейнелерден тікелей шығарып алып отырған. Жалған құжаттың анық бейнесін алу үшін жаңа жетік принтер қолданған. Соколов, Назаров, Саттаров, Кукеев болса, Ротовтың тапсыруымен жалған ақша даярлауда қолданылатын арнайы құрылғыларды, қағаз, бояу, желімдерді жеткізіп отырған, сондай-ақ ақша бірліктерінің қос беттерін жапсырып, қырқып, престеген. Қылмыстық ұйым ережесін сақтап, құқық қорғау органдарының көзіне түспес үшін жалған ақша жасайтын орындарын ауыстырып отырған. Соколов, Назаров, Кукеев және Ротов жалған ақшаны айналымға жіберумен айналысқан.

Олар 1998 жылы шілде-тамызда компьютерлік техниканы иемденіп, оны өз үйлеріне орналастырған да, 1998ж. тамызда Ротов, Сабринмен 100$ АҚШ долларын даярлауға кіріскен. Ротовтың тапсыруымен Саттаров доллардың жекеленген элементтерін жасау үшін өз танысы химиктен арнайы бояуларды даярлаудың әдісін сүрайды, сондай-ақ 1955ж. дейін шығарылған 100$ АҚШ долларының серияларын үлгі ретінде тауып отырған. Кукеевке жалған ақшаның жекеленген элементтерін даярлайтын бояуларды сатып алу қызметі жүктелінеді. Стоврополь қаласындағы зауыттан бояу және жалған ақша престейтін арнайы құрал алып келген. Ротов жалған ақша жасайтын қағазды іздеп тапқан және өз сыбайласы Соколовтың гаражына апарып қояды. Соколов пен Назаров ақшаны қырқу, желімдеу, престеу үшін гаражды ыңғайлап, жайлап құралдарды орналастырған. 1998ж. 100$ АҚШ долларының 3000 банкнотын айналымға жіберу мақсатында бірлесіп даярлайды. 1998ж. қазанда қылмыстық әрекеттер жалғастырылып, компьютерлік техника Соколовтың пәтеріне орналастырылады. Қылмыстық ұйым мүшелері 100 мың теңге даярлайды.

Мұнда Сабрин мен Ротов банкноттың қос бетін басып шығарса, Соколов пен Назаров арнайы құрал-саймандармен қамсыздандырылған гаражда ақша бірліктерін қырқып, қос беттерін желімдеп, престеген.

1998ж. қараша айында бірлескен күшпен 45-тей 100 мың теңге сату мақсатында жасалынған. 1998ж. қараша айының соңында Саттар өз пәтеріне жаңа компьютерлер алып келеді. Бұл орында 50000 орыс рублі даярланады. Кукеев, Саттаров, Сабрин құқық қорғау органдарымен жалған ақша даярлау үстінде үсталынады, қылмыстық ұйым мүшелерінің пайдакүнемдік ниеттері іске асырылмай қалады. Қыркүйек айының соңында Ротов пен Сабрин 100$ АҚШ долларының бейнесін басып шығарады. Ротов өзі ақша бейнесін қиып, желатинді суда ерітіп банкноттарды суда ерітіп, желімдейді де, престейді. Бұл ақша шынайыдан өзгелеу болып қалады. Ротов ақшаны өз әріптестеріне көрсеткенде, Соколов тағы да престеу керек, деп кеңес береді. Соколов пен Назаров банкнот престейтін металл құрал жасап алады. Бірақ жалған ақшалар нашар желімденеді.

Әріптестер Ақтаудан келген кәсіпқой қылмыскерге жалған ақшаны көрсеткенде, банкноттағы 100 цифрінің жылтырламайтынын ескертіп, жалған ақша бірлігін жасауда көне ақшаларды қолдануды ұсынады. Қылмыстық әрекет жалғаса береді. Сапалы және сапасыз даярланған ақшаларды араластырып сатып жатады. Қылмыскерлер құқық қорғау органы қызметкерлерімен толық құрамда ұсталынады.

Өзбекстан Республикасының қылмыстық кодексінің 176-бабының саралаушы бабында қылмысты қайталап жасау, не қылмысты рецидивистің жасауы, ірі мөлшерде, алдын ала ұйымдасқан топпен қылмыс жасау жағдайлары қарастырылады. Йемен Республикасының қылмыстық кодексінің 204-бабында жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сатуды мына мән-жайлар ауырлатады:

- ел ішінде валюта құнының, не оның курсын шетел валютасына қарағанда төмендету. Әсіресе, АҚШ долларына қатысты: ұлттық валюта курсын шетел валютасына, мысалға, АҚШ долларына теңестіру ауырлататын мән-жай емес;

- ел ішінде, не шетелде мемлекеттік облигацияның құнын түсіру;

- азаматтарды ұлттық валютаға деген сенімін жою.

Карпец И.И. ғылыми еңбегінде жазаны ауырлататын мән-жайларды мүмкіндігінше толығымен тізбектеуге тырыса отырып жасаған. Қылмыстың тек ауырлығы ғана емес, қылмыскердің жеке басындағы ерекшеліктер де колония түрін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайларды анықтауға негіз болады [90,214-22066.]. Қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жайлардың қатары Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 54-бабында шектеулі. ҚР жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар бойынша жаза тағайындауда ескеруді қажет ететін ауырлататын мән-жайларға мыналарды жатқызамыз:

- азаматтардың өз ұлттық валютасына деген сенімінен айыру;

- қылмыстық әрекеттің бағалы қағаз құнының күрт түсіп кетуіне алып келсе;

- қылмыстың нәтижесінде жәбірленушінің материалдық, моральдық ауыр зардаптар шегуі;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды ірі мөлшерде жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуі;

- бұрын осы қылмысы үшін, не ҚР ҚК 207-бабы бойынша қылмыстар үшін соттылығы бар тұлғаның ҚР ҚК 206-бабындағы қылмыстық әрекеттерді қайта жасауы.

Мемлекетте әділ жаза таза тағайындауда, қылмыскерлердің түзелуіне жағдай жасауда жеңілдететін мән-жайларды қарастырудың орны ерекше. Жеңілдететін мән-жайларға тұлғаның өз еркімен ақша бірлігінің жалған екендігін білмей қабылдап алып, кейін оны лажсыздан айналымға салып жіберуге мәжбүр болып (отбасындағы қиындықтар, т.с.с), өз еркімен құқық қорғау органына қылмысты хабарлауын жатқызсақ болады.

Иемен Республикасының қылмыстық заңымен қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері басталғанға дейін және жалған ақшаны айналымға жібергенге дейін ерікті түрде уәкілетті органға қылмыс туралы хабарлаған тұлға жазадан босатылады. Қатысушыларды ұстауға көмегі бар қылмыс туралы маңызды мәліметтерді кінәлі тұлға тергеу басталғаннан кейін де хабарласа, тұлғаның әрекеттерінде басқа қылмыстық әрекеттер болмаса, қылмыстың зардаптарын жойса, сот тұлғаны жазадан босатуы мүмкін.

1959 ж. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не айналымға жібергені үшін ауыр қылмыстар ретінде өлім жазасы қолданған. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабына сәйкес, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін мүлікті тәркілеу және бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабының 1-тармағында ҚР Ұлттық Банкінің жалған банкноты мен монетасын, ҚР валютасындағы жалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, немесе шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін мүлкін тәркілеп, не мүлкін тәркілемей, сотталушыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал 2-тармағында сотталушыны 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, 3-тармағында 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Іс-тәжірибеде, әсіресе, ақша-несие жүйесіндегі қызметтерге бұрын осы саладағы қылмыстары үшін қылмыстылық жауапқа тартылған тұлғаларды қызметке алатын жағдайлар кездеседі. Несие-қаржы институттарының звеноларын орталық банк (мемлекеттік және жартылай мемлекеттік банктер) банктік секторлар, сақтандыру секторлары, банктік емес несие қаржы институттары құрайды. Ақша-несие звеносындағы қызметшілерге зор жауаптылық жүктелінеді. Бағалы қағазды шығару, не тарату, ақшаға байланысты операцияларды жасау қызметтерін толық игерген, бұрын ҚР ҚК 206-207-баптағы қылмыстары үшін қылмыстық жауапқа тартылған тұлғаның бұл қылмысқа қайта бармайтынына кім кепіл. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабымен сотталғандарды, не соттылығы бар тұлғаларды ақша-несие саласындағы звеноларға қызметке тарту - бұл саладағы жауапты қызметтерді сенімсіз қолға тапсырумен бара-бар. Сондай-ақ, өткен тарауларда біз жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін жауапқа тартылғандардың 12,34%-ы жеке коммерциялық ұйымдарда қызмет етушілер екендігін айтқан болатынбыз. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз ақша-несие жүйесіндегі қызметші-сотталушыға үш жылға дейінгі мерзімге белгілі қызметпен айналысу мен лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза қолданған дұрыс деп есептейміз.

Іс-тәжірибеде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабындағы қылмыстық әрекеттерді жасаған тұлғаларды рақымшылдық еткен кездер болған. Мысалы, 1999ж. ОҚО Шымкент қалалық сотында Кучиев К.Х. пен Каримшихов Б.А. айыпталуымен №1-406 қылмыстық іс қаралған. Іс бойынша Гелашвили С.-те жалған 400 АҚШ доллары болады. Ол ақшаны сатып берген жағдайда пайданың 30%-ын бермек болып, Каримшиков Б.-ға береді. "Саяхат" базарына келіп, тұлға 24 пар нәски алып, сатушыға Гелашвили АҚШ долларымен есептесуді келіседі де, Каримшиков Б. болса есептеседі. Каримшиков қылмыс үстінде ұсталынады, ал Гелашвили болса қашып үлгереді. Каримшихов пен Кучиев жалған ақша мен бағалы қағазды сату мақсатында сақтаған және айналымға жібергені үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 1-тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айырылады. "Ұрпақ жалғастығы мен бірлігі жылы болуына байланысты рақымшылық" туралы заңның 3-бабы негізінде қылмыскерлер жазадан босатылады.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына қол сұғатын, күні бүгінге дейін қоғам үшін қауіпті болып келген жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберу мақсатында жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар үшін қылмыскерге рақымшылық беру әділ шара болмас еді.

Қылмыстық құқық нормасын жетілдіру шараларын жүргізе отырып, зерттеу жұмысының нәтижесінде біз Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабын келесі редакцияда ұсынамыз:

1 ҚР Ұлттық Банкінің жалған банкноты мен монетасын, ҚР ұлттық валютасындағы жалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды немесе шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды айналымға жіберу мақсатында жасағаны, сақтағаны үшін, не айналымға жібергені үшін - мүлкін тәркілеу немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі қызметпен айналысу, не лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру, немесе онсыз, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

2 Сол әрекеттерді ірі мөлшерде, сондай-ақ бұрын осы қылмысы үшін соттылығы бар тұлғаның немесе Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабы бойынша қылмыстар үшін соттылығы бар тұлғаның осы баптағы қылмысты қайта жасағаны үшін - мүлкін тәркілеу, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі қызметпен айналысу, не лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру, немесе онсыз, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

3 Осы баптың 1,2-тармақтарында қарастырылған әрекеттерді ұйымдасқан топпен жасағаны үшін

- мүлкін тәркілеу, сондай-ақ үш жылға дейінгі мерзімге белгілі қызметпен айналысу, не лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қолданылады.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберу мақсатында жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылған құқықтық норманы іс-тәжірибеде қолдану барысында сұрақтардың туындауына байланысты ҚР Жоғары Сот қаулысының төмендегідей жобасын ұсынамыз:

1 Сот жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстық істердің нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында мемлекет ақша бірліктерінің тұрақтылығын жоя отырып, ақша айналысын реттеуді қиындататындығымен қоғам үшін өте қауіпті екендігіне назар аударған жөн.

Бұл қылмыс халықаралық сипатқа ие. 1929ж. 20 сәуірдегі "Жалған ақша белгілерін жасаумен күрес жөніндегі" Халықаралық Конвенцияға сәйкес, қылмыстың жасалуы орнына қарамастан, қылмыскер жауапкершілікке тартылуы тиіс. Осыған орай, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу туралы қылмыстағы әрбір фактілер, қылмысқа қатысушының жеке басы, оның қылмысқа қатыстылығы мен қылмыстағы орны, сондай-ақ қылмыстың себептері толық, жан-жақты және объективті түрде анықталуы тиіс.

1 Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу тек қана тікелей қасақаналықпен жасалынады. Тұлға жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаздарды айналымға жіберу мақсатымен жасайды, сақтайды, кері жағдайда, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстың затына мыналар жатады: ҚР Ұлттық банкінің 1,5,10,20,50,100,200,500,1000,2000,5000,10000 теңгелік банкноттары, қағаз ақша, алтын, күміс, не платинадан соғылған металл монеталары, бағалы қағаздар (мемлекеттік және мемлекеттік емес; негізгі және жанама): коносамент, акция, облигация, ипотекалық куәлік, қойма куәлігі, мемлекеттік займ, опцион, варрант, депозиторлық қолхат, фьючерс, заң актілерінде немесе олармен белгіленген тәртіппен шығарылған ҚР ұлттық валютасындағы басқа да бағалы қағаздар, шетел валютасы - қазыналық билет, банкнот, монета түріндегі шетел мемлекетінде немесе мемлекеттер топтастығында заңды құрал болып табылатын ақша бірліктері, шетел валютасындағы бағалы қағаздар -төлем құралдары (чек, вексель және т.б.), қор құндылықтары (акция, облигация) және басқа да шетел валютасындағы қарыз міндеттемелер.

Айналымнан алынып тасталған, алмастырылмайтын ескі чеканка (банкнот, монета, валюталар, шетел валютасы да) жалған ақша бірліктерін жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстардың затына жатпайды. Ұтыс лотореялары, транспорт билеттері - Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабының заты емес.

3 Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарына жатпайтын ақша бірлігі мен бағалы қағаздардың бейнесі келтірілген затты жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардан (сырттай шынайыға ұқсайтын және өрескел даярланған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарға құжаттан) ажырата алу керек.

4 Қылмыстық әрекеттерге баға беруде "жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар" ұғымына назар аударғаны жөн. Оларға мына белгілер тән:

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар құжат нысанында болуы;

- айналымда кездесетін, не айналымнан шығып кеткенімен алмастыруға жататын ақша, не бағалы қағаз болуы;

- сараптама қорытындысымен анықталуы;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды арнайы уәкілетті органдардан басқа тұлғалардың шығаруы;

- айналымда белгілі уақыт аралығында жүре алу мүмкіндігі болуы;

- міндетті реквизиттерді мүмкіндігінше сақтауға тырысуы;

- түпнұсқа орнына берілетін жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаз ақша мен бағалы қағаз функциясын атқаруы. Басқа функцияны жүзеге асыру мақсатында жасамау. Мысалы, заклад.

Шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың орнына, мысалы, заклад сынды заттарды айналымға жіберу әрекеттері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабымен сараланбайды. Жалған ақша бірліктер мен бағалы қағаздар ұғымына жатпайтын заттарды айналымға жібергенде өрескел алдау (грубый обман) бар, мұндай әрекеттер - алаяқтық.

5 Сырттай шынайыға ұқсамайтын және өрескел даярланған құжаттарды анықтау үшін тергеу, анықтама қызметшілері сараптама тағайындайды. Тергеуші, анықтамашы жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар ұғымына кірмейтін заттардың шынайы ақша бірлігі мен бағалы қағаз емес екендігін өздері, арнайы білімдерді пайдаланбай-ақ айыра алады.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар ұғымына жататын заттардың қылмыста үш түрлі кезеңдерден өте алуға мүмкіндіктері бар: жасау, сақтау және айналымға жіберу. Қылмыс құрамы үшін бұл үш кезеңнен де өту міндетті емес. Бірақ та жалған ақша бірліктер мен бағалы қағаздар ұғымына жатпайтын заттардың бұл үш кезеңнен өтуі мүмкін емес, себебі, Мысалы, заклад түрмыстық қажеттік үшін даярланады.

Толық және ішінара (шынайы ақша бірліктерінің белгілерін, нөмерін, облигация сериясы, және басқа бағалы қағаздардың реквизиттерін түзету) жасалған жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу - қылмыс. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу сынды әрекеттер бөлек те, бірге де қылмыс құрамын құрай алады.

6 Өрескел даярланған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабы мен 24-баппен қосымша оқталу болып, ал оны сақтау, не айналымға жіберу әрекеттері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баппен сараланады.

7 Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауда қылмыстың құралы техникалық құрал, көшірме құрал, қағаз, қайшы және тағы басқалар болса, сақтау кезінде қылмыс құралы - қалта, кітап, қойма, т.б., жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберудің құралы, сол жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаздың өзі болады.

8 Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың сырттай пішінін шынайы түріне ұқсатып, міндетті реквизиттерді сақтай отырып, тым болмағанда жалған ақша бірлігінің бір үлгісін жасауы, шынайыға ұқсас кейіп беруі аяқталынған қылмыс болып табылады.

9 Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдістері қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаза тағайындауда ескеріледі.

10 Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау дегеніміз кінәлі тұлғаның иелігінде (өзімен бірге, қүпия орындарда, ғимараттарда, түрғын-жайда және т.б.) ұстауы.

11 Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберу деп, оны сатып алынған тауарларға, көрсетілген қызметтерге есептесу, айырбастау, үсақтау, сыйға беру, займ түрінде, не кепілге беру, не кепілзатқа беру және басқадай әрекеттерді айтамыз. Қарсы тараптың жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды қабылдап алуымен қылмыс аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет