Зерттеу жұмысының пәні: Ж.К Агата Кристидің «Скиттаферд қүпиясы» детектив жанрындағы романы болып табылады
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі Агата Кристидің «Скиттаферд қүпиясы» еңбегіндегі жалқы есімдердің аударылу жолдары.
Жұмыстың мақсаты – екі мәтінге салыстырмалы талдау жасау және Ж.К Агата Кристидің «Скиттаферд қүпиясы» еңбегіндегі нақты, жартылай нақты және ойдан шығарылған жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолданылатын аударма әдісін анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- жалқы есімдерді аудару мәселесіне қатысты теориялық материалды оқып үйрену;
- көркем шығарма контекстіндегі жалқы есімдердің жіктелуін зерттеу;
- Ж.К Агата Кристидің «Скиттаферд қүпиясы» кітаптарының ағылшын және қазақ аудармалары мысалында жалқы есімдерге салыстырмалы талдау жасау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы аударманың негізгі әдістерін зерделеу мақсатында Ж.К Агата Кристидің «Скиттаферд қүпиясы» кітабындағы жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару әдістеріне салыстырмалы талдау жасап, жалқы есімдерді аудару жолдарын зерттеу болып табылады.
Зерттеу әдістері. Жұмыстың логикасына сәйкес, алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеу тақырыбына сәйкес келетін бірін-бірі толықтыратын қосымша әдістер кешені қолданылады, оның ішінде: салыстырмалы талдау, жалпылау, бақылау.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы жұмыс материалдарындағы, бақылаулар мен қорытындыдағы ақпараттардың аудармашы-студенттердің болашақ кәсіби қызметтерінде қызықты және пайдалы болуы мүмкін ақпараттың қамтылуында.
Практикалық құндылығы оқу барысында алынған ақпаратты «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша оқыту пәндерінде дәрістер мен семинарларда, сондай-ақ дипломдық және курстық жұмыстарды жазу үшін пайдалану мүмкіндігінде.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |