1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Титрант – титрлеу жүргізілетін, құрамында реагенті бар нақты белгілі концентрациядағы ерітінді



бет29/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Аналитика B

Титрант – титрлеу жүргізілетін, құрамында реагенті бар нақты белгілі концентрациядағы ерітінді.

Титриметриялық анализ әр түрлі типтегі реакцияларды қолдану арқылы сулы және сусыз ерітінділерде органикалық және бейорганикалық заттардың, химиялық элементтердің құрамын және судың кермектілігін анықтауда қолданылады. Бұл әдіс негізінен фармацевтикалық химияда кеңінен қолданылады.
Титриметриялық анализ әдістерінің ең кең тараған жіктелуі қолданылатын реакциялардың түрлеріне негізделген.

  • Қышқыл-негіздік титрлеу (протолитометрия әдісі) ацидиметрия және алкалиметрия деп бөлінеді. Ацидиметрия – анықталатын затты қышқыл ерітіндісімен титрлеу. Ацидиметрияда титрант – қышқыл. Алкалиметрия – анықталатын затты негіз ерітіндісімен титрлеу. Алкалиметрияда титрант – негіз.

  • Комплексонометриялық титрлеу (хелатометрия әдісі) – анықталатын затты әлсіз диссоцияланатын комплексті қосылыс ерітіндісімен титрлеу. Бұл әдісте титрант еритін металл комплексонаттарын түзетін комплексондар болады.

  • Тұндырып титрлеу (седиметрия әдісі) – анықталатын зат пен титрант әрекеттескенде ерітіндіде тұнба түзілу процесі.

  • Тотығу-тотықсыздану титрлеуі (редоксиметрия әдісі) – анықталатын затты тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш ерітіндісімен титрлеу. Тотығу-тотықсыздану титрлеуінде титрант қызметін тотықтырғыштар немесе тотықсыздандырғыштар атқарады.

  • Эквивалентті фактор – затының нақты қандай үлесі қышқыл-негіздік реакцияда сутегі ионына немесе тотығу-тотықсыздану реакциясында электронға тең екенін көрсететін сан.



  • Эквивалентті молекулалық масса – затының моль-эквивалентінің массасы:





  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет