1. 2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың



бет3/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.77 Mb.
#21452
1   2   3   4   5

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде
ҚР Ұлттық банкі - ҚР Президентінің алдында есеп беретін, Қазақсатан Республикасында жоғары дәрежедегі банктік жүйе. Ол өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан-2030 даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, өз уәкілеттігі шегінде ақша-несие саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін Үкіметтің экономикалық саясатын бірлесіп атқарады.

ҚР Ұлттық банкі - вертикалды бағыныштылықтағы бірыңғай орталықтанған құрылым. Ұлттық банкінің басқару органын басқарма және директорлар кеңесі құрайды. Ұлттық банкінің құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден, филиалдар, өкілдіктер және ұйымдардан тұратын орталық аппарат кіреді. Ұлттық банк орталық аппараттардың бөлімшелерінің, өз филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының қызметтерін тексереді және аудитті жүзеге асырады. ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсаты ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Ұлттық банкке мына міндеттер жүктеледі:

- ақша айналымы, несие, банктер және оның клиенттері арасында ақша аудару және Қазақстаннның экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикада интеграциялануына әсер ететін валюталық қатынастарды ұйымдастыру саласында мемлекеттік саясатты жасау және жүргізу;

- ақша, несие және банктік жүйенің тұрақты қызмет етуін бірлесіп қамтамасыз ету;

- банктік қызметтерді реттейтін және оларды бақылайтын нормативтік актілерді қабылдау арқылы банк клиенттері мен несие берушілердің мүдделерін қорғау.

ҚР Ұлттық банкі өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда келесі функцияларды атқарады:

- ҚР мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу;

- ҚР аумағында банкноттар мен монеталарды эмиссиялау;

- банктердің функцияларын жүзеге асыру;

- банктердің, қаржы кеңестерінің және Үкімет агенттерінің және өзара келісімдер бойынша басқа да мемлекеттік органдардың функцияларын;

- банктерді бақылау;

- ҚР валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық активтерін басқару;

- ҚР Ұлттық банкінің бөлімшелерінде эмиссиялық және кассалық операциялар арнайы ережеге сәйкес жүзеге асырылады [47,16.].

ҚР Ұлттық банкі жалған банкноттар, не монеталарды жасау жөніндегі фактілермен байланысты хабарламаларды қарайды. Жалған банкноттар, не монеталар клиенттерге қайтарылмайды. Бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарланады. Күмәнді банкноттар мен монеталар Ұлттық банктің қоймасына, не ҚР Ұлттық банкінің Бас Алматы аумақтық басқармасындағы кассалық орталыққа сараптамаға жіберіледі.

Нақты ақшаларды қабылдау, сақтау, не беру үшін Ұлттық банктің әрбір бөлімшесінде айналым кассасы және нақты ақшаның резервті қоры болады. Айналым кассасындағы нақты ақшалардың лимиті белгіленеді. Белгіленген лимиттен артық нақты ақшалар соммасы резервтік қорға жіберіледі. Мұны айналымнан алып қою десе, ал нақты ақшаны резервті қордан қайтарып алу -оны айналымға жіберу деп аталынады. Резервті қорда нақты ақшаның лимиті белгіленбейді.

Ұлттық банктің бөлімшелері айналымға жіберілетін ұлттық банкнот пен монеталардың күйіне жауап береді. Ұлттық банк бөлімшелерінің кассаларына келіп түскен төлем құралы бола алатын ұлттық банкнот пен монеталар және тозған, зақымданған монеталар мен банкноттар қайта айналымға жіберілмейді. Банк төлемге жарамды ақша бірліктерін қабылдауға міндетті болып табылады (Ереженің 1-бөлімі, 1.2,1.9,1.10). Ал, төлемге жарамды банкнот пен монета дегеніміз шынайылығына күмән тумайтын және толық белгілері мен көлемінің 70%-ы сақталынып тозған банкноттар. Оларға мыналар жатады:

- басқа дақ, жазба, із, бояу сіңген, алғашқы кейпі кеткендер;

- егер де белгілі бөлігі бір-біріне сай келіп, желімденген және жыртылған, шеті жоқ, жыртылып қалған, бүктелген, тесілгендер;

- күйген, жанған, тозған;

- қорғану белгісі құртылған.

Төленуге қабылданатын монета - толық көлемі мен белгілері зақымданғанына қарамастан, бүтін және шынайы екендігіне күмән болмайтын монета. Елеулі зақымданғандар:

- тесілген, бүгілген, кесілген, сынған;

- қышқылға күйген, қандай да металға күйген;

- жоғары температурада балқыған;

- алғашқы бояуы кеткен, аверс пен резерві бойынша номиналдарын білдіретін белгілері сақталынған монета.

Тозғанына қарай төленуге жататын монеталарды екіге бөледі:

- айналымға жарамды;

- ақауы бар.

Жарамды банкнот:

- оралып, бүйіп-түйілген эмиссиялық банкнот;

- пайдаланудан шыққан.

Төлем құралы бола алмайтын банкнот пен монета - төленуге қабылданатын банкнот пен монета ұғымына жатпайтын банкнот пен монета.

Бракқа шыққан (жарамсыз) - жанама ақауы бар монета, банкнот.

Заңды төлем құралы күшінен айырылған банкнот пен монета - қолма-қол ақша айналымынан шыққан банкнот пен монета.

Қолдан жасалынған (переделанный) банкнот - пайда табу мақсатында заңсыз банкноттың алғашқы күйдегі сыртқы бейнесін, номиналдарын шынайының реквезиттеріне сай етіп өзгерткен, не цифрлар қосқан, яғни мұны шынайы деп қалуға болатындай көшірмесі алынған, желімденген, не суреті салынған банкнот. Қолдан жасалынған деген белгілері бар банкноттар жалған банкноттар деп қарастырылады және жергілікті құқық қорғау органдарына хабарланады.

Эмиссиялық операциялар резервтік қорлар мен айналым кассаларында жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандай, Ұлттық банктің әрбір бөлімшелерінде резервтік қорлар болады. Онда қолма-қол ақшалар эмиссиялық бөлімшенің және клиент түйіншегінде үсталынады.

Ұлттық банк бөлімше бастығы мен орталық аппаратттың арнайы уәкілетті бөлімшесінің бастығы ақша айналымына қажетті барлық номиналдағы банкноттар мен монеталардың резервтік қорда тұруын және зақымданғандарын дер кезінде шығарып тастау шараларын жүзеге асырады.

Резервтік қорды ұстап түру үшін қажет нақты ақшалардың сомасын көрсете отырып, Ұлттық банктің орталық аппаратына тапсырыс береді. Ұлттық банктің орталық аппаратының арнайы уәкілетті бөлімшесі тапсырыс және қолма-қол ақша айналымының орындалуын талдай отырып, резервтік қорды нақты ақшамен қамтамасыз ету туралы жоспардың жобасын жасайды, оны Ұлттық банк төреағасының орынбасары бекітеді де, тиісті бөлімшеге жібереді. Жіберілген нақты ақшалар тексеріліп алынады. Жетпеген ақшалар, не жалған, төлемге жарамсыз ақшалар баланстың есебіне сәйкес, айналым кассасымен дебеттеу арқылы толықтырылады. Нақты ақшаның қабылданғаны жөнінде уәкілетті органға хабарланады.

Айналым кассасына резервті қордан нақты ақшаларды алу үшін Ұлттық банк бөлімшесінің бастығының рұқсаты қажет. Нақты ақшаларды айналымға жіберудің нормасын клиенттердің сұранысымен бөлімше бастығы анықтайды. Ұлттық банк бөлімшесі арнайы өкілетті бөлім басшысы айналымға жіберілетін ақшалардың жобасын жасайды. Нұсқауда айналымға жіберілетін банкноттар мен монеталар туралы толық мәліметтер көрсетіледі.

Ұлттық банк аппаратының арнайы уәкілетті бөлімшесі Ұлттық банктің әрбір бөлімшесінің айналым кассасының лимитін белгілейді. Бөлімше күн сайын айналым кассасының лимитінен асқан ақшаларды резервтік қорға салады. Операциялық күн біткен соң касса меңгерушісі айналымнан шыққан банкноттар мен монеталар (ұлттық), олардың жарамсыздық деңгейі, номиналы, сомасы туралы жалпы тізімін жасайды. Құжат тексеріліп, бөлімнің уәкілетті арнайы бөлімшесіне жіберіледі. Тізімдердің негізінде бухгалтерлік жазбалар толтырылады.

Кассалық операциялар дегеніміз құндылықтарды қабылдау, қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, беру, сорттау, түю, сақтау болып табылады. Құндылықтарға мыналар жатқызылады: валюталық құндылықтар, ҚР банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздары және қатал есептегі бланкілер және бағалы заттар.

Ұлттық банкінің бөлімшелері нақты ақшамен кассалық операцияларды жүргізеді. Нақты ақшамен кассалық операциялар жасау үшін төмендегідей айналым кассалары құрылады:

- кіріс;

- шығыс;


- кіріс және шығыс;

- айыру (ұсақтау);

- қайта есептеу.

Сеніп тапсырылған нақты ақшалардың сақталынуына материалдық жауапкершілік кассалық қызметшілерге, басшыларға, бас бухгалтерге, арнайы уәкілетті бөлім басшыларына жүктелінген.

Жоғарыда аталған операциялар аса сақтылықпен жүзеге асырылады. Ұлттық банк өз клиенттері мен кассалық қызмет көрсету жөніндегі шартты нақты ақшаны қабылдау, жетпегендерді есептен алу, төленбейтін банкнот пен монета, және артықтарын қайтару туралы талаптарды міндетті түрде көрсете отырып жасайды. Ұлттық банк бөлімшелері төлемдерді қабылдайды және төлемді банкноттарды алмастырады (50%-сақталынған), төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталарды клиенттерге қайтармайды. Банкноттардың төлемге жарамдығын анықтауда қызметкерлер жауапкершіліктен босатылмайды. Тозған, 50%-зақымданған банкнот пен монеталарға „айырбасталған" деген штамп қойылады. Егер де банкнот пен монетаның төлемге жарамдылығына күмән туса меңгерушісіне, қажет жағдайда, бөлімше басшысына ақшаның жарамдылығын анықтауға береді. Айырбасталған банкнот пен монеталар номиналдары бойынша сортталып, айналым кассасында сақталынады. Ал, күмәнді банкноттар мен монеталар Ұлттық банк, не кассалық орталықтың қоймасына сараптамаға жіберіледі. Төрт үлгіде арнайы акт толтырылады.

Күмәнді банкнот пен монеталардың соммасы сараптама нәтижесін алғанша теңге шартты бағамен баланстан тыс есепке алынады. Сараптамашы 10 күнде күмәнді банкноттың жарамды, не жарамсыз екендігін анықтайды да, бөлімшенің айналым кассасына тапсырады. Бөлімше тапсырманы алған соң айырбасталған банкнот пен монета туралы заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға хабарлайды. Заңды тұлғаның өкілі, не жеке тұлға хабарламаны алып, бөлімшеге квитанция, арыз, опись, жеке куәлікті ұсынады. Төлемге жарамсыз деп танылған банкнот пен монета 12 ай сақталып, жойылады.

Ұлттық банктің кассасы төлемге жарамсыз банкноттар, жетпеген, не артылған жағдайларда акт толтырады. Нақты ақшаны есептен алып жатқанда инкассатор құжаттың жарамсыз екендігін анықтаса, жауапты тұлға мен ол актіге қол қояды, оқиға құқық қорғау органына хабарланады. Оқиғаның уақыты, жалған ақшаның соммасы, қатысушы тұлғалар жөнінде хаттамада толтырылады. Хаттаманың бір көшірмесі құқық қорғау органында, ал екіншісі Ұлттық банктің бөлімшесінде қалады.

Криминалистік сараптаманың нәтижесінде банкнот пен монета шынайы деп танылса, сараптама қорытындысымен бірге құқық қорғау органынан алынып, кассаға жіберіледі.

Ұлттық банк нақты ақша мен құндылықтарды сақтау әрекетін де жүзеге асыра алады. Олар арнайы сейфте, қоймада ұстайды. Бөлімшенің басшысы кассалық жұмыстың күйіне және ұйымдастырылуына да жауапты. Бөлімше қызметкерлері құндылықтармен операциялар үшін жауапты. Касса қызметшілері түйілген ақша мен құндылықтар жетпесе, өздері қабылдап алған ақшалардың төлемге жарамсыздығы және жалған екендігіне толық жауапты. Құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар өздеріне жүктелінген, резервті қорда сақталынған құндылықтар үшін ортақтасып жауап береді.

Резервті қорда, айналым кассадағы банкнот, монета және басқа монеталарға жоспарлы, кварталдық тексерістер жүргізіледі. Сонымен қатар, эмиссиялық-кассалық жұмыстар, қорғану күйі, есептің дұрыстығы, кілт, мөртаңба, мөр, пломбының сақталынуы мен пайдалануын, кіру-шығу режимінің сақталуы тексеріліп отырылады. Тексеріс нәтижелері арнайы тіркеу кітабына жазылады. Ұлттық банк бөлімшелері, қойма және кассалық орталық ай сайын Ұлттық банкке жүргізілген жұмыстар жөнінде есеп беріп отырады.

Жоғарыда біздер ҚР Ұлттық банкінің бөлімшелерінде эмиссиялық-кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етудің тәртібімен таныстық.

Кассалық операцияларды Қазақстан Республикасында екінші дәрежедегі банктер және банктік операциялардың жекеленген түрлерін арнайы ұйымдар да жүзеге асырады, оның тәртібі арнайы ережемен белгіленген [48,16.]. Айырбастау функцияларымен ғана айналысатын ұйымдарға бұл ереже қолданылмайды. Банктегі нақты ақшалар мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етуді бақылау және жұмыстарды ұйымдастыру бөлім басшылары мен бас бухгалтерге жүктелінген.

Екінші дәрежедегі банктер және кейбір банктік операцияларды атқаратын ұйымдарда Ұлттық банктер сынды кассалық операцияларды жүзеге асыратын кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассасы, қайта есептеу кассасы, кешкі касса және басқалар құрылады.

Бұл операцияларды жүзеге асыру барысында күмәнді ақшалар анықталған жағдайда банкте ақша бірлігін сараптамаға қабылдау туралы екі үлгіде акт-опись (қосымша А) касса меңгерушісі мен клиенттің қатысуымен толтырылады. Мұнда ақша бірлігі қабылданған уақыт, кассирдің аты-жөні, клиенттің аты, банкноттың нөмірі, сериясы, құны, сондай-ақ ақша бірлігінің төлем құрал еместігін сипаттайтын белгілер айтылады. Акт-тізімге кассир, меңгеруші, бас бухгалтердің қолдары және банктің мөрі қойылады. Күмәнді ақша бірліктері Ұлттық банктің филиалына алып жүретін құжаттармен сараптамаға жіберіледі. Ұлттық банктің филиалдарындағы сараптамаға тек ұлттық валюталар қабылданады, ал шетел валюталары уәкілетті органға жіберіледі. Ақша бірлігінің шынайы және төлемге жарамды екендігін анықтаудың тәртібі ереженің 4-бөлімінде қарастырылған (тарау 16,133-143т.). Валюталық құндылықтармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері ереженің 6-тарауында айтылған. Банк кассирі шетел валютасындағы нақты ақша мен төлем құжаттарын қабылдауда және өңдеуде ресми қайнар көздерден (банк-эмитент, Интерпол, Ұлттық банк) келіп түскен анықтама-ақпарат материалдарындағы үлгіге сүйене отырып, олардың шынайы және төлемге жарамдылығын байқауы тиіс. Төлемге жарамдылығына күмән келген шетел валютасындағы банкнот және төлем құралы инкассоға клиенттерден қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда клиент (қосымша Б) валютаның аты, банкноттың көлемі, нөмірі және төлем құралдарының реквизиттері, жалпы сомасы, төлем құралы берілген уақыт, кім бергені туралы мәліметтер көрсетілген арызды толтырады.

Бухгалтер-кассир арыздың дұрыс толтырылуын тексеріп, баланстан тыс кіріс ордерді және квитанцияны кассаға тапсырады. Кассир клиенттен банкнотты (төлем құралы) алып, өз қолы мен мөр бар квитанцияны береді. Банк инкассо-корреспондентке нақты ақшаны (төлем құжатты) қабылдамас бұрын екі үлгідегі тізім толтырады, бірі корреспондентте, екіншісі - банкте қалады. Инкассоға банкноттың келіп түскендігі туралы банк клиентке хабарлайды (қосымша В). Клиенттен инкассоға қабылданған банкнот және төлем құралының мөлшеріндегі сомма клиенттің арызына сәйкес, шетел валютасында, не ұлттық валютада төленеді. Егер клиент ақшасын алмаса, онда нотариустың депозитіне аударылады. Материалдарды сол күні бақылаудан алып, құжаттарға тіркейді.

Ал, жалған шетел валютасындағы банкноттар (төлем құжаты) клиентке қайтарылмайды, құқық қорғау органына жіберіледі. Кассир бөлімше бастығына тез арада хабарлайды. Құқық қорғау органы қызметкерлері банкке келіп, жалған банкнотты алып, сараптамаға жібереді. Ол жөнінде хаттама толтырады. Егер де банкнот шынайы болып шықса, клиентке (банкке) беріледі, ал жалған ақша болса заттай дәлеледеме ретінде құқық қорғау органында қалады, клиентке (банкке) хабарланады.

ҚР Ұлттық банкіне ұлттық банкноттар мен монеталарды шығару жүктелінген. Жалған банкноттар мен монеталардың айналымда кездесуіне жол бермеу үшін ҚР Ұлттық банкіне келесі әрекеттер жүктелінеді:

өз уәкілеттілігі шегінде экономикада инфляциялық процестердің дамуына жол бермеу, номиналдық құны жоғары банкноттардың пайда болуына мүмкіндігінше жол бермеу;

қолма-қол емес есеп айырысуды жамыту;

банктік қызметтердің заңдылығын қатал сақтау, оларды бақылау;

ақша мен банк жүйесіндегі бағалы қағаздардың қорғану белгілерін дамыту;

қабылдау процесінде ақшалардың, өздері эмиссиялаған бағалы қағаздардың шынайылығын тексеретін жоғары сапалы детекторларды иемдену;

аталған қылмыспен күресте құқық қорғау органдарымен тікелей байланыста болу.

ҚР Президентінің "Қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыруға байланысты шаралар туралы" 11.07.2002ж. жарлығына сәйкес, ҚР Үкімет жанындағы бағалы қағаздар жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы қысқартылып, оның функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ұлттық банктің Орталық аппаратынан Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі Департаментке берілді. Мұнан кейін бұл Департамент тағы қысқартылып, оның функциялары мен уәкілеттіктері ҚР Ұлттық банкінің орталық аппаратындағы қаржылық бақылау Департаментінде қалды. 2004ж қаңтар айынан бастап, қаржылық бақылау қызметі ҚР Ұлттық банкінен алынып, бөлініп шыққан ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу Агенттігіне берілді. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік бақылау және реттеудегі мақсат мынадай:

1 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы жүйесіне толық сенім арту;

2 тұтынушы мүдделерін қаржы қызметтерімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету;

3 қаржы рыногында адал бәсекелестікті қолдаудағы қаржылық ұйымдардың қызметтеріне бірыңғай жағдай жасау.

Аталған мақсаттарға жету үшін уәкілетті органға төмендегідей міндеттер жүктелінеді:

1 Қаржылық ұйымдардың қызметтері үлгілерін жасау, қаржылық ұйымдарды коорпоративті басқаруды жақсартуға үміт беру;

2 қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды моноторингілеу;

3 қаржы рыногы саласын бақылау ресурсын құру;

4 соңғы технологияларды игеру, түтынушыларға қаржылық ұйымдардың қызметтері жөнінде толық мәліметтер беру [49,36.].

Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметтерін реттеу және бақылау мақсатында уәкілетті орган мынадай шаралар атқарады:

1 Бағалы қағаздар рыногының қаржылық активтерін тану;

2 мемлекеттік емес эмиссияланған бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу, акциялар шығару және тарату, облигацияларды тарату және өтеу, бағалы қағаздарды жоюдың қорытындысы жөніндегі есептерді қарайды және бекіту, мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық жекешелендіру нөмірлерін тағайындау;

3 бағалы қағаздарды, жанама бағалы қағаздарды шығару, тарату, айналымға жіберу және өтеу тәртібі мен шарттарын, мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық жекешелендіру нөмірлерін тағайындау тәртібін анықтау;

4 бағалы қағаздар мен жанама бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды тарату және өтеудің қорытындысы жөніндегі есептерді қарау тәртібі мен жағдайын бекіту;

5 бағалы қағаздар рыногындағы кәсіпқой қатысушылар мамандарын оқытуды және дайындауды ұйымдастыру;

6 бағалы қағаздар рыногындағы жұмыстарға мамандар дайындауға рұқсат беру, оны кері шақырып алу және қызметтерді тоқтата тұрудың шарттары мен тәртібін анықтау;

7 бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін тұлғаларды аттестациялаудың шарттары мен тәртібін анықтау және аттестациядан өткен тұлғаларға біліктілік куәлігін беру, біліктілік куәлігін иеленушілерді қайта аттестациялау, куәлікті тоқтату, қайта беру;

8 бағалы қағаздар мен жанама бағалы қағаздарды тоқтату, жаңғырту, айналымға жіберу шарттары мен тәртібін анықтау;

9 бағалы қағаздарды мемелекеттік тіркеу, бағалы қағаздар рыногында қызмет етуге рұқсат беруді, лицензияны тіркеу, бағалы қағаздар нарығында қызмет етеуге құқық беретін куәлікті тіркеу;

10 бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет етудің шарттары мен тәртібін, бағалы қағаздармен операциялар жасаудың жағдайы мен тәртібіне қойылатын талаптарды анықтау;

11 зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдар мен институтты инвестордың инвестициялық қызметтері тәртібін анықтау;

12 бағалы қағаздарды сатуды ұйымдастыру және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызмет тәртібін анықтау;

13 инсайдерлік ақпараттарды немесе қызметтік, коммерциялық, банктік ақпараттарды не заңмен қорғалатын басқа да құпиялар көмегімен бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасалынатын бағалы қағаздар, сондай-ақ жанама бағалы қағаздар құндарының өктемдігін қадағалау;

14 инвестициялық қорларды құру және ҚР заңдарына сәйкес оларды басқарушылардың қызметтерін бақылау, лицензиялау және реттеу.

Қазақстан Республикасы аумағында бағалы қағазды сәйкестендіру бірыңғай жүйеге негізделген. Бұл жүйенің негізі - әрбір жеке бағалы қағаздың түріне тағайындалған әріптік-цифрлық код. Уәкілетті орган Қаржы Министрлігінің келісімімен шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық сәйкестендіру нөмірі тағайындайды. Эмитенттің сұрануымен уәкілетті орган мемлекеттік бағалы қағазды іштей реестрге және Ұлттық жүйеге енгізеді. Қарыз өтелген күннен бастап 10 күнде Қаржы Министрлігіне хабарлайды.

Уәкілетті орган мемлекеттік емес бағалы қағазды реестрлік тіркеуден өткізеді. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді. Олардың екеуінің де мемлекеттік реестрден өткізілуі эмитент шығарған бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды реестрлік нөмірдің, сондай-ақ әріптік-цифрлік кодының көмегімен тексеруге мүмкіндіктер көп болар еді. Бағалы қағаздармен жасалынған операциялар есепке алынады. Бағалы қағаз бір тұлғаның қолынан кейінгілерге көшкен жағдайда реестрлік номері сақталынады, тек эмиссияланған бағалы қағаздарды ғана тіркейді. Уәкілетті орган өзіне жүктелінген бақылау функциясын жүзеге асыру барысында бағалы қағаз рыногы субъектілерінен қажетті толымды ақпараттарды табыс етуін талап ете алады. Эмитенттер бұл органға бағалы қағаздарды шығарғаны туралы есеп береді.

ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу Агенттігі бағалы қағаз рыногының басты бақылаушысы, ұйымдастырушысы ретінде ол жалған бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен байланысты қылмыстармен күресте белсенді қызмет атқара алады.

Бағалы қағаз рыногындағы эмитент, қор биржасы, биржадан тыс қорлар, кәсіби қатысушылардың өздері бағалы қағазбен жасаған операциялары туралы уәкілетті органға беріп отыратын толымды есептері айналымда жалған қағаздардың кездесуіне жол бермеуіне, қадағалау қызметінің жақсы нәтижелерге жетуіне жағдай жасайды.

Уәкілетті орган эмитент бағалы қағазды тіркеу үшін сол бағалы қағаздың түпнұсқа екендігін тексеретін құрал-жабдықтар иемденуін нормативтік актіде арнайы көрсете отырып, талап етуі қажет. Жоғары технологиялық тексеру құралын иемденген эмитент қосымша қаражат жұмсайды, бірақ бұл эмитенттің болашақта бағалы қағаздың рыногын жалған бағалы қағаздардың түспейтініне сенімдірек бола алады.

Бағалы қағаздар арнайы рұқсаты бар баспада жасалынады, ол ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу Агенттігімен қадағаланады. Бағалы қағазды даярлаудың құпиялылығын сақтаудың жалған бағалы қағазды жасаумен күресте маңызы зор. Мұндай баспаларда жұмыс жасаған қызметшілер тізімін Агенттікте сақтап, есепке алу артық емес.

Жоғарыда айтылған бағалы қағаз рыногын реттеудегі қаржылық бақылау органдарының қызметтерін ескере келе, жалған бағалы қағаздардың рынокта кездесуіне қарсы күресте ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу Агенттігіне мынадай қосымша функциялар жүктеген жөн:

- ҚР аумағында мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеуден өткізу, код тағайындау;

- алғашқы және қайталама рынокта мемлекеттік тіркеуден өтпеген бағалы қағаздарды айналымда кездесуіне жол бермеу шараларын қолдану;

- бағалы қағаздың алғашқы рыногында эмитент пен кәсіби қызметшілердің бағалы қағаздарды алғаш тарату үшін шарт жасауда кәсіби қызметшілердің эмиссияланған құжатты бағалы қағаздың түпнұсқа екендігін тексеруін ұйымдастыру;

- бағалы қағаз нарығында қор биржаларының биржадан тыс бағалы қағаздың айналымын ұйымдастырушының (биржадан тыс қор) өздерінің шарттарында құжатты бағалы қағаздың түпнұсқа екендігіне назар аударуы шараларын ұйымдастыру;

- жалған бағалы қағаздардан қорғану белгілерін дамыту қызметін қолға алу;

- ҚР аумағында бағалы қағаздардың тізімін халықаралық деңгейде анықтау, заң актілеріне енгізу;

- құқық қорғау органдары, халықаралық ұйымдармен бағалы қағаз рыногындағы қылмыстардың алдын алуда бірлесіп қызмет ету, тығыз байланыста болу.

1997ж. 4 қарашадағы ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссиясы түрлі мемлекеттердің ірі биржалары мен бағалы қағаздар рыногын реттейтін басқа да органдарды біріктіретін халықаралық ұйымға мүшелікке қабылданды. Бұл халықаралық дәрежеде "бағалы қағаздар" жайлы бірыңғай түсінікке келіп, бағалы қағаздар тізімін анықтауға мүмкіндік береді.


2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет